«Құқық негіздері» пәні бойынша келесі элективтік курс тақырыптары ұсынылады: 9-11 сынып оқушыларына арналған «ҚазақстанРеспубликасындағынегізгіқоғамдықпроцестердіқұқықтықреттеунегіздері»курсы; «Қазіргізаманның негізгі құқықтық жүйелерін жіктеу» элективті курсы; «Экологиялыққұқық-қоршағанортанықорғаудыңқұқықтықмеханизмі»элективті курсы;
«Құқықтықақпараттандыру»элективті курсы; «ҚұқықнегіздерібойыншаПрактикум» элективті курсы.
Көрсетілген элективті курстарды әзірлеу және оқу кезінде жобалық оқытуға (жобалық және жүйелік ойлауды дамыту үшін) сүйену, сондай-ақ практикалық тапсырмалардың үлкен санын көздеу қажет.
«Құқық негіздері» пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігіндеқарастырылатынәдістемеліктақырыптар 9-11 сыныптардағы «Құқық негіздері» пәні сабақтарында жобалық және жүйелік ойлауды дамытудың тиімді әдістері мен тәсілдері;
«Құқық негіздері» пәні сабақтарында оқу сауаттылығын қалыптастыру тәсілдері;
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған білім алушылардың өзіндік жұмысының әдістері мен түрлері;
Қалыптастырушы бағалауға арналған практикалық және ситуациялық тапсырмалар базасын қалыптастыру;
«Құқық негіздері» пәні бойынша цифрлық сауаттылықты қалыптастыру тәсілдері;
Білім алушылардың диалог және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамытудың әдістері мен тәсілдері;
Белсенді оқыту әдістерін қолдану арқылы оқушылардың оқу-танымдық құзыреттіліктерін қалыптастыру;
«Құқық негіздері» пәні бойынша жаһандық сауаттылықты қалыптастыру тәсілдері;
«Құқық негіздері» пәні бойынша экологиялық сауаттылықты қалыптастыру тәсілдері;
Білім алушылардың сыни ойлау деңгейін арттырудың тиімді әдістері мен тәсілдері.
«Құқықнегіздері»пәнібойыншаоқулықтардың,оқу-әдістемеліккешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оныңішіндеэлектрондықтасымалдауқұралдарытізбесі
2022-2023 оқу жылында қолданылатын оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың тізімі «Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу- әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 10 маусымдағы №286 бұйрығымен бекітілген.
«Құқық негіздері» пәні мазмұнының және оқыту процесінің тәрбиелікәлеуетінарттыру
«Құқық негіздері» бойынша сабақтарын жоспарлау және ұйымдастыру барысында білім алушылардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін, құқықтық және азаматтық сана-сезімді, жеке бас бостандығы мен ар-намысының құндылығын, парасаттылық пен адалдықты, толеранттылықты, еңбекке деген құрметті, «толық адам» қасиеттерін қалыптастырады, зорлық-зомбылық пен
агрессиялық ой-пиғылдың, әртүрлі типтегі кемсітушіліктің алдын алуға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру ұсынылады.
Білім алушыларды тәрбиелеудің негізгі идеясы ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар.2022-2023 оқу жылында білім беру ұйымдарында мынадай жобалар іске асырылатын болады: