Көшпелілердің рухани мәдениетінің өз даму ерекшеліктері бар. Ол көшпелілердің тіршілік қарекетінің, тұрмысының ерекшеліктерінен туындайды. Кейбір батыстық зерттеушілер: "Көшпелілер өз бетінше мәдени құндылықтар жасауға кабілетсіз, олар тек басып алған отырықшы халықтардың мәдениетін қабылдайды. Ал отырықшы халықтардың мәдениеті оларға өгей мәдениет болып қала береді", — дейді. Бұл — мүлде қате пікір. Көшпелілер өз тұрмыс-қарекетіне лайықты мәдениет қалыптастырған. Көшпелілердің материалдық мәдениеті көші-қонға ыңғайланып жасалған. Мұндай таза көшпелі мәдениет үлгілеріне біз жиналмалы, жығып-тігуі өте жеңіл киіз үйді, ер-тұрман, ат әбзелдерін, теріден, ағаштан жасалған ыдыс-аяқтарын, бесігін, басқа да тұрмыстық заттарын жатқызамыз. Киіз үй. Көшпелілердің рухани мәдениеті тіптен бай. Мал шаруашылығы — егіншілікке карағанда бұқара халықтың барлығы қамтылмайтын, қамтығанның өзінде көшпелі қауымның бос уақыты көбірек болатын шаруашылық түрі.Сонымен қатар көшпелілер отырықшыларға қарағанда табиғатқа жақынырақ, онымен етене өмір сүрген. Көшпелілерде табиғатқа негізделген дүниетаным, ақынжандылық, қиялшылдық, түптеп келгенде, шығармашылықпен ойлау жүйесі қатты дамыды. Бұдан "Отырыкшы халықтарда бұл қасиет болмады, не аз көрініс тапты" деген ой тумауы керек. Тек бұл қасиеттердің қалыптасуына, көрініс тауып, іске асуына көшпелі өмір объективті түрде көбірек жағдай туғызды.Көшпелілерде де, отырықшы елдер сияқты, жазу ерте пайда болды. Біз сақ жазуларының (б.з.д. 1-мыңжылдықтың ортасы), түрік жазуларының (б. з. VII—VIII ғасырлар) болғандығын, одан бергі ортағасырлық түркі тайпаларында жазудың болғандығын білеміз. Бірақ тағы да объективтік себептермен көшпелілерде отырықшыларға қарағанда жазу-сызу кеңінен дами алмады. Олардың рухани мәдениеті — шежіретарихы, фольклоры, діни ұстаным-қағидалары жадында сақталды.Көшпелілер мәдениетінің тағы бір ерекшелігі — олардың мәдениетінің көбінесе синкретті(біртекті ғана емес, көпқырлы) болып келуінде. Көне заманда қазақ жерінде өмір сүрген тайпалар (сақ, ғұн, үйсін, сармат, т.б.), одан кейін орта ғасырлардағы түркілер бүкіл Еуразиялық көне және ортағасырлық өркениеттер мен әр түрлі себептер арқылы (миграция, жаулап алу, бейбіт көршілік жағдайында) араласты. Сол арқылы көшпелілер өздеріне түрлі халықтардың жақсы мәдени жетістіктерін қабылдады, өздерінің мәдени үлгілерін басқа халықтарға жұғыстырды. Көшпелілер түрлі мәдениеттердің бір-бірімен араласуына, жақындасуына қозғаушы күш болған, дәнекер қызметін атқарған.Қазақ мәдениеті жөнінде мәселе қозғағанда, біз мынаны естен шығармауымыз керек. Рас, қазақ мәдениеті өзінің негізгі тіні, өзегі, тұрпаты жағынан көшпелі мәдениеттің үлгісінде жасалған өркениет. Қазақ мәдениетінде отырықшы өркениеттің үлгілері аз болған жоқ. Отырықшы өркениет үлгілері әсіресе орта ғасырларда, Оңтүстік өңірлер мен Жетісуда отырықшы қала мәдениеті дәуірлеген кезде көбейе түсті.Арабтар жаулап алар тұста көне түркілер мекендеген Тұран жерінде диқаншылықпен, мал өсірумен қатар алтын, күміс, жез, темір, қорғасын өндірген елдің өзіндік мәдениеті болған. Түркі қалаларында тоқымашылық, сауда-саттық пен қолөнер қатар дамыған. Түркілердің Мары (Мерв), Шаш (Ташкент), Шауғар (Түркістан), Сауран, Отырар, Сайрам, Тараз, Баласағұн сияқты қалалары Ұлы Жібек жолының бойына орналасқандықтан, Үндістан, Қытай, Византия мемлекеттерімен сауда-саттық жасап, тікелей дипломатиялық қатынастар орнатуға жол ашқан.Феодалдық мемлекеттерден бізге жеткен материалдық ескерткіштер өте мардымсыз. Негізінен, қыстақтар мен қала жұрттары, обалар (зираттар). Археолог ғалымдар осы аталған ескерткіштерге зерттеу жұмыстарын жүргізіп, алынған бұйымдардың қалдықтарына талдау жясай отырып, олардың материалдық жағдайының қандай дәрежеде болғандығын анықтайды. Бірақ ол ескерткіштер де жеткілікті зерттеле қойған жоқ. Түркі дәуірінің алты ғасырға жуық (VI—XII ғасырлар) мерзім ішінде өмір кешкен Түрік, Батыс түрік, Түркеш, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ-қыпшақ және Қарахан қағанаттықтарының әрқайсысының өздеріне тән материалдық мәдениеттерін жеке-жеке талдап көрсету мүмкін болмай отыр.Көне жазулар.Қазақ жерінде жазу-сызу сақ дәуірінен бастап пайда болған сияқты. 1960 жылы Ертіс өзенінің оң қанатынан табылған б.з.д. V—IV ғасырларға жататын сақ дәуірінің марал сүйегінен жасалған тұмарда жазу болған. Оны ғалым Алтай Аманжолов оңнан солға қарай "Ақ сықын" — "Ақ марал" деп оқыған. 1970 жылы Есік қаласының түбінен табылған "Алтын адамның" қабірінен жазуы бар күміс тостаған шықты. Тостағанның сыртында екі жолға жазылған 26 таңба бар. Олар бір жағынан, көне түркілердің руникалық жазбаларына ұқсас, екіншіден, Жерорта теңізі төңірегіндегі көне алфавиттік таңбаларға, өсіресе грек, арамей әріптеріне ұқсас. Оны да А.Аманжолов көне түркі тілі сияқты оңнан солға қарай оқыған. Жазудың мазмүны мынадай екен:"Аға, саған (бұл) ошақ! Бөтен (жат ел адамы) тізеңді бүк! Халықта азық-түлік (мол болғай!)!" Зерттеушінің пікірінше, бұл сақ дәуірінде түркі тілінде жазылған, яғни бүдан 2500 жыл бұрын түркі тілдес сақ тайпалары әліпбиін жазуды білген.Өткен ғасырдың 60-жылдары Іле өзенінің оң жағасындағы Тайғақ шатқалынан көне тибет жазуы, көне грек әліпбиіндегі жазу табылды. Ғалымдардың пікірінше, грек алфавитімен жазылған жазудың сыртынан айналдыра тибет жазуын жазған. Жазуды грек әліпбиін білетін буддалық монах жазған болуы керек. Қарлұқтар заманында (VIII ғасыр) Жетісу жеріне келген тибеттіктер тау-тасқа өздерінің буддалық дұғаларын ойып жазған.
Руна әліпбиі. Әліпби жазу дүниежүзілік мәдениетке қосылған үлкен үлес болып есептеледі. Көне түркілер алғашқы әріп жазуының бір түрі — руналық жазуды ойлап тапқан және пайдаланған.Көне түркі руналық жазуы Қазақстанда Талас, Ертіс, Сыр, Іле өзендерінің қойнауларында табылған.Бұл жазуларды алғаш зерттеп, оларды оқудың "кілтін" тапқан — Дания зерттеушісі Вильгельм Томсен. Осы көне түркі жазуларын сыртқы нобайы жағынан Скандинавияның руналарына ұқсатып, бұл жазуларды да руналық, яғни "құпия" жазу деп атап кеткен.
Тоныкөк жазба ескерткіші.Ең алғаш табылып зерттелген түркі жазуы ескерткіштері Білге қағанға, Күлтегінге қойылған құлпытастардағы жазу. Көне түркі руна жазулары қашау әдісімен тасқа, түрлі бұйымдарға (ағаш қасық, күміс тостаған, ыдыс) ойып, сызып жазылған. Руналық жазбада 35 әріп бар, бұдан басқа төрт таңба лт, нт, нг,рт деген дауыссыз дыбыстар тіркесін береді. Жазу оңнан солға қарай оқылады. Түркі жазбаларына Тоныкөк (Улан-Батордың жанында) ескерткішіндегі жазулар да жатады.Қазақстан жерінен табылғандары — Талас өзені бойынан табылған тас мөрдегі жазу Алматы облысындағыКетпен тауындағы тастағы жазулар (үш жерде), Есік қаласының түбінен табылған күміс тостағандағы жазу. 1960 жылы Сыр бойындағы Шардара суқоймасын саларда ескі қамал орнынан саз балшықтан күйдіріліп жасалған түркі жазулы мөр табылды.Бұрынғы Семей облысыныңҮржар ауданынан, Шығыс Қазақстан облысыныңШемонайха ауданынан көне түркі жазуы бар екі қола айна табылған. 1985 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданынан табылған көне түркі жазуы және Жайық өзені бойынан табылған қола айнадағы руна жазуының тарих үшін маңызы зор.Көне түркі жазуларында, әсіресе құлпытастардағы жазуда Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған, т.б. сияқты түркі елбасыларының істеген ісі, түркі жұртының сол кездегі жағдайы, басқа елдермен қарым-қатынасы, олардың дүниетанымы сипатталады. Күлтегін ескерткішін оның ағасы Білге каған қойғызған. Жазу мынадай сөздермен басталады: "Тәңірідей тәңірден жаралған Білге (дана) қаған бұл таққа отырдым. Сөзімді түгел естіңдер, жалғасқан іні-жиенім, ұлым, руым, халқым... Көңілдегі қандай сөзім болса, мәңгі тасқа жаздым. Оны көріп, сонша біліңдер!"Білге қаған тұсында түркі елі дәуірледі. Ол өте жігерлі, кайратты, әділ, ақылды елбасы болды. Ол жазуда өзі туралы былай дейді: "Түркі халқы үшін түнде ұйықтамадым, күндіз отырмадым. Қызыл қанымды, қара терімді ағыздым. Жалаңаш халықты киіндірдім, жарлы халықты бай қылдым, аз халықты көп цылдым".
9.Жаңа тақырыпты бекіту.20 мин (22%)
Бақылау сұрақтары:
1. Көшпелі өркениет әлемдік өркениеттің құрамдас бөлігі.
2. Көшпелілер дүниетанымы.
3. Көшпелі өркениеттің ерекшелігі.
4. Дәстүрлі қазақ мәдениетінің табиғи ғарыштық негіздері.
5. Көшпелілер өміріндегі мал шаруашылығының ролі.
6. Кеңістікті игерудегі жылқы малы.
7. Көшпелілердің әдет ғұрыптары.
8. Қазақ мәдениетінің түпкі негізі.
9. Ежелгі көшпенділер мәдениетіндегі мифология және космогония.
1. Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу.
2. Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру.
1. Сабақтың тақырыбы: Дәстүрлі қазақ мәдениеті.Халық ауыз әдебиеті мен шешендік өнер.
2. Сағат саны: 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: теория
4. Сабақтың мақсаты: Қазақтардың дәстүрлі мәдениеті оның ұлт болып қалыптасуы мен өзіндік төл мәдениетінің пісіп-жетілуімен байланысты Заңдар негізінде халықтың бұрыннан келе жатқан әдет-ғұрпының ережелері негізінде билік заң үрдістері елдік жөн-жоралары, салт-дәстүрі бір жүйеге түсті..Халықтың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері ұлттық байланысты басқа халықтардан даралап тұратын ішкі рухани айна сияқты.
*оқыту: Өздік бағалау әрекеттерін ұйымдастыру;
*тәрбиелік: адамгершілік тәрбиесін беру;
*дамыту: танымдық қызығушылықты дамыту;
5. Материалды техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақтар.
7.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)
1. Көшпелі өркениет әлемдік өркениеттің құрамдас бөлігі.
2. Көшпелілер дүниетанымы.
3. Көшпелі өркениеттің ерекшелігі.
4. Дәстүрлі қазақ мәдениетінің табиғи ғарыштық негіздері.
5. Көшпелілер өміріндегі мал шаруашылығының ролі.
6. Кеңістікті игерудегі жылқы малы.
7. Көшпелілердің әдет ғұрыптары.
8.Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин (44%)
Тақырыбы: Дәстүрлі қазақ мәдениеті.Халық ауыз әдебиеті мен шешендік өнер.
Мақсаты:жаңа тақырып бойынша түсінік беру.
1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі.
1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
1.3. Оқулықпен жұмыс істеу.
1.4. Қорытынды.
Ақпаратты дидактикалық бөлім:
1. Дәстүрлі қазақ мәдениетінің ерекшелігі.
2. Халық ауыз әдебиеті бай мәдени мұра.
3. Шешендік өнер сөз жауһары.Айтыс өнері.
4. Материалдық және рухани мәдениет құндылықтары(қол өнер,тұрғын үй,киімі,қазақ күнтізбесі,халық білімі,Наурыз).
5.Халық ауыз әдебиетіндегі лирикалық поэмалар: «Қозы Көрпеш Баян Сұлу», «Қыз Жібек».Ұлттық аспаптар,күй,ән өнері.
Қазақ мәдениетінің архетипіне көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша орта ғасырларда қалыптасқан еуразиялық мәдени кеңістікті қамтыған түріктік халықтар мен тайпалардың негізінен көшпенді мәдениеті жатады.
Қазақтардың дәстүрлі мәдениеті оның ұлт болып қалыптасуы мен өзіндік төл
мәдениетінің пісіп-жетілуімен байланысты.ХV ғ. Қазақ хандығы құрылып, әлемнің барлық халықтарына тән заңдылықтарымен қазақ этносы қалыптасты. ХV- ХVІІ ғғ.Қазақ хандығын билеген хандардың тұсында қазақтың шарушылығы, өмір сүру дағдылары ғана емес, ел таныған материалдық, рухани мәдениеттері қалыптасты.Заңдар негізінде халықтың бұрыннан келе жатқан әдет-ғұрпының ережелері негізінде билік заң үрдістері елдік жөн-жоралары, салт-дәстүрі бір жүйеге түсті.Әр елдің өзіне тән әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі бар.Халықтың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері ұлттық байланысты басқа халықтардан даралап тұратын ішкі рухани айна сияқты.
ХV- ғасырдағы алғашқы қазақ хандары Жәнібек пен Керейдің ақылшысы болған ақын және философ Асан қайғы атанып кеткен – Хасен Сәбитұлы. Қорқыт ата сияқты Асан қайғы үлгі тұтарлық Гүлстанды – идеалды қоғамдық құрылысты арман етті.
Халық ауыз әдебиетіндегі «Зарзаман» мәдени ағымының өкілдері бұрынғы төл мәдениет үлгілерін дәріптеді. «Зарзаман» идеясы – қазақ мәдениетінің өзінің болашағы туралы қам жеуінің уақыттық таңбалық белгісі.
Отарлау саясаты мәдениетке еш жерде қолайлы болған емес.Еуразия даласын жаулап алған славяндық мәдениет осы даланың байырғы тұрғындарын ноқталып қоюға тырысты.Бұрынғы шығыстық мәдени бағдар батыс мәдениетіне ауысты.
9.Жаңа тақырыпты бекіту.20 мин (22%)
Бақылау сұрақтары:
1. Дәстүрлі қазақ мәдениетінің ерекшелігі.
2. Халық ауыз әдебиеті бай мәдени мұра.
3. Халық ауыз әдебиеті жанрындағы батырлар бейнесі мен жерге деген сүйіспеншілік.Шешендік өнер сөз жауһары.Айтыс өнері.
4. Материалдық және рухани мәдениет құндылықтары(қол өнер,тұрғын үй,киімі,қазақ күнтізбесі,халық білімі,Наурыз).
5. Халық ауыз әдебиетіндегі лирикалық поэмалар: «Қозы Көрпеш Баян Сұлу», «Қыз Жібек».
6. Ұлттық аспаптар,күй,ән өнері.
10.Сабақты қорытындылау.5 мин (6%)
1. Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу.
2. Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру.
«Қазақ» термині, «Қасымның қасқа жолы», «Есімнің ескі жолы», «Тәукенің Жеті Жарғысы», «Зарзаман», «Тарихи –и-Рашиди», «Ұлы жұт»,
1. Оқушыларды бағалау.
2. Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау.
11.Үйге тапсырма беру.5 мин (6%)
Сабақтың тақырыбы: Қазақ мәдениетінің ортағасырлық кезеңі.
1. Сабақтың тақырыбы: Қазақ мәдениетінің ортағасырлық кезеңі.
2. Сағат саны: 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: теория
4. Сабақтың мақсаты: Қазақ хандықтарының сыртқы және ішкі қайшылықтар әсерінен мешеу дамуы, жоңғар басқыншыларының ел тыныштығын бұзуы сияқты объективті себептердің ұлттық мәдениетіміздің қалыптасуына кедергі келтіруі туралы;
*оқыту: Өздік бағалау әрекеттерін ұйымдастыру;
*тәрбиелік: Қазақстандық патриотизм, ұлттық келісім ұғымдарын дұрыс қабылдату;
*дамыту: Еріктілікті дамыту;
5. Материалды техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақтар.
7.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)
1. Дәстүрлі қазақ мәдениетінің ерекшелігі.
2. Халық ауыз әдебиеті бай мәдени мұра.
3. Халық ауыз әдебиеті жанрындағы батырлар бейнесі мен жерге деген сүйіспеншілік.Шешендік өнер сөз жауһары.Айтыс өнері.
4. Материалдық және рухани мәдениет құндылықтары(қол өнер,тұрғын үй,киімі,қазақ күнтізбесі,халық білімі,Наурыз).
5. Халық ауыз әдебиетіндегі лирикалық поэмалар: «Қозы Көрпеш Баян Сұлу», «Қыз Жібек».
6. Ұлттық аспаптар,күй,ән өнері.
8.Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин (44%)
Тақырыбы: Қазақ мәдениетінің ортағасырлық кезеңі.
Мақсаты:жаңа тақырып бойынша түсінік беру.
1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі.
1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
1.3. Оқулықпен жұмыс істеу.
1.4. Қорытынды.
Ақпаратты – дидактикалық бөлім.
1. Түркі мәдениетіне араб парсы мәдениетінің ықпалы. «Мұсылман Ренессансы» дәуіріндегі жазба мәдениеттің дамуы.
2. Әл Фараби мұралары.Ислам дүниетанымы бағытында жазылған еңбектер.
3. Ортағасырлық кезеңдегі тарихи ескерткіштер.
4. «Қорқыт Ата кітабы» мен «Оғыз Наме» түркілердің ортақ мұрасы.
5. М.Қашқари «Түркі тілдерінің сөздігі»түркі тайпалары туралы зерттеулер.Ж.Баласағұн «Құтты білік»энциклопедиялық еңбек.А.Иассауи «Диуани Хикмет». «Құмандар кітабы».
Ерте орта ғасырда Қазақстан жерін мекендеген халықтар негізінен түркі тілдес халықтар. Түркі тілдес халықтар мен қатар Қазақстан жерінде басқа тілдік топтар да өмір сүрді. Сонымен қатар Қазақстан жерінде Иран (соғды) тілдес, Сирия тілдес, Араб тілдес халықтар өмір сүрді. VI ғасырлардан бастап түркі тілдес тайпалардың өз жазулары болды. Бұл жазу ғалымдардың пікірінше соғды жазуына ұқсас. Көне түрік жазуларының ескерткіштері Моңғолия жерінен табылды.
VI - X ғасырларда Қазақстанда соғды жазуы мен тілі кең қолданылган. Бұл жазу Тараз, Баласағұн, Испиджаб, қалаларында кең тараған. Оңтүстік Сібір, Алтай Қазақстан жерін ежелгі түрік тайпалары мекендеген. Олар түрік тілінде сөйлеп, көне түрік жазуымен жазған. Көне түрік әліпбиі 35 әріптен тұрған. Түріктердің әліпбиі өздерінің ру-тайпаларының таңбалары негізінде жасалған. Көне түріктердің негізгі жазуы «руна» жазуы деп аталған. Ал аса бағалы тарихи ескерткіш болып саналатын руна жазуы бар құлпытасты XIX ғасырда Солтүстік Моңғолиядағы Орхон өзенінің маңынан Н.М. Ядринцев тапқан. Құлыптастағы жазуды түріктанушы В.В.Радлов пен дат ғалымы В.Томсон оқыған.
Бұл жазу «Орхон Енесей тас жазуы» деп аталады. Түрік жазба әдебиетінің көне ескерткіштері. «Күлтегін» және «Тоныкөк» жазулары. Бұлар нағыз тарихи дастандар. Мұнда түрік қағанатының құрылуы мен дәуірлеуі, ақырында күйреуі жайында айтылады. Дастандағы тарихи суреттер әдебиет көркемдік тәсілдермен өрнектелген.
VIII - IX ғасырларға жататын әдеби шығармалар «Қорқыт ата» кітабы мен «Оғызнама» дастаны. Бұл шығармалар алғаш VIII ғасырда ауызша айтылып, ел ішіне кең таралса, тек XI ғасырдан бастап қағазға түсе бастаған. «Қорқыт ата» кітабы 12 жылдың қосындысынан тұрады. Бұл шығарма аты атаққа айналған ақын, Қорқытқа байланысты. Қорқыт есімі түрік тілдес халықтар арасында кеңінен мәлім. Қорқыт күмбезі Қызылорда облысы Қармақшы ауданында тұрғызылған.
Ал, «Оғызнама» біздің дәуіріміздің II ғасырындағы тарихи оқиғаларға байланысты туған бұл әдеби шығарма VI ғасырда парсы тіліне, IX ғасырда араб тіліне аударылған. «Оғызнаманың» ескі нұсқасын XIII ғасырда толық жазған - Әбілғазы хан. Шығарманың идеясы ерлікті, бірлікті уағыздайды. Мазмұны қазақ халқының эпос жырларымен ұштасып жатады. Сонымен ерте орта ғасырда түрік тіліндегі ауыз әдебиетінің әртүрлі жанрларының (мақал-мәтел, жоқтау, тағы басқалар) дамуына байланысты әдеби тіл мен жазба әдебиетінің дамығандығын көруге болады.
X ғасырдан бері қарай Оңтүстік Қазақстанда ислам діні кең тарай бастады. Сайрам, Отырар, Түркістан тағы басқа қалаларда діни медреселер салынып, ғылым-білімге кең жол ашылды. Әдеби және ғылыми шығармалар араб тілінде жазылды. Әбу Насыр әл-Фараби (870-950 ж.ж) Отырар қаласында туған. Осы қалада қыпшақ тілінде білім алған. Араб тілін Исфахан, Бағдат, Дамск, (Шам) қалаларында игерген. Ол дүние жүзінде Аристотель сынды ғұламалармен теңдес ойшыл ретінде танылды.
Шығыстың аса көрнекті ғалымы Әбу Насыр әл-Фараби өз шығармаларында араб, парсы грек, үнді, түрік мәдениеттерін талдап, жақындастыра білді. Мұны «Үлкен музыка кітабы» атты еңбегінен де байқауға болады. Сайып келгенде, әл-Фараби «Қайырлы қала тұрғындарының кітабы», «Дүниедегі қозғалыстардың тұрақтылығы», «Өлең, сөз және шешендік туралы», «Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат», «Логика», тағы басқалар еңбектері -ғылым тарихында өзіндік орны бар дүниелер. Білімнің әр түрлі салаларын қамтитын 160 трактат жазған. Ол 80 жасында Шам шаһарында қайтыс болады.
Қожа Ахмет Яссауи (1103 -1167 жж.). Сайрам қаласында туған. Әкесі Ибраһим атақты ғұлама адам болған. Шешесі - Мұса шайқының қызы Айша. (бір деректерде - Қарашаш). Алғаш әкесінен оқып сауатын ашып, кейіннен ислам дінінің шариғат-қағидаларын үйренген. Бала кезінен Ясы қаласын мекен етеді. Бұхара қаласында Юсуф Хамидалидан білім алып, Яссыға оралады. Мұнда ол сопылық ілімнің насихатшысына айналады. Арыстан бабты пір тұтады. Қожа Ахмет Ясауидан қалған мұра оның «Даналық кітабы», «Диуан - и хикмет» болып табылады. Кітап түрік тілінде араб әліпбимен жазылған. Бұл еңбекте адамды даналыққа, ақылдыққа, кіші пейілділікке, имандылыққа шақырады. Ахмет Ясауидің жолын қуған Шәкірттерінің бірі-ел ішінде Хакім ата аталған Сүлеймен Бақырғани.
Жүсіп Баласағұн (1021 -1075жж.)- Ғұлама Шу өзені бойындағы Баласағұн қаласында туған. Толық аты Жүсіп Хас Хажип Баласағұни. Білімді Фараб (Отырар), Қашғар, Бұхара қалаларынан алады. Араб, парсы тілдерінде еркін сөйлеген. Өзінің атақты философиялық-диалектологиялык «Құтты білік» дастаны Қарахан әулетінен шыққан Тағаш Қара Боғраханға арнады. Бұл үшін ақынға Хас Хажип (Сарай министірі) атағы берілді. Ол өзінің атақты «Құтты білік» - XI ғасырға дейінгі түрік тілді халықтардың қоғамдық ой-санасында орын алған, терең мазмұнды ғылыми еңбек. Поэманы 1896 ж. К.Керимов өзбек тіліне аударады. 1971 ж. Н.Гребнев «Бақытты болу ғылымы» деген атпен еркін аударма жасады. Ал 1983 ж. С.Н.Иванов «Блогадная знанение» деген атпен орыс оқырмандарына ұсынды.1986 ж. Бұл дастанды ақын А.Егеубаев қазақ тіліне аударды. «Құтты білік» поэмасы түрік тіліндегі энциклопедиялық шығарма болып табылады.
Кітапқа көшпенділер тұрмысы мен аңшылық өнерін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері енген. Жүсіптің ақын ретінде де, ғалым ретінде де атын шығарған еңбегі «Құтты білік», «Құтадығу білік» атты дидактикалық поэмасы. Жүсіп Баласағұн «Құтты білікті» 1069 -1070 жылдары Баласағұн қаласында бастап, он сегіз айдың ішінде Қашғар қаласында аяқтаған.
Ал түрік тілдес тайпалардың бір-біріне жақындығын белгілі ғұлама Махмұд Қашғари зерттеді.
Махмұд Қашғаридың (1030 -1090жж.) шын аты Махмұд Хусейн ибн Мұхаммед Қашғари. Әкесі Қашғар қаласында туған. Махмұд алғаш Қашғар қаласында, кейіннен Орта Азия мен Иранның ірі қалаларында білім алды. Араб тілін жетік білген. Махмұд Қашғари үш кітаптан тұратын «Түркі тілдерінің сөздігі» («Диуани лұғат ат - түрік») атты мәңгі өшпес мұра қалдырды. Бұл кітап түрік дәуірінде өмір сүрген түрік тайпалары сөздерінің жиынтығы. Бұл кітапта бүгінгі ғалымдар сол кездегі түріктердің мекен жайларының аты -жөні, олардың тарихы, этнографиясы, ауыз әдебиеті жайлы көптеген мағлұматтар алады. Бұл еңбекте тарихшылардың назарын өзіне аударған шығармадағы дүние жүзінің түрікше картасы. Кітапта 400 мақал-мәтел бар. М.Қашғари оны 1072-1074 жылдары Халиф Әл-Мұқтадиға арнап құрастырған.
Майқы би (Майқы Мәнұлы) XII ғ. соңы -XIII ғ. орта шенінде өмір сүрген. Майқы би атақты би, суырып салма ақын болған. Әкесі Мән. Майқы жастайынан ақсақ болды. Сондықтан да болар Майқы атанғаны және оның 18 атасының да есімі Майқы болған. Шыңғысханның замандасы әрі кеңесшісі. Ел оны әулие деп те атаған, себебі, ол адам тағдыры мен оқиғаларды болжай білген. «Түгел сөздің түбі бір, тұп атасы Майқы би» деген нақыл бар. Майқы би ұзақ өмір сүріп, 120 жасында қайтыс болды.
Орта ғасырларда әкімшілік, сауда-экономикалық орталық болған көптеген қала Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда қалыптасты. Орта ғасыр қалаларының бірнеше бөліктері болған. Олар мыналар: Шахристан, Рабад, Цитадель. Шахристан қала билеушілері, ақсүйектер мен діни қызметкерлердің тұрағы. Ал Рабад қаланың қолөнершілер тұратын бөлігі. Ал Цитадель болса, қаланың қорғаныс бөлігі, яғни қамал мен бекіністер.
VІ-ХІІ ғасырлардағы Қазақстан жеріндегі ірі қалалар: Тараз, Отырар, Сауран, Құлан, Суяб, Мерке, Үзкент, Сығанақ, Испиджаб, Иасы (Түркістан), Баласағұн тағы басқалар. Ал, сәулет өнері орта ғасырдағы түріктер дәуірінде жақсы өркендеген. Қалаларда, қоныстарда архитектуралық құрылыстар, мешіттер көптеп салынған. Сәулет өнерінің өркендеуіне Х-ХІІ ғасырларда ислам дінінің енуіне байланысты бірнеше кесенелер тұрғызылды. Мысалы Бабаша хатун кесенесі, бұл кесене Х-ХІ ғасырларда салынған аса қадірлі сәулет өнерінің туындысы. Кесене Тараз қаласының маңында орналасқан. Ал, Айша бибі кесенесі ХІ-ХІІ ғасырларда тұрғызылған. Кесене Тараз қаласына жақын жерде орналасқан. Бұл кесене -Қарахан мемлекетінің сәулет өнерінің туындысы. Қарахан кесенесі сол дәуірдің үлкен сәулет өнерінің туындысы. Ол Тараз қаласының маңында орналасқан.
Ал, Сырлытам кесенесі ХІ-ХІІ ғасырларда салынған сәулет өнерінің туындысы. Кесене Сырдария өзенінің төменгі ағысында орналасқан. Тараз, Отырар, Баласағұн қалаларындағы моншалар да ірі сәулет өнеріне жатады. Мысалы, Отырар моншасы- XI ғасырда салынған ірі ескерткіш.
9.Жаңа тақырыпты бекіту.20 мин (22%)
Бақылау сұрақтары:
1. Түркі мәдениетіне араб парсы мәдениетінің ықпалы.
2. «Мұсылман Ренессансы» дәуіріндегі жазба мәдениеттің дамуы.
3. Әл Фараби мұралары.
4. Ислам дүниетанымы бағытында жазылған еңбектер.
5. Ортағасырлық кезеңдегі тарихи ескерткіштер.
6. «Қорқыт Ата кітабы» мен «Оғыз Наме» түркілердің ортақ мұрасы.М.Қашқари «Түркі тілдерінің сөздігі»түркі тайпалары туралы зерттеулер.Ж.Баласағұн «Құтты білік»энциклопедиялық еңбек.А.Иассауи «Диуани Хикмет». «Құмандар кітабы».
1. Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу.
2. Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру.
Қорқыт Ата кітабы» мен «Оғыз Наме» түркілердің ортақ мұрасы.М.Қашқари «Түркі тілдерінің сөздігі»түркі тайпалары туралы зерттеулер.Ж.Баласағұн «Құтты білік»энциклопедиялық еңбек.А.Иассауи «Диуани Хикмет». «Құмандар кітабы».
10.Сабақты қорытындылау.5 мин (6%)
1. Оқушыларды бағалау.
2. Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау.
11.Үйге тапсырма беру.5 мин (6%)
Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғ. ІІ жартысы мен ХХ ғ. басындағы Қазақстан мәдениеті.
1. Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғ. ІІ жартысы мен ХХ ғ. басындағы Қазақстан мәдениеті.
2. Сағат саны: 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: теория
4. Сабақтың мақсаты: ХІХ ғ. ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың басында Қазақстанда ұлттық сана өрлеу үстінде болды.Қазақ қоғамындағы ұлттық қозғалыс бүкіл халықтық сипат ала бастады.Ұлттық қозғалыстың әртүрлі ағымдары қалыптасып,оның негізгі күші ұлттық интеллигенция болды.ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ мәдениеті мен әдебиетінің көрнекті өкілдері қалыптасты.
*оқыту: мәтінді дұрыс түсініп,саналы оқу машықтарын қалыптастыру;
*тәрбиелік: өз халқының мәдениетіне қызығушылығын ояту;
*дамыту: қабілеті мен белсенділігін,танымдық қызығушылығын дамыту;
5. Материалды техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақтар.
б) оқыту орны: дәріс аудиториясы
6. Әдебиеттер:
1.Қазақстанның қазіргі заман тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған окулық. 2-басылымы, өңделген. Жалпы редакциясын басқарған тарих ғылымының докторы, профессор Б. Ғ. Аяған. Алматы: Атамұра, 2009.
7.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)
1.Дәстүрлі қазақ мәдениетінің ерекшелігі.
2. Халық ауыз әдебиеті бай мәдени мұра.
3. Халық ауыз әдебиеті жанрындағы батырлар бейнесі мен жерге деген сүйіспеншілік.
4. Шешендік өнер сөз жауһары.Айтыс өнері.
5. Материалдық және рухани мәдениет құндылықтары(қол өнер,тұрғын үй,киімі,қазақ күнтізбесі,халық білімі,Наурыз).
6. Халық ауыз әдебиетіндегі лирикалық поэмалар: «Қозы Көрпеш Баян Сұлу», «Қыз Жібек».Ұлттық аспаптар,күй,ән өнері.
8.Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин (44%)
Тақырыбы: ХІХ ғ. ІІ жартысы мен ХХ ғ. басындағы Қазақстан мәдениеті.
мақсаты: жаңа тақырып бойынша түсінік беру.
1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі.
1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
1.3. Оқулықпен жұмыс істеу.
1.4. Қорытынды.
Ақпаратты – дидактикалық бөлім.
1. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ағартушылық бағыттың қалыптасуы. Шоқан, Ыбырай, Абай мұраларының қазақ мәдениетіне қосқан үлесі.
2. Зар заман ақындары. Шортанбай, Мұрат, Дулат толғауларындағы заман келбеті.
3. Ғасырлар тоғысындағы қазақ мәдениетіндегі ұлттық демократиялық бағыт. 4. Қазақ мәдениетінің жаңа кезеңдері. Шәкәрім мұралары. Қазақ сазгерлерінің шығармалары.
XIX ғ. Екінші жартысында Қазақстанның экономикасын, табиғи байлықтарын, тарихын зерттеу үшін көптеген ғалымдар жіберілді. П. П. Вельяминов-Зернов , А. И. Добромыслов, Г. Н. Потанин сиякты көрнекті орыс ғалымдарының есімдері Қазақстанмен тығыз байланысты.
Қазақстан мәдениеті мен қоғамдық ой-пікірінің тарихында қазақтың тұңғыш ғалымы Ш. Ш. Уәлиханов ( 1835-1865 жж.) ерекше орын алды. Оның қазақ халқының тарихына байланысты жазған еңбектері шығыстану ғылымына зор үлес қосты.
Ағарту ісі мен ұлттық мектеп тарихына Ыбырай Алтынсарин терең із қалдырды. Ыбырай орыс графигіне негіздеп қазақ әліппесін жасады, «Қырғыз хрестоматиясын» және «Қырғыздардың орыс тілін үйренуде бастапқы нұсқауды » жазды. Азаматтық мектептер, колөнер және ауыл шаруашылық училищелерін ашуға көп күш жігерін жұмсап, қыздар мектеп интернаттарын ашты.
Қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Қүнанбаев болды. Ол өз шығармаларында адамгершілекке, рухани тазалыққа оқып білім алуға шақырды. Абайдың өз балалары - Акылбай, Мағауия, інісі Шәкәрім, Туысы Көкбай көптеген шығармалар қалдырды.
Ауыз әдебиетінде Махамбет, Шернияз, Сүйінбай, Бақтыбай, Кемпірбай, Орынбай, Шөже, Біржан, Жамбыл, Майкөт, Әсет, Сара т.б. ақындар, қазақ музыкалық өнерінде Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Тәттімбет, Ықылас, Мұхит, Біржан Сал, Ақан сері, Жаяу Мұсаның есімдері бүкіл қазақ даласына белгілі болды. Халық шығармашылығының сүйікті жанры, батырлық және лирикалық-тұрмыстық эпостар қатарында "Қобыланды", "Алпамыс", "Ер-Тарғын Қамбар", "Қыз-Жібек", "Қозы-Көрпеш - Баян сұлу", "Еңлік және Кебек" жырларын айтуға болады. Бұлар қазақ тарихына қатысты нақты оқиғаларды аңыз, мифологиялық түрде жеткізеді. Халық музыка аспаптарының көне үлгісі ретінде кейін пайда болған күй де - өзінің бастапқы кезеңінде магиялық міндеттерді атқарған. Екі дәстүрдің - эпикалық және аспаптық дәстүрдің шығуы халық санасында атақты әулие -Қорқыт есімімен (бірінші жырау және шамаң "күй атасы" және қыл-қобызды жасаушы алғашқы шаман есімімен) байланысты. Қорқыт өзінің ұрпағына ұлы мұра-қобыздық күйлер - "Қорқыт", "Желмая", "Тарғыл тана", "Елімай", "Ұшардың ұлуы" сияқты және т. б. шығармалар қалдырды. Олардың бір бөлігі дыбысты беру сипатымен ерекшеленді және табиғаттың табиғи дауыстарын, өмір, өлім, тұрмыс туралы философиялық ойларды берген.
Барлық шығармаларда, бір күйден екінші күйге көшкенде музыкалық әуендер бір немесе бірнеше рет қайталанады. Көк тәңіріне, рухтарға бағытталған бұл дыбыстар қобыз үнінде тірілгенде жаңа реңк алады. Домбыра мен сыбызғы аспаптарының даму тарихыда ғасырлар қойнауына кетеді. Домбыраның пайда болуы туралы мынадай археолгиялық қазбалар мәлімет береді: ежелгі қала Хорезмді қазғанда екі шекті аспапта ойнап тұрған музыканттардың терракотты бейнелері табылған. Ғалымдар екі мың жыл бұрын Хорезм қаласынан табылған екі шекті аспаптардың қазақ домбырасымен ұқсастығын және оның Қазақстан территориясында тұрған ертедегі көшпенділердің қолданған аспаптарының бірі деп бағалайды. Домбыра және сыбызғылық музыканың көне үлгілеріне құстар мен жануарлардың атауларымен күй-аңыздар жатады - "Аққу", "Қаз", "Нар", "Ақсақ қыз", "Ақсақ құлан" батып бара жатқан балалар мен аңдар туралы -"Жорға аю", "Зарлау", "Жетім қыз" және т. б. күй - аңыздар. Бұлар ерте кездегі діни сенім -нанымның, әдет-ғұрыптың жаңғырығын осы күнге дейін алып келген.
Шаруашылықтың көшпенді және көшпенді емес түрі ұлттық аспаптардың, музыкалық дәстүрлердің ерекшеліктерін, қазақ қоғамының өмірі мен тұрмысының, сөздік және ақындық көркемөнердің біртұтастығын көрсетеді. Музыка өзінің алғашқы кезеңінде ескі көшпелі қоғамның қажеттілігінен туып, ірі діни және тұрмыстық салт-дәстүрлермен біртұтас дүниеге айналды. Қазақ этносының қалыптасу кезеңінде пайда болған ірі эпикалық баяндаулар - жыраулар орындауындағы жырлар әртүрлі дәстүрлермен байланысты болды. Халық жадында жүзден аса эпос сақталған, олар мың өлең жолынан тұрады, қылқобыз немесе домбыра арқылы орындалған.
9.Жаңа тақырыпты бекіту.20 мин (22%)
Бақылау сұрақтары:
1. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ағартушылық бағыттың қалыптасуы.
2. Шоқан, Ыбырай, Абай мұраларының қазақ мәдениетіне қосқан үлесі.
3. Зар заман ақындары. Шортанбай, Мұрат, Дулат толғауларындағы заман келбеті
4. Ғасырлар тоғысындағы қазақ мәдениетіндегі ұлттық демократиялық бағыт.
5. Қазақ мәдениетінің жаңа кезеңдері. Шәкәрім мұралары.
6. Қазақ сазгерлерінің шығармалары.
1. Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу.
2. Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру.
Зар заман,жырау,ағартушы
10.Сабақты қорытындылау.5 мин (6%)
1. Оқушыларды бағалау.
2. Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау.
11.Үйге тапсырма беру.5 мин (6%)
Сабақтың тақырыбы: Кеңестік кезеңдегі Қазақстан мәдениетінің дамуы.
1. Сабақтың тақырыбы: Кеңестік кезеңдегі Қазақстан мәдениетінің дамуы.
2. Сағат саны: 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: теория
4. Сабақтың мақсаты: Кеңес өкіметі орнауымен бір мезгілде мәдениетті қайта құру шаралары жүзеге асырыла бастады. Елде ағарту ісін дамытуға баса назар аударылды. Қазақтың ұлт зиялылары шығармашылық тұрғыда табысты еңбек етіп, мәдени құрылыс барысын жеделдетуге зор үлестерін қосты.
оқыту: Оқушыларға тың мәліметтер беріп, білімдерін қалыптастыру;
*тәрбиелік: Табиғат пен өнердегі сұлулықты түсіне білетін, шығармашылық қабілетін дамыту;
*дамыту: Жалпы қабілеттілікті дамыту;
5. Материалды техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақтар.
б) оқыту орны: дәріс аудиториясы
6. Әдебиеттер:
1.Қазақстанның қазіргі заман тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған окулық. 2-басылымы, өңделген. Жалпы редакциясын басқарған тарих ғылымының докторы, профессор Б. Ғ. Аяған. Алматы: Атамұра, 2009.
7.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)
1. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ағартушылық бағыттың қалыптасуы.
2. Шоқан, Ыбырай, Абай мұраларының қазақ мәдениетіне қосқан үлесі.
3. Зар заман ақындары. Шортанбай, Мұрат, Дулат толғауларындағы заман келбеті
4. Ғасырлар тоғысындағы қазақ мәдениетіндегі ұлттық демократиялық бағыт.
5. Қазақ мәдениетінің жаңа кезеңдері. Шәкәрім мұралары.
6. Қазақ сазгерлерінің шығармалары.
8.Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин (44%)
Тақырыбы: Кеңестік кезеңдегі Қазақстан мәдениетінің дамуы.
мақсаты: жаңа тақырып бойынша түсінік беру.
1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі.
1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
1.3. Оқулықпен жұмыс істеу.
1.4. Қорытынды.
Ақпаратты – дидактикалық бөлім.
1. Ұлттық мәдениеттің жаңаруы.20-30 жылдардағы білім беру жүйесінің дамуы. Әдебиет пен өнердің дамуы.
2. Халық шаруашылығын дамытуда ұлттық кадрларды дайындау.
3.Қазақ ғылымының дамуы. С.Д.Асфендияров, А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, Қ.И.Сатбаев.
4. Қазақ әдебиетінің жаңа кезеңі. С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Ж.Аймауытов, М.Әуезов т.б.
5. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстан мәдениеті.
Кеңес өкіметі орнауымен бір мезгілде мәдениетті қайта құру шаралары жүзеге асырыла бастады. Елде ағарту ісін дамытуға баса назар аударылды. Қазақтың ұлт зиялылары шығармашылық тұрғыда табысты еңбек етіп, мәдени құрылыс барысын жеделдетуге зор үлестерін қосты.Қазақ тіліндегі окулықтар жазылды. Мұндай окулықтардың авторлары қазақ зиялыларының өкілдері - А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин болды. Алгебрадан қазақ тіліндегі бірінші мектеп оқулыгын Қаныш Сәтбаев, географиядан - Әлихан Бөкейханов, Қазақстан тарихынанпрофессор Санжар Асфендияров ңурастырды. 1929 жылы араб жазуы негізіндегі қазақ әліпбиінен латын әліпбиіне көшу жүзеге асырылды.ХХ ғасырдың бас кезі қазақ әдебиеті тарихындағы ерекше кезең болды. Қазіргі заманғы қазақ әдеби тілінің негізі қаланып, жаңа стильдік формалар пайда болды, қазақ жазушылары жаңа жанрларды меңгере бастады. Осы кезеңге Спандияр Көбеевтің шығармашылығы тән. С. Көбеевтің шығармашылық жолы орыс жазушыларының шығармаларын казак тіліне аударудан басталды. С. Көбеевтің И. Крыловтан аударған мысалдар жинағы 1910 жылы жарық көрді. 1913 жылы басылған «Қалың мал» романы қазақ әдебиетінің тарихындағы елеулі оқиға болды.ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің көрнекті тулғаларының бірі Султанмахмут Торайгыров еді. Ол ауыл мектебінде және Троицк медресесінде оқып, білім алды. 1913-1914 жылдары С. Торайғыров «Айқап» журналында өзінің негізінен өлеуметтік теңсіздік такырыбына арналған алғашқы өлендері мен әңгімелерін жариялады. Ол сол кезде «Қамар сұлу» романын жаза бастады.Қазақ әдебиетінде көрнекті қазақ ақыны, журналист, қоғамдық қайраткер Мұхаметжан Сералин елеулі із қалдырды. Ол атақты ақынның отбасында дүниеге келіп, медреседе, екі сыныптық орыс-қазақ училищесінде окыды. 1900-1903 жылдары «Топжарған», «Гүлкашима» поэмаларын жазды. 1914 жылы М. СералинФирдаусидің «Шахнамасынан» «Рұстем-Зұхраб» поэмасынқазақ тіліне аударды. Оның кызметіндегі негізгі сала - журналистік кызмет еді. Ол «Айқап» журналының бас редакторы болды. Журналдың шыға бастауы сол кездегі Қазақстанның мәдени өміріндегі елеулі құбылыс саналады.ХХ ғасырдың бас кезіндегі аса танымал әрі көрнекті әдебиет қайраткерлерінің бірі ақын, түркітанушы-ғалым, аудармашы, педагог, көсемсөзші, қоғам қайраткері - Ахмет Байтұрсынов болды. Өз уақытында ол әділетсіздік пен сталиндік қуғын-сүргіннін құрбаны болып, жарты ғасырдан астам уақыт бойы есімі еске алынбай, Қазақстан тарихындағы лайықты орнын ала алмай келді. Ол отаршыл әскерге қарсы күреске қатысқаны үшін қаторғалық жұмыстарға айдалған ықпалды ру басшысының отбасында дүниеге келді. Әкесіз қалған Ахмет Торғай училищесін бітіріп, білімін жалғастыру үшін Орынборға аттанды. 1895 жылдан бастап А. Байтұрсынов педагогикалық және әдеби қызметпен айналысады. Оның бүкіл шығармашылығы өз халқын өнер-білімге баулуға бағытталды. Оның өзі қазақ қоғамының ой-өрісі терең, зиялы бөлігінің өкілі еді. Оның тұңғыш ақындық еңбегі - қазақ тіліне аударылған И. А. Крылов мысалдарының жинағы — «Қырық мысал» болды. Жинақ 1909 жылы Петербургте жарық көрді, бірнеше рет қайта басылып шығып, казақтардың арасында кең тарады. Бұл жинақ оны халқына бүкіл жантәнімен берілген ақын, аудармашы, азамат ретінде танытты. 1911 және 1914 жылы Орынборда «Маса» атты өлеңдер жинағы жеке басылып шықты.А. Байтұрсынов мәдениеттің көтерілуін жалпыға бірдей ағарту жұмысын жүргізу мен жалпы адамзат мәдениетінің жетістіктерін меңгеру арқылы жүзеге асыруға болатынын терең түсінді. Қазак тілінің табиғатын зерттей отырып, ол тілтану жөнінде мақалалар мен оқулықтар, кейінірек ғылыми жұмыстарын жазды. Қазақ тілі туралы мақалаларында тілдің тазалығын сақтау, оны әр түрлі шұбарланудан тазартуды жақтады. А. Байтурсыновты қазақ тілтану ғылымының негізін салушы деуге болады, ол қазақ тілінің ерекшеліктеріне араб жазуын бейімдеді. 1913-1917 жылдар - А. Байтұрсыновтың өміріндегі маңызды кезең. Ол сол кезде қазақ тілінде Орынборда шығып тұрған жалғыз «Қазақ» газетініңредакторы болды. Мүнда ол окырмандарды халықтың бай рухани мұрасымен таныстыра отырып, оны білім жарығына, рухани жағынан кемелденуге шақырды. Халық ағарту, әдебиет пен тілтану мәселелеріне арналған көптеген мақалаларын жариялады.Мемлекет және қоғам қайраткеріӘлихан Бөкейханов қазақ халқының мәдениетінің дамуында маңызды рөл атқарды. Оның қызметі сан кырлы болды. Ол орман ісі, экономика, тарих, мал шаруашылығы, этнография, ауыз әдебиеті жөнінде бірқатар ғылыми мақалалар жазды. Еуропа мәдениетімен көңіл қойып айналысқан ол ез мақалаларында М. Лермонтов, А. Чехов, В. Короленко, Л. Толстой, А. Пушкиндермен катар В. Скотт, У. Теккерей, Ч. Диккенс т. б. есімдерін жиі еске алып отырды. Оның шығармаларында осы жазушылардың ой-пікірлері кеңінен қамтылып, шығармаларынан кейбір үзінділер де келтірілді.Әлихан БөкейхановАбай шығармашылығын терең зерттеді, біріжші болып Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінің жинағын жарыққа шығарды.ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетіндегі ірі тірлғалардың бірі - Міржақып Дулатов. М. Дулатов бастапқыда ауыл мектебінде, соңынан білімін орыс мектебінде жалғастырды, өздігінен білім алды. Қажырлы еңбегінің арқасында ол орыс тілін кемеліне келтіре меңгерді, орыс және шетел жазушыларының шығармашылығын зерттеді. М. Дулатов ақын әрі жазушы, өлең жинақтары мен бірінші қазақ романы - «Бақытсыз Жамалдың» авторы ретінде көпке танылды. Роман орыс сыншылары мен қазақ қоғамы тарапынан жоғары бағаланды. М. Дулатов А. Пушкин, М. Лермонтов, И. Крылов, Ф. Шиллердің шығармаларын қазақ тіліне аударды. Ол қазақ әдеби тілінің тынымсыз жаңашылы әрі реформаторы болды, өз шығармаларында жаңа сөздер мен түсініктер енгізді.ХХ ғасырдың бас кезінде талантты казак жазушысы әрі драматургі Жүсіпбек Аймауытовтың шығармашылык жолы басталды. Ол ауыл мектебін бітіріп, білімін орыс-қазақ мектебінде жалғастырды, 1914 жылы Семейдегі мүғалімдер семинариясына түсті. Оның негізгі шығармалары кеңестік уакытта жазылды. Дегенмен Ж. Аймауытов 1917 жылдың өзінде «Абай» журналының жұмысына да араласты.Мағжан Жүмабаевтың шығармашылығы қазақ поэзиясында ерекше орын алады. М. Жұмабаев казак ағартушылык ойының неғұрлым белсенді әрі жарқын идеологтарыньщ бірі болды. Ол 1925 жылға дейін Кеңес өкіметіне карсы болып, ұлттык рухты оятуға, бостандыкка үмтылуға бағытталған шығармалар жазды. Мағжан өлең жазуды 14 жасынан бастады, оның шығармалары қазақ жөне татар тілінде шығатын барлық газеттер мен журналдарда жарияланып түрды. 1912 жылы Қазанда оның өлеңдерінің «Шолпан» атты жинағы шық- ты. М. Жумабаев - еуропалық мәдениет биігіне жеткен талантты ақын. Қазақ өлең өнеріндегі жаңа поэзиялык формаларды енгізу оньщ есімімен тікелей байланысты. Ңазақ, араб, парсы, түрік тілдерін, басқа да түркі халықтарының тілдерін терең меңгерген ол бозбала кезінен бастап-ақ Абай мен Махамбет поэзиясының мектебінен өтіп, өзінің ақындық өнерін дамытуда кол жеткен табыстарымен тоқталып қалған жоқ. Сталиндік баскарудың каһарына мінген жылдары оның шығармашылығына тыйым салынды. М. Жүмабаев түтқын- далып, алдымен Беломорканал, соңынан Соловкидегі лагерьге жіберілді. 1938 жылы ату жазасына бүйырылды.Қазақ баспасөзінің қалыптасуы.Мәдениеттің дамуына осы уақытқа дейін елеусіз жағдайда болғаи баспа ісін жолға қою белгілі бір ықпал жасады. Қазақ мерзімдік баспасының гүлдене бастаған уақыты ХХ ғасырдың бас кезіне тура келді. Бұл кезде кітап басып шығару Семей, Омбы, Орал сияқты мәдени орталықтарда қарқынды дамыды. ХЫХ ғасырдың соңында «Түркістан уалаятының газеті» мен «Дала уалаятының газеті» атты екі басылым шығып тұрды. 1905 жылға қарай бірқатар жаңа газеттер мен журналдар пайда болды. 1907 жылы қазақ зиялыларының бір тобы Петербургте редакторы Әбдірашид Ибрагимұлы болған «Серке» газетін шығара бастады. Бұл газеттің екінші нөмірінде М. Дулатовтың «Біздің мақсат» деген мақаласы жарияланды. Патша тыңшылары газетті «қазақ халқын барлық үкімет орындары мен өкілдеріне қарсы коздырушы» үндеу ретінде қарап, жауып тастады. 1907 жылы наурызда Троицкіде бірінші нөмірі шығысымен тыйым салынған «Қазақ газеті» жарық көрді.Оқу ағарту мен білім идеяларын бұқара арасында насихаттау мен бастауыш білім беру жүйесін кеңейтуде «Айқап» журналы, «Киргизская степная газета», «Степной край», «Қазақ» газеттері елеулі рөл атқарды. 1911 жылы Троицкіде «Айқап» журналының бірінші нөмірі жарық көрді. Журналдың редакторы мен идеялық дем берушісі Мұхаметжан Сералин болды. Журнал өдебиеттің дамуы мен қазақ әдеби тілінің қалыптасуына үлкен үлес қосты. Онда ауыз әдебиеті, этнография, тарих жөніндегі зерттеу мақалалар жарияланды. Сол уақытта «Айқап» журналы далада мектептер мен медреселер ашу, ескі мектеп- терге реформа жасауды насихаттады. Журналда түрік және парсы тілдерінен аударылған шығармалар, мысалы, Фирдаусидің «Шахнамасы» жарияланды. 1911 жылдан бастап редакторыСағынгерей Бөкеев болған «Қазақстан» газеті шыға бастады. Газетте саяси мақалалардан басқа қазақтар мен ноғайлардың халық әдебиеті жөніндегі зерттеу мақалалар да жарияланды. Ұлттық баспасөздің дамуында Орьшбор мен Торғайда 1913-1918 жылдар аралығында Ахмет Байтұрсыновтың редакторлығымен шығып тұрған «Қазак» газеті ерекше рөл аткарды. Газеттің негізгі міндеттері қазақ халқының мәдениетін көтеру, казақтың әдеби тілі мен әдебиетін дамыту болды. Газет беттерінде Ә. Бөкейхановтың ауыз өдебиеті мен А. Байтүрсыновтың қазақ тілі мен қазақ әдебиеті жөніндегі еңбектеріне көп орын берілді.1913 жылы қыркүйектен Петропавловскіде татар және қазақ тілінде «Есіл даласы» атты газет шыға бастады. Оған жылдың соңында «революциялық идеяларды таратқаны» үшін тыйым салынды. 1916 жылдан 1917 жылдың соңына дейін ТашкенттеК. Тоғысов басшылық жасаған апталык «Алаш» газеті шығып тұрды. 1917 жылғы Акпан революциясынан кейін өр түрлі бағыттағы бірқатар газеттер мен журналдар шыға бастады: маусым айынан бастап Семейде «Сарыарқа» апталық басылымы, «Абай» әдеби журналы мен «Халық сөзі» газеті, Оралда - «Ұран» газеті, Ташкентте пантүріктік жене жәдит бағытындағы екі басылым - бас редакторыМұстафа Шоқай болған «Бірлік туы» мен «Жас алаш» газеті, Акмолада «Қазак» газетіне жақын позиция ұстанған «Тіршілік» газеті шыға бастады.
9.Жаңа тақырыпты бекіту.20 мин (22%)
Бақылау сұрақтары:
1. Ұлттық мәдениеттің жаңаруы.
2. 20-30 жылдардағы білім беру жүйесінің дамуы.
3. Әдебиет пен өнердің дамуы.
4. Халық шаруашылығын дамытуда ұлттық кадрларды дайындау.
5. Қазақ ғылымының дамуы. С.Д.Асфендияров, А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, Қ.И.Сатбаев.
6. Қазақ әдебиетінің жаңа кезеңі. С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Ж.Аймауытов, М.Әуезов т.б.
7. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстан мәдениеті.
1. Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу.
2. Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру.
1. Сабақтың тақырыбы: Қазіргі Қазақстан мәдениеті.
2. Сағат саны: 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: теория
4. Сабақтың мақсаты: Қазақстан мәдениеті мен қоғамдық ой-пікірінің тарихында Ш. Ш. Уәлиханов,Абай,Ыбырай ерекше орын алады. Олардың қазақ халқына байланысты жазған еңбектері шығыстану ғылымына зор үлес қосты.
*оқыту: тың мәліметтер беру арқылы, білімді қалыптастыру
*тәрбиелік: ұлттық келісім ұғымдарын дұрыс қабылдау;
*дамыту: танымдық қызығушылықты дамыту;
5. Материалды техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақтар.
7.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)
1. Ұлттық мәдениеттің жаңаруы.
2. 20-30 жылдардағы білім беру жүйесінің дамуы.
3. Әдебиет пен өнердің дамуы.
4. Халық шаруашылығын дамытуда ұлттық кадрларды дайындау.
5. Қазақ ғылымының дамуы. С.Д.Асфендияров, А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, Қ.И.Сатбаев.
6. Қазақ әдебиетінің жаңа кезеңі. С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Ж.Аймауытов, М.Әуезов т.б.
7. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстан мәдениеті.
8.Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин (44%)
Тақырыбы: Қазіргі Қазақстан мәдениеті.
мақсаты: жаңа тақырып бойынша түсінік беру.
1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі.
1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
1.3. Оқулықпен жұмыс істеу.
1.4. Қорытынды.
Ақпаратты – дидактикалық бөлім.
1. ХХ ғасырдағы мәдениеттің дамуындағы қайшылықтар мен ерекшеліктері.
2. Қазақстанның көпұлтты мәдениеті.
3. Қазіргі қазақ мәдениетінің типтері.
4.Қазіргі Қазақстан мәдениетінің жетістіктері.
Қазақ мәдениеті ХХ ғасырды әрі үмітпен, әрі түңілумен қарсы алды. Дүниежүзілік техникалық және демократиялық прогресс. Азия құрылығына да жете бастады. Ұлттық идея темір тордағы халықты толғандырып, оны азаттық үшін күресуге ұмтылдырды. Әрине, ұлт – азаттық күреске бүкіл Ресей империясын қамтыған революциялық және реформалық қозғалыстар да әсерін тигізді.
Қазақстандағы мәдени қайтадан жаңғыру орыс экспансиясына қарсы шығудан басталды. ХХ ғасырдың басында қазақтың шыққан алғашқы саяси қайраткерлердің бірі Міржақып Дулатов қазақ халқының манифесі – «Оян, қазақ!» өлеңін жариялады. Ол тұңғыш рет халықты ашық күреске шақырған ұран тастады: «Қазақстаннан болған социал – демократтарға бірауыз сөз айтамын: Еуропаның пролетариясы үшін қанды жастар төгуіңіз пайдалы, бірақ алты миллиондық бір ұлы тайпа бола тұрып, басқа халыққа қарағанда жәрдемсіз азып – тозып кетер». Міржақып саяси мәселелермен қоса өз шығармасында қазақ мәдениетін тұйықтан шығаратын жолдар іздейді. Ең алдымен мәдени тоқыраудың себебін М. Дулатов болғандықтан көреді.
Қазақтың рухани мәдениеті мен менталитетінде өшпес із қалдырған алып тұлғаның бірі – Шәкәрім Құдайбердіұлы. Оның шығармашылығының негізгі тақырыбы мораль философиясы мен мәдениет ілімін қамтиды. Шәкәрім – Абайдың немере інісі және ұлы ақынның мұрасына сүйенген. Ол арнайы оқу орнында оқымаса да, араб, парсы, орыс, шағатай тілдерін өз бетімен үйреніп, сол тілдердегі шығармалардан дала ойшылы тұрғысынан ой қорытқан.
Қазақ ғұламасы Ә. Бөкейханов революция жасала сала «Жаңарған Ресейдіің ерікті азаматтары – қазақтарға» деген өз үдеуін жариялады. Жалпы алғанда қазақтың ұлттық мәдениетін ХХ ғасыр талаптарына сәйкес қайта құруда «Алаш» партиясының рөлі ерекше болды.
Қазақ немесе мәдениеті туралы әңгіме еткенде оның тарихи ерекшеліктері мен өзіндік белгілеріне тоқталып өткен жөн. Егер бұрынғы қазақ мәдениетін дәстүрлік өркениет деп бағаласақ, онда тоталитарлық жүйеде ұлттық негіздерді жойып беруге бағытталған большевиктік шараларды ескеру керек. «Тағдыры ортақ жаңа қауым», «тарихта бұрын болмаған адамдардың жоғары бірлестігі – кеңес халқы», сондай – ақ «мазмұны пролетарлық және түрі ұлттық социалистік мәдениет» ұрандарын басшылыққа алған идеологтар мен саясатшылар рухани мәдениеттің тамырына балта шапты. Ерте заманның өзінде атақты Аристотель мазмұн мен форманың бірлігін дәлелдесе, революционер марксистер мәдениеттегі ұлттық мазмұнды бекерге шығарды.
Қорытып айтқанда, большевиктік «мәдени революция» Жер шарының 1/6 бөлігінде «кеңестік адам» атты, бұрын – сонды болмаған, адамдардың айрықша түрін қалыптастыруға бағытталды. Баспасөз газет – журналдар шығару, радио хабарларын тарату, теледидар, кезінде «от арба», «сиқырлы машина» деп жүретін ауыл тұрғындарына жете бастады. Қазақстанның мәдени өмірінде ұлттық опера, балет , драма, симфониялар пайда болып, ауқымы кеңи түсті. Қазақ бұлбұлы Күләш Байсейітова, шебер биші Шара кәсіпқой сахна жұлдыздары Серке Қожамқұлов, Қалибек Қуанышпаев, Шәкен Айманов т.б. өз өнерлерімен халық дәстүрін жаңа заманға лайықты жалғастыра білді.
Ән, әуен қазақ халқының аңызы бойынша аспан әлемінен түсіп, ықылым заманнан осы кезге дейін жетіп отыр. Көкте халықтаған ән көшпенді қазақ даласына жетіп, мұны естіген халық сондықтан, үлкен әуендік қасиетке ие болды деп есептеледі. Сондай-ақ, халық арасында: "Әуен мен әуезге деген қабілет дүниеге келгенде бірге дарыған", - деген болжам бар. Қазақ халқының еңкейген кәріден еңбектеген баласына дейін ән, әуен десе ішкен асын жерге қойып, елеңдеп қалатыны жақсы мәлім. Ән - әуен орындайтын топтың өзіндік музыкалық аспаптары мен орындау мәнерлері болған. Балалар саз - сырнайда, тастауықта, үскірікте ойнаған. Бұл аспаптарды шебердің өзі немесе балалар жасаған, олар әртүрлі аңдардың, құстардың, балықтың, көп басты аттың, жарқыраған көздердің суреттерін салған. Балалар әндері мен әуендік ойындар, бесік жыры мен үлкен азаматтардың өсиет - өлеңдері арқылы кішкене бөбектер қоршаған ортаны танып, әлеуметтік мәдени ортаның толық мүшесіне айналған.
Жастар ойындарына, қайым айтыстарға, тартыстарға қатысу, диалогиялық тұрмыстық әндерді, қара өлеңдерді орындау арқылы жаңа көркемөнерлік білімдер мен тәжірибе жинақталған. Жас кездегі репертуар махаббат лирикасы мен қазақ тойында орындалатын көпбояулы дәстүрлермең әндермен, жар-жармең қалыңдықтың қоштасу әнімен, дабыл, дауылпаз, аңға шығу мен әскери жорық кезіндегі шыңдауыл үнімен толысып, байып отырған. Бұл ретте, өмірлік іс-тәжірибесі мол адамдар қоғамдық істер, ру мүддесін қорғау, айтыстар, халықтық дәстүрлі мереке-мейрамдарды ұйымдастыруға басшылық жасап, халықтық дәстүрлердің сақталымына ерекше мән беріп отырған.Ал, "кәрілік" пен "даналық" туралы әндер жастарға тәлім - тәрбие беру, өмірдің мән - мағынасы туралы ой-толғаулар, жастықтың қайтадан келмейтіндігі жайлы болып келеді. Ұлы Абай:
"Құлақтан кіріп, бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй,
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй", - дейді.
Ұлтымыздың бүкіл рухани игілігі 20 ғасырға дейін жазбасыз түрде дамып, ауыздан-ауызға, әкеден-балаға, ұстаздан - шәкіртке, өткеннен болашаққа жеткізіліп отырған.
20 ғ. қазақ музыкалық мәдениеті жаңа әуендік және жанрлық түрімен байыды. Аз ғана кезеңдік тарихи уақытта Республика европалық классикалық музыканың көпдауыстылығы мен жанрлық арсеналын игерді. Бұл - опера, симфония, балет, аспаптық концерт, кантата, ораториялық, ансамбльдік, оркестрлік, хорлық орындау түрлері.
Шығармашылықтың жазба түрінде қалыптасқан жаңа кәсіби композиторлық мектебі құрылды. Ұлттық мазмұндағы синтездік іріктеу және 20 ғасырдың 30-40 жылдарындағы европалық түрді таңдау нәтижесінде қазақ опералық өнерінің классикалық шығармалары - Е. Брусиловскийдің "Қыз Жібек", А. Жұбанов, Л. Хамидидің "Абай", М. Төлебаевтың "Біржан-Сара" опералары дүниеге келді. Олардың драматургиялық және музыкалық негізі - қазақ фольклоры мен ауызша кәсіби музыканың шексіз мүмкіндігі арқылы жасалған. Опералық театр сахнасы 19 ғ. ақындары Біржан мен Сара арасындағы қызу айтыс, той дәстүрі. 19 ғасырдағы ұлт - азаттық көтеріліс батырының әндері, ақын және күйші Махамбеттің және ән -жоқтаулар орындалатын аренаға айналды. 60-70 жж..
Мәдениет пен ғылымның дамуы . Соғыстан кейінгі жылдарда республикадағы мәдени құрылыс салалары да үлкен қиыншылықтарға кездесті. Оған интеллигенция өкілдерінің басым көпшілігінің майданға алынып кетуі, мәдени мекемелердің, мектептердің оқу орындарының санының азаюы өз әсерін тигізді. Республика жазушыларының шығармаларының басым көпшілігі Ұлы Отан соғысы тақырыбына жазылды, Ғ. Мүсіреповтың «Қазақ солдаты», сияқты соғыс тақырыбына жазылған шығармаларда қазақстандық жауынгерлердің майдандағы ерлігі баяндалды. С. Мұқановтың « Сырдария », Ғ. Мұстафиннің «Миллионер», Ғ. Слановтың «Кең өріс» атты еңбектерінде ауыл еңбеккекрлерінің өмірі көрсетілді. Осы жылдары М. Әуезовтың «Абай жолы», С. Мүхановтың «Шоқан Уәлиханов» сияқты көптеген шығармалары жарық көрді.
Музыка мәдениеті де біршама табыстарға жетті. М. Төлебаевтың «Біржан Сара», А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай», Е. Брусиловскийдің « Дударай », Қ. Қожамияровтың ұйғыр тіліндегі «Назгүл» опералары сол жылдарда дүниеге келді. «Абай» қойылымы мен «Біржан-Сара» операсы үшін Қазақ академиялық драма театрының ұжымы Кеңестер Одағының сыйлығын алды.
Сонымен қатар 40 жж. аяғы 50жж. басында өнер қайраткерлеріне де әділетсіз, орынсыз сындар айтылып, теріс баға беру жағдайлары орын алды. Осыған байланысты әдебиет пен өнерде өмірді жасанды түрде суреттейтін тартымсыз шығармалардың пайда болуына алып келді.
Ғылым саласында да елеулі табыстарға қол жетті. 1946 ж. маусымда Қазақстан Ғылым Академиясы ашылып, оның тұңғыш президенті болып Қ. Сәтпаев сайланды. 50- ші жылдардын аяғында Қазақстан Ғылым Академиясының жүйесінде 50 ғылыми-зерттеу институты жұмыс жасады. 1958ж. Орталық Қазақстанның кешенді металлогендік әрі болжамдық картасын жасағаны үшін ғалымдар И. И. Бок , Р. А. Борукаев, Г. И. Медведев, Қ. И. Сәтпаев және т.б. Лениндік сыйлықка ие болды.
Соғыстан кейінгі жылдары Қарағанды және Семей институттары, Өскемен педагогикалык, Семей мал зоотехникалық институттары, Қарағанды кен институты Ақтөбе, Гурьев, Қарағанды, Қостанай, Петропавл медицина дәрігерлік-институты ашылды.
Шымкент мұғалімдер институттары педагогика институттары болып қайта құрылды.
Жалпыға бірдей жеті жылдық білім бері туралы Заң одан әрі жүзеге асырылды. 50-ші жылдардың ортасына қарай, Қазақстанда тың игеруге байланысты, халыққа білім беру ісі біраз жанданды. Тың игеруші аудандарда көптеген мектептер ашылып, бұл мектептерге жолдамалармен өзге республикалардан көптеген мұғалім кадрлар келді. 1955-1956 оқу жылында республикадағы мектептердің саны 9240 - қа жетіп, олардың 3022 - і жеті жылдық және 1117 —і орта мектеп болды.
Сонымен қатар, бұл жылдары республикада, әсіресе, солтүстік облыстарда қазақ мектептері азайып кетті. Оның басты себебі демографиялык өзгерістермен байланысты болды. Баласының болашаған ойлаған ата-аналар да амалсыздан балаларын орыс мектептеріне көптеп бере бастады. Осының салдарынан. 20 жылдың ішінде ( 1950-1970 жж. ) қазақ мектептерінің саны 3891-ден 2577-ғе дейін азайды, ал онын есесіне сабақ орыс тілінде жүретін мектептердің саны 1,5 мыңға көбейді. Қазақ тілі өзінің толық қанды өмір сүруіне қажетті 50 әлеуметтік міндеттің 10-ын ғана атқарып, іс жүргізу орыс тілінде жүзеге асырылды.
9.Жаңа тақырыпты бекіту.20 мин (22%)
Бақылау сұрақтары:
1. ХХ ғасырдағы мәдениеттің дамуындағы қайшылықтар мен ерекшеліктері.
2. Қазақстанның көпұлтты мәдениеті.
3. Қазіргі қазақ мәдениетінің типтері.
4. Мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары.
5. Модерн:оның ерекшеліктері,әлеуметтік және көркемдік бағыттары.
6. Авангард мәдени әлеуметтік құбылыс ретінде.
7.Қазіргі Қазақстан мәдениетінің жетістіктері.
1. Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу.
2. Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру.
Модерн,авангард.
10.Сабақты қорытындылау.5 мин (6%)
1. Оқушыларды бағалау.
2. Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау.
11.Үйге тапсырма беру.5 мин (6%)
Сабақтың тақырыбы: Діни көзқарастың шығу тарихы мен қазақ халқының діни нанымдары.
1. Сабақтың тақырыбы: Діни көзқарастың шығу тарихы мен қазақ халқының діни нанымдары.
2. Сағат саны: 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: теория
4. Сабақтың мақсаты: Дүние жүзi халықтарының ғасырлар бойы қалыптастырған сан қырлы рухани мәдениетiнiң бiр саласы – дiнтану. Дiнтану ғылымы – дiннiң пайда болуы, оның маңызы, мағынасы, адамға әсерi, коғамдағы, тарихтағы, мәдениеттегi орны, мыңдаған жылдар бойы әлемдегi алатын маңызы жайлы мәселелердi зерттеу.
*оқыту: тың мәліметтер беру арқылы, білімді қалыптастыру
*тәрбиелік: ұлттық келісім ұғымдарын дұрыс қабылдау;
*дамыту: танымдық қызығушылықты дамыту;
5. Материалды техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақтар.
7.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)
1. ХХ ғасырдағы мәдениеттің дамуындағы қайшылықтар мен ерекшеліктері.
2. Қазақстанның көпұлтты мәдениеті.
3. Қазіргі қазақ мәдениетінің типтері.
4. Мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары.
5. Модерн:оның ерекшеліктері,әлеуметтік және көркемдік бағыттары.
6. Авангард мәдени әлеуметтік құбылыс ретінде.
7.Қазіргі Қазақстан мәдениетінің жетістіктері.
8.Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин (44%)
Тақырыбы:Діни көзқарастың шығу тарихы мен қазақ халқының діни нанымдары.
мақсаты: жаңа тақырып бойынша түсінік беру.
1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі.
1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
1.3. Оқулықпен жұмыс істеу.
1.4. Қорытынды.
Ақпаратты – дидактикалық бөлім.
1. Дін әлеуметтік құбылыс.
2. Діннің және діни ұғымдардың пайда болуы мен оның тарихи түрлері.
3. Қазақ халқының діни нанымдары және оның зерттелу тарихы.Көк тәңірі,Көк Бөрі,Ұмай Ана ұғымдары.Шамандық және бақсылық.Тәңір діні көне дін.
2009 жылдың 25 ақпаны мен 6 наурыз аралығында өткен халық санағының қорытындысы бойынша Қазақстанда 70 пайыз мұсылман, 2,8 пайыз атеист, 26 пайыз христиан тұратыны мәлім болды. Бұл туралы Қазақстанның статистика жөніндегі агенттігінің төрағасы Ә.Смаилов хабарлаған. (ИА Новости-Казахстан).
Негізінде дін адамзатты ізгілікке тәрбиелеп, елді ұйыту негізінде пайда болған. Ал діни ағымдар ше? Олардың мақсаты «Жеріңді жаулап, еліңді күң қылып аламын» дегеннің кері. Дүние жүзілік діндер, олардың тарихы туралы не білеміз? Қазақтың дәстүрлі діні дегенді қалай түсіну қажет? Ойымызды осы мәселелер төңірегінде өрбітсек…«Дін» – араб тілінен енген сөз. Сөздікте «Бас ию, мойынсұну, әдеттену, басқару, қызмет ету» мағыналарын береді.
Дүние жүзi халықтарының ғасырлар бойы қалыптастырған сан қырлы рухани мәдениетiнiң бiр саласы – дiнтану. Дiнтану ғылымы – дiннiң пайда болуы, оның маңызы, мағынасы, адамға әсерi, коғамдағы, тарихтағы, мәдениеттегi орны, мыңдаған жылдар бойы әлемдегi алатын маңызы жайлы мәселелердi зерттеу. Басқаша айтқанда, дiнтанудың мақсаты – дiндi анықтау, түсiну және оның қоғамдық сана (идеология) есебiнде әлеуметтiк құбылыс екенiн түсiндiру болып табылады.Адамның рухани тазару дәрежесi көтерiлмесе және дiннен бас тартар болса, қоғам зандылықтары бұзылып, дүние ойран болады. Ислам философиясы – дiн адамды қатерден, апаттан, бос әрекеттерден сақтандырады, күнделiктi өмiрi мен тұрмысын мейлінше қатаң және дәл реттеп отырады, қоғамдық, жеке өмiрдегi тәртібін сақтайды, – дейді мамандар. Мысалы, 1969 жылы Америка Құрама Штаттары арақты харам еткен заң шығарады. Оны iшетiндердің мал-мүлiктерiн тәркiлеп, алты ай абақты жазасы белгiлендi. Әйтсе де, заңды орындауға, оны қысқа мерзiмде iске асыруға мүмкіншілік болмады. Бiрiншiден, қоғамдағы адамдарды түгелдей абақтыға жауып, дүниелерін түгелдей тәркілеу қажет еді. Ал олай жасалмаған жағдайда заңның күшін жою керек болды. Әрине заңның күші жойылды. Осындай жағдай 1400 жыл бұрын Араб түбегінде орын алған. Онда арақтан тыйылу Алланың бір-ақ сөзімен іске асты. Ол – Алланың: «Сендер тоқталасыңдар ма, жоқ па?» – деген бұйрықты сұрағы еді. Арақтан тыйылу әлеуметтік қажеттілік деп шешті де, жауап қатты: «Біз тоқталдық, ей иеміз…» – деп ыдыстағы арақтар түгелдей жерге төгілді. Сол кезде төгілген арақтан көшелер шылқып кетті. Міне, мұсылмандар арасында арақ ішу осыдан бастап тоқталды. Демек, арақты харам етіп заң шығарудан ештеңе шықпай, Алла тағаланың өзі берген тыйымды, шапағатты жол адамның жүрегімен астаса жұмыс істегенде ғана нәтижесін көрсетті. Бұл мысалдан діннің мемлекеттік саясатқа әсерін де көре аламыз. Негізінен мемлекетте қай дін «ресми» дін ретінде мойындалса, мемлекеттік саясат соның ыңғайына құрылады. Зиянды ағымдардың өз үстемдігін орнатуға барынша ұмтылу себебі сонда жатыр.Діннің құдіреті туралы тағы бір мысал келтірсек: Американың президенті Джон Кеннеди кезінде халқына: «Қасиетті бұйымдар мен әдет-ғұрыптарды, мінез-құлықтарды сақтау керек», – деп насихат жасап, оны діннің күшімен орындауға болатынын, яғни дінсіз ешқандай ұлылықты сақтай алмайтындықтарын атап көрсеткен. Бұл салада көптеген мысалдар келтіруге болады. Әлемдік діндердің мәні мен шығу тарихын да осы тұрғыда саралаған жөн. Сонымен…
Зороастризм отқа табынушылық діні. «Зороастр» сөзінің мағынасы «зоро» – адам, «астра» – жұлдыз.
Зороастризм діні ең алғаш протоинди ирандықтарынан шыққан. Олардың мекендеген жері Азияның кең байтақ далалары, Жайық өзенінің шығыс жағалауы. Протоинди ирандықтары Иранды жаулап алған және сонда мекендеген. Олар б.э. 3000 жыл бұрын өмір сүрген. Бұл дінді ең алғаш рет таратқан ирандық жігіт – Зороастр. Ол туралы мынадай аңыз бар: 30 жасында бір сәуле көреді, оны «уаху мая» дейді. Қазақша аударғанда «ашық сәуле» деп аталады. Оны құдайлардың ең үлкені Ахурамаздаға апарады. «Ахура» қазақ тілінде – ақылды, «мазда» – құдай деген мағынаны береді. Ахурамазда Зороастрды өзінің елшісі етіп сайлайды. Содан Зороастр Ахурамазданың ең жоғарғы құдай екенін сезіп, әділетті, мейірімді Жаратушы құдай деп дәріптейді. Ахурамаздаға қарайтын 3 құдай бар:
1. Митру құдайы. Міндеті: жарату.
2. Анахиту – су құдайы.
3. Варуну – соғыс және жеңіс құдайы.
Бұларға қарсы Ақырман – зұлымдық құдайы. Кезінде қазақтар балаларын «Ақырман келеді» деп қорқытқан.Зороастр дініндегілер күнделікті дәрет алып, 6 рет жуынады. Бұған қоса құммен тазаланады. Бұл тазалықтары 2 аптаға жетеді. Құммен тазалану рәсімі: құмға дәрет сындырып, оны араластырып сүртінеді. Тазаланып болған соң жанына итті қойып іштей ғаттаны оқиды. Итті қазақтар сияқты қасиетті жануар санаған.
Қатаң тәртіптері бар: құмырсқаны, жыланды, осыларға ұқсас жәндіктерді ұстауға болмайды. Ұстау – күнә. Осымен қатар ет жеуге, жаңбырлы күні далаға шығуға болмайды, себебі жерді кірлетеміз дейді.
Әйелге қатысты заңдылықтары: етеккірі келсе, отқа жолатпайды, таза емес есебінде. Қараңғы жерде отырғызады, ұйықтайтын болса жерде жатады, тас орындықта отырады. От жағуға рұқсат жоқ, тамақты бөлек ішеді, храмға кіруге рұқсат бермейді. Әйел бала туатын болса, тазалықты кірлету деп есептейді. Бала туар алдында бөлмесіне от жағып қояды. Босанарда оттың жалыны түзу болу керек, себебі қисық болса, бұл баланың жын-шайтаны көп болады деген. Әйел босанғаннан кейін тазару жолын қиындатқан. Бірінші күні таза су ішкізбеген, отқа жылынуға тыйым салған.
Ислам (арабтың – Аллаға тәуап ету, мойынсұну сөзі) – әлемдік діндердің бірі. ҮІІ ғасырда таптық араб мемлекеттері орныға бастаған тұста Батыс Аравияда пайда болған. Исламның діни уағыздары Құранда баяндалады. Бұл кітап Жаратушы Алладан Мұхаммед пайғамбарға түскен. Исламның негізгі ұстанған жолы – жалғыз құдайды – Алланы ғана мойындау.
Ислам ақиқат және ең ақырғы дін. Қазақ өзін «мұсылманмын» деп санағанымен, исламнан бұрынғы діндердің де дәстүрлерін ұстанады.
Қазақтар әулие-әнбиелердің бейiттерiне барады, құран оқиды, сыйынады. Қиын жағдайға душар болғанда, әулиелердің мазарына барып құрбандық шалып, көмек сұрап жалбарынады. Мұндай қасиетті жерлер Қазақстанда көп. Халық оларға қазір де сенеді. Атақтысы – Қожа Ахмет Яссауидың кесенесі, ел аузында «Мәдинеде – Мұхаммед, Түркістанда – Қожа Ахмет» деген сөз бекер сақталмаған. Түркістанда Арыстан бабтың кесенесі бар. Арыстан баб – Қожа Ахмет Яссауидың рухани ұстазы болған. «Түркiстанда – түмен Баб, ең үлкенi – Арыс-тан Баб» деген де сөз бар. Ақтау қаласынан үш жүз шақырымдай жерде Бекет ата мазары, Қызылордада Оқшы ата мазары орналасқан. Қазақтарда жиi айтылатын сөз – «Құдай». Түркітілдес халықтар ислам пайда болғанға дейін Алланы «Құдай» деп атаған. Б.э.д. ІІІ ғасырда пайда болған зороастризм дінінің «Авеста» кітабында осы сөз жазылған. Зерттеушi С.И.Оспановтың айтуынша, «Авестаның» тілі – көне түркi тiл. «Құдай» сөзі екi түркi сөзінен: «Құт(ты)» және «ай»-дан құралады. «Байлық, бақыт, аманшылық беретін – ай» деген мағынаны бiлдiредi. Айды сол замандарда құдайдың деңгейiне дейiн көтерген. Зороастризм – исламнан бұрын пайда болған дін. Қазақтар күн мен айды қастерлеген. Ай туғанда, ата-бабаларымыз алақанын жайып: “Ескi айда есiрке, жаңа айда жарылқа” деп тілек тілеген. Байырғы түріктердің жын-шайтан туралы да түсініктері болған. Жындарды: албасты, қарабасты, т.б. деп атаған. Түсініктерінде жындардың жаманы, жақсысы болған. Жаманы адамды ауруға ұшыратқан. Шайтанды түркілер «эрлік» деп атаған. Қазақстанға христиан дінін орнатпаққа Рим папасы өз тыңшыларын жiберген. ХІІІ ғ. екінші жартысында Марко Поло атты италияндық саяхатшысы қазақ даласына арнайы миссионерлік мақсатпен келген. Алайда көшпелі өмір салты қалыптасқан қазақ үшін шіркеу, костел, сурет сияқты христиандық ұғымдар қабылданбады.
Қазақ халқы ұлттық салт-дәстүр, мәдениетіне берік болды. Қожа Ахмет Яссауи исламды өз реформасымен халыққа жақын, әрі түсiнiктi етіп ыңғайластырғаннан кейін ғана ислам діні қазаққа тарай бастады. Нәтижесінде шариғат заңдары исламға дейiнгi діндердің ырымдарымен араласты. Мысалы ортодоксальды мұсылмандар жылқы етін жемеген, қазақтар керісінше оны Алланың атына құрбандыққа да шалған. Өйткені Қожа Ахмет Яссауидың реформасы бұған рұқсат берген. Бірақ Алланы жан дүниемен сүюге шақырған.Сөйтіп, Қожа Ахмет Яссауи көшпелілерге ислам-ның кейбір қатал шарттарын үйлестірді. Қожа Ахмет Яссауи құранның кейбір уағыздарын, Мұхаммед (с.ғ.у.) пайғамбардың өсиеттерін орындамаған молдалар, имандарды, басшыларды (сұлтандар, әмiрлер), таразыдан жеген саудагерлерді, ар-ұждансыз әйелдерді сынап, дұрыс жолға бағыттап отырған. Осы қадамдар ислам дінінің көшпелі халық жүрегінен ойып орын алуына ықпал етті. Ислам 714 ж. Сайрам (Испиджаб), Яссы (Түркiстан) аудандарын, Сырдария өзенiн бойлай отырықшы халыққа кең тарала бастады. Бұл жерде Үзген, Жент, Жұбан-ана, Саудакент, Сығанақ, Сауран, Яссы, Отырар сияқты қалалар орналасқан. Исламның келуімен мешiттер, медреселер ашылып, кiтапханалар салынды. Медресе – орта, жоғары білім беретін мұсылман мектебі. Онда бастауыш сыныпқа мұғалімдер даярлаған. «Медресе» – араб сөзі, қазақша «орта және жоғары мектеп» деген мағына береді. Қазақ жеріне алғашқы медреселер ҮІІ-ҮІІІ ғ. салынған. Медреселер мешіттің қасында болған және оқуға ыңғайлы орын болып табылған. Білім алу мерзімі 12-13 жыл болған. Бастауыш сыныпта тек дінді, жоғарғы сыныпта астраномия, тарих, математика, география, құқық, әдебиет, араб тілі, т.б. пәндер оқытқан. Қазақтың көптеген танымал қоғам қайраткерлері, атақты ақын-жазушылары алғаш медреседен дәріс алған. Кеңес өкіметінің тұсында ғана «дін – апиын» деген ұранмен, молдаларды қудалап, медресе, мешіттерді жабады. Әйтпесе, 1900 жылы Түркістан аймағының саяси ахуалын зерттеуші Ресей саясатшылары бұл өлкеде 1503 мешіт, 11230 көпшілік мешіт, оларға тұтқа болған 12499 имам, 5755 мектеп, 5771 мұғалім, 66487 мүриді бар 686 ишан, 1526 шайқы (шейх), 1415 мазар (ірі бейіт, қорым) бар екенін білгенде қатты қаймыққан.Ал, 1908 жылы мектеп саны 6107-ге өскен. Бұларда 6361 мұғалім сабақ беріп, 14208 оқушы оқыған. Қыз балаларға арналған 801 мектепте 875 мұғалима сабақ беріп, 9773 қыз дәріс алған. Өлкеде жоғары дәрежелі 336 медресе жұмыс істеген. Мұнда 459 мударис сабақ беріп, 14375 шәкірт білім нәріне сусындаған. Сонымен бірге зағип, мүгедек, т.б. ауыр тағдырлы жандарға арналған «қары-хана», «даляил-хана» деп аталатын (дауыстап құран оқуға баулитын) 327 мектепте 360 мұғалім, 4681 шәкірт оқыған. Оқу-ағарту саласындағы осы нәтиже Түркістанды мекендеген барлық халыққа ортақ деп есептейміз. Әлихан Бөкейхан дінге қатысты: «Ғұмыр ісі амал, әдіс атқарушыдан күтеді. Шариғат рәсімімен қазақ рәсімін жіңішкелеп тапсыруға амал, әдіс іздеу керек. Бізді шала, пікірі қоңыр молла «шариғат-шариғат» деп қорқытып жүр. Шариғат мақсұды да закон мақсұдындай: екеуінің де іздегені жұртты бақытты қылмақ. Жұрт бақыты іс жұртқа ыңғайлы болса шығады; іс жұртқа ыңғайлы болады – жұрт ұстап отырған рәсімге жалынса» – деп ой түйсе, қазақ жазуы мен тілін жүйеге келтірген, ағартушы-жәдидшіл Ахмет Байтұрсынұлы: «Қазақ дінге нашар күйден өткен, енді қазақты басқа дінге ауыстырам деу құр әурешілік. Қазақты діннен айыруға болмаса, жазуынан айыруға болмайтын жұмыс» – деп тұжырымдайды. Әлиханның «мәдениет әмірі – құдірет әмірі» деген сөзінде де терең мағына жатыр. ХХ ғасыр басында дінді бір жүйеге келтіру Ресейлік мұсылман зиялыларын толғандырғанда, Ә.Бөкейхан: «Біздің қазақ рухани ісін де ақ жолға салып аламын десе, бұл – зор жолды істің бірі ғой» деп жазса, жеті жылдық жәдит мектептерінде міндетті диуани пәндермен бірге ислам дін сабағы жүруін қалаған А.Байтұрсынұлы: «Қазақтың дін істері мынандай боларға керек деп, жоба сайлап, жөн көрсетіп отырған молдаларымыз тағы жоқ. Біз бірдеме десек, шап етіп бетімізден алатындар көп» деп зәрулікті ақылмен шешуді ұсынған. Ә.Бөкейхан еңбегінен қазақтар тұңғыш рет Патша өкіметінің саясатына қарсы прокламацияны (1905 жылғы петициядан әлдеқайда бұрын) 1902-1903 жылдар шамасында жазғанын білеміз. «Қазақтың бірінші прокламациясында орыс өкіметінің ислам дініне жасап жатқан зорлығы мен христиандандыру саясатына бір кісідей қарсы тұруға шақырды. Бұл идея прокламацияда жалаң айтылмай, орыстандыру саясатына қатысты нақты фактілермен дәлелденген. 1902 жылдан ендірілген «крестьян начальнигі» жүйесіне, елдегі ресми мектептердегі араб тілі мен жазуын қолдануға тыйым салынуына қарсылық білдірген. Өтініш қанағаттандырылмаған соң, халық прокламациялары айтқан имансыз шаралардың жүзеге асатытына көзі жеткен» деп көрсетеді Әлихан. Осы зерттеуінде Ә.Бөкейхан 1903 жылдан бастап діндарлар қуғындалды, кітаптары тәркіленді деген мәліметті (С.Ғылмани, т.б.) толық растайтын дәлел келтірген. Науан қазіреттің орны орыс үшін Ломоносов қандай болса, қазақ үшін сондай деген Әлихан: «Прокламацияға қатысты қазақтың әйгілі игі жақсыларын, молдалары мен қазақтың жаңаша оқыған мұғалімдерін алғаш рет саяси тұрғыдан ресми тінтіді. Бірақ оларды 2-3 жылдан соң азаттық күндері қайтарып берді. Наурызбай (ел оны құрметтеп сыпайы атпен Науан дейді) Таласұлы шәкірттерімен бірге жер аударылды» деп жазады.Қазақ империяның боданы болған жылдары дінінен ажырап қалды. Шоқындыруға барынша ұмтылған империя қазақты байырдан келе жатқан дәстүрлі дінінен ажыратқысы келді. Діннен ажырату – ұлтты жоюдың тиімді жолы деп санаған олар мақсатқа жетуге барынша ұмтылды. Тәуелсіздік алған жылдардан бері жастардың қайта дінге бет бұру процесі қарқынды жүрді. Бұл жақсы. Бірақ ұлтты сақтап қалу үшін фундаменталистік ағымдар жетегіне ермеу қажет. Қазақтың салт-дәстүрін, тілін жатырқамайтын дәстүрлі діннен адаспау керек.
9.Жаңа тақырыпты бекіту.20 мин (22%)
Бақылау сұрақтары:
1.Діннің және діни ұғымдардың пайда болуы мен оның тарихи түрлері.
2. Қазақ халқының діни нанымдары және оның зерттелу тарихы.
3. Көк тәңірі,Көк Бөрі,Ұмай Ана ұғымдары.Шамандық және бақсылық.
4. Тәңір діні көне дін.
5. Ш.Уалихановтың зерттеу еңбектеріндегі қазақтың діни нанымдары мен дүниетанымы.
10.Сабақты қорытындылау.5 мин (6%)
1. Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу.
2. Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру.
Көк тәңірі,Көк Бөрі,Ұмай, Шаманизм,бақсылық,Тәңір діні.
4. Сабақтың мақсаты: Даосизм адамға қоршаған ортаның сырларын ашуды, өмір мен өлім мәселелерін айқындауды мақсат етіп қоятын ілім. Даосизмнің негізгі категориясы дао (жол, ақиқат, тәртіп) – ғарыш болмысының ішкі заңдылығы, табиғаттың жалпы заңы іспетті, формалар әлемін тудырушы бастау. Дао тек бастапқы себеп қана емес, сондай-ақ соңғы мақсат, болмыстың аяқталуы. Оны ешкім жаратпаған, бірақ барлық нәрсе даодан жаратылған. Және соңында даоға қайта оралады.
*оқыту: тың мәліметтер беру арқылы, білімді қалыптастыру
*тәрбиелік: ұлттық келісім ұғымдарын дұрыс қабылдау;
*дамыту: танымдық қызығушылықты дамыту;
5. Материалды техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақтар.
7.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)
1.Діннің және діни ұғымдардың пайда болуы мен оның тарихи түрлері.
2. Қазақ халқының діни нанымдары және оның зерттелу тарихы.
3. Көк тәңірі,Көк Бөрі,Ұмай Ана ұғымдары.Шамандық және бақсылық.
4. Тәңір діні көне дін.
5. Ш.Уалихановтың зерттеу еңбектеріндегі қазақтың діни нанымдары мен дүниетанымы.
8.Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин (44%)
Тақырыбы: Конфуций Дао ілімі.
мақсаты: жаңа тақырып бойынша түсінік беру.
1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі.
1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
1.3. Оқулықпен жұмыс істеу.
1.4. Қорытынды.
Ақпаратты – дидактикалық бөлім.
1. Қытай этносының дүниетанымдық көзқарасы.
2. Конфуций ілімінің құндылықтары.Конфуций іліміндегі аспан құдайы.
3. Конфуций іліміндегі әлеуметтік этикалық нормалар.
4. Конфуций Дао ілімдерінің дінге айналу шарттары.Конфуций іліміндегі әлеуметтік этикалық нормалар.
5. Конфуций Дао ілімдерінің Қытай мәдениетінің дамуына қосқан үлесі.Конфуций Дао ілімдерінің әлемдік мәдениеттегі орны.
Даосизм (қытайша «дао цзяо» – «жол ілімі») б.з.б. ІҮ-ІІІ ғасырларда Ежелгі Қытайда пайда болды. Аңыз бойынша бұл ілімнің құпиясын аты аңызға айналған Хуан-ди («Сары император») ашқан. Ақиқатында даосизм шамандық нанымдардан және ежелгі магтар ілімінен бастау алды. Ал оның негізгі қағидалары данышпан Лао-цзыныкі саналады. «Жол және ізгіліктер туралы канонда» (Дао-де-цзинде) және философ Чжуан Чжоу көзқарастары көрініс тапқан (б.з.б. ІҮ-ІІІ ғ.ғ.) Чжуан-цзыда баяндалады.
Тұтас жүйе ретіндегі даосизм «Лэ-цзы» (б.з.б. ІҮ-ІІІ ғ.ғ.) және «Хуаинань-цзы» (б.з.б. ІІ ғ.) еңбектерінде тұжырымдалған.
Даосизм адамға қоршаған ортаның сырларын ашуды, өмір мен өлім мәселелерін айқындауды мақсат етіп қоятын ілім. Даосизмнің негізгі категориясы дао (жол, ақиқат, тәртіп) – ғарыш болмысының ішкі заңдылығы, табиғаттың жалпы заңы іспетті, формалар әлемін тудырушы бастау. Дао тек бастапқы себеп қана емес, сондай-ақ соңғы мақсат, болмыстың аяқталуы. Оны ешкім жаратпаған, бірақ барлық нәрсе даодан жаратылған. Және соңында даоға қайта оралады.
Көне даосизмнің философиялық ұстанымы оратағасырлық даошылардың діни ілімдеріне негіз болды. Ортағасырлық даоцизмнің көрнекті өкілдері Ге Хун (ҮІғ.), Вань Сюаньлань (ҮІІ ғ.), Ли Цюань (ҮІІІ ғ.), Тянь Цяо (Х ғ.), Чжуань Бодуань (ХІ ғ.). Конфуцийшілдік білім алған зиялы қауым да даосизм философиясына қызығушылық танытты, оларға қарапайымдылық пен табиғилықтың көне культі қатты ұнады, табиғатпен тұтасуда шығармашылық еркіндікке қол жеткізілді. Даосизмге деген ықылас әсіресе Хань династиясы құлап, конфуцийшілдік ресми дін ретінде өз мүмкіндігін сарқыған уақытта орын алды. Буддизмнің Қытай жеріне бейімделуі арқасында даосизм одан бірқатар культтер мен философиялық ой-тұжырымдарды қабылдады, буддалық ұғымдар мен философиялық концепциялар қытайларға түсінікті даолық терминдер тіліне аударылды. Даосизм неоконфуцийшілдіктің дамуына ықпал етті.
ІІ ғасырда «Аспан жұлдыздарының жолы» деп аталатын Чжан даомин (І-ІІ ғасырларда) негізін қалаған бағыт пайда болды. Аңызға сай ол Лао-цзыдан аян алып, оның жердегі өкілі болу құқығын иеленеді. Оның «Көктен түскен ұстаз» титулы осы уақытқа дейін ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келеді. ІҮғасырда «Жоғары тазалық» және «Рухани асыл қазына» атты даолық мектептер пайда болды. Олар медитациялық пайымдау тәсілдеріне көп көңіл бөлді.
ІҮ-ҮІ ғасырлардан бастап даолық ілімнің көптеген қағидалары қайта қарастырылып, ресми мәртебеге ие болды. Біртіндеп ауқымды иерархиялық канон жасалды. ҮІІ-ҮІІІ ғасырларда монахтық институттар мен монастырлар, ҮІІІ ғасырда қытайлық көптеген институтттар мен монастрлар, ҮІІІ ғасырда Қытайдың солтүстігінде көптеген мектептер қалыптасады, солардың бірі – «кемелденген ақиқат ілімі» осы күнге дейін жетті.
Қазіргі уақытта даосизм ҚХР, Корея, Тайвань, Сяньганьда және қытай эмигранттары арасында кең таралған. Даосизмді күнделікті тұрмысқа енгізген діни синкретті топтар 1960 жылы ҚХР-да қудалауға ұшырады, бірақ 80-ші жылдардан бастап олар, әсіресе, шет аймақтарда өз ықпалын қалпына келтіруге талпынды. Белсенді әрекет ететін Қытай құдайлары пантеонында шаман – медиумдар, галлопаттар, бал ашатындар, физиогномистер қызмет жасайды. Даолық храмдарға, монастрлар мен киелі орындарға мыңдаған діндарлар барады. Қытайдағы «Даоцизм ілімін ұстанушылардың бүкілқытайлық ассоциациясы» жұмысын қайта жандандырған.
Даосизмнің қазіргі күні әлемде кең таралған оккульттік практикасы фен-шуй немесе геомантияға ерекше назар аударуға болады. Сөзбе-сөз фен-шуй «жел және су» – өмір ағымының қозғалысы деп аударылады. Бұл адамның ішкі дүниесін үйлесімділікке келтіріп, сыртқы ортадағы заттардың көмегі арқылы әлеммен гармонияда болу дегенді түсіндіреді.
Фен-шуй ТМД аумағына Қытайдан емес, Батыс елдері соның ішінде Англия мен Германиядан келген. Батыста халықаралық «Фен-Шуй» орталығы құрылған, ал оның Қазақстандағы филиалы 2000 жылдың 3 мамырында тіркелген. («Егемен Қазақстан» газеті, «Даосизм», 2006 ж. 7-шілде)
9.Жаңа тақырыпты бекіту.20 мин (22%)
Бақылау сұрақтары:
1. Қытай этносының дүниетанымдық көзқарасы.
2. Конфуций ілімінің құндылықтары.
3. Конфуций іліміндегі аспан құдайы.
4. Конфуций іліміндегі әлеуметтік этикалық нормалар.
5. Конфуций Дао ілімдерінің дінге айналу шарттары.
6. Конфуций іліміндегі әлеуметтік этикалық нормалар.
7. Конфуций Дао ілімдерінің Қытай мәдениетінің дамуына қосқан үлесі.
8. Конфуций Дао ілімдерінің әлемдік мәдениеттегі орны.
10.Сабақты қорытындылау.5 мин (6%)
2. Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру.
4. Сабақтың мақсаты: Ү-ҮІІ ғасырларда буддизм мәдениетi өркендеп, ең жоғарғы деңгейге жеттi. Монастрларда үлкен байлық жиналды. Азияның қалалары — Кошамби, Санчи, Бодх-Гасде, Матуре, Сарнатхе, Аджантеде әшекейленген храмдар салынды. Будданың мүсiндерi жасалды. І ғ. Қытайға, ҮП ғ. Тибетке, ХIҮ ғ. Монғолия мен Ресей мемлекеттеріне ендi.
*оқыту: Пән бойынша білім білік дағдыларын қалыптастыру;
*тәрбиелік: Еңбек тәрбиесі(еңбекке баулу, мамандыққа бағдарлау);
*дамыту: Жеке тұлғаны дамыту;
5. Материалды техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақтар.
б) оқыту орны: дәріс аудиториясы
6. Әдебиеттер:
1. Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арнлған оқулық. Алматы: Раритет, 2005.- 416 бет. ISBN 9965-663-71-8
2. Мәдениеттану негіздері: Оқулық. - Алматы: Дәнекер, 2000. ISBN 9965-485-34-8
1) Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин. - (6%)
а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
б) Сабақтың мақсаты мен міндеті.
7.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)
1. Қытай этносының дүниетанымдық көзқарасы.
2. Конфуций ілімінің құндылықтары.
3. Конфуций іліміндегі аспан құдайы.
4. Конфуций іліміндегі әлеуметтік этикалық нормалар.
5. Конфуций Дао ілімдерінің дінге айналу шарттары.
6. Конфуций іліміндегі әлеуметтік этикалық нормалар.
7. Конфуций Дао ілімдерінің Қытай мәдениетінің дамуына қосқан үлесі.
8. Конфуций Дао ілімдерінің әлемдік мәдениеттегі орны.
8.Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин (44%)
Тақырыбы: Будда мәдениеті.
мақсаты: жаңа тақырып бойынша түсінік беру.
1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі.
1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
1.3. Оқулықпен жұмыс істеу.
1.4. Қорытынды.
Ақпаратты – дидактикалық бөлім.
1. Үнді мәдениетіндегі діннің алатын орны.Б.з.д. екі мың жылдықтағы Ведалар.Упанишадалар.Брахмандар мен атмандар.
2. Ведалар негізінде қалыптасқан философиялық ілімдер:жайнизм,буддизм,даршандар,чарвактар,лакаяттар т.б.
3. Будда діні.Буддизмнің екі ағымы:Хинаяма,Махаяма.Будда мәдениетінің таралу тарихы.Индуизм
3ерттеушiлердiң пiкiрiнше, буддизм осыдан 2500 жыл бұрын пайда болған. Оның негізін Индияның солтүстiгiнде орналасқан шакья тайпасынан шыққан Шакьямуни есімді тұлға қалаған. Ол жер-жерлерді аралап жүрiп, өз ойында пайда болған ұғымдарды адамдарға уағыздаған. Өзiн Будда (атақты бiлгiш) деп таныстырған. Ол жердегі адамзатты, жан-жануарларды азаптан құтқарушы есебінде жіберілген адам екенін түсіндірген.
Шығыс философтарының тұжырымдарына сүйенсек, Будданың анасы, шакья тайпасының патшасының әйелі Майя (Махамайяульи Майя) бiрде түс көрген. Түсiнде оның құрсағына бiр аппақ пiл кiрiп кеткен. Содан көп ұзамай Майя жүкті болып, балалы болған. Аңызға қарағанда, бала жерге шыр етiп түскенде, оған бүкiл құдайлар қатты қуанған. Әкесi баласының дiн жолына түсуін қаламай, оған дүниелiк тәрбие берген. Көңілін дiннен қашықтату әрекетiнде болған. Патша болғандықтан, әшекей дүниелерге кенелтiп, оны үйлендiредi. Бiрақ, бұл әрекеттерi баласын тоқтата алмайды.
Бiрде Суддхартхи (Будда патша кезінде осы есімді иеленген) қалада үстiн жара басқан бiр қартты кездестiредi де, «Азаптан кұтқару» идеясын ойлап табады. Содан барлық сана-сезiмiн сарп етiп, азаптан кұтылу үшiн не iстеу керек дейді өз-өзіне. Құтылудың жолы – тек өзiн-өзi азаптау. Барлық дүниесін тастап, ел кезіп, қайыршылық жолмен күн кешiп, идеясын уағыздауға көшедi. Қиындықтарды бастан кешіп, тұрмыстық дүниенi тәркi етiп, бедеулiк жолға түседi. Бiрақ сол кездегi өзiн бедеушiлiкте ұстайтын брахмандарға ұқсаудан сақтанғысы да келедi.
Әулиелiк қасиетi бар деп саналатын Бодхи деген ағаштың түбiнде отырып, төрт шындықты ойлап табады. Бiрақ ойын амалға асыруға өлiмнiң Құдайы – Мара кедергі жасап, тазаруға жiбермейдi. Қыздарын жiберiп, көңілін бөлгiсi келедi деп жазылады Будда туралы аңыздарда. Будда өз iсiне берiк болып, Варанас қонысына жақын жерде “пiл паркiнде” бiрiнші рет өз идеясын адамдарға жеткізеді. Сол төрт шындықты өз шәкiрттерiмен 40 жыл бойы ел аралап таратып, дiнiне кiрудi уағыздайды. Өсиеттерiнен, жасаған кереметтерiнен бiр дұрыс қорытынды табуға әрекет етедi. Бiрақ ешқандай дәлелдi немесе маңызды, құнды нәрсе таба алмайды.
Француздың буддолог ғалымы Г.Сенар Будданы мифологиялық образ санады. Немiс ғалымы Г.Керн Будданың тарихта болғанына күмән келтiрiп, оның өмiрбаяны – аңыз дейдi. Әйтсе де, көптеген ғалымдар Будданы тарихтағы белгiлi тұлға есебiнде қарайды. Аталмыш көзқарастың негiзiнде – Шакьямуни буддизм монахы құрылды.
Буддизм пайда болмай тұрғанда да Индияның мәдениетi өте жоғары деңгейде болған. Үндістердің жазуы, әдет-ғұрпы, дiндерi дамыған. Индия мәдениетi әлемдiк деңгейдегі Месопотамия, Египет мәдениеттерiнiң қатарында тұғын. Философиялық көзқарастарда Буддизм белгiлi бiр әлеуметтiк жағдайлардан туған дін. Үндiстанда б.д.д. ҮI ғасырда құл иеленуші қоғам құрылды. Қоғамды билеп-төстеушілер, брахмандар мен әскери қоғам бір-бірімен бақталаста өмір сүрді. Соғыста әскерлер жер иелеріне, саудагерлерге және хәлі нашар бұқараға сүйенді. Сөйтіп б.д.д. ҮІ ғасырда үнді қоғамындағы әлеуметтік коалиция ерекше парасатты жағдайдағы лауазымдарды құрметтейтін брахманизм идеологтарына қарсы күресті.
Индияның солтүстік жағында кішігірім мемлекеттер бір-бірін жаулап алған. Жауланған халықтың діни ұғымдарымен өздерінің діни ұғымдарын байытып, дамытып отырған. Құл иеленуші қоғам болғандықтан, үстем тап төменгі тапты қанаған. Дегенмен, өндіріс күші де дамыған. Әсіресе Ганга бойындағы өндіріс күштерінің дамуының нәтижесінде таптық күрестер шыққан. Жеке қолөнершілік, кіші кәсіпкерлік өсіп, төңірегіндегі топтармен байланыс жасау басталып, оларға өз мәдениетін таратуға әрекеттенген. Будданың өсиеттері жазылған Махавагга, Ману, Джатак деген кітаптары пайда болған. Индияның көпшілік таптары бір-бірімен соғысып отырғандықтан жоғарғы тап қорғану жағдайына көшіп, өз күшін нығайта түсіп, әрі бір-бірімен бірлестікке келіп, топтаса түскен. Нәтижесінде Маурья империясы орнаған. Осы кезде түрлі касталарға бөліну, дүниені зерттейтін институттар, діни философиялық ағымдар пайда болған. Осындай жағдайда буддизм де күш алып, әлем діні дәрежесiне жеткен.
Дін барлық халыққа жеңiлдiк беріп, бүкiл адамдардың қайғы-қасіретке бiрдей екенiн жариялап және одан арылуға шақырған. Дiни оқулар орны көбейiп кетiп, неше түрлi құдайшылдар топтары өз көзқарасын талқыға салған. Дүниенің пайда болуына, байланыс күшінің барлығына сенiмсiздiкпен қараған. Ол кезде құдайға сенушiлiк болған жоқ, дiни ұғыммен адамды тазалауға болады деп түсiндірген. Адамның қоғамға, айналадағы байлыққа көзқарасын екiншi орынға ығыстырған. Дегенмен, дiни тазалықты жоғарғы топтан ғана iздедi, ал ең соңғы касталарын адам деп қарамады, екi аяқты мал есебiнде көңiл бөлмедi.
Ү-ҮІІ ғасырларда буддизм мәдениетi өркендеп, ең жоғарғы деңгейге жеттi. Монастрларда үлкен байлық жиналды. Азияның қалалары — Кошамби, Санчи, Бодх-Гасде, Матуре, Сарнатхе, Аджантеде әшекейленген храмдар салынды. Будданың мүсiндерi жасалды. І ғ. Қытайға, ҮП ғ. Тибетке, ХIҮ ғ. Монғолия мен Ресей мемлекеттеріне ендi.
.Б.з.б. VI ғасырда үнді елінде, кейіннен дүниежүзілік дінге айналған, будда діні қалыптаса бастады. Оның негізін қалаушы ханзада, кшатрийлер варнасына жататын Будда болды. Оның шын аты — Сиддахартха, ал оның анасы әйел патша Майя еді. Ұлы ханым Майяның шапағаты жер жүзіне тарады, оның жүрегінің тазалығы, өз-өзіне сенімділігі, парасаттылығы мен салмақтылығы, бүл қасиетті ананың қадір-қасиетін арттыра түсті.Буддизммен қатар джайнизм ағымы да дами бастады. Оның негізін қалаушы — Махавира (Вардамана) болады. Бұл сектаның жолына түсушілер кармадан азат болудың басты құралы ретінде — аскетизмді насихаттады. Нағыз джайнистердің фанатизмінде шек болмады. Олар бүл өмірдің барлық рахатынан саналы түрде бас тартты, басқаны былай қойғанда, олар өмірлерінің соңғы сәттерінде тамақтанудан да бас тартты. Джайнизм брахманизммен ымыраға келудің арқасында осы уақытқа дейін Үнді мемлекетінің қоғамдық-саяси өмірінде өз ықпалын сақтап отыр. Махавираның жолына түскендер негізінен саудагерлер болды.Будда өзінің діни уағыздарында брахманизмді де, джайнизмді де сынға алады. Брахманизмдегі байлық пен сән-салтанатты өмірге бойүрушылық, ал джайнизмдегі аскетизм Будданы қана- ғаттандырмады, сондықтан да ол орталық межені қалап алады. Ол өзінің негізгі діни көзқарастарын «Бенерес уағыздары» атты еңбегінде жүйелі түрде баяндап берді. Онда былай делінген: «Рухани тіршілігі таза адам бүл өмірде екі нәрседен арасын аулақ салу керек. Оның біріншісі — сауық-сайран мен думанды қызыққа толы өмір, бүл адамның рухына қарама-қайшы келетін бейшаралық, өткінші өмір, ал екіншісі — ерікті түрде қалап алынған азапты, қатыгез өмір, бүл өмір де мөнсіз, мағынасыз. Рухани дүниесі бай адамдар өмірдің аталған екі жағынан да өздерін алшақ үстағандары жөн. Ең бастысы, адамдар танымға, білімге бастайтын, олардың ақыл-ой өрісін кеңітетін дүрыс жолға түсулері кажет» . Бұл жол тармақтары көп сегіз салалы жол. Олар: адал сенім, әділ шешім, шындық сөз, шындық өмір, шыншыл ұмтылыс, шындықпен еске алу және адамның өз бойындағы қасиеттерін үнемі байыту болып табылады.Буддизм бойынша, өмірдің азаптары жайындағы қасиетті шындық мынандай: өмірге келу — азап, қартаю — азап, жүрегің қаламайтын адаммен қосылу — азап, жақсы көрген адамыңнан айрылысу — азап, көздеген мақсатыңа жете алмау — азап. Ал аталған осы азаптардан құтылудың басты жолы — сегіз салалы қасиетті өмір жолын тандап алу.Будда ілімі адам бойындағы ізгілік, адамгершілік қасиеттерді одан әрі дамытуды насихаттайды. Онда былай делінген: «Бұл дүниеде өшпенділікті өшпенділікпен жеңуге болмайды, адам ашу-ызасын ақылға жеңдіріп, зұлымдықты қайырымдылықпен ауыздықтауы қажет. Ұрыста мың адамды жеңіп шығуға болады, ал нағыз жеңіс адамның өзін-өзі жеңіп шығуы болып табылады».Будда дін жолына шын берілген адамдарды төрт қағиданы мүлтіксіз орындауға шақырды. Олар: зұлымдықтың алдын алу, зұлымдық пен қатыгездікке жол бермеу, ізгілік пен қайырымдылыққа даңғыл жол ашу, адамгершілік қасиеттерді батыл қолдау. Будда ілімі үнді халқының сүйіспеншілігіне бөленіп, кең қолдау тапты. Будда өз шәкірттеріне арнаған сөзінде былай деді: «Сендер бүл ілімді дүние жүзінің барлық елдеріне таратыңдар. Оларға кедейлер мен бұл өмірден жәбір көрушілердің, байлар мен тектілердің бірдей екендігін, күндердің күнінде үнді қоғамындағы барлық касталардың осы діннің туы астына бірігетіндігін халыққа түсіндіріңдер». Шындығында да, будда дінін әлемнің көптеген халықтары мен қоғамның түрлі топтары шын ықыластарымен қабылдады. Адамзат дүниесіне, адамға және оның жасампаздық іс-әрекеттеріне құрметпен қарап, зорлық-зомбылық пен қатыгездіктерден бас тартуға шақырып, адамгершілік пен ізгілік принциптерін алға тартқан бұл дін Үндістан мен Қытайда, Тибет пен Жапонияда, Непал мен Тайландта, Цейлон мен Вьетнамда, Монғолия мен Комбоджада кеңінен тарап, миллиондаған халықтың құрметіне бөленеді.Будда дінінің кеңінен таралуы жағдайында оның екі тармағы өмірге келді. Оның біріншісі — махаяна, Бирма мен Тайландта, ал екінші тармағы — хинаяна Цейлонда қалыптасты. Махаянаның қалыптасып, дамуына ерекше еңбек сіңірген Нагарджуна болды. Будда дінінің бүл саласында Будда құдай дәрежесіне жеткізіліп, оған құдайдай табыну уағыздалды. Ендігі жерде адамдардың барлық саналы іс-әрекеттері Буддамен байланыстырылды. Мұндай жағдай, бір жағынан, брахманизмге білдірілген үлкен құрмет болатын, сөйтіп буддизм үнді халқының бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі діндерімен одан әрі жақындаса түсті.Қытайда будда дінінің идеялары б.з.б. I ғасырда тарай бастады. Будда дінімен бірге Қытайда үнді өнерінің де ықпалы күшейе бастады. Ол Қытайға ғана емес Кореяға, одан әрі Жапонияға да қанатын кең жайды. Тибетте буддизм ламаизм түрінде қалыптасты. Ламаизм бойынша жоғарғы шіркеу қызметкерлері құдайдың сүйікті құлдары болып саналады, ал монахтар (ламдар) діндар адамдарға ұстаздық етумен айналысады.
Қытайда буддизм конфуцийлік-даосистік дінмен қатар өмір сүрді. Буддизм мен даосизмнің өзара ұштасуының нәтижесінде дзэн-буддизм ағымы пайда болды. Сыртқы дүниені менсінбеушілік, жеке бастың мәселелеріне баса назар аудару, интуитвизм бұл ағымның басты белгілері болып табылады. Дзэн-буддизм кейіннен Жапонияға да тарай бастады. Жауынгер-самурайлардың ықпалымен бүл ілімде әскери өнерге айрықша мән беріліп, ол адамның жан-жақты жетілуінің тез жүзеге асырылатын төте жолы деп тұжырымдалды. XX ғасырдың ортасына қарай дзэн-буддизм Батыс Еуропа елдеріне де тарап, өзінің өміршеңдігін байқата бастады.Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, махаяна үнді халқының дәстүрлі діни наным-сенімдеріне өте жақын болып шықты. Әрине, будцизмнің пессимистік сарыны үнді халқына ұнаған жоқ, шындығында, халыққа брахманизмнің жарқын идеялары одан гөрі жақындау болатын. Бірақ, бүл жағдайға қарамастан үнді қоғамы буддизмнен де мүлде бас тартқан жоқ. Сөйтіп буддизм мен брахманизмнің біраз қағидаларының өзара сабақтас- тығының нәтижесінде жаңа индуизм ағымы пайда болды.Өкімет тарапынан барынша қолдау тауып, қаншама шіркеулер тұрғызып, үнді қоғамында айрықша беделге ие болған будда дінінің өз позициясын (беделін) ешбір қарсылықсыз индуизмге бере салуын қалай түсіндіруге болады екен? Бұл сұраққа мәнді жауап беру үшін будда дінінің рухани дәстүрлерінің әлеуметтік негіздерімен толығырақ танысуымыз қажет. Үнді еліне келген арийлер варналарға бөлудің (брахмандар, кшатрийлер, вайшьилер және шудралар) негізін қалады, ал құлдар мен шетелдіктер варналарға кірмеді. Варналарға бөлу — үнді қоғамының негізі болып табылатын село қауымының беделін бүрынғыдан да көтере түсті. Оларды ақсақалдар бас- қарды, қауымдар өз іштерінде туындаған мәселелерді өздері шешті және өкіметке белгілі бір мөлшерде салық төлеп түрды. Өкімет тарапынан болатын озбырлықтардан оларды қатаң діни наным- сенімдер, салт-дәстүрлер және т.б. қорғап қалып отырды. Мұндай қауымдар шаруашылығы — натурадцы шаруашылық болды, онда жалдамалы еңбек кеңінен қолданылды. Қауымдар өмірінің тұйықтық сипатта болуы, олардың саяси қактығыстар мен толқулардан тысқары қалуларына себепкер болып отырды. Қауым басшылары өзгеріп отырғанмен, қауым тіршілігінің қаймағы бүзылмады.
9.Жаңа тақырыпты бекіту.20 мин (22%)
Бақылау сұрақтары:
1. Үнді мәдениетіндегі діннің алатын орны.
2. Б.з.д. екі мың жылдықтағы Ведалар.Упанишадалар.Брахмандар мен атмандар.
3.Ведалар негізінде қалыптасқан философиялық ілімдер:жайнизм,буддизм,даршандар,чарвактар,лакаяттар т.б.
4. Будда діні.Буддизмнің екі ағымы:Хинаяма,Махаяма.
5. Будда мәдениетінің таралу тарихы.Индуизм.
10.Сабақты қорытындылау.5 мин (6%)
2. Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру. Будда,веда, жайнизм,буддизм,даршандар,чарвактар,лакаяттар.
4. Сабақтың мақсаты: Христиан діні – адамзат тарихындағы ең ірі діндердің бірі. Ол Рим империясының шығыс бөлігінде пайда болды. Бұл кезеңде терең әлеуметтік күйзеліс империяны жайлаған еді. Христиан діні осындай кезеңде, яғни барлық езуші таптарды біріктіру кезеңінде пайда болған дін. Оның негізгі идеялық негізін қалауда әртүрлі шығыстық діндер және әлемдегі бірқатар философиялық түсініктер әсер етті.
*оқыту: тың мәліметтер беру арқылы, білімді қалыптастыру
*тәрбиелік: ұлттық келісім ұғымдарын дұрыс қабылдау;
*дамыту: танымдық қызығушылықты дамыту;
5. Материалды техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақтар.
7.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)
1. Үнді мәдениетіндегі діннің алатын орны.
2. Б.з.д. екі мың жылдықтағы Ведалар.Упанишадалар.Брахмандар мен атмандар.
3. Ведалар негізінде қалыптасқан философиялық ілімдер:жайнизм, буддизм, даршандар, чарвактар, лакаяттар т.б.
4. Будда діні.Буддизмнің екі ағымы:Хинаяма,Махаяма.
5. Будда мәдениетінің таралу тарихы.Индуизм.
8.Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин (44%)
Тақырыбы: Христиан өркениеті.
мақсаты: жаңа тақырып бойынша түсінік беру.
1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі.
1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
1.3. Оқулықпен жұмыс істеу.
1.4. Қорытынды.
Ақпаратты – дидактикалық бөлім.
1. Христиан діннінің шығуының әлеуметтік мәдени алғы шарттары.
2. Христиан дінінің құндылықтары.
3. Христиан дінінің Еуропа мәдениеті дамуындағы ролі.
4. Христиан дініндегі адамгершілік мәселесі.
5. Христиан дінінің Еуропа өркениетіндегі орны.
Әлемдік діндердің бірі – христиан діні. Иса (с.ғ.)-ға түскен «Інжіл» кітабы адамдардың қолымен өзгертіліп жазылып, сол мазмұн бойынша тараған дін. Інжіл кітабының алғашқы түпнұсқасын өңдеп жазғандар: Матфей, Марка, Лука және Ионна еді. Кітаптардың түпнұсқасын жазған Павел деген апостол. Оның жазбасының 27 түрлі ерекшелігін Ионна атап көрсеткен. Діндарлардың көзқарасынша, кітаптың алғашқы түпнұсқасында әрбір әріп жоғарыдан, яғни жаратушы иеден, ал қоспа сөздерді адамдар өз қолдарымен жазды деген тұжырымдамаларды айтады. ІҮ ғасырда «Шіркеу тарихы» деген кітаптың авторы Кесарий кітапқа қосылған Ионна мен Павелдің қоспаларын атап көрсеткен.
Әртүрлі автордың жазғанынан Евангелий қолжазбаларының өзгергені соншалық, бір-бірінен ажырату немесе бір-біріне қабыстыру мүмкін емес. ІІ ғасырда-ақ христиан идеологтары Евангелийдің түпнұсқасын немесе біркелкі мәтінін анықтауға әрекет жасады. Әртүрлі пікірталастан кейін негізгі үш мәтінді қабылдады. Олар Александриялық Гесихия, Кесарийлік Памфила, Антиохийлік Лукиана мәтіндері.
Христиан дінінің пайда болу кезеңі Иса (с.ғ.)-ның туған кезінен, яғни дәуіріміздің бірінші ғасырының басынан деп белгіленеді. Бірақ оның кітабы – Інжіл бірнеше ғасыр бойы жазылып, өңделіп келді.
Дегенмен, христиан діні – адамзат тарихындағы ең ірі діндердің бірі. Ол Рим империясының шығыс бөлігінде пайда болды. Бұл кезеңде терең әлеуметтік күйзеліс империяны жайлаған еді. Күйзеліс дәстүрлі өндіріс, мемлекет, саясат, идея, сенім түрлерін ыдыратып жіберді. Мұндай дағдарысқа құлдар бұқаралық көтеріліспен жауап берді. Көтерілісшілерді басып тастауға Римнің күші жеткілікті еді. Өжеттерді жазалап, қинап, өлтіріп жатты. Ол кездегі Спартак көтерілісі де қанға боялды. Спартак көтерілісінен кейін құлдардың, езілуші таптың бостандықтан үміті үзілді. Ал, құлдардан басқа жер иеленушілер, саудагерлердің жағдайы өзгеше болды.
Рим империясы Жерорта теңізі бойындағы елдерді өзіне бағындырып, нағыз құл иеленуші болып алған. Олардың қасиетті жерлерін талқандады, дәстүр, әдет-ғұрпын, сенімдерін қорлады.
Римдіктер жаулап алған Шығыс халықтарының ескі тайпалық діндері, римдіктердің ұсынған ұлттық діндері халықтың көңіліне жұбаныш әкеле алмады. Сондықтан барлығына түсінікті дін қажеттігі туды.
Христиан діні осындай кезеңде, яғни барлық езуші таптарды біріктіру кезеңінде пайда болған дін. Оның негізгі идеялық негізін қалауда әртүрлі шығыстық діндер және әлемдегі бірқатар философиялық түсініктер әсер етті.
Келешектің жақсылығынан, «көктен келген құтқарушының» шапағатынан үміттенген Рим империясының адамдары оның іздерін иудей миссиясынан, Филоней Погосынан іздеді. Осындай жайлардан Құдай-адам, яғни Исус Христос бейнесіндегі құдай пайда болып, Христостың атымен христиан діні аталды. Бұл діннің негізін салған адам туралы, оның болғаны жайлы пікірталастар, дау-дамайлар осы күнге дейін жалғасып келеді. Өмірде болғанына сенімсіздікпен қараушылар көп.
9.Жаңа тақырыпты бекіту.20 мин (22%)
Бақылау сұрақтары:
1. Христиан діннінің шығуының әлеуметтік мәдени алғы шарттары.
2. Христиан дінінің құндылықтары.
3. Христиан дінінің Еуропа мәдениеті дамуындағы ролі.
4. Христиан дініндегі адамгершілік мәселесі.
5. Католик діні және Рим папасы.
6. Православия діні.Орыс шіркеуі.
7. Протестандықтардың пайда болуы мен ерекшеліктері.
8.Христиан дінінің Еуропа өркениетіндегі орны.
1. Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу.
2. Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру. Христиан,інжіл,Христос.
4. Сабақтың мақсаты: Ғылымды дамытуға және оны басқа елдерге таратуға тікелей әсер еткен араб өркениеті Батыс, Оңтүстік және Солтүстік Арабияда туып, қалыптасты. Арабиядағы қатынас құралы жаңа жазуы бар араб тілі болды. Исламды енгізген Мұхаммед пайғамбардың уағызы бойынша барша қауым осы жаңа дінді мойындай отырып ілгері дамуға, жаңа аймақтарға осы бағыттың артықшылығын түсіндіруге, уағыздауға тиіс болды.
*оқыту: Білімді қалыптастыру (тың мәліметтер беру, білімді қалыптастыру).
*тәрбиелік: Адамгершілік тәрбиесін беру (ұлттық келісім ұғымдарын дұрыс қабылдау).
*дамыту: Танымдық қызығушылықты дамыту.
5. Материалды техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақтар.
7.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)
1. Христиан діннінің шығуының әлеуметтік мәдени алғы шарттары.
2. Христиан дінінің құндылықтары.
3. Христиан дінінің Еуропа мәдениеті дамуындағы ролі.
4. Христиан дініндегі адамгершілік мәселесі.
5. Католик діні және Рим папасы.
6. Православия діні.Орыс шіркеуі.
7. Протестандықтардың пайда болуы мен ерекшеліктері.
8.Христиан дінінің Еуропа өркениетіндегі орны.
8.Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин (44%)
Тақырыбы: Ислам өркениеті.
мақсаты: жаңа тақырып бойынша түсінік беру.
1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі.
1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
1.3. Оқулықпен жұмыс істеу.
1.4. Қорытынды.
Ақпаратты – дидактикалық бөлім.
1. Ислам мәдениетінің шығу тарихы мен таралуы.
2. Құран исламның қасиетті кітабы.Ислам дініндегі ағымдар.
3. Қазіргі ислам өркениетінің әдет ғұрыптары мен бүгінгі ислам.Ислам теориясы мен практикасы.
4. Исламдық көзқараспен жазылған әдеби шығармалар.Исламның діни мәдени салт дәстүрлері.
5. Ислам және өркениет.
Араб өркениеті— ислам дінін ұстанып, араб тілін ғылыми және әдеби тілге айналдырған араб және басқа да халықтар өркениеті. Ғылымда «араб мәдениеті» деген атпен белгілі. Орта ғасырларда Таяу және Орта Шығыста, Солтүстік Африка мен Оңтүстік-Батыс Еуропада өркен жайған. Ғылымды дамытуға және оны басқа елдерге таратуға тікелей әсер еткен араб өркениеті Батыс, Оңтүстік және Солтүстік Арабияда туып, қалыптасты. Бұрын сабей тілінде сөйлейтін Оңтүстік Арабия халқының көне мәдениеті, өзіндік жазуы болған. Сирия, Ливан, Палестина, Ирак елдеріндегі арамей халықтарының мәдениеті сияқты сабей мәдениеті де араб өркениетінің дамуына негіз болды. 4 ғасыр шамасында пайда болған араб жазуы, арамей жазуының дамытылған түрі еді. Шапқыншылық соғыстар нәтижесінде ұлан байтақ империяға – халифатқа айналған Арабиядағы қатынас құралы осы жаңа жазуы бар араб тілі болды. Исламды енгізген Мұхаммед пайғамбардың уағызы бойынша барша қауым осы жаңа дінді мойындай отырып ілгері дамуға, жаңа аймақтарға осы бағыттың артықшылығын түсіндіруге, уағыздауға тиіс болды. Халифат құрамына Шығыс, Солтүстік Африка, Ирак, Ауғанстан, Пиреней түбегінің басым бөлігі, Кавказдың оңтүстігі мен Солтүстік-Батыс Үндістан кірді. Осы жерлердегі халықтардың мәдениетімен қоса көне грек, эллин, рим, үнді мәдениетінің жетістіктерін бойына сіңірген, анағұрлым озық мәдениет жасалды. Оған парсылар, сириялықтар, Орта Азия мен Кавказ халықтары зор үлес қосты. Осылайша қалыптасқан араб мәдениеті Батыс Еуропа халықтарына және дүниежүзілік мәдениетіне игі әсер етіп, оған орасан зор үлес қосты. Арабтардың астрономия саласындағы еңбектері Еуропа астрономиясының негізін қалады. Осы күнге дейін көптеген жүлдыздардың аттары, ғылыми, мәдени терминдер араб тіліндегі атауын сақтап қалған. Араб өркениетінің негізі де, қайнар бастауы да араб философиясы болды. 827 ж. араб ғалымдары меридиан шеңберін өлшеп, жердің көлемін анықтады. Негізін үндіден алып, санаудың ондық жүйесін, оның сәйкесті цифрлары мен нөлді пайдаланудың жолын тапты. Тригонометриялық функцияны (әл-Баттани, 858 – 929) енгізді. 1- және 2-дәрежелі алгебралық теңдеуді шығарудың бірнеше жолын тауып, бүкіл математиканың дамуына жол ашты. Медицина ғылымына, оның ішінде офтальмология саласына айрықша үлес қосты. Соның нәтижесінде геометриялық оптика үлкен жетістіктерге жетті. Медицинаның, онымен тікелей байланысты фармакологияға қажетті химияның дамуына жағдай жасады. Алхимия кең тарады. Қатты денені буға, буды қатты денеге айналдыру, кристалдандыру, сүзу тәсілдері де арабтардан бастау алады. Шығыста пайда болған компас, қағаз, оқ-дәрі, т.б. арабтар арқылы Еуропаға тарады. Осы сан салалы ғылым Орта Азияның ұлы ғалымдары Әбу Әли ибн Сина мен Әбу Райхан Бирунидің араб тіліндегі еңбектерінде одан әрі дамытылды және басқа елдерге танылды. Араб өркениетінің дәуірлеген шағы 8 – 11 ғасырлар болды. Оның көрнекті үлгілері сәулет және бейнелеу өнерінде көрінді. Мешіт, медресе, тұрғын үйлердің жаңа үлгілері жобалық шешімімен, айшықты өрнектерімен, эстетикалық әсемдігімен ерекшеленді. Ислам діні адамдар мен жануарларды бейнелеуге тыйым салды. Меккедегі Қағба ғибадатханасы, Иерусалимдегі 692 ж. салынған әл-Ақса мешіті (1969 ж. Израиль фанатиктері өртеп жіберген), Дамаскідегі Бани-Омейя мешіті (8 ғасыр), тұрмыс-салт тақырыбында әшекейленген Кусейр-Әмре қамалы мен Әмре мешіті (641 ж.). Араб өркениетінің сәулет өнеріндегі озық үлгілеріне жатады. Батыста (Алжир, Испания, Марокко, Тунис) Мавритания өнері аталған сәулет өнерінде тамаша үлгілер туғызды. Оның осы кезге дейін сақталған озық туындысы Гранададағы Альгамбра қамалы. Азиядан тыс жерде араб өрикениеті Египет пен Сирияда өте жоғары дамыды. Әсіресе, Египетте күні бүгінге дейін сақталған ибн Тулун (876 – 879 ж.), әл-Әзхар (970 – 972), әл-Хаким (990 – 1013 ж.) мешіттерінің жобалық үлгісі, әшекей-нақышы, құрылыс бөлшектерін өрнек түрінде пайдалану тапқырлығы қазірге дейін таңқалдырады. Каир қаласындағы осы үш мешітке жұма намазға жиналған бүкіл қала халқы сыйған. Ал 15 ғасырда әл-Әзхар мешітінде ашылған кітапханада араб Шығысының мәдениеті мен тарихына байланысты 60 мыңнан астам кітап пен 15 мыңдай қолжазба сақталған. Бұл кезеңде мешіттермен қатар керуен-сарайлар, моншалар мен тұрғын үйлер салынған. Орта ғасырдағы араб музыкасы Испанияның, Португалияның музыка өнеріне, кейбір Еуропа елдерінің музыка аспаптарының қалыптасуына әсер етті. Бұл кезде арабтардың музыка ғылымы да жақсы дамыды. 11 ғасырдың ақырына таман халифаттың ыдырауы, салжұқтардың жаугершілігі мен крест жорықтарына қарсы күрес, 13 ғасырдағы моңғол шапқыншылығы, 16 ғасырдың басындағы түрік жаугершілігі, 19 – 20 ғасырдағы Еуропа отаршылдығы араб өркениетінің дамуын күрт бөгеді. Бірақ кезінде қатты дамып, жан-жақты қалыптасқан араб өркениетінің Батыс пен Шығысқа еткен әсері өзіндік өшпес ізін қалдырды.
9.Жаңа тақырыпты бекіту.20 мин (22%)
Бақылау сұрақтары:
1. Ислам мәдениетінің шығу тарихы мен таралуын ата.
2. Құран исламның қасиетті кітабы.
3. Ислам дініндегі ағымдар.
4. Қазіргі ислам өркениетінің әдет ғұрыптары мен бүгінгі ислам.
5. Ислам теориясы мен практикасы.
6. Исламдық көзқараспен жазылған әдеби шығармалар.
| араб +
| қазақ
| парсы
| грек
| үнді
~ «Культура» термині ... тілінен алынған.
| латын +
| грек
| орыс
| ағылшын
| араб
~Мәдениеттің қызметтеріне ... жатпайды.
| бұзып-жарушылық қызмет+
| танымдық қызмет
| жалғастық, мұрагерлік қызметі
| адамды қалыптастыру қызметі
| ақпараттық қызмет
~Жаратылыстан тыс қасиеті бар деп танылған жансыз затқа табыну ... деп аталады.
| фетишизм +
| тотемизм
| магия
| шаманизм
| анимизм
~Бүкіл әлем жаратылыстан тыс өмір сүрушы рух пен жанға толы болады деген көне ұғым:
| анимизм +
| тотемизм
| магия
| фетишизм
| шаманизм
~Анимизм, тотемизм ұғымдары ... еңбегінде жақсы талданған.
| Э.Тайлордың +
| Г.Чайллдың
| Ф.Энгельстің
| Лукреций Кардың
| Г.Морганның
~ «Кодекс Куманикус» - қыпшақ тілінің сөздігі ... жазылған.
| 13-14 ғғ.+
| 6-9 ғғ.
| 6-8 ғғ.
| 10-12 ғғ.
| 15-16 ғғ.
~...қазақтардың наным-сенімдерін, әдет-ғұрып, аңыздарын, эпостарын тұңғыш зерттеген ғалым.
| Ш.Уәлиханов +
| С.Сейфуллин
| М.Әуезов
| Ә.Марғұлан
| С.Қасқабасов
~Қазақ Ұлттық Ғылым академиясының бірінші академигі:
| Қ.Сәтпаев +
| А.Жұбанов
| Ә.Марғұлан
| С.Мұқанов
| Қ.Жұмалиев
~Қазақстанның халық суретшісі, қазақ пейзажының жыршысы:
| Ә.Қастеев +
| К.Тельжанов
| М.Кенбаев
| С.Мамбеев
| Н.Таңсықбаев
~ «Диалог» ұғымы ... мәдениеттанулық концепциясының негізінде ғылыми айналымға түсті
| М.Бахтиннің +
| М.Бубердің
| Ф.Розенцвейгтің
| Вл.Соловьевтің
| Э.Муньенің
~ «Мәдениет» ұғымының құрамына енбейтін белгі:
| жұлдызды аспан +
| дін
| өнер
| әдеп
| білім
~Менталитет ұғымы мәдениеттің ... деңгейімен тығыз байланысты.
| ұлттық мәдениет +
| суперөркениет
| субмәдениет
| әлемдік мәдениет
| рухани мәдениет
~ ... дәстүрлік мәдениетті жан-жақты зерттеген ғалым.
| М.Мид +
| К.Маркс
| А.Швейцер
| Э.Фромм
| М.Ганди
~Гуманистік дәстүрдегі күш көрсетпеу этикасы өкілдерінің бірі:
| Л.Толстой +
| А.Сахаров
| И.Кант
| Ф.Ницше
| А.Швейцер
~Мәдениет дегеніміз:
| Мәдениет-адамның өзіндік болмыс тәсілі әрі шығармашылық рухының көрініс табуы +
| мәдениет-құндылықтар жүйесі
| мәдениет-материалдық және руханилықтың қосындысы
| мәдениет дегеніміз салт-дәстүрлер жиынтығы
| мәдениет-рухани мұра
~Мәдениет ... құрылымдық бөліктерінен тұрады.
| материалдық және рухани мәдениет +
| дін, білім, өнер, дүниетаным
| әдептілік,тәртіп,сұлулық.
| жазу-сызу, сәулет өнері, салт-дәстүр
| қалалар, мемлекеттер, халықтар
~ «Цивилизация» ұғымының бастапқы этимологиялық мағынасы:
| азаматтық қоғам +
| ақыл-ой негізінде құрылған қоғам
| мемлекеттік мүдде
| қалалық
| мәдениеттік
~ «Ақпараттық қоғам» терминін ... енгізді.
| Дж.Масула +
| М.Маклюэн
| А.Тоффлер
| Дж.Бенигер
| Д.Белл
~ «Типология» термині ... тілінен енген.
| грек +
| латын
| араб
| орыс
| неміс
~Атақты испан суретшілерінің қатарында ... бар.
| Веласкес +
| Эль Греко
| Гойя
| Пикассо
| Моне
~Мәдениеттер типологиясының тұйық шеңберлік (циклдік) теориясын ұсынған мәдениеттанушылар:
| Д.Вико, Н. Данилевский, О.Шпенглер, А. Тойнби +
| Н. Данилевский, Н.Бердияев
| О.Шпенглер, А.Тойнби, К. Ясперс
| Д.Вико, гердер, Гегель
| Ф.Ницше, А.Шопенгауэр, К.Маркс
~ «Мәдениет және этика» еңбегінің авторы:
| А.Швейцер +
| И.Кант
| Л.Кинг
| А.Сахаров
| Л.Толстой
~Мәдениеттанудың зерттеу пәні:
| мәдениет +
| мәдениет философиясы
| дүниежүзілік мәдениеттер тарихы
| мәтін
| өнер
~ «Белдеулік уақыт» ілімін ... дамытты.
| К,Ясперс +
| А. Тойнби
| Д.Вико
| Н.Бердияев
| О.Шпенглер
~Алғашқы өркениеттер К.Ясперстің пікірі бойынша ... пайда болды.
| Ніл, Қосөзен, Инд, Хуанхе аңғарларында +
| Ежелгі Греция, Римде
| Египет пен Шумерде
| Үнді мен Қытайда
| Орта және Орталық Азияда
~Көне Египет мәдениетіндегі басты құдайға жататындары:
| Ра, Атон +
| Осирис
| Митра
| Заратуштра
| Дингир
~Жазбаша мәдениет тұңғыш ... пайда болды.
| Шумер және Египетте+
| Антикалық мәдениетте
| Египетте
| Үнді мен Қытайда
| Римде
~Шумерлік жазу ... болып табылады.
| сыналық +
| иеоргалифтік
| алфавиттік
| пиктограммалық
| петроглифтік
~ «Гильгамеш туралы ән» ... өркениетке жатады.
| Шумерлік +
| Египеттік
| Үнділік
| Қытайлық
| Скифтік
~Еуропадағы ортағасырлық мәдениетте ... дүниетанымы үстем болды.
| дін +
| өнер
| философия
| мифология
| ғылым
~Ренесанстық мәдени өрлеу Еуропадағы ... елінен басталды.
| Италия +
| Англия
| франция
| Византия
| Германия
~Конфуцийлік құндылықтарға тиесілі емесі:
| новаторлық +
| гуманизм
| рәсімділік
| еңбекқорлық
| үлкенді сыйлау
~ «Экрандық мәдениет» ұғымы ... әлеуметтік құбылысы негізінде пайда болды.
| ғылыми-техникалық, ақпараттық революция және экономикалық тәртіптік +
| өнеркәсіптік революциялық
| ғылыми-техникалық прогрестік
| әдебиет, өнер және ғылымның өркендеуі
| бұқаралық ақпарат құралдарының сапалық өзгерістерінің
~Қазақ мәдениеті ... болмысқа жатады.
| көшпелі +
| батыстық
| шығыстық
| орта Азиялық
| кіндік Азиялық
~Қазақ мәдениетінің еуразииялық бастауы туралы пікірді ... айтты.
| Л.Гумилев +
| Ш.Уәлиханов
| И.Копрал
| Ә.Марғұлан
| Г.Кляшторный
~Қазақ мәдениетінің «архетипіне» ... жатады.
| еуразиялық дала мәдениеті, тәңірлік дін және түрік өркениеті +
| көшпелілер мәдениеті
| ислам діні
| халық ауыз әдебиеті
| зароастризм
~Сақ өркениетінің өнеріндегі басты стиль ... деп аталады.
| жануарлық +
| готика
| романдық
| барокко
| арабески
~Иран өркениетінің басты белгілері:
| Зароастрлік дін, арийлердің қоныс аударуы, сыналық сәулет өнері +
| Тайпалар қозғалысы, арийлердің қоныс аударуы
| Буддалық дін,ирригациялық құрылыстар
| Шумер,Египет, Грек мәдениеттерінен қор жинау
| Көпелі өмір салты
~Ежелгі Үнді өркениетінің «архетиптеріне» ... жатады.
| ведалық әдебиет, буддизм, Харап өркениеті +
| буддалық дін, егіншілік, табиғатты қастерлеу
| зароастризм
| тәңіршілдік
| иудаизм
~Анахарсис ... мәдениетінің ғұлама қайраткері.
| скиф-сақ +
| ғұн
| қазақ
| түрік
| үйсін
~ Ғұндар ... этномәдени топқа жатады.
| прототүріктік +
| үндіеуропалық
| протоалтайлық
| ирандық
| түріктік
~Көне түріктердің тотемі ... болып табылады.
| қасқыр +
| бұғы
| жылқы
| арыстан
| түйе
~Ежелгі түрік тайпаларының арасында ... діни көзқарастар басым болды.
| тәңірлік +
| зароастрлық
| шамандық-бақсылық
| исламдық
| буддистік
~М.Мид классификациясын еске алсақ, көшпелілер ... мәдени типке жатады.
| постфигуративтік +
| конфигуративтік
| предфигуративтік
| ауыспалық
| маргиналдық
~ «Барлық мәдениет түгелдей дерлік алғашқы құштарлықтарды тізгіндеу мен оларға тыйым салудан басталады» деген тұжырымға келген ойшыл:
| З.Фрейд +
| К.Юнг
| Э.Фромм
| Ж.Делез
| Т.Адорно
~ «Сублимация», «либидо» терминдерін ұлы ғалым ... мәдениеттанулық концепциясынан кездестіреміз.
| З.Фрейд +
| А.Тойнби
| Э.Фромм
| К.Юнг
| Б.Малиновский
~Абай өз шығармашылығында ... көп жүгінеді.
| ұлттық рухани мұраға және әлемнің озық мәдениет үлгілеріне +
| қазақ халқының төл мәдениетіне
| орыстың озық мәдениетіне
| шығыстың ұлы мәдени мұраларына
| феодализмге қарсы бағытталған халық ауыз әдебиетіне
~ Қазақ совет мәдениетінің белгілі қайраткерлері:
| Жамбыл, С.Сейфуллин, М.Әуезов+
| Абай, Жамбыл, М.Әуезов
| Ш.Құдайбердиев, М.Дулатов
| Д.Нұрпейісова, Құрманғазы, Дәулеткерей
| Ш.Уәлиханов, Абай, Ы.Алтынсарин
~ «Тотем және табыну» еңбегінің авторы:
| З.Фрейд +
| К.Юнг
| К.Ясперс
| Э.Тайлор
| М.Мид
~Еуропалық алғашқы университеттер ... ғасырларда пайда болды.
| ХІІ-ХІІІ ғғ. +
| Ү-ҮІ ғғ.
| ХҮІ-ХҮІІ ғғ.
| ХІХ-ХХ ғғ.
| ІІ-ІІІ ғғ.
~Көнегрек этикасындағы гедонизмнің негізгі ұғымы:
| ләззат +
| қасірет
| бақыт
| мейірімділік
| рәсім
~Көнегрек этикасындағы эвдемонизимнің орталық категориясы:
| бақыт +
| қасірет
| мейірімділік
| ләззат
| пайда
~Сопылық бағытты Қазақстан территориясында жан-жақты дамытқан ғұлама:
| Қожа Ахмет Яссауи +
| Әл-Фараби
| Ибн-Сина
| Әл-Ғазали
| Ибн-Рушд
~Әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы» атты шығармасындағы «қала» ұғымы төмендегілердің ... сай келеді.
| қала-мемлекет полистеріне +
| мемлекеттегі шаруашылық және мәдени орталыққа
| тап және әлеуметтік топтарға
| ірі тұрғын қоныстарына
| мәдени-әлеуметтік топтарға
~Буддизмнің негізгі ұғымы:
| қасірет +
| бақыт
| мейірімділік
| ләззат
| пайда
~Конфуций ілімндегі орталық ұғым:
| рәсім (ритуал) +
| бақыт
| мейірімділік
| ләззат
| пайда
~Адамгершіліктің алтын заңдылығының тұңғыш авторы:
| Конфуций +
| Сократ
| Платон
| Будда
| Аристотель
~Эллиндік мәдени өмірдің орталығы ... қаласында.
| Александрия +
| Пергам
| Антиохия
| Радос аралы
| Сиракузы
~ ҮІІІ ғасырдан ХІ ғасыр аралығында ... қаласы араб мәдениетінің орталығы болды.
| Басра +
| Дамаск
| Фараб
| Бағдад
| Тараз
~Тұңғыш араб философы, шығыс перепатетизмінің бастаушысы:
| Әл-Кинди +
| Әл-Бируни
| Әл-Фараби
| Әл-Ғазали
| Ибн-Сина
~Конфуций этикасының негізгі ұғымы:
| жэнь +
| дао
| шу
| чжен-Мин
| чжун юн
~Көне Грециядағы зұлымдықтың көзі, мейірімділік туралы білімнің жоқтығында жатыр деп қарастырған ғұлама:
| Сократ +
| Платон
| Диоген
| Демокрит
| Аристотель
~Макиавелизм :
| мораль нормаларын елемейтін саясат атауы+
| мақсатқа жету үшін барлық әдіс-құрал жармды деген көзқарас
| саяси орнықтылықты білдіретін ұғым
| мемлекеттік мүддені қатал көздеу
| адамгершілік нормаларын негізгі құндылық ретінде қарастыру
~Рим мәдениетіне ... мәдениетінің ықпалы зор болды.
| этрускілер +
| лягурлар
| латиндер
| сабиндер
| самниттер
~Көне Рим шешені және грек философиясының таратушы – жаршысы ... болған.
| Цицерон +
| Квинтилион
| Антоний
| Катон
| Цезарь
~Рим мәдениетінің бастауы ... жатыр.
| Этрусктерде +
| Гректерде
| Криттерде
| Вавилонда
| Египетте
~ ... Римдік шешен риторы.
| Цицерон +
| Ювенал
| Вергилий
| Овинидий
| Гораций
~Рим архитектурасының ең атақтысы:
| Коллизей +
| Траянның форумы, колоннасы
| Каракалла термдері
| Максенцийдің базиликасы
| Пантеон-тәңірлер храмы
~Орта ғасырлар мәдениетіндегі басым дамыған өнер түрі:
| сәулет өнері +
| әдебиет
| мүсін
| көркемсурет
| музыка
~ Қайта өрлеу дәуірінде ... үстем болды.
| көркем сурет +
| сәулет өнері
| фреска
| мүсін өнері
| әдебиет
~Жоғары қайта өрлеу мәдениетінің көрнекті өкілдері:
| Микеланджело, Рафаэль, Леонардо да Винчи+
| Альберти, Петрарка, Донателло
| Рафаель, Джарджоне, Тициан
| Леонардо, Альберти, Мазаччо
| Тициан, Ботичелли, Франческа
~ ... Ватикан сарайындағы атақты Сикст капелласының қабырғасы мен шаңырағын безендіруші.
| Микеланджело +
| Джорджоне
| Веронезе
| Тициан
| Брамантс
~Ежелгі Греция мәдениетінің үш ұлы трагигі:
| Софокл, Эсхил, Еврипид +
| Гомер, Софокл, Еврипид
| Геродот, Вергилий, Тацит
| Плутарх, Гомер, Гераклит
| Лукреций, Аристотель, Сократ
~Римнің үш даңқты ақыны:
| Вергилий, Гораций, Овидий +
| Ювенал, Сенека, Тацит
| Овидий, Тацит, Марциал
| Гораций, Ливий, Кассий
| Плутарх, Гораций, Нерон
~Суретші Рафаэль Сантидің ең атақты шығармасы:
| Сикст құдай-анасы +
| Құдай ана Конестабиле
| Көк оранған Құдай-ана
| Орындықта отырған құдай - ана
| Гүл ұстаған құдай –ана
~Грек мәдениетіндегі алғашқы қауымдық қарым-қатынастардың толық ыдыраған кезеңі:
| гомерлік +
| архаикалық
| классикалвқ
| ахейлік
| элладалық
~Көнегрек ақындарынан ... трагедияның атасы болып есептеледі.
| Эсхил +
| Софокл
| Еврипид
| Аристофон
| Менандр
~Көнегрек тіліндегі «этос» ұғымының этимологиялық мәні:
| мекен, ұя, үңгір +
| дәстүр
| әдет-ғұрып
| рәсім
| адамгершілік
~ «Аң стилі» Қазақстан территориясын мекендеген .... тайпасының өнері.
| сақ +
| массагет
| үйсіндер
| оғыз-қыпшақтар
| ғұндар
~Қазақтың ұлттық өнеріне еңбек сіңірген алғашқы композитор:
| Е.Брусиловский +
| А.Жұбанов
| М.Төлебаев
| Л.Хамиди
| С.Мұхаметжанов
~Қазақтардың ата тегі түріктердің наным-сенімдеріндегі басты құдай:
| көк тәңірі +
| күн
| от
| жер
| ұмай
~Революцияға дейінгі қазақ халқының музыка мәдениетін терең зерттеген ғалым:
| А.Затаевич +
| Г.Потанин
| А.Эйхторн
| С.Рыбаков
| А.Кастантье
~ ... Музыканың «Ұлы кітабын» жазған.
| Әл-Фараби +
| Дәруіш Әли
| Абуали Ибн-Сина
| Каукаби Эль-Бухари
| Кутыб-Эдин аш-Ширази
~Мәдениеттанудағы символистік бағыттың өкілі:
| Э.Кассирер +
| М.Вебер
| К.Ясперс
| А.Тойнби
| О.Шпенглер
~Еуропалық дәстүрде мәдениетке қарсы қойылған ұғым:
| натура +
| тағылық
| варварлық
| өркениет
| надандық
~Адамның басқа тіршілік иелерінен негізгі айырмашылығы:
| мәдениеттілігінде +
| еңбегінде
| жанында
| әрекетінде
| сезімінде
~Б.э.д. ІІІ-ІІ ғғ. Гүлденудің жоғары шегіне жеткен Хараппа және Мохенджо-Даро мәдениеті ... елінің жәдігері.
| Үндістан +
| Урарту
| Шумер-Вавилон
| Иран
| Ассирия
~ «Ортағасырлардың ақырғы, ренесанстың бірінші ақыны» ...
| Данте +
| Вергилий
| Петрарка
| Лукреций
| Шекспир
~Тұңғыш еуропалық гуманист:
| Петрарка +
| Пико Де Ла Мирандола
| Рафаэль
| Леонардо да Винчи
| Тициан
~Тұңғыш энциклопедияны құрастырушы:
| Д.Дидро +
| Р.Декарт
| Т.Гоббс
| Ф.Бэкон
| Ж.-Ж. Руссо
~Қазақ тілі мен әдебиеттану ғылымының бастауында көрнекті ғалым, лингвист,ағартушы, «Қазақ» газетінің редакторы:
| А.Байтұрсынов +
| М.Дулатов
| М.Жұмабаев
| Ж.Аймауытов
| С.Асфендияров
~Мәдениетті құндылық теориясы тұрғысынан түсіндірген ғалым:
| Н.Чанчавадзе +
| М.Каган
| Э.Маркарян
| В.Межуев
| Н.Злобин
~Жаңа заман мәдениетін теориялық негіздеген философ:
| Ф.Бэкон +
| Б.Спиноза
| И.Кант
| К.Маркс
| Р.Бэкон
~Еуропалық Жаңа Заман мәдениетінің алғашқы сатысы:
| реформация +
| ағартушылық
| романтизм
| империялық бөлініс
| алғашқы қор жинау
~Реформация дәуірінің басты тұлғаларының бірі:
| М.Лютер +
| Ф.Бэкон
| Б.Спиноза
| Людовик ХІІ
| Д.Дидро
~Антикалық мәдениетте – театр, ренесанста – живопись, жаңа заманда ...болды.
| поэзия +
| сәулет
| мүсіндеу өнері
| проза
| кино
~Еуропалық адамның ойлау стилі ... сай келеді.
| рационалдыққа +
| ирроционалдыққа
| тылсымдыққа
| сезімдікке
| белсенділікке
~Қазіргі Батыс мәдениетінің ақпараттық негізі ... болып табылады
| экрандық мәдениет +
| кітап мәдениеті
| демографиялық жарылыс
| азаматтық қоға
| нарықтық экономика
~Швейцариялық реформацияның басты тұлғасы:
| Ж.Кальвин +
| М.Лютер
| Ян Гус
| Э. Роттердамский
| Вольтер
~Еуропалық Жаңа Заман мәдениетінің әдеп негізі ...
| протестанттық этика +
| үнемділік
| утилитаристік этика
| гуманизм
| прагматизм
~ Вестернизация дегеніміз:
| батыстандыру +
| мәдени сұхбат
| азаматтық қоғам
| мәдени қозғалыс
| мәдени аймақ
~Орыс мәдениетінің архетипі:
| Византия +
| Антика
| Рим
| Скиф-сақ
| Киев Русі
~Ежелгі орыс мәдениеті ... мәдени ықпал аймағында болды.
| Византия +
| Антикалық грек-рим
| Скандинавия
| Көшпелілер
| Батыс Еуропа
~Славянофилдердің өкілі:
| А.Хомяков +
| А.Герцен
| П.Огарев
| П.Чаадаев
| Н.Данилевский
~Ресей өркениетінің массиандық идеясы:
| Москва – ІІ Рим +
| Славяндық бірлік
| Славянофильдік
| соборлық
| Құдайлылық
~Номадалық өркениеттердің өрістеген аймағы:
| Еуразиялық дала +
| Иран
| Туран
| Ордос
| Алтай
~ Ғұндар ... тілдік топқа жатады.
| прототүріктік +
| монғолдар
| түріктік
| славян
| қытай
~ «Зар заман» мәдениеті ... ғасырда көрініс тапты.
| 18-19 ғғ. +
| 17ғ.
| 16ғ.
| 14ғ.
| 12ғ.
~Киев Русі .... ғасырда христиан дінін қабылдады.
| 10 +
| 11
| 9
| 8
| 7
~Орыс мәдениетінің «алтын ғасыры» ... болып табылады.
| 19 ғ.+
| 20 ғ.
| 18ғ.
| 17ғ.
| 16ғ.
~Орыс мәдениетінің «күміс ғасыры»:
| 19 ғ. соңы – 20 ғ. басы +
| 15ғ.
| 16ғ.
| 18ғ.
| 19ғ.
~ «Орхон-Енисей» жазбалары .... тілінде жазылған.
| түрік +
| соғды
| қыпшақ
| ғұн
| қазақ
~ «Еуразия ритмдері» («Ритмы Еуразии») еңбегінің авторы:
| Л.Гумилев +
| М.Бахтин
| И.Герлер
| А.Тойнби
| К.Ясперс
~ «Тарихтың мағынасы мен міндеттері («Смысл и значение культуры») еңбегінің авторы:
| К.Ясперс +
| А.Тойнби
| О.Шпенглер
| М.Бахтин
| Л.Гумилев
~ «Еуропаның ақыры» («Закат Еуропы») еңбегінің авторы:
| О.Шпенглер +
| А.Тойнби
| Н.Данилевский
| К.Ясперс
| К.Маркс
~О.Шпенглер ... тарихи-мәдени типтерді атап өткен.
| 8 +
| 21
| 10
| 13
| 9
~ХХ ғғ. Жазу мәдениетінен ... мәдениетіне ауысты.
| экрандық +
| кітаби
| ауызша
| бұқаралық
| теледидарлық
~Көне архаикалық адамның дүниетанымына барынша тиесілі нәрсе:
| миф +
| философия
| өнер
| дәстүр
| дін
~Сиқыр сөзінің баламасы болып табылатын ежелгі наным-сенім түрі:
| магия +
| фетишизм
| анимизм
| тотемизм
| генотеизм
~Ілкі текті қастерлейтін ежелгі наным:
| генотеизм +
| магия
| фетишизм
| анимизм
| тотемизм
~ «Тарихты игеру» ізденісінің авторы:
| А.Тойнби +
| Э.Тайлор
| Н. Данилевский
| П.Сорокин
| К.Ясперс
~ «Алғашқы қауымдық мәдениет» еңбегінің авторы:
| Э.Тайлор +
| Н. Данилевский
| П.Сорокин
| К.Ясперс
| А.Тойнби
~ К.Ясперс ілімі бойынша алғашқы өркениеттер ... пайда болды.
| өзен аңғарларында +
| теңіз жағасында
| оазистерде
| аралдарда
| тау етектерінде
~ С.Хантингтонның «Өркениеттер қақтығысы» концепциясындағы қазіргі замандағы өркениеттер арасындағы көшбастаушы өркениеті ... болып табылады.
| батыс +
| конфуциандық
| жапондық
| исламдық
| православиелік-славяндық
~ Қосөзен (Месопатамия) өркениеттерінің техникалық негізі:
| ирригация +
| металлургия
| егіншілік
| сауда
| кеме жасау
~Шумер өркениетін ... этникалық тобы ығыстырды.
| аккадтықтар+
| вавилон
| ассирия
| египет
| парсы
~ Алфавит ... мәдениетінде қалыптасты.
| Финикия +
| Шумер
| Египет
| Вавилон
| Иран
~ Күнтізбе христиандар үшін – Христос туған күннен, мұсылмандар үшін - ...
| Хиджра +
| Калачакра
| Будданың нирванасынан
| Калавада
| Ахменид династиясының орныққан күнінен
~ «Пансексуализм» деген айдарды төмендегі ғалымдардың қайсысының концепциясына қатысты айту орынды:
| З.Фрейд +
| К.Юнг
| Э.Фром
| Б.Малиновский
| К.Ясперс
~ Кеңес дәуірінің мәдениеттанушысы, атақты «Франсуа Рабле және ортағасырлық халықтық күлкі мәдениеті» шығармасының авторы:
| М.Бахтин +
| А.Гуревич
| С.Аверинцев
| С.Библер
| Н.Сакулин
~Қазақтың апта күндерінің атаулары ... тілінен алынған.
| Парсы +
| Араб
| Үнді
| Өзбек
| Тәжік
~ ... «өркениеттер арасындағы бөлініс шебі-болашақ майдан шебі» деген.
| С.Хантингтон +
| Ф.Фукулма
| О.Шпенглер
| А.Тойнби
| М.Бахтин
~Египеттік жазудың аталуы:
| иероглиф +
| пиктограмма
| сыналық жазу
| алфавит
| таңбалық
~ Қазақтарда «обал» түсінігінің қарама-қарсы ұғымы:
| ысырап +
| сауап
| дауа
| шипа
| зауал
~ Көшпелілердің қысқы тұрағы ... деп аталады.
| қыстау +
| жайлау
| күзеу
| көктеу
| қашар
~ Қытай тіліндегі «тянь» ұғымы ... дегенді білдіреді.
| аспан +
| мәдениет
| елбасы
| қоғам
| тәртіп
~Қытай және түрік мәдениетін жан-жақты зерттеген ғалым:
| Л.Гумилев +
| А.Тойнби
| Ш.Уәлиханов
| Ә.Марғұлан
| Н.Семенов-Тяньшаньский
~ Инь және янь ұғымдары ... білдіреді.
| әйелдік және еркектік бастаманы +
| табиғи циклдерді
| ғарыштық үйлесілімдікті
| тәрбиелік принципін
| буддизм ұғымдарын
~ Арийлерге дейінгі ежелгі өркениет ... болды.
| хараппа +
| маурий
| гупти
| кушан
| элам
~ Эдип туралы трагедияның авторы:
| Эсхил +
| Еврипид
| Софокл
| Вергилий
| Аристофан
~ Атақты грек комедиантын көрсетіңіз:
| Аристофан +
| Вергилий
| Еврипид
| Софокл
| Эсхил
~ Көне Грекия мәдениетінде қалыптасқан «калокогатия» ұғымы ... білдіреді.
| ізгі сұлулықты +
| сұлулықты
| білімді
| махаббатты
| ізгілікті
~Римде аса өркендеп дамыған мәдени сала:
| құқық +
| дін
| өнер
| саясат
| философия
~Пайымдаушы, байсалды мәдени тұлғаның рәмізі (Ф.Ницшенің мәдениеттанулық концепциясы бойынша):
| Аппалон +
| Афродита
| Дионисий
| Зевс
| Прометей
~ Әзіл-күлкі,ойын-той, мереке-сауық мәдениетінің рәмізі(Ф.Ницшенің мәдениеттанулық концепциясы бойынша):
| Дионисий +
| Афродита
| Апполон
| Зевс
| Прометей
~Орта ғасырлардағы үстемдік еткен қоғамдық сананың формасы:
| дін +
| саяси сана
| философия
| миф
| құқық
~ Ортағасырлық бұқаралық мәдениеттің аталуы:
| карнавалдық-әзілдік +
| шіркеулік
| халықтық
| рыцарлық
| схоластикалық
~ Византия өркениетінің діни тірегі:
| православиелік дін +
| католиктік дін
| христиандық дін
| ислам
| несториандық бағыт
~ «Катарсис» ұғымы ... білдіреді.
| жанның қасірет арқылы тазаруын +
| ойын-сауықты
| төзімділікті
| ләззатты
| бақытты
~ Гуманизм дегеніміз:
| адамсүйгіштік +
| танымал
| мәдениеттілік
| адамгершілік
| әдептілік
~ Грек тіліндегі «этнос» сөзі ... білдіреді.
| халықты +
| елді
| жұртты
| ұлтты
| мемлекетті
~Мәдени сұхбат идеясына жатпайтын терминді көрсет:
| европоцентризм +
| мәдени плюрализм
| мәдени байланыс
| мәдени қарым-қатынас
| мәдени мозайка
~ Мәдениеттің функционалдық теориясының авторы:
| Б.Малиновский +
| К.Маркс
| А.Тойнби
| Н.Данилевский
| З.Фрейд
~Мәдениеттану пәні жоғары оқу орындарының оқу жоспарына ... енгізілді.
| 1990 жылы +
| 1917 жылы
| 20 ғ. басында
| 2000 жылы
| 80-ші жылдардың екінші жартысында
~Адамды «хайуан мадани» - мәдениетті жан деген ойшыл:
| Әл-Фараби +
| Әл-Кинди
| Қожа Ахмет Яссауи
| Абай
| Махмұт Қашғари
~Мәдениеттанудың теориялық негізі:
| мәдениет философиясы +
| философия тарихы
| қоғамтану
| тарихи материализм
| философиялық антропология
~ ... алғаш рет адамды «саяси жануар» ретінде анықтады.
| Аристотель +
| Гераклит
| Платон
| Демокрит
| Эпикур
~ «Қайырымды қала» идеясын ... ұсынды.
| Әл-Фараби +
| Конфуций
| Ибн-Сина
| Платон
| Әл-Кинди
~ Көне Грецияның атақты шешені:
| Горгий +
| Демосфен
| Лисий
| Исократ
| Фемистокл