74
Тұрмыс-салт өлеңдері
Халық өлеңдерінің зерттелу тарихы мен классификациясы,
фольклордың ең көне үлгілері екендігі. Ш.Уәлиханов, В.Радловтың халық
өлеңдерін жіктеуі. Қазіргі зерттелу жайы мен классификациялаудың
проблемалары, жанрдың сипаттамасы мен анықтамасы. Тұрмыс-салты
жырларының үй-іші, шаруашылық, еңбек процестеріндегі түрлі салт-ырым,
әдет- ғұрып ,наным-сенімдермен байланысы. Олардың салтқа тікелей және
жанамалы түрде қатысты болуы, ұжымдық пен синкреттілік сипатының
басымдылығы.
Еңбек кәсіппен байланысты туған өлең-жырлардың жанрлық түрлері.
Төрт түлік жырлар, көшпелі өмір-тіршіліктің бейнеленуі, төрт түлік
жайындағы ескі наным-сенімдер.
Аңшылық жырлары. Ерте кездегі аңшылық кәсіп пен бергі
замандардағы қазақтың аңшылық-саятшылық дәстүрі және оның поэзиядағы
көрінісі. Наурыз туралы өлеңдер, ұлыс күні айтылатын тілектер. Бұлт
шақырып, тасаттық беру салты.
Наным-сенімдерге(діни ұғымдарға) байланысты өлеңдер. Сөздің
мифологиялық қасиеті туралы ұғым. Көп құдайға табыну және оларға
қатысты салт-ырымдар. Бәдік, бақсы сарыны. Арбау, жалбарыну өлеңдері.
Халықтың алғыс, қарғыс, бата беру салтына байланысты өлең-жырлары.
Наным-сенімге байланысты өлеңдердің композициясы мен стильдік өрнегі.
Үй іші салтына байланысты өлең түрлері. Үйлену салт жырларының
қыз ұзатып, келін түсіру, той өткізу ғұрпымен бірге орындалуы. Той бастар,
жар-жар, сыңсу, жұбату, беташар, той тарқар өлеңдерін орындаушылар мен
айтылу мезгілі. Мазмұны мен құрылысы. Қайтыс болған адамға байланысты
айтылатын естірту, көңіл айту, жоқтау өлеңдерінң салтпен байланысы. Сөз
бен саз үндестігі.
Достарыңызбен бөлісу: