12-дәріс. Қазақстандағы «қайта құру» саясаты – 2 академ.сағ. Идеологиядағы, экономикалық және саяси өмірдегі ауқымды өзгерістер. М.С. Горбачевтың реформалары. Жариялылық пен демократия жағдайында одақтық республикаларда туындаған ұлттық қақтығыстар. Экономикалық дағдарыс. «Қайта құру» мен «жариялылықтың» ел экономикасына әсері. Одақтық басқару жүйесі тұсында жеке мемлекеттік кәсіпорындардың ұлттық республикаларға қайтарылуы.
Д.А. Қонаевтың қызметі. 1986 жылғы Алматыда және республиканың басқа қалаларында болған Желтоқсан оқиғасы. Алаш қозғалысы қайраткерлерінің ресми түрде ақталуы. Жаңа қоғамдық ұйымдар мен партиялардың құрылуы. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сайлауы. «Тіл туралы заңның» қабылдануы және оның маңызы. Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. 1991 жылғы тамыз төңкерісі. КОКП қызметінің тоқтатылуы. КСРО-ның ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылуы.
5-БЛОК. Қазақстан әлемдік қауымдастықта (1991-2022 жж.) 13-дәріс. Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы – 2 академ.сағ. Тәуелсіздікті жариялау қарсаңындағы Қазақтандағы қоғамдық-саяси жағдай. Тұңғыш рет Қазақстан Президентінің бүкілхалықтық сайлауы. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңы.
Тәуелсіз Қазақстанды дамытудың мемлекеттік стратегиясының белгіленуі. Қоғамды демократияландыру үдерісінің күшейтілуі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымын жасақтау. Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын қалыптастыру. Қоғамның конституциялық құрылысының негіздерін құру. ҚР мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұранының бекітілуі. Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылуы. Ұлттық армияның құрылуы.
Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлттық валютаны енгізу туралы» Жарлығы және оның маңызы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын белгілеу. Ұлттық қауіпсіздікті нығайту.Мемлекеттік бірегейлікті дамыту, азаматтық бейбітшілік пен саяси тұрақтылықты нығайту.
Қазақстан Республикасының қазіргі қолданыстағы Конституциясының Бүкілхалықтық референдум арқылы қабылдануы. Қазақстандағы парламентаризмнің дамуы. Атқарушы вертикаль ішіндегі мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту. Орталықсыздандыру, орталық пен өңірлер, мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату. Жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң. Құқық қорғау органдарын (сот, прокуратура, полиция, арнайы қауіпсіздік қызметтерін) құру. Құқықтық реформа және заңдарды ізгілендіру. Құқық қорғау жүйесін оңтайландыру азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды нығайту. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңы және оның нәтижелері.
«Қазақстан-2030» Стратегиясы.Қазақстан астанасыныңкөшірілуі. «Қазақстан-2050» Стратегиясы.