қарапайым тесттің әрбір сұрағына дұрыс жауап беруі
1
Күрделі екі дұрыс жауабы бар тесттің әрбір сұрағына дұрыс жауап беруі
2
Күрделі үш дұрыс жауабы бар тесттің әрбір сұрағына дұрыс жауап беруі
3
Семинар сабағы
Практикалық (семинар) сабақтарда орындалатын оқытушының таратқан сабақ соңына дейін жауап беруге арналған бақылау сұрақтары мен қоса қағидалық кестелер мен бағдарламалары және т.б. жатады.
Семинар сабақтарының басты мақсаты – білім алушыларға зерттелетін саланың ерекшеліктеріне сәйкес теориялық білімді қолданудың іскерлігі мен дағдыларын меңгеру мүмкіндігін беру. Оқытушы семинар барысында білімді қайталау және бекіту, бақылау, педагогикалық қарым-қатынас орнату сияқты міндеттерді шешеді.
Кез-келген семинар сабағына мынадай ерекшеліктер тән:
білім алушының семинарға даярлық кезінде оқу проблемаларын өз бетімен шеше алу жолдарын іздестіруі;
сұрақты өз бетімен меңгеру мүмкіндігі;
сұрақтар мен проблемаларды қарастырудағы жеке жұмыстар; педагогтың бағыт берушілік, түзетушілік көмегі.
Семинар сабағын өткізудің тиімділігінің негізгі шарттары:
дәріс курсы мен семинар сабағының бірізділікте болуы;
семинар сабағының жоспарының болуы;
білім алушының белгілі бір тақырыпты терең игеруіне қатысты кеңес беру үшін оқытушының әдебиеттерді ұсынуы;
семинар сабағында студенттер жұмысына қатаң бақылау жасау;
уақытты орынды пайдалану;
білім алушының жауабын толықтырып, әр сұрақтан кейін қорытындылап отыру.
Семинар сабағын бағалау критерийі
Критерий
Дескрипторлар
балл
семинар сабағына белсенділігі – 10 балл
сұрақтардың барлығына дұрыс жауап береді
2
тақырыптарды меңгеруде білімін, біліктілігін толық көрсетеді