111
теориясындағы эволюциясы, орыны, мәні мен жетістіктері туралы білімді
меңгеру;
–
әртүрлі тілдік материалдарға қатысты жаңа лингвистикалық
білімді өзіндік тұрғыда дәйектей алу білігін игеру;
–
тіл және оның бірліктерін талдаудың әдістерін меңгеру және
оларды тәжірибеде қолдану жолдарын игеру.
Тіл білімі: ғылымдар жүйесіндегі дәстүрлі және жаңа байланыстар. Тіл
білімінің ғылым ретіндегі нысаны. Тіл білімінің мақсаттары мен міндеттері.
Лингвистикалық бағыттар мен парадигмалар. Прадагмалар типологиясы:
генетикалық,
инвентарлы-таксономиялық,
антропоцентристік,
функционалды, коммуникативті-парадигмалық, дискурсивті-когнитивтік.
Пәннің оқу мақсаттары келесідей:
–
тіл туралы білімді, негізгі теориялық және қолданбалы
мәселелерді жалпылау, тереңдету, жүйелендіру;
–
әлемдік лингвистиканың өзекті сұрақтары туралы, сонымен
қатар, тұтас алғанда қазіргі тіл білімінің «бейнесін» құрайтын негізгі
лингвистикалық пәндер (әлеуметтік лингвистика, психолингвистика,
когнитивтік лингвистика, корпустық лингвистика) және тіл білімі тарихының
кезеңдері мен дәуірлері туралы ой қалыптастыру;
–
тіл және тілдік бірліктерді талдаудың замануи әдістерімен танысу
және оларды тәжірибеде қолданудың тұрақты дағдыларын қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: