«Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтихан сұрақтары «Қазақстан тарихы»



бет2/5
Дата16.12.2022
өлшемі276,94 Kb.
#57711
1   2   3   4   5
Байланысты:
Қазақстан тарихы сессия жауаптар

6. Атқа міну мәдениетінің генезисі


Көшпелілер тарихын кезеңдеу. Көшпеліліктің қалыптасуының алғышарттары: табиғи-географиялық және әлеуметтік-мәдени факторлар. Мал шаруашылығының рөлі мен маңызының артуы. Көшпелі шаруашылық түрлері: үй маңы, бақташылық, көшіп-қону, және т.б. Атқа міну мәдениеті. Құдықтар. Ат әбзелдері. Дала, жартылай дала және шөлейтті аймақтарды игеру. Төрт түлік түрлері. Әлеуметтік құрылымы мен қоғамдық құрылысы.
Ерте темір дәуірі хронологиясы мен археологиялық мәдениет ескерткіштері. Тасмола мәдениеті: күні, ауқымы, қорғандар мен материалдық мәдениеттің ерекшеліктері. Жазба деректер. Қазақстандағы ерте темір дәуірінің зерттелуі. Ерте темір тайпаларының этносаяси және әлеуметтік тарихы. Сақтар. Массагеттер. Савроматтар мен сарматтар.Сақтар мен сарматтардың саяси құрылымдары. Ерте темір дәуіріндегі тайпалардың мәдениеті: хронология, жерлеу рәсімі, қару-жарақ, қалыңдық, аң стилі өнері. Сақтардың Ахеменидтер державасымен қарым-қатынасы. Сақтардың грек-парсы соғыстарына қатысуы. Сақтардың Александр Македонскийді жаулап алуына қарсы күресі.
Сармато-Алан тайпалық одағы. Аорсы және роксоланы. Қоныстандыру аумағы. Яньцай Мемлекеті. Ғұндар мен қаңлылармен қарым-қатынас.
Мемлекеттіліктің қалыптасуының бастапқы кезеңі, Ұлы Жібек жолы аумағындағы көшпелі және отырықшы мәдениеттің урбандалуы мен өзара қатынастары (б.з.б.III – б.з. II ғғ)
Прото және ежелгі түріктердің мәдениет генезисі.Прототүрік және протомоңғолдық элементтердің ежелгі байланыстары мәселесі. Тақталы обалар мәдениеті. Орталық Қазақстандағы Қорғантас қорымы. Сюннулар жайлы қытай деректері. Археологиялық зерттеулер мәдениеті. Ғұн тайпаларының шығу тегі мен этникалық тарихы мәселесі. Ғұндардың (сюнну) империясының саяси тарихы.
Жетісу және Тянь-Шандағы үйсіндердің этносаяси бірлестіктері. Үйсіндердің тілдік және этникалық шығу тегі мәселесі. Жетісу және Тянь-Шандағы үйсіндердің этносаяси құрылымдары. Үйсіндердің көрші халықтармен және мемлекеттермен қарым-қатынасы.
Қаңлылардың тарихи-мәдени мұрасы. Қаңлылардың шығу тегі және этностық тарихы. Б.з.б. ІІ- б.з. V ғ.бірінші үштігіндегі қаңлылардың тарағанаумағы мен қоныстанған жерлері. Урбандалуының ерте кезеңі. Тұрмыстық қыш ыдыстарының этникалық тиеселігі көрсеткіші. Тоқыма кәсібі. Жетіасар тайпаларының Қаңлы этномәдени тарихындағы және Шығыс Аралмаңыаумағындағы түркі этникалық қауымдастығының қалыптасуындағы маңызы. Византия, Иран, Сирия мен Қытаймен сауда байланысы.

7. Ерте темір тайпаларының этносаяси және әлеуметтік тарихы. Сақтар мен сарматтар.


Прототүрік және протомоңғолдық элементтердің ежелгі байланыстары мәселесі. Тақталы обалар мәдениеті. Орталық Қазақстандағы Қорғантас қорымы. Сюннулар жайлы қытай деректері. Археологиялық зерттеулер мәдениеті. Ғұн тайпаларының шығу тегі мен этникалық тарихы мәселесі. Ғұндардың (сюнну) империясының саяси тарихы.
Қазақстандағы өмір сүрген тайпалардың ішінде аты-жөні жақсы сақталған тайпалардың бірі-сақтар. Археологиялық зерттерлеуге және жазба деректерге қарағанда б.з.б. VII-IV ғғ. сақ тайпалары Орта Азия және Қазақстан жерін мекендеген. Парсы жазба деректері бойынша, Орта Азия мен Қазақстан территориясында мекендейтін көшпелі тайпаларды жалпы атпен сақтар деп атаса, ал гректің атақты тарихшысы Герадот (б.з.б. V ғ.) сақтарды «азиялық скифтер» деп атаған. Осымен қатар Геродот өзінің «Тарих» деп аталатын еңбегінде б.з.б. I мыңжылдықта Орта Азия және Қазақстан жерінде «Сақ» деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер одақтары болғаны айтылады. Ол одақтар: массагеттер, дайлер, каспийшілер, исседондар, сарматтар, алаңдар, аримаспылар т.б. Сақтарда негізінен, әскери қоғам болды. Сақ тайпалары үш топқа бөлінген.

Шошақ бөрікті сақтар (Тиграхауда) Тянь-Шань тауын, Жетісу жерін, Сырдарьяның орта ағысын мекендеген


Теңіздің арғы жағындағы сақтар (парадарайя) Қара теңіздің солтүстігінен, Арал маңын яғни Сырдария мен Амудария өзендерінің төменгі ағысын мекендеген.
Хаома сусынын дайындайтын сақтар (хаомоварга) Мұрхаб аңғарын мекендеген.
8.Прото және ежелгі түріктердің мәдениет генезисі
Прото және ежелгі түріктердің мәдениет генезисі.Прототүрік және протомоңғолдық элементтердің ежелгі байланыстары мәселесі. Тақталы обалар мәдениеті. Орталық Қазақстандағы Қорғантас қорымы. Сюннулар жайлы қытай деректері. Археологиялық зерттеулер мәдениеті. Ғұн тайпаларының шығу тегі мен этникалық тарихы мәселесі. Ғұндардың (сюнну) империясының саяси тарихы.
9. Жетісу және Тянь-Шандағы үйсіндердің этносаяси бірлестіктері.
Үйсіндердің тілдік және этникалық шығу тегі мәселесі. Жетісу және Тянь-Шандағы үйсіндердің этносаяси құрылымдары. Үйсіндердің көрші халықтармен және мемлекеттермен қарым-қатынасы.
Қаңлылардың тарихи-мәдени мұрасы. Қаңлылардың

10. Қаңлылардың тарихи-мәдени мұрасы.


Б.з.б. V-ІV ғасырдағы деректер бойынша, Қаңлы құлшылық мемлекетіне Әмудария мен Сырдарияның жоғарғы орта ағысындағы жерлер қараған: Бұқара, Шахрисиябз, Кушаниз (Қатта-Қорған төңірегі), Ташкент ауданы, Хорезм өлкесі. Қаңлы мемлекеті Үйсін мемлекетімен бірқатарда тарихи сахнаға шыққан. Үйсіндер Ферғана, Ыстықкөл, Шу, Жетісудан Шығыс Түркістан жерлеріне дейін созылып жатқан аймақта орналасқан.
М. Қашқари айтуы бойынша, Қаңлы (Қаңқа) - патшаның аты. Оның мемлекетіне кірген тайпалар, халықтар жалпы патшаның атымен «қаңлы» аталған. Соған қарағанда, жергілікті сақ тайпаларынан өрбіген ұрпақтар Әмудария мен Сырдария өңірлерін мекендеп, осы құлшылық қоғамын құрған. Олардың жайылған мекендері де көп жерлерді алып жатса, тұрғындарының сандары да көп болған. Олар ертедегі орта ғасырда бөлшектеніп, өздерінің ертеден келе жатқан аттарымен аталып кетсе де, басым көпшілігі қаңлы есімін сақтап қалған. Кейін түркі халықтары бөлшектеніп шыққанда, қаңлылар олардың көпшілігінің құрамына кірген: өзбек, қазақ, қырғыз, башқұрт, қарақалпақтар және т.б. Бірақ қаңлылардың басым көпшілігі бұрынғы Қаңлы мемлекетіне кірген жерлерде көбірек сақталған. Б.з.б. 329 жылы әйгілі Ескендір Зұлқарынай Сырдария бойына жеткен. Қаңлы мемлекетінің негізгі этникалық құрамы сақ нәсілді түрік тілдес тайпалардан тұрған. Қазіргі түрік халықтарының құрамына кірген қаңлыларда антропологиялық ерекшеліктері арасынан сары түсті, көздері көк, жақ сүйектері ойыңқылы көбірек кездеседі. Өздерін басқарған патшаның атымен аталуы түріктерде ертеден қалыптасқан дәстүр, мысалы: Оспан түріктері және т.б.
Қаңлылар ұлы күш болып, шет елдерге бас июге ешбір көнбеген. Олардың чиновниктері үйсіндердің елшілерінен кейін, Қытай елшілерін отырғызған. Тамақты әуелі өздеріне, одан кейін Шығыс көршілері Қытайға беретін болған. Қаңлы билеушілері өздерін тәуелсіз, тіпті батыл ұстаған, бұл жөнінде б.з.б. І ғасырдың аяғында Қытай деректерінде: «Қангюй, керісінше (Үйсінмен салыстырғанда - У.Ш.) өркөкірек, батыл және біздің елшілеріміз алдында князьдары мен ақсақалдарына, содан соң барып наместниктің елшілеріне қонақасын тартады». Б.з.б. 47-46 жылдары (Қытай - У.Ш.) Ферғана, Қытай соғысының барысында, қаңлылардың араласуымен ғана ферғаналықтарды астанасының қиратылуынан құтқарып қалды және ферғаналықтарға тиімді бітім жасауға жәрдемдесті. Сондықтан да өздерінің тәуелсіздігін бекем ұстап, күшті құлшылық мемлекет болған және түріктердің мәдени өркениетінің негізін салған. Аттары аталған жер атамалары Әмудария мен Сырдарияның алқаптарында және Орталық Азияның көпшілік жеріне орналасқанын байқаймыз. Қазір де олардың көпшілігі ежелгі аттарымен аталады. Осы жерлерден археологтар қаңлылардың дәуіріне жататын Жанбас-қала, Қорғанша-қала, Базар-қала, Кюнерлі-қала, Қойқырылған-қала және т.б. ескерткіштерін ашты. Бұл қалалар құлдардың күшімен салынған үлкен бекіністер. Мысалы: Қойқырылған-қала дөңгеленіп салынған, оның жалпы диаметрі - 87,5 м, тоғыз мұнарасы бар. Оның қазіргі сақталған биіктігі - 8 м. Осы дәуірдің басқа да аттары аталған антикалық қалалары көлемдері жағынан Қойқырылған-қаладан кем емес. Олар жан-жақты зерттеліп, Хорезм археологиялық экспедициясының еңбектерінде жарық көрген. Осы археологиялық қазба деректерге қарағанда, қаңлылардың мәдениеті құлшылық қоғамда дамыған. Оның дамыған кезеңдері б.з.б. V-ІV ғғ. тура келеді. Осы кезде, қаңлылар Ахеменидтердің қарауынан шығып, өз алдына мемлекет болып, жеке үстемдігін жалғастырды.
Б.з.б. ІІ-І ғасырларда Қаңлы құлшылық мемлекетінің экономикасы өрлеп, жақын және қашықтағы елдермен саяси байланыстары кеңейген. Оған қараған жерлерде көптеген көне және жаңадан тұрғызылған тұрақты мекендер мен қалалар болған. Оларда қолөнер кәсібі дамып, сауда орталықтарына айналған. Тұрғындардың негізгі кәсібі қолдан суару арқылы жүргізілген диқаншылық ен жайып, үлкенді-кішілі су жүйелері салынған және олар жылма-жыл тазартылып, кеңейтіліп тұрған. Қаңлы мемлекетінің арнайы шығарылған ақшасы осы зерттелген қалалардан табылған.
Қаңлылардың шығу тегі және этностық тарихы. Б.з.б. ІІ- б.з. V ғ.бірінші үштігіндегі қаңлылардың тарағанаумағы мен қоныстанған жерлері. Урбандалуының ерте кезеңі. Тұрмыстық қыш ыдыстарының этникалық тиеселігі көрсеткіші. Тоқыма кәсібі. Жетіасар тайпаларының Қаңлы этномәдени тарихындағы және Шығыс Аралмаңыаумағындағы түркі этникалық қауымдастығының қалыптасуындағы маңызы. Византия, Иран, Сирия мен Қытаймен сауда байланысы.

11.Түрік қағанатының құрылуы, құрылымы және саяси тарихы.


Соңғы деректер мен зерттеулер бойынша, б.з. I—X ғасыр аралығында Орталық Азия мен Моңғол үстіртінде саяси үстемдік жүргізген түркітекті теле тайпалар одағы болғаны белгілі болып отыр. Сонымен қатар Алтай, Тарбағатайды мекендеген қарлұқтар мен Шығыс Түркістандағы басмылдар да Орталың Азияны билеуге ұмтылды. Ғұндар империясы ыдыраған соң, Орхон аймағында түркі текті теле тайпалар одағы ұйымдасты. V ғасыр ортасында Ашына бастаған Алтайдағы түркілер осы телелердің 40 мың үйлік бірлестіктерін бағындырып, солардың күшімен өздерінің ата жаулары жужандарды (аварлардың бабаларын) жеңіп, тарих сахнасына көтерілді.

Түріктер 552 жылы Солтүстік Моңғолия жерінде Түрік каганатын құрды. Оның алғашқы билеушісі Бумын қаған еді. Мұқан қаған тұсында бүкіл Ішкі Азия, Оңтүстік Сібір жері, Оңтүстік-батыс Маньчжуриядағы қидандар, қарақытайлар, Тува жері мен Енисей қырғыздары бағындырылды. Иштеми (Естеми) қаған тұсында түріктер батысқа қарай жылжып, Жоңғария жерін, Қазақстанның, Орталық Азияның шығыс аймақтарын бағындыра бастады. VI ғасырдың екінші жартысына қарай түріктер бүкіл Қазақстан жерін, Орталық Азияның біраз бөлігін бағындырып, Қара теңіз жағалауына дейін жетті.


Билік басында ақсүйек ашына (ашина) руы тұрды. Бұл — «киелі қасқыр» деген сөз. Қағандар мемлекеттің басты билеушісі болды. Түріктердің туы бөрілі байрақ болуымен қатар олардың қорғаушыоң қағарлары да «бөрі» аталған. Оның алғашқы қағандары Түмен (Бумын), Мұқан, Естеми, Қара-Еске қағандар еді. Ал Батыс түрік қағанатының билеушілері Тон Жабғу қаған (618—630), Жеғуй қаған (610—618) кезінде қағанат саяси-әкімшілік жағынан дамудың ең жоғары дәрежесіне көтерілді. Қытай жазбаларында айтылғандай Бүмын (Тұмын) қағанның кіші інісі Мұқан қаған 552—554 жылдары Түрік қағанатының негізгі дұшпанының бірі жужандарды (аварларды) бағындырып, Орталық Азия билеушісіне айналады. Түрік қағанының тағы бір інісі Иштеми (Естеми) (552— 582 жж.) батысқа жылжып, Жетісу мен Қазақстанның далалық аймақтары және Сырдария, Арал теңізіне дейін жетті. Сасанидтік Иранмен одақтаса жүріп, эфталиттерді бағындырып, Византиямен сауда-экономикалық байланыстар (Земарх елшілігі) орнатады. Түрік қағанаты Қазақстан жеріндегі алғашқы ортағасырлық мемлекет болды.
Батыс түрік қағанаты (603—704).
Сонымен580 жылға дейін Түрік қағанаты дамуының шарықтау шегіне жетті. 581 жылы Қытайда Суй әулеті билікке келіп, жаңа басқыншылық соғыстар мүмкін болмай қалды. Өзгерген саяси жағдайда, 20 жылға созылған түрік билеушілерінің арасындағы өзара соғыстар нәтижесінде 582—603 жылдары Түрік мемлекетінде ыдырау үдерісі жүрді. Түрік қағанаты 603 жылы Шығыс (Моңғолия), Батыс (Орта Азия мен Қазақстан жеріндегі) болып екіге бөлінді.
12.Қарлұқ мемлекетінің саяси тарихы: құрылуы, көрші мемлекеттер мен тайпалармен қарым-қатынастары.
Қарлұқ қағанаты (756-940 жж. немесе 8-10 ғғ. аралығы)– Жетісу жеріндегі ежелгі мемлекет.

VIII ғасырдың ортасында қарлұқтар елеулі әскери-саяси күшке айналды да, Шығыс Түрік қағандығын талқандауда (745) маңызды рөл атқарып, тоғыз оғыздармен бірге Орхон тағына Тон-ябғу қағанды отырғызды. 736 жылы қарлұқтар бұрынғыдан да күшейді. Өздерінің бұрынғы одақтасы ұйғырлармен бәсекелесіп, «он тайпа қағанының (он-оқ елі) байырғы жерінде», Жетісуға қоныс аударды. Суяб пен Талас қалалары қарлұқтар қолбасшыларының тұрақты мекеніне айналды. Қарлұқ ақсүйектері Жетісуда 766 – 940 жылдары билік құрды. Бұл кезде олардың қолбасшылары қаған емес, жабғу деп аталғанымен ол шартты түрде Қ. қаласының кезеңі деп аталды. Жабғу Шығыста Тарым, Батыста Ферғанадан асып, Тохарстанға (Сурхаб-вахш су алабынан Ауғанстанның солтүстік шекарасына) дейін саяси үстемдік жүргізді. 8 ғасырда Жетісу жерінде үстемдік жүргізген түркештер де, одан кейін билік еткен қарлұқтар да елдің этникалық құрамына елеулі өзгеріс енгізбеді. Жылнамашылар мен саяхатшылар VIII-IX ғасырда Жетісу жерін чумук, ұлығ-ақ, жабшид, түркеш-қалаш, түргеш, азғыр, қашу, барсхан, т.б. тайпалар мекендегенін жазады. Алтай мен Жетісудың саяси және әскери өмірінде қарлұқтармен қатар қаңлы тайпасы да елеулі орын алды.


Қарлұқ тайпаларының құрылуы мен ертедегі қарлұқ этникалық топтары қалыптасуының алғашғы кезендері Ішкі Азия аумағында түрік және теле (оғыз) тайпаларының қоршауында өтті. Этникалық үрдістің одан кейінгі даму кезеңі үш тайпалы қарлұқ конфедерациясының құрылуымен байланысты болды, ол кейіннен сан және сапа жағынан Жетісу шегінде қарлұқ халқыньщ қалыптасу сатысына ұласты. Алайда орта ғасырлар дәуірінде бұл үрдіс аяқталған жоқ. Жазбаша деректемелерде қарлұктар туралы алғашқы хабарлар қытайдың Суй әулетінің (581—618) шежіресінде кездеседі және V ғасырдың орта шеніне жатады. Онда қарлұқтар өздерінің басты руының атымен Алтайдың (Ақтағ) баурайларын мекендеушілер ретінде бұлақ деп аталған. «Таншу» әулеттік (618—907) хроникасына сәйкес, қарлұктар (гэлолу, гэлу) түріктерден шыққан және олардың бір тармағы болған. Қарлұқтардың түріктермен генетикалық байланысы туралы деректер орта ғасырлардағы мұсылман тарихнамасында да жинақталған. «Олар (қарлұктар) — ежелгі түріктер», — дейді Ибн әл-Факих (X ғ.)47. Қарлұқтар ежелгі түріктердін руналық ес- керткіштерінде де «үш қарлұқ» деп айтылған.
13. Исламның енуі және түркілердің мұсылман әлемімен халықаралық байланысы.
Түркі тектес халықтардың ортақ тарихын Исламнан бұрынғы Ежелгі дәуір және Исламнан кейінгі Ортағасырлық дәуір деп екіге бөлінеді. Жазба деректер бойынша Түркі халықтарының ортақ тарихы мен мәдениеті ежелгі дәуір- б.з.д. VI-Vғасырлардан бастап- б. З.VIIIғасырына дейінгі аралықта «Тұран» деп аталып келді. Ал VIII-XVғасырлар аралығында ортағасырлық дәуірде «Түркістан» деген атауға ие болды. Түркілер XIV-XVғасырларда ұлт-ұлысқа бөлініп, бір-бірінен ажыра бастаса да «Түркістан» атауы Кеңес одағы құрылып, бүгінгі «Орталық Азия» атына ие болғанша аталып келді. Ислам әлемінде VIII-XVғасырлар аралығында дүниеге келген ғылыми жаңалықтары мен әдеби туындылары әлем мәдениеті мен өркениетінің даму барысына жаңаша қарқын мен бағыт берді. Соның ішінде түркінің ұлы ғалымдары мен ақындарының туындылары Ислам өркениетіне мол үлес қосты. Қазіргі түріктектес Түркия, Қазақстан, Өзбекістан, Қырғызстан, Түрікменстан, Әзірбайжан және Кипр мемлекеттерімен бірге автономиялық Татарстан, Алтай, Саха тағы басқа түркілер ислам дамуына қосқан үлестері, олардың адамзат тарихына жасаған ортақ еңбектері саналады. Түркілердің Ислам тарихына араласуы VIII ғасыр аясында басталады.

Барлық құқықтар қорғалған.Түркілердің ислам дінін қабылдауы | Қазақстандағы Ислам


14. Оғыздардың этникалық тарихының мәселелері және олардың қазақ халқының этногенезіндегі рөлі.
Сырдария бойындағы жабғу мемлекеті. Ауызша тарих және археологиялық деректер. Оғыздардың этникалық тарихының мәселелері және олардың қазақ халқының этногенезіндегі рөлі. Қимақтардың мемлекеттік құрылымындағы ежелгі түркі әлеуметтік-саяси дәстүрлерінің сабақтастығы. Ортағасырлық Қазақстан аумағындағы Қараханидтер. Араб және парсы деректеріндегі Қараханидтер туралы мәліметтер. Қараханидтер мемлекеттілігі түркі мемлекеттілігі эволюциясының жаңа кезеңі ретінде. Исламды қабылдау және Қараханид мемлекетінің мұсылман әлеміндегі орны.Сауда-экономикалық және мәдени байланыстардың ерекшеліктері. Орталық Азияның халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қараханидтер мемлекетінің рөлі. Қарақытайлардың басып кіруі және олардың Жетісу мен Мәуереннахрға билік құруы. Қыпшақтар жайлы нарративті деректер мәліметтері мен қыпшақтардың шежірелік мәліметтері. Қимақтар мемлекетінің ыдырауы. Көшпелі тайпалардың көші-қоны. Қыпшақтардың шығу тегі мен этникалық тарихы. Қимақ, қыпшақ, кумандардың үштік этникалық триадасы. Тайпалардың көші-қон және олардың этникалық процестерге әсері. Қыпшақтардың саяси гегемониясының таралуы. Түркі көшпелі мемлекеттік және әлеуметтік-мәдени дәстүрлерінің дамуының соңғы кезеңі ретінде Қыпшақ хандығының құрылуы. Қыпшақтардың қимақ, қидан, оғыз, хорезмшах, орыс княздықтарымен байланысы. Орталық Азия кеңістігіндегі түріктердің әскери салтанаты кезеңі. Қыпшақтардың тілі мен әдеби ескерткіштерін қосу. Найман, керейіт, меркіт, жалайырлар туралы деректердің мәліметтері. Этникалық тарих және тілдік тиістілік мәселесі (моңғол және түркі тектес ұғымдар).

15.Қимақтардың мемлекеттік құрылымындағы ежелгі түркі әлеуметтік-саяси дәстүрлерінің сабақтастығы.


Қимақ (Кимек) қағанаты - Шығыс және Орталық Қазақстанда IX ғасырдың ақыры – XI ғасырдың басында болған ертедегі мемлекет.
Мемлекеттің орталығы Ертістің орта алабында болған. Қимақтар VII ғасырда Алтайдың солтүстігіне, Ертіс жағалауына орналасып, Батыс Түркі қағанатының құрамына кірген.VIII ғасырда қимақ тайпалары Ертістің орта ағысын мекендеді. IX ғасырдың алғашқы жартысынан Жетісудың солтүстік-батысындағы Алакөл аймағына қоныстана бастады. Олардың батыс шекарасы Оңтүстік Оралдың шығыс бөлігі мен Арал жағалауларына дейін жетті. X ғасырдың ортасында қимақтар шығыстан батысқа қарай ойысты. Олар Оңтүстік Орал тауының оңтүстік және оңтүстік-батыс бөктерінде, Каспий жағалауында көшіп-қонып жүрді. X ғасырдың ақырында қимақтардың бір тобы Сырдария жағалауына қарай жылжып, Түркістанның мұсылман облыстарымен араласты. XI ғасырда Орталық Азия тайпаларының батысқа қарай ойысуы нәтижесінде қимақтардың орналасу картасы өзгерді. Махмұт Қашқаридың имақтар (қимақтар) туралы деректері (XI ғасыр) осы уақытқа саяды. «Диуани лұғат ат-түркте» берілген картада имақтар өздері бір тұтас топ болып тұрған Ертістің жағалауындағы жерлерде ғана көрсетілген.
Қимақтар тарихының алғашқы кезеңі қытай деректерінде ұшырасатын яньмо тайпасы атауымен тығыз байланысты. Яньмо (немесе қимақтар) VII ғ. басында Моңғолияның солтүстік-батысында өмір сүрген. VII ғ. ортасында олар Алтайдың солтүстік бөктеріне, Ертіс маңына қарай қоныс аударған. 656 ж. Батыс Түрік қағанаты құлағаннан кейін тайпа көзге түсе бастайды.

