10-11-сыныптарда «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша сабақтар өткізу кезінде білім алушылар санына қарамастан сыныптарды топтарға бөлу, қалалық, ауылдық білім беру ұйымдарында, шағын жинақты мектептерде рұқсат етіледі. (2020жылғы5мамырдағы№182бұйрығыментолықтырулар енгізілген)
Үлгілік оқу жоспарындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістерментолықтырулар
Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарларымен (өзгерістер 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 25 бұйрығымен енгізілген) жүзеге асырылады.
«Дүниежүзі тарихы» оқу пәні бойынша 5-11 сыныптарға арналған оқу жүктемесінің көлемі 18.3-кестеде көрсетілген.
Кесте 18.3. «Дүниежүзі тарихы» оқу пәні бойынша 5-11 сыныптарға арналған оқу жүктемесінің көлемі
Сынып
Оқу пәнінің атауы
Жалпы жүктеме, сағат
Үлгілік оқу жоспары
Үлгілік оқу жоспары
(төмендетілген оқу
жүктемесімен)
Апталық
Жылдық
Апталық
Жылдық
5-9
Дүниежүзі тарихы
1
36
1
36
10-11 (ҚГБ)
Дүниежүзі тарихы
2
72
3
108
10-11 (ЖМБ)
Дүниежүзі тарихы
1
36
2
72
Оқу жылының ұзартылуына байланысты пайда болған қосымша сағаттарды қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды зерттеу үшін пайдалану ұсынылады.
Оқу жүктемесі төмендетілген Үлгілік оқу жоспарына сәйкес (ҚР БҒМ 26.01.2022ж. №25 бұйрығы 23-қосымша) 10-11-сынып қоғамдық-гуманитарлық бағытында «Дүниежүзі тарихы» пәні таңдау пәні бойынша 3 сағат көлемде тереңдетілген деңгейде оқыту қарастырылған. Ал, осы бұйрықтың 22 қосымшасына сәйкес, жаратылыстану-математика бағытында 2 сағат көлемде стандартты деңгей қарастырылған.
Оқу пәнінің мазмұны бойынша Үлгілік оқу бағдарламаларына енгізілгенөзгерістер мен толықтырулар
2022/2023оқужылында«Дүниежүзітарихы»оқупәнібойыншаоқупроцесінұйымдастырудакелесіоқубағдарламаларыбасшылыққаалынады: 1.2022/2023 оқу жылында «Дүниежүзі тарихы» оқу пәні бойынша оқу процесін ұйымдастыруда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы «26» шілдедегі № 334 бұйрығы 11-қосымшамен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған
«Дүниежүзі тарихы» пәнінен мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы қолданылады.
2. 10-11-сыныпта «Дүниежүзі тарихы» оқу пәнінен (төмендетілген оқужүктемесімен) Үлгілік оқу жоспарлары бойыншаоқу процесі «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ- нің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізутуралы» ҚР БҒМ-нің 2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламаларымен жүзеге асырылады.
«Дүниежүзі тарихы» оқу пәнінің әдістемелік ерекшеліктеріПәнді оқу барысындапедагог:
әлем халықтарының материалдық және рухани мұрасын зерделеуге;
білім алушылардың бойында азаматтық-құқықтық сананың қалыптастыра отырып, патриотизмге тәрбиелеу;
білім алушылардың бойына ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыруға ерекшеназар аударуұсынылады.
Тарихтыоқытудакелесілергекөңілбөлуұсынылады: Пән бойынша оқу бағдарламаларының мақсаттарының бірі білім алушыларда тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Әлемнің тарихи дамуы барысында бізге жеткен жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытуға ықпал ететін материалдарды зерттеуге ерекше назар аудару ұсынылады. Білім алушылардың коммуникативті дағдыларын қалыптастыруда,
тарихи деректерден, басылымдар мен электронды құралдардағы ақпараттарды қолдана отырып, тарихи оқиғалар мен құбылыстарға өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық білдіру дағдыларын дамытуды қамтиды. Сондықтан сабақта білім алушылардың «тарихи ойлау» дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік беретін әдіс-тәсілдерді (белсенді және проблемалық оқыту әдістері, зерттеу, жоба әдістері т.б.) қолдану ұсынылады. «Тарихи ойлау» өткен заманның кез- келген құбылысын сол заманның контекстінде, бұрын болған және кейінгі тарихи оқиғалармен өзара байланысында көру, анықтау, бағалау, талдау қабілетін білдіреді. Осы қабілетке ие болу арқылы білім алушы өткен тарихқа қатысты білім мен түсінікке негізделген өзіндік дәлелді ұстанымды қалыптастыра алады. Тарихи ойлау дағдылары әрбір сабақта олардың біртіндеп кеңеюі мен прогрессиясы негізінде дамытылуы тиіс. Сондықтан, «Дүниежүзітарихы»пәндерінтарихи түсініктер негізіндеоқытуұсынылады. 4.Білімалушылардыңоқужетістіктерінбағалаудыңнормативтікталаптарына сәйкесбөлімбойыншажиынтықбағалаудыңсаны Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау «Орта білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады (2022 жылғы 12 мамырдағы №193 бұйрықпен өзгерістер мен толықтыруларенгізілген).
Бұйрықтың тиісті тармақтарына енгізілген толықтыруларға сәйкес:
БЖБ өткізу нысаны (бақылау, практикалық немесе шығармашылық жұмыс, жоба, эссе, диктант, мазмұндама, шығарма, тестілеу және басқалар) мен сабағын және БЖБ орындау уақытын педагог өздігінен белгілейді.
БЖБ үшін максималды балл 1-4 сыныптарда кемінде 7 және 15 балдан артық емес, 5-11 (12) сыныптарда кемінде 7 және 20 балдан артық емес болуы керек.
Аптасына 1 сағат оқу жүктемесі кезінде БЖБ қажет болған жағдайда бөлімдерді біріктіре отырып тоқсанына екі реттен артық жүргізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады.
БЖБ тоқсанына үш реттен артық өткізілмейді. Бөлімдер/ортақ тақырыптар тоқсанына төрт және одан да көп бөлімдерді/ортақ тақырыптарды оқып-зерделеген жағдайда тақырыптардың ерекшеліктерін және оқыту мақсаттарының санын ескере отырып біріктіріледі. Оны екі кезеңде өткізуге болады.
Үлгілік оқу бағдарламаларына (негізгі және төмендетілген оқу жүктемесі бойынша) сәйкес 5-11-сыныптарда оқытылатын «Дүниежүзі тарихы» оқу пәнінен өткізілетін бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 18.4-кестеде көрсетілген.
18.4-кесте. «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны