«Қазақстан тарихы» пәні бойынша емтихан сұрақтарының тізімі
1.«Қазақстан тарихы» пәні және оның міндеттері. Тарих,
жеке тұлға, мемлекет.
Тарих
және өркениет. Ұлттық тарихтың құндылықтары.
2.«Қазақстан тарихы» пәнінің басты мақсаты мен міндеттері. Тарих және тарих
ғылымының тарихтың белгілі кезеңдеріндегі әлеуметтік және саяси
проблемалар туралы
түсінік қалыптастырудағы рөлі.
3.Қазақстан тәуелсіздікке барар жолда және Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық
жағдай - XX ғасыр басындағы тәуелсіздік үшін күрестің алғы шарттары.
4.Ұлттық мемлекет құру жолындағы қозғалыстар: Қазақ зиялыларының
қалыптасуы, әлеуметтік құрамы, білімі және қызметі (XX ғасыр басында)
5.Ресей империясындағы түрік-мұсылман халықтарының интеллектуалды элиталарының
өзара ықпалдасуы.
6.Қазақтардың Ресейдің І-ІІ мемлекеттік Думаларының жұмыстарына қатысуы.
7.Қазақ саяси элитасының қазақ халқының тарихы мен мәдениетін зерттеу әрекеттері.
8.Ғасыр басындағы қазақ ағартушылары: ерекшеліктері, мақсаты, жеке тұлғалары.
9.Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ өлкесі. 1916 жылғы 25 маусымдағы
жарлық. 1916жылғы көтеріліс, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы және
негізгі кезеңдері.
10.Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға
ықпалының ерекшелігі.
11.Қазақ комитеті және ұлт мемлекетінің идеялары. Шілдедегі Жалпы қазақ съезі және
оның Алаш партиясын құру туралы шешімі. Партияның бағдарламасы. Желтоқсандағы
Жалпы қазақ съезі. Большевиктердің билікке келуі. Алашорда билігі және Түркістан
автономиясының Қоқандтағы билігі.
12.Қазан төңкерісі және Қазақстанның саяси өмірі. Азаматтық қарсыласу жылдарындағы
Қазақстан. Қазан революциясының 100 жылдығы және оған қазіргі әрқилы көзқарастар.
13.Қырғыз (Қазақ) АСР-ның құрылуы. Қазақ АССР және Түркістан Республикасы.
14.Кеңестік тоталитарлық Қазақстанның қалыптасуы: сипаты, шаралары, сабақтары.
Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) Қазақ жерлерінің ҚКАСР құрамына
біріктірілуі.
15.Коммунистік партияның қоғамдағы саяси дара билігінің күшеюі. "Кіші Қазан" идеясы.
Қазақстанды индустрияландыру жолдары мен әдістеріне байланысты теориялық айтыс-
тартыстар.
16.Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруалары қожалықтарын күшпен
отырықшылыққа көшіру. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру науқаны. Халық
наразылығы мен көтерілістері.
17.Қазақтардың шетелге ауа көшулері. Қазақтардың аштан қырылуы. «Бесеудің хаты».
Т.Рысқұловтың И.Сталинге хаты. Аштықтың демографиялық салдарлары.
18.Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі, мәдениетіндегі, білімі мен ғылымындағы ұлт
мәселесіндегі таптық-партиялық принципті ұстану амалдары және оның ұлыдержавалық
астарлары. XX ғ. 20-30-шы жылдарындағы Қазақстандағы саяси қуғын-сүргіндер.
19.Қазақстанды әкімшілік-территориялық аудандастыру мен бөлу. Тоталитарлық басқару
жүйесі. 30-шы жылдардың «үлкен» репрессиялары (қуғын-сүргіндер), оның ауқымы мен
ауыр салдарлары.
20.Мәдениетте солақай және біржақты большевиктік тұжырымдаманың үстемдік алуы-
қазақтардың рухани қасіреті. Әдебиет пен өнердегі социалистік реализмнің
біржақтылығы.
21.Фашистік басқыншылыққа қарсы күрестегі қазақстандықтардың ерлігі мен қасіреті.
Фашистерден отанды қорғау соғысының басталуы.