Қазақстан тарихы «Өзгеріс пен сабақтастық» концептісінің негізінде құрастырылған қысқа мерзімді жоспарлар жинағы Негізгі мектеп Назарбаев Зияткерлік мектептері Нұр-Сұлтан, 2019 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет93/123
Дата13.07.2022
өлшемі1,57 Mb.
#37636
түріСабақ
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   123
Байланысты:
аза стан тарихы « згеріс пен саба тасты » концептісіні негізін

 
Қосымша 2. 
Д/Ж 2-тапсырма. Орал мен Торғайдағы көтеріліс барысы туралы мәтінді және 
картаны қолданып, контурлы картада белгіле. 
 
Дескрипторлары: 
• 
Көтеріліс өткен аумақтарды, шайқас орындарын түрлі түсті бояумен ұсынылған 
шартты белгілерді салып белгілейді
• 
Көтерілісшілер мен жазалаушы отрядтардың қозғалыс бағыттарын белгілеп көрсетеді;
• 
Әскер саны, көтеріліс жетекшілерінің аттарын жазады.
Патша үкіметі «Уақытша ережені» қабылдағаннан кейін «түтін салығы» күрт артты. 
Бұл жергілікті қазақтардың наразылығын тудырды. Халық толқуы 1868 жылдың аяғына 
қарай қарулы қарсылыққа ұласты. Көтерілісті басу үшін үкімет 1869 жылдың көктемінде 
Орынбордан Жем ауданына құрамына екі жүз казак тартылған жазалаушы жасақтар 
жіберді. Мамыр айының соңында жазалаушылар саны 1700-ге жетті және оларда 
зеңбіректер де болды. Қанды қақтығыстар орын алды.
Орал облысында басталған көтеріліс бірте-бірте Торғай облысын да қамтыды. 
Көтерілістің басында ірі рубасылары жүрді. Олар басқарудың жаңа ережелерін енгізуге, 
Ресей шенеуіктерінің озбырлығына қарсы шықты. Сонымен қатар көтеріліс жергілікті 
билеушілерге де қарсы бағытталды. Жаңа ережені қабылдауға келісім берген үстем тап 
өкілдерінің ауылына 40-тан астам шабуыл жасалынды. Көтерілістің кеңінен етек жаюы 
патшалық Ресей әкімшілігінің үрейін ұшырды. Петербургтан, Мәскеуден, Қазаннан 5 
мыңға жуық солдаты бар жазалаушы әскер жіберілді. Орал облысында полковник Рукин 
мен Веревкин бастаған жазалаушы отрядтар көтерілісшілерді аса қатыгездікпен жазалады. 
Көтеріліс 1868 жылдың желтоқсанынан 1869 жылдың қазан айына дейін жалғасты. 
1870 жылы наурызда Маңғыстау приставы подполковник Рукин дала тұрғындарымен 
санаспай, «Уақытша ереже» талабы бойынша шаңырақ алымын бірден енгізе бастады. 
Жергілікті халық оның бұл талабынан бас тартты. Адай руының жайлауға көшуіне кедергі 
келтірген Рукиннің іс-әрекеті көтерілістің басталуына түрткі болды. Көтеріліс жетекшілері 
Иса Тіленбайұлы мен Досан Тәжіұлы қалың бұқараны басқаруда ерекше шеберлік танытып, 
халықты соңынан ерте білді.
Наурыз айында Рукин жасағымен көтерілісшілер қоршауында қалып, қаза табады. 
Үйретілген тұрақты әскер бөлімімен қақтығыста нашар қаруланған көшпелілердің жеңіске 
жетуі халықтың күш-жігерін нығайтып, сенімін күшейтті. Көтеріліске балық аулайтын 
кәсіпшіліктердің жұмысшылары да қосылды. Ұлт-азаттық қозғалыс Маңғыстау аймағын 
түгел қамтыды. Сәуір айында Александровск форты мен Николаев станицасына шабуыл 
жасаған көтерілісшілер форттың маягін талқандап, Нижнее бекінісін қиратты. Қайықтарды 
тартып алды. Көтерілісшілер саны 10 мыңға жетті. 
Дерек көзі: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет