Е)1965 ж. Нұсқау: Сізге контекст негізінде ұсынылған бес жауаптан бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары беріледі. Контексті мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз Қарахан мемлекеті
Қарахан мемлекетінде жер иеленудің Иқталық жүйесі орнықты, Қарахандар өз маңайындағыларға қызметі үшін жер үлестірін бөліп берді. Олар аймақ және қала тұрғындарынан салық алу құқығына ие болды. Мұндай жер үлестерін иқта, ал, иқтаны ұстаушылар иқтадар деп аталды.
Қарахандықтарда иқтадан басқа мынадай жер иелену түрлері болды: дін басыларының меншігі – вақф, жеке меншік – мүлік, яғни мелекеттік салық түріндегі жерлер.
Иқта және иқталық жүйе Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан өмірінде маңызды рол атқарды, Феодалдық қатынастардың дамуына ықпал етті. Иқталық жүйе жаңа ақсүйек қамуын қалыптастырды, олар байып алып, қағандарға бағынбады. Кейбір жеке жер иелері өздерінің теңгесін шығарып, көрші елдермен дипломатиялық қатынас жүргізді. Мұның бәрі келіспеушілікке, өзара қырқысқа алып келді.
XI ғасырдың 30-шы жылдарының соңында мемлекет екіге бөлінді, Екі қағанаттың арасындағы шекара Сырдария өзені бойымен өтті.
11. Қарахан мемлекетінде салық салынбайтын жер иелену түрі:
A) Иқталық
B) Вақфтық
C) Сойырғал
D) Мүліктік
E) Коммендациялық
12. Батыс Қарахан мемлекетінің территориясы:
A) Еділ мен Жайық арасы
B) Балқаш пен Ыстықкөл арасы
C) Алтай мен Еділ арасы
D) Жетісу мен Қашғар
E) Әмудария мен Сырдария арасы
13. Қарахан мемлекетінде Иқталық жерлер кімдерге берілді:
A) Мемлекетке адал қызмет еткен адамдарға
B) Ислам дінін уағыздаушы тұлғаларға
C) Салық төлеуге тиісті жергілікті шаруаларға
D) Еңбекке жарамды адамдарға
E) Қаған әулетінен шыққандарға
4. Қарахандықтар екі бөлігі арасындағы өзара қырқысты пайдаланып Жетісуды басып алды:
A) Моңғолдар
B) Қыпшақтар
C) Қарақытайлар
D) Хорезмдіктер
E) Селжұқтар
15. Мәтін бойынша дұрыс дәйектерді айқындаңыз:
I. Қарахан мемлекеті феодалдық мемлекет болды.
II. Қарахан мемлекеті Ислам дінін қабылдаған мемлекетке жатады.
III. Қараған мемлекетінде салық жинаушылар Вақфтар деп аталады.
IV. Қарахан мемлекетінің бөлінуі сыртқы шабуыл әсерінен болды.
V. Қарахан мемлекеті әскери демократиялық мемлекет болды.
VI. Шығыс Қарахан мемлекетінің құрамына кірді: Жетісу және Шығыс Түркістан өлкесі.
A) I, II, VI
B) II, III, V
C) I, V, VI
D) IV, V, VI
E) II, IV, VI