Курс талаптары:
1. Жұмыс түрлері: Дәріс, практикалық жұмыс, лабораториялық жұмыс, үй тапсырмасы, бақылау
жұмысы, тест, коллоквиум, мәнжазба.
2. Жұмыс түрлерін бағалау критериилері: Дәріс конспектісі: дәптердегі дәріс конспектілерінің толықтығын тексеру.
Лабораториялық жұмыс: компьютерлік класта өтеді және курс бойынша
өтілген теориялық материалдарды тәжірибеде қолдануға дағдылану
мүмкіндігін береді. Сабақ соңында студенттің теориялық материалдарды
меңгеру деңгейіне және тапсырманы орындау белсенділігіне, жылдамдығына
қарай балл қойылады.
Коллоквиум: Өтілген материалдар бойынша семестр бойына жазбаша
немесе ауызша түрде өтіледі. Мерзімі және қабылдау түрі алдын-ала
ескертіледі.