Ќазаќстан республикасыныњ



Pdf көрінісі
бет107/416
Дата07.01.2022
өлшемі1,82 Mb.
#18345
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   416
Байланысты:
5В020500-Филология

ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ 
 
Кіріспе 
Пәннің  мақсаты.  Пән  қазақ  тілінің  синтаксистік  деңгейіне  кіретін 
құрылымдарды  жеке-жеке  қарап,  нақты  танытуға  тиіс.  Синтаксистік 
тұлғалардың  құрылысын  біліп,  ол  тұлғалардың  бір  жүйенің  компоненттері 
ретіндегі байланысты білдіреді. Студенттер әр құрылымның функциясын да 
таниды. 
Синтаксистік  жүйенің  тілдің  басқа  деңгейдегі  амалдарымен  ұштасып 
жатқанын біліп алады. 
Пәннің  міндеті.  Студенттер  бұл  пәнді  оқу  үстінде  келешек  тікелей 
мамандығы бойынша, жалғас кәсіп үстінде практикалық жұмыстарына негіз, 
сүйеніш болатын құзыреттілікті игеруге тиіс. Сондықтан пәннің міндеті осы 
құзыреттілікке  қажет  теориялық,  фактологиялық  мағлұматтың  мол  болуын 
қамтамасыз етеді, практикалық дағды береді. 
Зерттеу  объектісі.  Синтаксис  жөніндегі  ғылым  бірнеше  саладан 
құралады.  Оның  сала-салаға бөлінуі  тілдің  синтаксистік  құрылысының дара 
деңгейлерінің  ыңғайына,  оларды  зерттеп,  тану  мақсатына  бағынышты.  Жай 
пікірді  хабарлау  үшін  жұмсалатын  сөйлемді  құрайтын  грамматикалық 
амалдарды,  олардың  өзара  қарым-қатынасын,  сөйлемнің  грамматикалық 


 
60 
түрлерін  жай  сөйлем  зерттейді.  Пікір  алмасудың  ең  кіші  бірлігі  сөйлемді 
құраушы  элементтер  бар:  сөз  тіркестері  мен  сөйлем  мүшелері.  Сөйлем 
құрамына  енетін  сөздер  қалыптасқан  ереже  бойынша  өзара  тіркесіп, 
грамматикалық  байланысқа  түседі.  Синтаксистік  құрылымдар  белгілі  бір 
грамматикалық жүйеге, ережеге сүйеніп құрылады. Ережелер грамматикалық 
амалдар  кейде  стильді  талғайды,  белгілі  бір  лексикалық,  грамматикалық 
шеңберге  ғана  бейімделіп  жұмсалады,  сондықтан  да  оларды  жалпы  танып, 
зерттеумен  қатар,  олардың  жұмсалу  аясын,  мүмкіндігін  білу  де  осы  пәннің 
еншісінде.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   416




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет