Қазақстан тарихы 9 сынып ҮІ нұсқа а бөлім



бет1/4
Дата05.05.2023
өлшемі470,5 Kb.
#90023
  1   2   3   4

Білім алушыларды қорытынды аттестаттауға арналған тапсырмалар
Қазақстан тарихы 9 сынып
ҮІ нұсқа
А бөлім
Нұсқаулық: Сізге төрт жауаптың ішінен бір дұрыс жауабы берілген тапсырмалар ұсынылады. Таңдалған жауапты «шеңберге» алу қажет.
1) Іле өзенінің оң жақ жағалауында Желшалғыр тауының етегінде орналасқан сақ қорымы:
A) Түгіскен
B) Шірік-Рабат
C) Бесшатыр
D) Ұйғарақ
[ 1]
2) Көне Отырар қаласының батыс жағында 3 км жерде, Сырдария өзеніне жақын орналасқан кесене:
A) Алаша хан
B) Арыстан-баб
C) Айша-бибі
D) Қарахан
[ 1]
3) Сұлу (Сұлық) қаған 715-738 жылдары билікке келгеннен кейін қайта күшейген ел:
A) Қарлұқтар
B) Наймандар
C) Қыпшақтар
D) Түргештер
[ 1]
4) 2011 жылы өз қызметін бастаған Кедендік Одақ құрамына енген мемлекеттер:
A) Ресей, Қазақстан, Өзбекстан
B) Ресей, Қазақстан, Эстония
C) Ресей, Қазақстан, Белоруссия
D) Ресей, Қазақстан, Грузия
[ 1]
5) 1960 жылдары алғаш рет профессор С.Черников зерттеген ескерткіш:
A) Шілікті
B) Бірлік
C) Бесшатыр
D) Бектеңіз
[ 1]
6) Жәнгір ханның бастамасымен алғашқы зайырлы мектеп ашылды:
A) 1695 ж.
B) 1844 ж.
C) 1789 ж.
D) 1841 ж.
[ 1]
7) Абай Құнанбаевтың саяси көзқарасының қалыптасуына ықпал еткен тұлғалардың бірі:
A) Н.Ильминский
B) С.Дуров
C) И.Березин
D) Е.Михаэлис
[ 1]
8) Жошы ханның күмбезі орналасқан (Орт.Қаз) өзендердің бойы:
A) Жайық пен Жем
B) Сарысу мен Кеңгір
C) Сарысу мен Нұра
D) Шу мен Талас
[ 1]
9 ) ХІ ғасырда шығыста Алтай мен Ертістен бастап батыста Днестрге дейін билік жүргізген мемлекет:
A) Қыпшақ
B) Найман
C) Қарахан
D) Моғолстан
[ 1]
10) Орта ғасырдың дамыған кезінде салынған ерекше құрылыстардың бірі:
A) Шығыс моншалары
B) Ақыртас ескерткіші
C) Балбал ескерткіштер
D) Дың ескерткіштері
[ 1]
11) Ежелгі қаңлы тайпасының орталығы:
A) Алтынасар
B) Қызыл Аңғар
C) Көк-Мардан
D) Битянь
[ 1]
12) Есік обасын ашқан археолог-ғалым:
A) Ә.Төлеубаев
B) Ә.Марғұлан
C) С.Черников
D) К.Ақышев

13) Алтын Ордада азаматтық басқару билігін жүзеге асырған түрік әулетінен шыққан жергілікті әкімдер:


A) «кешіктен»
B) «білікшілер»
C) «мәлік»
D) «даруға»
[ 1]
14) Оқиғалардың хронологиялық дұрыс ретін анықтаңыз:
1.Орта жүзде хандық биліктің жойылуы;
2.Бөкей Ордасының құрылуы;
3. Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы;
A) 2,3,1.
B) 2,1,3.
C) 1,2,3.
D) 3,2,1.
[ 1]
15)Мәтіндегі сипатталған еңбектің авторын анықтаңыз:
«… Мен қазақ ішіне кеттім. Түркістанда Есім хан қасында үш ай тұрдым. Ол уақытта қазақтың ханы Тұрсын хан еді, ол Ташкентте тұратын еді, Түркістанға келді. Есім хан оны көре барды, мені есік алдына қойып, ... қайтып келіп, менің қолымнан жетектеп алып барды. Тұрсын ханға: «Бұл-Йадгар хан ұлы..., еш уақыт бізге бұл жамағаттан кісі келіп, қонақ болған жоқ еді, бізден барғандар көп болар, бұл сіздің қызметіңізде болғаны жақсы», - деді. Тұрсын хан «Жақсы, сенің айтқаның болсын» деп өзімен бірге Ташкенге алып кетті. Ташкентте Тұрсын хан қасында екі жыл тұрдым. Екі жылдан соң Есім хан Тұрсын ханды өлтірді. Есім ханға: «Сізге екі ханнан пайда тиеме деп келіп едім, сіздің ісіңіз мұндай болды, енді рұқсат болса, Иманқұлы хан қасына кетейін», - дедім. «Жақсы айтасың, солай қыл», - деді...».
A) Шах-Махмуд Шорас
B) Қадырғали Қосымұлы Жалайыри
C) Өтеміс қажы
D) Әбілғазы Бахадур хан [ 1]


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет