Қазақстан тарихы 1-нұсқа «Окс өркениеті»


«ДӘСТҮРЛІ ӨРКЕНИЕТ» ҰҒЫМЫ



бет63/90
Дата15.03.2023
өлшемі1,38 Mb.
#74584
түріҚұрамы
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   90
Байланысты:
ҰБТ Қаз тарих 50-ннн-1

«ДӘСТҮРЛІ ӨРКЕНИЕТ» ҰҒЫМЫ
Ертедегі ежелгі дәуірлік, ежелгі шығыстық, ортағасырлық өркениеттер дәстүрлі деп аталды. Олар индустриалдық (формациялық, теорияда капиталистікке дейін) дәуірге дейін ежелгі және орта ғасырларда болды, олардың мынаай белгілері бар:
- бірсарындылық: мәдени тәжірибенің (дәстүрдің) тұрақты түрде қайталануы және ата-бабалар өмір салтының ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыруы;
- дәстүрдің дәріптелуі (дәстүр қасиетті саналады, оны ешқандай жағдайда бұзуға болмайды);
- адам мен табиғаттың тығыз байланысты және табиғат жағдайларына тәуелдік;
- адамның өз әлеуметтік тобымне тығыз байланысы (қауым мен, этноспен, қоғамдық ортасымен), қоғамдық және жеке өміріндегі бөлінбеушілік;
- діни немесе діни-мифологиялық сана.
Дәстүрлі өркениет (аграрлы, индустриалдығы дейінгі) қоғамға сай болады. Оларға дәстүрлі мәдениет тән.
Жоғарыда айтылған белгілердің барлығы кездесетін көшпелілер өркениеті де дәстүрлі болып табылады.
11. Ежелгі дәстүрлі өркениеттерді зерттеуде қиындық туғызатын, олардың рухани мәдениетін айқындауда тек болдамдар жасап, гипотеза құруға себеп болатын жағдай:
A) антропологиялық қалдықтардың табылмауы
B) отырықшылықтың қалыптаспауы
C) жазуының болмауы
D) материялдық мәдениеттің төмен болуы
E) дәстүрлердің сақталмауы
12. Орталық Азияның ежелгі «дәстүрлі өркениеті» туралы нақты емес ауызша хабарлар арқылы дәлелсіз келтірілетін дереккөздері:
A) Қытайлық деректер
B) Антикалық деректер
C) Ирандық деректер
D) Түркілік деректер
E) славяндық деректер
13. Орталық Азия халықтарының парсыларға қарсы көтерілісі, олардың көшпелілер мен парсы империясы арасындағы қатынастары туралы мәліметтер беретін дереккөз:
A) Авеста кітабы
B) Страбонның «Географиясы»
C) Геродоттың «Тарихы»
D) Бехистун жазбасы
E) Сыма Цянның «Тарихи жазбалары»
14. Дәстүрлі өркениет белгілері:
A) дәстүр қасиетті саналады және діни-мифологиялық сананы мойындамау
B) табиғат жағдайларына тәуелділіктен құтылу және дәстүрдің дәріптелуі
C) адамның әлеуметтік топпен қарым-қатынасы және табиғатпен тығыз байланысы
D) бабалардың өмір салтын ұстану және оны индустриалдық дәуірде жоққа шығару
E) материалдық мәдениетті дәріптеу және діни сананы жоққа шығару
15. Ежелгі түркілік деректерге жататын Орхон-Енесей құлпытастарын зерттеуге үлес қосқан ғалымдар:
I. В.Рубрук; II. В.Томсен; III. В.В.Радлов; IV. П.Карпини; V.Н.М.Ядренцев; VI. Г.Ф.Миллер
A)I, III, VI.
B) II, III, V.
C) II, IV, V,
D) III, V, VI.
E)IV, V, VI.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет