Ќазаќстан республикасыныњ



Pdf көрінісі
бет4/416
Дата07.01.2022
өлшемі1,82 Mb.
#18345
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   416
С  –  жүйелілік  құзырет:    ғылыми­кәсіби  ақпараттарды  жүйелеу  және 
пайымдай алу; мәтіндердегі ақпараттардың негізгі идеясын нақтылау. 
D – пәндік құзырет: ғылыми­кәсіби әдебиеттермен жұмыс істеу машығының 
болуы;    кәсіби  мамандану  саласы  бойынша  қазақша  ресми  сөйлесуге  
құзыретті болуы;    кәсіби салада  қазақша  қарым­қатынас  жасау  үшін  сөйлеу 
коммуникациясының тактикасы мен стратегиясын білуі керек.  
 
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ 
 
Кіріспе 
 «Кәсіби қазақ тілі» – нормаға түскен әдеби тілді, іскерлік және кәсіби 
қарым-қатынастың  түрлерін,  ғылыми  стильдің  жанрлық  ерекшеліктерін 
оқытатын негізгі  пән.  
«Кәсіби  қазақ  тілі»  пәнін  оқу  барысында  студенттер  алған  білімдерін 
кәсіби  және  ғылыми  мәтіндерді  құрастыру  үшін,  кәсіби  қарым-қатынасқа 
белсенді араласу үшін қолдануды игереді. Кәсіби және ғылыми міндеттерден 
басқа,  аталған  пән  студенттердің  жалпы  мәдени  деңгейі  мен  эстетикалық 
тәрбиесін  де  қамтамасыз  етуі  тиіс.  Бұл  жағдайда  «Кәсіби  қазақ  тілі»  пәні 
кәсіби  қарым-қатынастың  білік  пен  дағдыларын  игеруді,  сондай-ақ  жалпы 
гуманитарлық және жалпы кәсіби танымын кеңейтуді көздейді. 
Бағдарламаның  мазмұны  студенттердің  ғылыми-кәсіби  саладағы 
коммуникативтік қажеттіліктерімен, ғылыми қызметтің маңызды құралы 
ретіндегі  қазақ  тілінің  негізінде  кәсіби  біліктілікке үйретудің мақсаттары 
мен міндеттерімен айқындалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   416




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет