Ќазаќстан республикасыныњ


Грамматикалық  мағына  берудің  тәсілдері:  қосымша  морфема



Pdf көрінісі
бет89/416
Дата07.01.2022
өлшемі1,82 Mb.
#18345
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   416
Байланысты:
5В020500-Филология

Грамматикалық  мағына  берудің  тәсілдері:  қосымша  морфема, 
көмекші  сөз,  сөздердің  орын  тәртібі,  қосарлану,  нөлдік  форма, 
интонация.  Қосымшалардың  жіктелуі.  Қосымшалардың  деривативтік  және 
релятивтік  тұрғыдан  жіктелуі.  Қосымшалардың  мағыналық  және  тарихи 
жақтан бір-бірінен ерекшеленуі. 
Қосымшалардың түрлері: жұрнақтар және жалғаулар. Қосымшалардың 
пайда болу, даму жолдары туралы.  
Жұрнақтар,  олардың  сөз  тудырушы  және  форма  тудырушы  түрлері, 
белгілері, сипаттары. Жұрнақтардың құрамы: жалаң, күрделі. Жұрнақтардың 
мағыналық  түрлері:  омоним,  синоним,  антоним,  дара  және  көп  мағыналы. 
Қолданыс  ерекшелігі  мен  қалыптасу  тарихына  қарай  төл,  кірме,  жаңа,  өлі, 
құнарлы, құнарсыз болып бөлінуі. Қос функциялы жұрнақтар. 
Жалғаулар,  оларға  тән  белгілер.  Жалғаулардың  көпвариантты 
болуының себебі. Жалғаулардың түрлері: көптік, септік, тәуелдік, жіктік. 


 
49 
Көптік  жалғау.  Көптік  категориясы  мен  көптік  жалғау.  Көптік 
жалғауларының  релятивтік  және  деривативтік  сипаттары.  Көптік 
категориясының берілу тәсілдері: лексикалық, морфологиялық, синтаксистік. 
Көптік категориясының тарихы. 
Тәуелдік  жалғау.  Тәуелдеу  категориясы,  тарихы,  зерттелуі  және 
тәуелдік 
жалғау. 
Тәуелдеу 
категориясының 
жасалу 
жолдары: 
морфологиялық, синтаксистік, аралас –нікі формасы. Оңаша, ортақ тәуелдеу 
және олардың мағыналық ерекшеліктері. Тәуелді форманың ілік септігіндегі 
сөзбен  тіркесіп  изафеттік  құрылыс  жасауы,  І,ІІ  жақта  ілік  септігі 
жалғауынсыз  қолданылуының  себебі.  ІІІ  жақтың  қолданылу  ерекшелігі, 
мағынасындағы  айырмашылықтар.  Тәуелдік  жалғаудың  эмоционалды-
экспрессивті және синтаксистік қызметі. 
Септік  жалғаулары,  тарихы,  зерттелуі.  Септеудің  екі  түрі:  жай  және 
тәуелді  септеу,  оларға  тән  ерекшеліктер.  Септік  жалғауларының  көп 
вариантты болуының себебі.   
Атау 
септігі, 
сұраулары, 
синтаксистік 
қызметі, 
сөздерді 
байланыстыруы: матасу, изафеттік форма. Атау септігінің негізгі,  белгісіздік 
септік  аталуының  себептері.  Атау  формалы  сөзге  тіркесіп  қолданылатын 
шылаулар. Атау септігінің грамматикалық нөлдік тұлға жасауға қатысы. 
 
Ілік  септік,  мағынасы,  сұраулары,  жалғаулары,  синтаксистік  қызметі. 
Ілік септігінің жалғаулы және жалғаусыз қолданылуының себебі.  
Барыс  септігі,  оның  мағынасы,  сұраулары,  жалғаулары,  синтаксистік 
қызметі. Барыс жалғауының жасырын түрде келуінің себебі. 
Жатыс  септігі  және  оның  мағынасы,  сұраулары,  жалғаулары, 
синтаксистік қызметі.  
Шығыс  септік  және  оның  мағынасы,  сұраулары,  жалғаулары, 
синтаксистік  қызметі.  -нда,  -нде  жалғауының  құрамындағы  н  дыбысының 
тарихы. 
Көмектес  септік  және  оның  мағынасы,  сұраулары,  жалғаулары, 
синтаксистік қызметі. Көмектес септігінің пайда болуының тарихы. Көмектес 
септігінің жалғауының тек жіңішке вариантта ғана ұшырасуының себебі. 
Барыс,  жатыс,  шығыс  септіктерінің  көлемдік,  кеңістік  септіктері  деп 
аталуының  себебі.  Осы  септіктерге  тән  ортақ  ерекшеліктер:  синтаксистік 
қызметтері, олардың пысықтауыш жасауға қатысы. 
Жіктік  жалғау,  зерттелуі,  тарихы,  оның  мағынасы,  жалғаулары, 
синтаксистік  қызметі.  Жіктік  жалғауының  ықшам  түрлерінің  пайда  болуы 
себептері.  Жіктік  жалғауының  болымсыз  түрі  және  жіктік  жалғауының 
қолданылмайтын жағдайлары, өзге жалғаулармен қабаттасып келуі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   416




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет