Қазақстан Республикасының Заңы Білім туралы



бет12/32
Дата01.04.2022
өлшемі0,58 Mb.
#29550
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32
Байланысты:
білім туралы заң

2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 24-1), 24-2), 24-3), 24-4) және 24-5) тармақшалармен толықтырылды

24-1) қамқоршылық кеңестерге жәрдем көрсетеді;

24-2) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады;

24-3) конкурс жеңімпаздарына – мемлекеттік орта білім беру мекемелеріне «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын төлейді;

24-4) мамандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді;

24-5) аудандық әдістемелік кабинеттердің, біліктілігін арттыру институтының материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;

2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 25) тармақшамен толықтырылды; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 25) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

25) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3. Республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы:

1) білім беруді дамыту бағдарламаларын әзірлейді және мәслихаттың бекітуіне енгізеді;

2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастырады;



2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) кешкі (ауысымды) оқыту нысанын және интернат үлгісіндегі білім беру ұйымдары арқылы ұсынылатын орта білім беруді қоса алғанда, орта білім беруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды қамтамасыз етеді;

5) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, балаларға қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;

2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 6), 6-1) және 6-2) тармақшалар алып тасталады (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледі)

6) білім беру қызметін лицензиялауды, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, балаларға қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларды, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізуді ұйымдастырады;



2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;



2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды

7-1) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекiтедi;

8) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;

9) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырады;

10) балаларға арналған қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет