Пәннің зерттеу әдісі: аталған курс ғылыми дайындықты талап ететін
күрделі пән болғандықтан оны оқып-үйрену үшін мынадай ғылыми әдістерді
меңгерген жөн:
1)
талдау әдісі;
2)
салыстырмалы-типологиялық әдіс;
3)
жүйелеу тәсілі;
4)
кешенді тәсіл.
Аталған пән ғылымының басқа ғылымдар арасында алатын орны мен қызметі. Қазіргі қазақ әдебиеті пәні қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар
мен филология блогындағы басқа пәндермен түгелдей дерлік мазмұны
жағынан сәйкеседі және байланысады. Атап айтар болсақ, олар:
фольклористика, тіл білімі, стилистика, шешендік өнер, философия, эстетика,
мәдениеттану. Соңғы жылдары ғылым мен техниканың қарыштап дамуына
орай қазақ әдебиетінде жаратылыстану ғылымдарының жетістіктері де
орынды қолданылуда.