Қазақстан тарихы «Өзгеріс пен сабақтастық» концептісінің негізінде құрастырылған қысқа мерзімді жоспарлар жинағы Негізгі мектеп Назарбаев Зияткерлік мектептері Нұр-Сұлтан, 2019 ӘОЖ


солдат және шаруа депутаттарының Кеңесі билігі қос өкімет орнады



Pdf көрінісі
бет111/123
Дата13.07.2022
өлшемі1,57 Mb.
#37636
түріСабақ
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   123
солдат және шаруа депутаттарының Кеңесі билігі қос өкімет орнады. 1917 жылдың 
наурыз айының алғашқы күндерінен бастап Қазақстанда, әсіресе қалалар мен темір жол 
станцияларында социал-демократтар үлкен рөл атқарған жұмысшылар мен солдаттар 
Кеңестері құрыла бастады. Наурыз-сәуір айларында 25 Кеңес құрылса, оның 9-ы 
жұмысшы депутаттарының, 9-ы шаруа және 7-еуі солдат депутаттарының Кеңесі еді. 
Ірі қалаларда қос өкімет орнап, саяси биліктің әр түрлі формалары: Уақытша үкіметтің 
органдарынан бастап жергілікті өзін-өзі басқарудың ұйымдарына дейін болды, далалық 
аймақтар «Алашорда» және «Қоқан» (Түркістан) автономиясы билігін қолдады.
Революция нәтижесінде Ресейде Уақытша үкіметтің құрылуы жөніндегі хабарды 
қазақ демократиялық қоғамы қуанышпен қарсы алды. Елдің алдында бұрыннан өзекті 
болып табылған үш мәселені – аграрлық, ұлттық және республика түріндегі жаңа саяси 
жүйені қалыптастыру мәселесі тұрды. 
Ұлт зиялылары ақпан революциясына үлкен үміт артты. Ә.Бөкейханов, 
А.Кенжин, Ж.Сейдалин, М.Дулатов, Н.Құрбанғалиев, М.Боштаев Петроградта өткен 
мұсылмандар кеңесіне қатысып, мұсылмандар ұйымын үйлестіретін орталық мұсылман 
бюросын құру және Бүкілодақтық мұсылмандар съезін шақыру қажеттігін қолдады.
1917 жылы мамырдан бастап Уақытша үкіметтің жергілікті органдары ауылдар 
мен селоларда құрылды. Қазақ халқының өкілдерінен Уақытша үкіметтің 
комиссарлары болып: Торғай облысында – Әлихан Бөкейханов, Жетісуда – 
Мұхамеджан Тынышбаев, Түркістанда – Мұстафа Шоқай тағайындалды. Уақытша 
үкімет реквизицияланған адамдарды тыл жұмыстарыннан босатып, Отанына қайтарды. 
1916 жылғы оқиғаларға қатысушылырға кешірім жарияланып, ақшалай өтемақы 
енгізілді. Бірақ аграрлық мәселе шешілген жоқ. Самодержавие кезеңінде қазақтардан 
тартып алынған жерлер қайтарылған жоқ.
Ұлт зиялыларының бастауымен жер-жерлерде қазақ және мұсылман комитеттері 
құрылып, съездер өткізу арқылы алда қолға алынатын жұмыстарды талқылай бастады. 
Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария, Орал, Бөкей Ордасында өткен облыстық 
қазақ съездерінде қазақ қоғамында өзекті саналатын мәселелерді жалпыұлттық 
деңгейге көтеріп, нақты талап-тілектерін ұсынды. Бұл съездердің барлығы да Уақытша 
үкіметтен үлкен үміт күтіп, сенім артты.
Барлық съездерде қаралған бұрыннан келе жатқан қазақтың ең өзекті дін, жер, 
земство, оқу, сот және тағы басқа мәселелері болса да, ең негізгісі, өзін-өзін басқару 
үшін ұлттық автономияға қол жеткізу, Құрылтай жиналысына даярлық жасау еді. Қазақ 
зиялылары Уакытша үкімет көтерген «Барлық билік Құрылтай жиналысына берілсін!» 
ұранын жақтады. Съездер өте салысымен Құрылтай жиналысына даярлық барысы 
қолға алынып, сайлау тәртібі мен әр облыстан оған лайықталған кандидаттардың тізімі 
«Қазақ», «Сарыарқа», «Бірлік туы» және басқа басылымдарға жариялана бастады. 
