Қазіргі қазақ лирикасы Ұлықбек Есдәулеттің “Киіз кітап”, Темірхан Медетбектің “Көк
түріктер сарыны”, Қажытай Ілиясовтың “Тасжарған”, “Қалақай қамшы”,
Исраил Сапарбайдың “Махаббат пен ғадауат”, “Сезім патшалығы”, Өмірзақ
Қожамұратовтың “Күн астында - Құдірет”, Темірше Сарыбайұлының
“Дария-дәурен”, Нұрлан Оразалиннің “Ғасырмен қоштасу”, Сырнайлы шақ”,
Ж.Әбдірашевтің “Құлпытас”, Н.Алпамысқызының “Күрең шетен”, Маралтай
Райымбекұлының
“Ай”,
Ұ.Жайлыбайдың
“Құс
қанаты”,
Ж.Әскербекқызының “Қарасаз-бұлақ”, “Көк түріктер әуені”, “Қаңтардағы
қызыл гүл”, Сәруар Қамаеваның “Жыр жұлдызын таңдадым”, тәрізді
лирикалық шығармаларын жан-жақты, терең талдау. Сөз саптау, ой толғау
ерекшеліктері. Лирикалық қаһарман және ақындық тұлға мәселесі.
Лирикалық экспрессияның синтаксистік-ырғақтық құрылымы. Лирикалық
кейіпкердің (немесе қаһарманның) ішкі жан-дүниесі. Ақындық тұлға
көріністері. Сөз бен саз бірлігі. Эстетикалық қабылдау. Ақындық-даналық
көркемдік тәжірибе. Қиял, сезім байлығы. өлең құрылысы. Ақындық ой-
пікірлер. Лирикалық поэзияның образдық-метафоралық жүйесі. Көркемдік
логика.