Білікті басшыға тән белгілер
Кәсіпорынды басқаруда басшының тұлғасы, оның тәжірибесі, іскерлік қабілеттері жетекші рөлге ие болады. Компания басшысы қызметкерлерге олардың іс-әрекеттерінің жаңа стандарттарын және кәсіби қызметтеріне қатынасын белгілейді. Идеалды басшының негізгі параметрлері қандай болуы керек?
1.Қызметтің әлеуметтік бағыты.
Басшы ресми тұлға ретінде компания қызметін реттейтін заңнамалық және нормативті актілерді жақсы білуі керек. Ол заманауи саясат, экономика, құқық және мемлекет өмірінің басқа да салаларының дамуының негізгі үрдістерін түсінуі керек.
2.Жоғары құзырет.
Басшы ұжымның кәсіби міндеттерін жүзеге асыру бойынша кәсіби қызметін басқарады. Ол қызметкерлер алдына мақсат қояды, оны негіздеу және адамдарды оған жетудің қажеттілігіне сендіру керек.
3.Ұйымдастыру қабілеті
Басшының негізгі қасиеттерінің бірі – адамдар белсенділік, бастамашылық және шығармашылық көрсетуі үшін жағдай жасау, олардың белсенді ынтасын дамыту.
4.Жоғары адамгершілік қасиеттері: қызметкерлерді бағалаудағы адалдық және әділеттілік, мейірімділік және әдіскерлік. Басшы өзінің адамгершілік қасиеттерінде қарамағындағы қызметкерлер үшін үлгі болуы керек. Қызметкерлер басшымен жұмыс жасау қиын және қолайсыз деп есептегенде жұмыс өнімділігі төмендейді.
5.Мінездің эмоциялық-ерікті сипаты: мақсатқа бағытталу, ұстанымшылдық, табандылық, батылдық, тәртіп, қызығушылық, өз қасиеттерін қарамағындағы қызметкерлерге көрсету қабілеті. Бұл қасиеттер құрылымында жауапкершілік сезімі басты орында болады, басшы өзі басқарып отырған ұжым үшін үнемі материалдық және моральдық тұрғыда жауапты болады.
6.Зияткерлік қабілеттер: бақылау, ойлау ұшқырлығы, жағдайды және қызмет нәтижесін болжау қабілеті, жадының қисындылығы, назар аударудың тұрақтылығы. Басшы үнемі өз білімін толықтырып, шығармашылық тұрғыда жетіліп отыруы керек, біліктілігін стандартты емес төтенше жағдайларда көрсете білуі керек.
7.Басшы имиджі. Басшының сыртқы түрі, сөйлеу мәдениеті, мәнері – оның беделінің басты құрамдауыштары, себебі ол басшылық ететін топтың басқа ұйым алдындағы келбеті болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |