8-дәріс
Тақырыбы: Процесстер және синхронизация. Семафорлар. Мониторлар.
Процесс операцияның тізбегін орындайды.. Оператор бөлінбейтін
әрекеттердің тізбегінен орындалады.. Бөлінбейтін әрекеттер программаны
бөліктерге бөлмей тексереді және өзгертеді. (Мысалы, жадыға сөздерді жүктеу,
сақтау – бөлінбейтін іс-әрекеттер). Сонда параллельді программаның
орындалуы бөлінбейтін іс-әрекеттер тізбегінің кезектесуіне алып келеді.
Бөлінбейтін әрекеттер кезінде бір процесте жүретін кез-келген аралық
жағдайды екінші процесс байқамауы керек. Тізбектелген программада
меншіктеу операторлары – бөлінбейтін әрекеттер болып табылады. Бірақ,
параллельді программада ол бөлінбейтін әрекеттерге жатпайды. Мысалы,
төмендегі жағдайда бөлінбейтін әрекет – айнымалыны оқу және жазу:
Int y=0, z=0;
Parallel: x=y+z; // y=1; z=2; end parallel;
Егер x=y+z өрнегі былай алынса: регистрге у мәні жүктеліп және ары қарвй z –
мәні қосылып отырса, онда х айнымалының ақырлы мәндері 0,1,2,3 болады.
Бұл процесте х - у пен z-тің бастапқы, соңғы немесе олардың комбинациясын
алып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |