Қазақстан республикасының



Pdf көрінісі
бет74/79
Дата31.12.2021
өлшемі2,24 Mb.
#21633
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   79
Рөлдерді сомдайтындар: 

Әкесі - Анарбек 

Анасы – Ғалымжанова Дильназ 

Таңат – Ғалымғали Шахназар 

Ұстаз- Есенгулова Сұлухан 

Психолог – Қапанова Гүлназ 

Періштелер:  -   Құзайрова Алина 

                               

Есенгулова Сұлуха,Амажолова Амина 

 

І көрініс 

Әкесі: - Әй, Таңат, Таңат!Бері кел! Әкеңнің сөзін тыңдаудан қалыпсың,  сен 

жүгірмек! 

Баласы: - Ау, әке? 

Әкесі: - Не істеп жатырсың? 

Баласы: - Әке, мен сабақ оқып жатырмын. Тексересіз бе? 

Әкесі: - Сен ақымақ, ертең мен өлгенде басыма құран оқитын шығарсың?! 

Еш қайырың жоқ. Таста сабақты! Мә, мынаны ал да маған дүкеннен темекі 

әкел. Сабақ дейді ғой...  

Анасы: - Есің дұрыс па? Мына баланы темекіге неменеге жұмсап тұрсың? 

Әлі кәмелетке де толған жоқ. Полиция ұстаса,  жүрерміз айыппұл төлеп. 

Әкесі:  Қай-қайдағыны айтып басымды қатыра берме. Бұрын біз де жүргенбіз 

темекі әкеліп. Оның несі айып?Әкеміздің  айтқанын тыңдадық, көрерін 

көрдік. Өлген жоқпыз! Өссін, айтқанымды тыңдасын, одан еш  жері кемімес. 

Аузыңа келгенді оттамай,  тез шай-пайыңды дайында. Мені сыйлаудан 

қалыпсыңдар! 

Анасы:  Ал сен сыйлайтындай адамсың ба? Отырысың мынау,   өз-өзіңе ие 

бола алмай! Ішімдік пен темекіден басқа білетінің жоқ. Миымызды улап 

біттің ,әбден.  




63 

 

Әкесі:  Әй, сен барған сайын өршіп барасыңғой тіпті. Жетер енді! Осы 



құтырғаның да жетер. Оңып тұрғаның шамалы. Әй, сен балаға темекі әкел 

дедім ғой. Тез бар! Сендерге жақсы көзбен қараған сайын, өршіп барасыңдар 

ғой, тіпті?! 

Анасы:  Баланы әбден қорқытып біттің! Сен ешқашан да  адам болмассың! 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет