115
4.
Флективті тіл типі ретіндегі орыс тілінің 10 ерекшелігін атаңыз.
Өз аргументтеріңізді мысалдармен дәйектеңіз.
5.
Тілдердің ұқсастығы және тілдік әмбебабы
6.
Гипотеза дегеніміз не? Лингвистикадағы гипотезалардан мысал
келтіріңіз және олардың тек гипотеза екенін дәлелдеңіз.
7.
Ғылымдағы рефлексия дегеніміз не және ол қалай жүзеге асады?
Кеңірек мысал-дәйек келтіріңіз.
8.
Интроспекция лингвистикада қаншалықты кең қолданылады?
Интроспекция әдісі субъективті ме, әлде объективті ме?
9.
Ана тілі болып табылмайтын тілді талдауда интроспекция
қолданлғаны дұрыс па?
10.
Түркі тілдеріне арналған М. Сводештің тізімін қолдана отырып,
оның тұрғысынан қазақ тілін сипаттаңыз. Мысалдар сенерліктей болуы тиіс.
11.
Славян тілдеріне арналған М. Сводештің тізімін қолдана отырып,
оның тұрғысынан орыс тілін сипаттаңыз. Мысалдар сенерліктей болуы тиіс.
12.
Герман тілдеріне арналған М. Сводештің тізімін қолдана отырып,
оның тұрғысынан ағылшын тілін сипаттаңыз. Мысалдар сенерліктей болуы
тиіс.
13.
Салғастыру бір немесе бірнеше тілдердің грамматикалық жүйесін
талдауда екңінен қолданылады. Грамматикалық мағыналар құрамы мен
олардың сөйлеудің есім бөліктерінде берілуіндегі ұқсастықтар мен
айырмашылықтарды анықтаңыз. Салғастыру үшін тілді өздеріңіз
таңдайсыздар. Талданатын тіл жұптары (қазақ – орыс, қазақ – ағылшын, орыс
– ағылшын) немесе жұптары (қазақ – орыс – ағылшын) үш тілі болуы мүмкін.
14.
Семантикалық өріс идеясына сүйене отырып, талдау үшін келесі
топтардың бірін таңдаңыз: су нысандары, жолдар, көлік құралдары және т.б.
Компоненттік талдау мен салғастыру үшін тілді өзіңіз таңдаңыз. Талданатын
тіл жұптары (қазақ – орыс, қазақ – ағылшын, орыс – ағылшын) немесе
жұптары (қазақ – орыс – ағылшын) үш тілі болуы мүмкін. Талданатын
лексика-семантикалық топтардың семалар құрылымындағы ұқсастық пен
айырмашылықты табыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: