3.Айша бибі кесенесі: Кесене ХІ-XII ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Жамбыл облысы Жамбыл ауданында Айша бибі ауылында орналасқан.
Тараз қаласынан 18 км қашықтықта басқа да діни ескерткіш орналасқан (XI- XIIғғ.). Қазіргі кезде ол кесене ЮНЕСКО қатарына алынған. Кесене құрылысын 1897 жылы В. А. Каллаур, 1938 — 39 жылы А. Н. Бернштам бастаған КСРО ҒА Қазақ филиалының тарих және материалдық мәдениет экспедициясы, 1953 жылы Қазақстан ҒА-ның экспедициясы зерттеген.
1
4.Қарахан кесенесіҚазақстанда 11 ғасырдан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Қазіргі Тараз қаласының батыс шетінде. Кесене Қарахан әулетінен шыққан белгілі хан Ша-Махмуд Бұғра Қарахан қабірінің басына орнатылған. Күмбезі ғана құлаған кесененің төрт қабырғасы мен жылтыр кірпішпен өрнектелген қос мұнарасы 19 ғасырдың 90-жылдарына шейін сақталған. 1905 жылы оның құлаған бөлігі түгелдей бұзып алынып, орнына 1906 жылы жаңа кесене салынған. Жаңа құрылысты сол кездегі Ташкент ишаны Сайд Бакханов қаржыландырған. Кейінгі салынған кесене алғашқысына ұқсамайды. Қас беті Айша бибі кесенесіне ұқсас болғанымен, кірпіштерінің өрнектеліп қалануы жағынан Бұқарадағы ортағасырлық Исмаил күмбезіне еліктеушілік байқалады.
1
5.Қазақ даласындағы архитектуралық құрылыстардағы өркениет білгілерін сипаттаңыз. Х-ХІІІ ғ кез-келген салтанат ғимарат түрлі өрнектермен безендірілген. Мұнда үйлер, сарайлар, кесенелер және басқа сауда кешендері ортағасырлық өнер туындылары ретінде саналады.
1
6.Қазақ даласындағы сәулет құрылыстарының ұлттық материалдық-рухани мәдениетте алатын орнын көрсетіңіз.Сәулет үлгілерін алуда халықтық мәдениеттің озық және тапқыр шеберлері жарасыымдылықтың, үйлесімдік пен тұтастықтың шешімдерін таба білген.