Құрылтай жиналысына депутат сайлау халық арасында саяси белсенділікті арттыра 
түсті. 
Қазақ азаматтары жаңа үкіметтен патшаның 25 маусымдағы «бұратана» 
халықтардан қара жұмысқа алу жөніндегі жарлығына қарсы шығып, үкіметтің 
абақтысында азап шегіп жатқандарды босату және 1916 жылғы көтеріліс кезінде басқа 
елдерге қашып немесе босып кеткендерді, қара жұмысқа алынғандарды еліне қайтару 
мәселесін талап етті. Уақытша үкімет қазақ халқының 1916 жылы көтеріліске шығуы 
өзін-өзі қорғауға қатысты екендігін мойындады және көтерілісті басып-жаншыған 
жазалау экспедицияларының әрекеттерін тоқтатып, көтерілісті ұйымдастырғандарға 
және белсенді қатысқандарға кешірім жасады. Қара жұмысқа алынғандарды қайтару 
ісіне де қолдау көрсетті. Бұл қазақ халқы үшін ірі жеңіс еді. Е.Омаров, М.Есболов 
сияқты азаматтар майдандағы қазақ жігіттерін қайтару ісінің басы-қасында болып, 
адасып кеткен немесе қайта алмай темір жол бойында жүргендердің тізімін жасап, 
оларды эшелонға отырғызу және жеткізу қамына кірісті. Сонымен қатар, Әлихан 


Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов бастаған ұлт зиялылары 25 маусым жарлығынан кейін 
Қытайға босып барып, аштыққа ұрынған қазақ-қырғыздарды қайтару мәселесін де 
қолға алды.
Қазақ интеллигенциясының Ақпан төңкерісінен кейін қол жеткізген тағы бір 
жемісі – «Алаш» партиясы құрылып, Алаш идеясын жүзеге асыруға кірісті. Бұл партия 
1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынборда Жалпықазақ съезінде құрылды. Қазақ елінің 
өзін-өзі басқара алатын, ұлттық мүддесін қорғай алатын мемлекеттік жүйе құруға, қазақ 
жеріне ішкі Ресейден қоныс аударуға шек қоюға ұмтылды. Әлихан Бөкейхановтай кө-
семі бар бұл партия халықтың ұзақ жылдар бойы аңсаған арманын орындауға 
талпынды. «Алаш» партиясының құрылуы біріншіден, қазақ қоғамының алға 
жылжуына үлкен серпіліс әкелді, екіншіден, халықтың жаңа заманға деген сенімін 
күшейтті. Партияның қатары күннен-күнге көбейіп, жалпықазақ съезінің шешімдерін 
орындауға бет бұрды. Съезде қабылданған шешімдерді жүзеге асыруда «Қазақ» 
газетінің төңірегіне топтасқан ұлт зиялылары ерекше белсенділік танытты. Ақпан 
революциясы қоғамда орын алған барлық мәселелерді шеше алған жоқ. Дегенмен, 
елдің саяси бостандық пен қоғамдық өмірді демократияландыруға деген сенімін 
арттыра түсті. Қазақстанда қоғамдық-саяси өмірдің жандануына жол ашты. Қазақ 
зиялылары Ақпан төңкерісінен кейін жаңа қоғамдық өзгеріске белсене араласып, өз 
ұлтының өмірін түбегейлі өзгертуге, жақсартуға талпынды. «Алаш» партиясы арқылы 
ұлттық бостандыққа жетуде ұлт азаматтарын біріктіруге, қазақ елінде отардан ада 
өркениетті қоғам орнатуға ұмтылды. 
Ақпан революциясынан кейін саясатқа жастар да тартылды. Қазақстанда оқушы 
жастар мен ауыл мұғалімдерінің өкілдерінен ұйымдар мен үйірмелер қалыптаса 
бастады. Қазақстанның қалалары мен ірі елді мекендерінде жастардың 20-дан астам 
ұйымдары құрылды. Омбыда «Демократияшыл оқушы жастардың кеңесі», Спасск 
зауыттарында – «Жас жүрек», Петропавлда – «Талап» т.б. ұйымдар жұмыс істеді. 1917 
жылы Ақмола қаласында қазақ жастарының «Жас қазақ» ұйымы құрылды. Ұйым 
төрағасы С.Сейфуллин, мүшелері Б.Әбділов, А. Асылбеков т.б. жігерлі жастар болды. 
«Жас қазақ» ұйымы халық ағарту жұмыстарын жүргізуді, елдің саяси істеріне белсене 
араласуды мақсат етті. Олар Кеңестер өкіметін жақтап, большевиктер жағына шықты. 
Жастардың келесі «Бірлік» ұйымы 1914 жылдың өзінде-ақ Омбыда құрылған 
болатын. Оның құрамында А.Сейітов, Қ.Кемеңгеров, Д. Әбділов, М. Жұмабаев сынды 
қазақтың айтулы жастары мүше болып енген еді. «Бірлік» ұйымы қазақ халқының 
мәдениеті мен өнерін, әдебиетін дамыту арқылы ұлттық сана-сезімін оятуды мақсат 
етті. «Бірлік» ұйымы барлық қазақ жастарын біріктіру үшін құрылған «Жас азамат» 
ұйымының құрамына енді.
«Жас азамат» – 1918 жылдың 5-13 мамыр аралығында Омбы қаласында өткен 
жалпықазақ жастарының съезінде құрылған ұйым. «Жас азамат» ұйымы барлық қазақ 
жастарын біріктіріп, ұлт мүддесін қорғауды мақсат етіп қойды. «Жас азамат» ұйымы 
қазақ жастарын Алашорда автономиясын қолдауға, кеңестік биліктің орнауына 
қарсылық танытуға шақырды. 
«Шура-ислами», «Шура-улеми» саяси ұйымдары. Түркістанның елеулі саяси 
ұйымы 1917 жылы 17 наурызда Ташкентте құрылған «Шура-ислами» (араб тілінен 
аударғанда «Ислам кеңесі») болды. Оның құрамына ұлттық буржуазия мен 
зиялылардың, жер иелері мен мұсылман діни қауымның өкілдері енді. Ұйымның 
жұмысында М.Шоқай, А. Кари, А. Темірбеков т.б. белсенді рөл атқарды. Ұйым 
Ресейдің құрамында Түркістан ұлттық-діни автономиясын құруды; Уақытша үкіметтің 
Түркістан комитетіне қолдау көрсетуді; оқу-ағарту мен тұрмыс саласында реформалар 
жүргізуді жақтады.
1917 жылы 10 шілдеде Ташкентте қазақтың белгілі қайраткерлері Серәлі 
Лапиннің жетекшілігімен «Шура-улема» қоғамдық-саяси ұйымы құрылды. Ұйым 
Түркістан өлкесі халқының мүддесін қорғау ислам діні қағидаларымен ұштастырғанда 


ғана жүзеге асады деп есептеді. Түркістан өлкесіне Ресей Федерациясы құрамында 
аумақтық автономия берілуін жақтады. Күнделікті өмірдің өзекті мәселелерін шариғат 
жолымен шешуді айтты. Бұл саяси ұйымдар діни сипатына қарамастан, Қазақстан мен 
Түркістан халықтарының ұлттық мүдделерін қорғады. 
1917 жылдың көктемі мен жазында қазақ еңбекшілерінің арасында тыл 
жұмысына қатысушыларды біріктіретін ұйымдар құрыла бастады. Мақсаты қазақ 
еңбекшілерінің арасында большевиктер идеясын жеткізу және кеңестер үкіметін 
қолдау. 1917 жылы шілдеде Верныйда «Қара жұмысшылар одағын» құрды. 
Петропавлда «Жас арбакештер одағы», Сергиопольде «Солдаттардың орыс-мұсылман 
ұйымын» құрды. 
1917 жылы Семейде Кадеттер ұйымы, біртұтас бөлінбес Ресейді, 
конституциялық монархияны қалыптастыру саясатын жақтады.
1917 жылдың көктемінде эсерлер ұйымдары пайда бола бастады, «жер оны 
өңдейтіндерге берілсін», «жер бүкіл халықтың меншігі» деген социалистік бағыттағы 
ұрандарын көтеріп, халықтың қолдауына ие бола бастады.
Кеңес үкіметін қолдап, өздерін «қазақтың социалистік партиясы» деп атаған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет