Қазақстан тарихы «Өзгеріс пен сабақтастық» концептісінің негізінде құрастырылған қысқа мерзімді жоспарлар жинағы Негізгі мектеп Назарбаев Зияткерлік мектептері Нұр-Сұлтан, 2019 ӘОЖ


Қосымша 2  Халықтың халық болып қалыптасуы үшін қажетті шарттар



Pdf көрінісі
бет56/123
Дата13.07.2022
өлшемі1,57 Mb.
#37636
түріСабақ
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   123
Байланысты:
аза стан тарихы « згеріс пен саба тасты » концептісіні негізін

Қосымша 2 
Халықтың халық болып қалыптасуы үшін қажетті шарттар 
1. Халықтың өзіне тән мәдениетінің қалыптасуы; 
2. Халық мекендеген аумағының қалыптасуы; 
3. Өзін бір халықтың өкілі санайтын елдік, халықтық сананың орнығуы; 
4. Халықтың тілінің қалыптасуы; 
5. Халықтың ортақ атауының қалыптасуы
6. Халықтың өзіне тән антропологиялық бет пішінінің қалыптасуы. 
Қосымша 3 
Бейнематериалмен жұмыс 
https://www.youtube.com/watch?v=Oo6w1AK6x7w 4 минут 44 секунд 
Қосымша 4 
О.Смағұловтың пікірінше, сақ, сармат, үйсін тайпаларының келбеті андрондықтарға 
ұқсас болған. Шығыстан келген ғұн тайпаларының жергілікті тайпалармен араласуының 
нәтижесінде моңғолоидтық белгілер қалыптасты.
Ғалымдар қазақ халқының қалыптасуын түрік этногенезінің басталуына жатқызады. 
Түркі кезеңіндегі шаруашылық-мәдени өмір кейін түркі халықтарының көбіне тән болды. 
Қазақстан жерін мекендеген түркі тайпалары моңғол шапқыншылығы қарсаңында біртұтас 
халық болып қалыптасуға даяр еді. Оған қимақ-қыпшақ конфедерациясы мысал болады. 
Олардың Алтайдан Еділге дейін алып жатқан территориясын парсы ақыны, саяхатшы 
Насир Хосроу «Қыпшақ даласы» деп атаған. Алайда моңғол шапқыншылығы бұл жердегі 
тайпалардың басқару жүйесіне және де шаруашылық жағдайына, әдет-дәстүрге өзгеріс 
әкелді. Жергілікті ру-тайпаларда моңғолоидтық тұрпат күшейе түсті. Моңғолдардың 
жаулап алу саясаты этникалық құрамға біршама өзгеріс жасады. Қазақстан территориясы 
әртүрлі этникалық топтардың қоныстану аренасына айналды. Моңғолдар түркіленіп, 
Шыңғыс тұқымдарының өзі түрік тілінде сөйлеп, моңғолдық негізден ажырады. Қазақ 
халқының халық болып қалыптасу үдерісі моңғол шапқыншылығына байланысты бірнеше 
ғасырға кешеуілдеді.
Этносаяси қауымдастық деп белгілі бір тарихи аймақта құрылған хандықтың 
тұрғындарын. Қазақ халқының этникалық жағынан қалыптасуында Ақ Орда тайпалары 
басты рөл атқарды. Себебі мұнда қыпшақ тайпалары басым болды. Жазба деректерде 
Моғолстанның халқы моғолдар деп жиі айтылады. Үйсіндер деген атау уақытша аталмай 
қалады. Қазақ хандығы құрыла бастағанда үйсіндердің атауы қайта тарих сахнасына шыға 
бастайды. XV ғасырдың бірінші жартысында Қазақстанда өмір сүрген хандықтардың 
этникалық құрамы бір-біріне ұқсас болған. Олар «92 баулы өзбектер» шежіресі бойынша 92 
тайпадан тұрған. Рузбихан өзбектерге басты үш халық жататынын жазған: 1. Шайбанилер – 


Түркіленген моңғол тұқымдары. 2. Қазақтар – Қыпшақ, тағы басқа қазақ тайпалары. 3. 
Маңғыттар – Қарақалпақтар мен ноғайлар. XIV-XV ғасырларда қазақ жеріндегі ру-тайпалар 
әр түрлі хандықтың құрамында болғанына қарамастан түрік (қыпшақ) тілінде сөйледі. XV 
ғасырдың басында хандық өкіметтердің ішінде саяси бытыраңқылық күшейді. Ру-тайпалар 
басқа хандықтарға ауа көшті. Көшудегі басты мақсат – барған жерлеріндегі ру- 
тайпалармен бірігу, тыныштықта өмір сүру. Қазақтың халық болып қалыптасуын 
жеделдеткен басты себеп – екі этникалық топтың бірігуі. Олар:
- Орталық, Солтүстік, Оңтүстік Қазақстандағы қыпшақ тайпалар одағы.
- Оңтүстік Шығыс Қазақстандағы үйсін тайпалар одағы. Жәнібек пен Керей 
хандармен бірігіп көшкен ру-тайпалар алғашқы кезде «өзбек-қазақтар» деп аталды. 
Ал, Алаш – орта ғасырлық және одан ерте кезеңдегі деректерде қазақтың өз алдына ел 
болып хандық құрғанға дейінгі ежелгі тайпаларының ортақ атауы. Алаш аты тарихта 
кездесетін ең көне атаулардың қатарына жатады. Моңғол-татар-қазақ шежірелерінде Алаш 
(Алашы) хан туралы айтылады.
Қазақ атауының шығу төркіні жөнінде алуан түрлі ғылыми болжамдар мен 
көзқарастар бар. Бірақ әлі де нақтылы, толық дәлелденген пікір айтыла қойған жоқ. Шығыс 
Дешті Қыпшаққа орта ғасырлық және одан ерте кезеңдегі деректерде қазақтың өз алдына ел 
болып хандық құрғанға дейінгі ежелгі тайпаларының ортақ атауы. Алаш аты тарихта 
кездесетін ең көне атаулардың қатарына жатады. Моңғол-татар-қазақ шежірелерінде Алаш 
(Алашы) хан туралы айтылады. «Қазақ» атауы ІХ-Х ғасырларға әлеуметтік мағынада 
қолданылса, ал ХІ-ХІІ ғасырларда осы аттас этникалық әлеуметтік топтардың болғандығы 
байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет