«Қазақстан тарихы» ПӘні бойынша дәріс сабақтарының мазмұНЫ


Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы халық-азаттық күресі



бет9/29
Дата14.09.2023
өлшемі62,13 Kb.
#107019
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29
Байланысты:
Оқу бағдарламасы

Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы халық-азаттық күресі
Е.Пугачев көтерілісіне қазақтардың қатысуы. «Көзге көрінбейтін» Көктемір көтерілісі. Сырым Датұлы бастаған Кіші жүздің ұлт-азаттық қозғалысы, Қаратай мен Арынғазы сұлтандардың қозғалысы (1816-1821 ж.). Старшын Жоламан Тіленшіұлының (1822-1824 ж.) наразылық қозғалысы. Бөкей хандығындағы Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлы бастаған қазақтардың көтерілісі (1836-1838 ж.): көтерілістің қозғаушы күштері, сипаты, кезеңдері, маңызы. Сұлтандар Қасым Абылайханұлы, Саржан Қасымұлы бастағанСібір ведомствосы қазақтары жеріндегі қозғалыс. Сұлтан Кенесары Қасымұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы (1837-1847): қозғаушы күштері, барысы, негізгі кезеңдері және жеңіліс себептері. Тарихи әдебиеттегі Кенесарыхан. Жанқожа Нұрмұхамедұлымен Есет Көтібарұлының көтерілістері. 1868-1869 жылдардағы Торғай, Орал облыстарындағы және 1870 ж. Маңғыстауқазақтары көтерілістерінің себептері, сипаты мен барысы.
Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ даласы: 1916 жылғы 25 маусымдағы «Тыл жұмыстарына бұратана халықтарды реквизициялау туралы» Жарлық. 1916 жылғы Орта Азия ұлт-азаттық көтерілісі, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы және негізгі кезеңдері. Амангелді Иманов, Тоқаш Бокин, Бекболат Әшекеев, Әбдіғафар Жанбосынов және т.б. көтерілісшілер әскерлерін ұйымдастырудағы рөлі. Үкіметтің репрессиялық шаралары және жазалаушы әскерлердің әскери әрекеттері. Көтерілісшілердің әскери өнері. Жеңіліс себептері және көтерілістің тарихи маңызы. Қазақтардың Қытайға (Құлжа аймағы, Қашқария), Ауғанстанға үдере көшуінің бірінші толқыны. Отандық және әлемдік тарихи әдебиеттегі 1916 жылғы көтеріліске берілген объективті көзқарас.


7-дәріс. Қазақстан мәдениеті (XVIII – ХХ ғ. басы) – 2 академ.сағ.
Қазақ ауыз шығармашылығы. Қазақстанды еуропалық және ресейлік ғалымдардың зерттеуі. Қазақстандағы экспедициялары.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт-азаттық күрестегі халық ақындарының рөлі. Махамбет Өтемісұлының, Тәттімбет Қазанғапұлы және т.б. шығармашылығы. Жер аударылған орыстардың (Г.С. Карелин, М.М. Муравьев-Апостол, Ф.М. Достоевский және т.б.) Қазақстан мәдениетіне қосқан үлесі. Қазақстанның өндіргіш күштерін, өмірі мен мәдениетін орыс ғалымдарының зерттеуі: А.И. Левшин, В.И. Даль және тағы басқа.Еуропалық саяхатшылар Қазақ даласы туралы. Ағартушы ғалым Шоқан Уәлиханов және оның Қазақстанның тарихы, географиясы, экономикасы мен мәдениетіне қатысты ғылыми мұрасы. Ы. Алтынсариннің ағартушылық қызметінің маңызы. Абай Құнанбаевтың қазақ халқының мәдениетіндегі тарихи рөлі.Абай және Е.П. Михаэлис.
Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-1889), Дәулеткерей Шығайұлы (1829-1882), Біржан сал Қожағұлұлы (1832-1895), Ақан сері Қорамсаұлы (1843-1913), Жаяу Мұса Байжанұлы (183-1895) және т.б. музыкалық шығармашылығы.
Қазақ әдебиеті. «Зар-заман» мектебінің поэзиясындағы наразылық және діни-эсхатологиялық идеялар мен мотивтер: Дулат, Шортанбай, Мұрат, Әбубәкір Кердері. Орыс-қазақ әдеби байланыстары.
Ғылыми қоғамдардың пайда болуы.Орыс географиялық қоғамының бөлімдері мен бөлімшелерінің (Орынбор, Семей, Түркістан бөлімдері) қызметінің маңызы.Статистикалық комитеттер және олардың қызметі. Қазан университетінің тарих, археология және этнография қоғамы. Орынбор ғылыми мұрағат комиссиясы. Қазақ тіліндегі алғашқы мерзімді басылымдар. «Қазақ», «Вақыт», «Шуро», «Ақмулла» газеттерінің, «Айқап» журналының қазақ халқының ұлттық болмысын қалыптастырудағы рөлі. Мұхамеджан Сералин (1872-1929), Спандияр Көбеев (1878-1956) Сұлтанмахмұд Торайғыров (1893-1920) және т.б. шығармалары.
Мерзімді баспасөз. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов және бүкілресейлік мұсылман қозғалысы. Қазақстан аумағындағы мұсылмандық қайырымдылық қоғамдары. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениетіндегі ағартушылық және реформаторлық бағыт. Қазақтың зияткерлік-рухани элитасының мұрасы. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев және оның қазақ фольклоры мен шежіресін жинақтауға қосқан үлесі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет