Қазақстан тарихы 1-нұсқа «Окс өркениеті»


ҚЫРҒЫЗ (ҚАЗАҚ)АКСР-НЫҢ ҚҰРЫЛУЫ



бет23/90
Дата15.03.2023
өлшемі1,38 Mb.
#74584
түріҚұрамы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   90
Байланысты:
ҰБТ Қаз тарих 50-ннн-1

ҚЫРҒЫЗ (ҚАЗАҚ)АКСР-НЫҢ ҚҰРЫЛУЫ

1920 жылы көктемде Қазақстан автономиясының сипатын белгілейтін съезге дайындық жүргізілді. Қабылданған жоба большевиктердің бағдарламалық нұсқауларына сәйкес: бірпартиялық жүйе, Кеңестер билігі, пролетариат диктатурасын қолдады. Астанаға айналған Орынборда РКФСР үкіметінің арнаулы жарғысымен РКФСР құрамындағы Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы (ҚАКСР) құрылды. Сонымен қатар оның Орталық Атқару Комитеті (ОАК) мен үкіметі (ХКК) сайланды. 1920 жылы 26 тамызда Қазақ автономиясы-Қырғыз (Қазақ) АКСР-і құрылды. 1920 жылы 4-қазанда ҚАКСР Кеңестерінің Құрылтай съезі «Қырғыз (Қазақ) АКСР еңбекшілер құқықтарының декларациясын» қабылдады. ҚАКСРға Түркістан Республикасынан Адай және Маңғышылақ уездері берілді. Алайда қазақ ұлтының аумақтық бірігуі аяқталған жоқ. Джандосова З.А. Қазақстан тарихы. 10 сынып. Алматы: Мектеп, 2019. – 180 б.


11. Мәнмәтін бойынша 1920 жылы 26 тамызда болған тарихи оқиғаны анықтаңыз
A) Қырғыз (Қазақ) АКСР-і құрылды
B) Алашорда Уақытша Халық Кеңесі құрылды
C) Қазақ АКСР-і Кеңестерінің Құрылтай съезі өтті D) Қазақ АКСР астанасы Орынбордан Қызылордаға көшірілді
E) Қазақ АКСР еңбекшілер құқықтарының декларациясы қабылданды
12. Мәнмәтін бойынша 1920 жылы 4 қазанда Қазақ АКСР-і Кеңестерінің Құрылтай съезі өткен қаланы анықтаңыз
A) Қызылорда
B) Семей
C) Ташкент
D) Верный
E) Орынбор
13. Мәнмәтін бойынша Қазақ АКСР-на Түркістан Республикасынан берілген уезд
A) Қостанай
B) Ақмола
C) Семей
D) Маңғышлақ
E) Баянауыл
14. Астаналардың хронологиялық ретін анықтаңыз 1. Қызылорда; 2. Алматы; 3. Орынбор; 4. Нұр-Сұлтан (Астана)
A) 1, 2, 3, 4
B) 4, 3, 1, 2
C) 3, 1, 2, 4
D) 2, 1, 4, 3
E) 2, 3, 4, 1
15. Мәнмәтін бойынша Қазақ АКСР-інің құрылуына қатысты дұрыс дәйектерді анықтаңыз І. Қазақ АКСР-на Түркістан Республикасынан Адай уезі берілді
ІІ. 1920 жылы қазақ ұлтының аумақтық бірігуі аяқталды
ІІІ.1920 жылы «Қырғыз (Қазақ) АКСР еңбекшілер құқықтарының декларациясы» қабылданды
IV. Қазақ АКСР-і Министрлер Кеңесі құрылды
A) ІІІ,IV
B) І,ІІІ
C) І,ІІ
D) ІІ,ІІІ
E) І,IV




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет