Қазақстан тарихы 1 курстың барлық мамандықтары студенттерінің өз бетімен жұмыс үрдісін ұйымдастыруға арналған



бет1/13
Дата14.10.2023
өлшемі153,5 Kb.
#114901
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Методичка по СРС (каз)


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Д. Серикбаева атындағы
Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті
А.Ф. Джақсылықов, А.М. Смағұлова
Қазақстан тарихы


1 курстың барлық мамандықтары
студенттерінің өз бетімен жұмыс үрдісін ұйымдастыруға арналған
әдістемелік ұсыныс

Өскемен
2005


УДК 94 (574)


Джақсылықов А.Ф., Смағұлова А.М. Қазақстан тарихы: 1 курстың барлық мамандықтары студенттерінің өз бетімен жұмыс үрдісін ұйымдастыруға арналған әдістемелік ұсыныс / Джақсылықов А.Ф., Смағұлова А.М. / ШҚМТУ. – Өскемен, 2005 – 42 б.

Ұсыныс студенттердің өз бетімен жұмысын жүргізу және үрдістің негізгі түрлерін ұйымдстыру сипаттамасы, рефераттар тематикасы, эссе тақырыптары, негізгі тарих көздерінің тізімі, негізгі және қосымша әдебиеттері тізімінен тұрады.


Қазақстан тарихы және құқық кафедрасының әдістемелік секциясында бекітілген.
Хаттама № 3 17 февраля 2005 ж.

  1. РЕФЕРАТ ЖАЗУ ӘДІСТЕМЕСІ.
  2. ӘЗІРЛЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР


  1. Реферат (лат.referre- баяндау, хабарлау) – бұқаралық баяндама, қандай да бір мәселенің негізін мазмұндау.

Реферат - бұл бір немесе бірнеше көздердің негізінде берілген тақырып бойынша студенттің орындайтын жазбаша жұмысы. Бұл шығармашылық сипатта болатын өз бетімен жұмыстың бір түрі.



  1. Рефератты жазудағы ең басты мақсаты: зерттеу тақырыбы бойынша мәселенің негізгі мазмұнын ашу, жұмысты орындау барысында кейбір мәселелерді мәтін ішінде әртүрлі туындыгерлердің жазған көзқарастарын ашып көрсету және берілген мәселеген қатысты өзінің көзқарасын қалыптастыру болып табылады. Жұмыста өзінің тікелей көзқарасын көрсету міндетті емес, өйткені зерттеу мәселесі тек бір ғана көздің ұстанымын қанағаттандырады. Бірақ бұл жағдайда тек атақты, белгілі ғалымның айтылымына ғана қатысты өзіңіздің негіздемеңізді дәлелдеуіңіз қажет.


  1. Жұмысты дұрыс орындау үшін, келесі шарттар іске асырылуы тиіс:

    • Мәселені қалыптастыру. Қалыптастыру ең бірінші жұмыстың мақсатын анықтаумен басталады. Рефератта сіз не туралы айтқыңыз келеді, соны ғана ұсынасыз. Сол үшін ұсынылған мақалада және монографияда, оқулықтың тиісті бөлімін оқуыңыз қажет. Бұл сізге ерекше қызықты да, тиімді болып табылатын мәселенің аспекттерін таңдауға көмектеседі.

    • Тапсырманы орындау үшін ең алдымен жұмыс жоспарын құрып алу керек. Егер тақырыппен жоспар бірге берілсе, бұл жұмысты орындаудың міндетті жоспары емес. Жоспарды мәселеге қатысты тікелей өзіңіз де құруыңызға болады. Жұмысты құрылған жоспар бойынша орындау барысында, міндетті түрде жұмыстың мақсаты іске асырылуы қажет.

    • Рефератты орындау үшін ұсынылған әдебиеттер тізімін оқып білу керек. Содан кейін, өзіңіздің ойыңызша олардың ішінен тапсырманы орындауға қажетті деген кітаптарды таңдап аласыз.

    • Әдебиеттер тізімімен танысқаннан кейін, сізге рефератты жазуға көмектесетін кітаптар тізімінің көшірмесін жазап аласыз.

  2. Рефарат тақырыбын таңдау.

  3. Тапсырманың тақырыбы сынақ кітапшасының ақырғы екі санына сәйкес таңдап алынады. Мысалы, сынақ кітапшасының нөмір: ГР. 324567. Бұл, сіздің тақырыбыңыздың нөмірі сынақ кітапшасының ақырғы екі санының қосындысына сәйкес екендігін білдіреді, яғни 13.



  4. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет