НЕГІЗГІ БӨЛІМ Синтаксис пәні, ол туралы түсінік. Синтаксис терминінің мағынасы.
Синтаксис пәнінің объектісі, мазмұны. Синтаксистік тұлғалар, олардың
түрлері: коммуникативтік грамматикалық дербес синтаксистік тұлғалар,
құрылымдық элемент ретінде, грамматикалық дербестігі жоқ синтаксистік
тұлғалар. Синтаксистік формалар, олардың лексикалық, морфологиялық
формалармен байланысы, ерекшелігі. Синтаксистің қазіргі зерттелу
бағыттары мен оның нысандары: сөз тіркесі, сөйлем, құрмалас сөйлемдер,
синтаксистік тұтастық.
Синтаксистік жүйе және синтаксистік норма туралы түсінік.
Қазақ тілі синтаксистік жүйесінің басқа туыс, туыс емес тілдердің
синтаксистік жүйесімен ұқсастық, айырмашылық жайлары.
Синтаксистік жүйені танудағы методологиялық принцип. Қазақ тілінің
синтаксисін
зерттеген
елеулі
еңбектер,
олардың
авторлары
(М.П.Мелиоранский,
А.Байтұрсынов,
Н.Сауранбаев,
С.Аманжолов,
М.Балақаев т.б.).
Синтаксистік жүйені танудың, зерттеудің әдістері.