Оқытушы талаптары:
- Сабақ кестесіндегі дәрістік және тәжірибелік сабақтарға қатысу міндетті;
- студенттердің қатысылуы сабақтың басында тексеріледі. Кешіккен жағдайда студент тыныш дәрісханаға кіріп, жұмысқа кірісуі қажет, ал үзілісте оқытушыға кешігу себебін түсіндіру қажет;
- сабаққа екі рет кешігу бір рет сабақтан қалғанмен тең;
- балмен есептелетін жұмыстарды бекітілген мерзімде тапсыру қажет. Жұмыс уақтылы тапсырылмаса қойылатын балл төмендейді. Барлық тапсырманы тапсырмаған студенттер емтиханға кіргізілмейді;
- қанағаттанарлық деген баға алған студентке аралық бақылауды қайталап өтуге рұқсат берілмейді;
- орташа рейтингі Рорт = (Р1 + Р2)/2 50% кем, студенттер емтиханға енгізілмейді;
- сабақ барысында ұялы телефондар сөндірулі болу керек;
- студент сабаққа іскерлік киімімен келу қажет.
Бағалаукритерийлері
Барлық тапсырма түрлері 100-балдық жүйемен бағаланады.
Ағымдағы бақылау апта сайын өткізіледі және оның ішіне дәрістерге қатысуды, тәжірибелік сабақтар мен өздік жұмыстарды орындау кіреді.
Білімді ағымдағы бақылау тест түрінде семестрдің 7 және 15 апталарында өткізіледі. Рейтинг келесі бақылау түрлерінен жиналады:
Аттестациялық кезең
Сабаққа қатысу
Дәрістер конспектісі
Тәжірибелік сабақтарды қорғау
Рубеждік тексеру
Барлығы
Рейтинг 1
7
8
45
40
100
Рейтинг 2
7
8
45
40
100
Емтихан емтихандық сессия кезінде тест түрінде өтеді.
Пәннен студент білімінің қорытынды бағасын құрайтындар:
- 40% қорытындысы, емтиханнан алынған баға;
- 60% қорытындысы ағымдағы үлгерім.
Қорытынды баға есебінің формуласы:
, (1)
мұнда Р1, Р2 – бірінші, екінші рейтингтің бағасына сандық эквивалент сәйкесінше;
Е – емтихандағы бағаның сандық эквиваленті.
Қорытынды әріптік баға және балл түріндегі сандық эквивалент:
Әріп жүйесіндегі баға
Баллдың сандық эквиваленті
Пайыздық түрі, %
Дәстүрлі жүйедегі баға
А
4,0
95–100
өте жақсы
А–
3,67
90–94
В+
3,33
85–89
жақсы
В
3,0
80–84
В–
2,67
75–79
С+
2,33
70–74
С
2,0
65–69
қанағаттанарлық
С–
1,67
60–64
D+
1,33
55–59
D
1,0
50–54
F
0
0–49
қанағатсыздандырылған
Аралық және қорытынды бақылауларға арналғанматериалдар
Динамика үймереттерінде еркін дәрежесі.
2. Свободные колебания упругих систем.
3. Жүйелердің еріксіз тербелістері.
4. Бір еркін дәрежелі жүйелер.
5. Бір еркін дәрежелі жүйелердің еркін тербелістердің жиілігін анықтау.
6. Вибрация жүктеменің әсері.
7. Вибрация жүктеме әсерінен динамикалыү коэффициентті анықтау.
8. Бірнеше еркін дәрежелі жүйелер.
9. Бірнеше еркін дәрежелі жүйелердің еркін тербелістердің жиілігін анықтау.
10. Еркін тербелістердің минималды жиілігі.
11. Минималды жиілікте резонанс.
12. Жүйелерді динамикалық жүктемелерге есептеу
13. Рамалардың динамикалық есебі.
14.Еркін тербелістердің түрлерін анықтау.
15. Кенеттен қолданылған алаңдататын күштің әрекеті
5 НЕГІЗГІ ОҚУ НЫСАНДАРЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ
Пәнді оқыту барысында келесі оқу әдістері (технологиялары) көрсетіледі. Білім алушыларды ізденіске және білімді басқаруға тарту, түрлі міндеттерді өз бетімен шешуде тәжірибе жинау мүмкіндігін беретін тиімді педагогикалық әдістемелер мен технологиялардың ішінен мыналар белгіленеді:
проблемалық және жобалық-бағдарланған оқыту технологиялары;
оқу-зерттеу қызметі технологиялары;
ақпараттық-коммуникативтік (соның ішінде қашықтықтан білім беру) технологиялар.