Ќазаќстан республикасыныњ



Pdf көрінісі
бет136/416
Дата07.01.2022
өлшемі1,82 Mb.
#18345
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   416
Балалар фольклоры 
Балалар  фольклорының  өзіндік  ерекшелігі  мен  зерттелу  тарихы. 
Идеялық – көркемдік табиғаты, атқаратын қызметі. Халық педагогикасымен 
байланысы. Балалар фольклорының жанрлары мен жанрлық түрлері.  
Бөбектерге  арналған  өлеңдер:  бесік  жыры,  сәблік  салт  жырлары. 
/Бесікке  бөлеу,  бесікті  аластау,  тұсау  кесу,  өс  –  өс,  т.б.  уату  өлеңдері./ 
Айтылу себебі мен мезгілі, тақырыбы мен стильдік өрнегі. 
Балалардың  өзі  орындайтын  өлең-  жырлар:    арнау  –  тілек,  өлеңдер, 
сұрамақ,  тақпақтар,  мазақтама,  қызықтамалар,  өтірік  өлеңдер.  Жыл 
мезгілдеріне,  табиғат  құбылыстарына  арналып  айтылатын  арнау  –  тілек, 
өлеңдеріндегі  ескі  магиялық  түсініктердің  көрінісі.  Сұрамақ  пен  мазақтама, 
қызықтама өлеңдерінің танымдық қызметі. Олардағы сұрақ пен жауап. Өтірік 
өлеңдердің  көркемдік  шарты.  Жаңылтпаш  пен  мазақтау  өлеңдерінің 
тәрбиелік мәні.  
Ойын өлеңдері: ойынға шақыру, қаламақ, санамақ, драмалық ойындар. 
Олардың  атқаратын  қызметі  мен  құрылысы.  Өлең  ойындар:  тәжікелесу, 
жаңылтпаш,  жұмбақтар,  балалар  айтысы.  Бұл  топтағы  жырлардың  ойын  – 
сөзге, өлеңге негізделуі. Диолог пен әзіл-оспақ. 
Жұмбақ,  жаңылтпаш,  төрт  түлік  туралы,  өтірік  өлеңдер  мен  ертегі, 
аңыз  әңгімелер  жанрларының  балалар  мен  үлкендер  фольклорына 
ортақтығын. 
Балалар 
фольклорының 
поэтикасы. 
Жинақылық, 
қарапайымдылық,  ойнақылық,  дыбыстық  үйлесімдер.  Көркемдік  бейнелеу 
құралдары мен тәсілдері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   416




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет