ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
6-нұсқа
Нұсқау: сізге берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар беріледі. Таңдаған жауапты жауап парағына сәйкес орынға , дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет.
1. Қола дәуіріндегі жартастарға салынған суреттер табылды:
А) Бөріқазған мен Шабақтыда
В) Түгіскен мен Ұйғарақта
С) Беғазы мен Дәндібайда
D) Шағалалы мен Петровкада
Е) Таңбалытас пен Қаратауда
2. «Жеті жарғы» бойынша дау-жанжалдарды қарағаны үшін хандық ақының мөлшері:
А) Ақы төленбеген
В) Дауланған мал мүліктің жартысы
С) Дауланған мал мүліктің оннан бірі
D) Дауланған мал мүліктің бестен бірі
Е) Дауланған мал мүліктің төрттен екісі
3. Әл-Идрисидің картасында көрсетілген қимақтардың екінші астанасы:
А) Суяб
В) Карантия
С) Янгикент
D) Тараз
Е) Күнгіт
4. 1980 жылдары КСРО-да қоғамды демократияландыру үдерісіне жасалған қадам:
А) Одақтық шартты қайта қарау туралы шешім
В) Одақтас республикаларға дербестік беру
С) Саяси партиялардың құрылуы
D) КСРО-ның жаңа Конституциясын қабылдау
Е) Қайта құру саясаты
5. Бәйте, Терең, Қарамөңке қорымдары табылған жер:
А) Алтай
В) Үстірт
С) Торғай
D) Сарыарқа
Е) Жетісу
6. Ортағасырлық Сарайшық қаласының негізі қаланды:
А) Х ғасырда
В) ХІІІ ғасырда
С) ХІ ғасырда
D) ХІІ ғасырда
Е) ІХ ғасырда
7. Шығыс Қазақстанда, Алтай мен Тянь-Шань тауларында, Жетісудың таулы аймақтарында дамыған:
А) теселі егіншілік
В) дәнді-дақылдар өсіру
С) жартылай көшпелі мал шаруашылығы
D) бақташылық мал шаруашылығы
Е) бау-бақша өнімдерін өсіру
8. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарына жататын қазақ әдебиетінің өкілі:
А) Әбдіжәміл Нұрпейісов
В) Жүсіпбек Аймауытов
С) Олжас Сүлейменов
D) Әнуар Әлімжанов
Е) Бауыржан Момышұлы
9. Кеңестік жүйе кезеңіндегі алтыншы бесжылдық жылдары:
А) 1945-1950 жж.
В) 1959-1965 жж.
С) 1950-1955 жж.
D) 1956-1960 жж.
Е) 1949-1954 жж.
10. Неолит дәуірінде жиналған астық өнімін түйгіштеп жасайтын құрал:
А) дәнүккіш
В) диірмен
С) тас түйгіш
D) келі-келсап
Е) тас тесе
11. Ғұндар кезеңінен кейін түркі сөздері сақталып сақталып қалған Еуропа халқы:
А) румын
В) албан
С) венгр
D) серб
Е) болгар
12. Тың және тыңайған жерлерді игеру саясатының жағымсыз салдары:
А) Ауыл шаруашылығын дамытудың фермерлік жолы
В) Мал шаруашылығының құлдырауы
С) Ауыл шаруашылығын дамытудың интенсивті жолы
D) Егін егілетін алқаптардың тарыла бастауы
Е) Ауыл шаруашылығында техникалық дақылдар өсіру көлемінің артуы
13.Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілісшілер Ресей үкіметімен қатар қарсы соғысты:
А) Хиуа хандығына, парсы мемлекетіне
В) Цинь империясына, жоңғарларға
С) Башқұрттар мен Еділ қалмақтарына
D) Қоқан хандығына, қырғыз манаптарына
Е) Ұйғырлар мен Цинь империясына
14. Бөкей хандығына қатысты оқиғаларды хронологиялық ретімен қойыңыз:
1) Мешіт ашылуы; 2) Бөкейдің хан лауазымын алуы; 3) Жәрмеңке ұйымдастырылуы; 4) Алғашқы зайырлы мектеп ашылуы; 5) Жәңгірдің хан болып жариялануы
А) 2.5.3.4.1
В) 4.3.2.5.1
С) 1.2.3.4.5
D) 5.4.3.2.1
Е) 2.5.3.1.4
15. VІ-ІХ ғасырларда керуен жолдарының бойында көші-қон бағытында су тапшылығы болмауы үшін салынған ғимарат:
А) дың
В) терракота
С) сардоба
D) балбал
Е) мүсінтас
16. 1993 жылы ресми тіркелген партиялардың бірі:
А) Ауыл партиясы
В) Ақ жол партиясы
С) Нұр Отан партиясы
D) Руханият партиясы
Е) Социалистік партия
17. Сақ, сармат, үйсін тайпаларының келбеттері андрондықтарға ұқсас екендігін айтқан антрополог ғалым:
А) Ә.Марғұлан
В) В.Алексеев
С) М.Герасимов
D) О.Смағұлов
Е) К.Ақышев
18. 1916 жылғы Жетісу облысындағы көтеріліс басшысы:
А) Амангелді Иманов
В) Ақкөз Қосанов
С) Бекболат Әшекеев
D) Оспан Шоңов
Е) Әбдіғафар Жанбосынов
19. Ұлы Отан соғысы жылдарында марганец өндірілген кеніш:
А) Текелі
В) Ерментау
С) Құлсары
D) Жезді
Е) Спасск
20. «...Қырғыздар (қазақтар) ....бұрынғы тәртіпті қолдарына қару алып, ақырына дейін қорғауға әзір екенін мәлімдеп тұрып алды. Халықтың толқуы күн өткен сайын күшейіп, кеңінен етек жайды. Қырғыздар енді сөзден іске көше бастады: бұзақылардың қара құрым қалың тобы құрылды. Орал облысында мұндай топтар барлық жерде, ал Торғай облысында ....Елек пен Қобда өзендерінің бойында жиі кездесті..»:
Мәтіндегі сипатталған тарихи оқиғаны анықтаңыз:
А) 1856-1857 жж. көтеріліс
В) 1822-1824 жж. реформалар
С) 1837-1847 жж. көтеріліс
D) 1868-1869 жж. көтеріліс
Е) 1886-1891 жж. реформалар
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ
Достарыңызбен бөлісу: |