Қағанат сыртқы жаудан қорғану үшін және өз жерін кеңейту үшін көрші елдерге үнемі шапқыншылық жасап отырған. Ондай хабарлар жазба деректерде көптеп кездеседі. Мәселен, оларда қимақтардың 11 ғасырда "тоғыз-ғұздар" жерінің бір бөлігін қол астына қаратқаны айтылса, ал X ғасыр басында тоғыз-ғұздардың шекаралық қаласы-Шығыс Түркістандағы Жамлекес қаласын басып алғандығы баяндалады. Сонымен бірге, қимақтар Енисей бойындағы бойындағы қырғыздарға да шабуыл жасап тұрған. Ал Сыр бойындағы оғыздармен бірде тату тұрып, бірде өзара соғысып қалатын кездері де болады. Міне, осындай жағдайлардан бұл тайпалардың тілдік қатынас жағынан да, мәдениеті жағынан да ұқсас тұстары өте көп.


16. Ортағасырлық Қазақстан аумағындағы Қараханидтер.


Х ғасырдың орта шенінде Жетісу мен Шығыс Түркістан аймағында Қарахан мемлекеті құрылды. Орталығы Баласағұн қаласы болды. Қарахан әулетінің негізін салушы-Сатұқ Боғра хан. Боғра хан елді түрік кезеңінде басқарды. Қарахандар әулеті Яғма тайпасының өкілдерінен болды. Қарахан мемлекетінің этникалық құрамына жікіл, яғма, қарлұқ, оғыз, қаңлы, үйсін, сияқты түрік тілдес тайпалар кірген. Қарахан мемлекетінің құрылуын тездеткен жағдайлардың бірі - қарлұқ қағанатының ыдырауы болатын. Қарахан мемлекетінде жер иеленуді “Иқта”, ал иеленушілерді “иқтадар” (парсы сөзі) деп атаған. Арабша жерді иеленушілерді “муқта” деп атаған. ХІ ғасырдың 30-жылдарында Қара-хандықтар мемлекеті шығыс және батыс бөліктерге бөлінді. Батыс бөлікке-Мауреннахр, Ходжент жерлері кірді. Астанасы Бұхара қаласы болды. (кейін Самарқантқа ауысты). Шығыс бөлікке Жетісу, Шығыс Түркістан жерлері, Тараз, Испиджаб, Шаш қалалары кірді. Орталығы Баласағұн, кейіннен Қашғар қаласы болды.

17.Қыпшақтардың шығу тегі мен этникалық тарихы.


Қыпшақтың тегі – Қазақ. Қыпшақ, Қазақ, Ғұн, Сақ, Алаш, Түркі – синоним. Бәрі бір ел, бір ұлттың балама атаулары, бәрі бір Атаның, яғни Қазық жұртта (Қазақ даласында) отырған ұлы елдің ұрпағы. Оны батыстықтардың Қумандар деген атауынан да айқын көруге болады.
Қыпшақ этникасының қазақ территориясында құрылуы аса ұзақ процесс болған, ол үш кезеңге бөлінді:
1.VII-VIII ғғ. Kимек қағанатының құрамындағы қыпшақтар;
2.VIII-IX ғғ. Алтай тауларынан батыстағы Еділ өзеніне дейінгі террторияға қоныстанып, саяси үстемдік алған қыпшақтар;
3.XI-XIII ғғ. Шығыс ұлыстағы айбынды қыпшақтар.
XI ғ. екінші жартысынан бастап қыпшақтардың этникалық құрамына енген негізгі тайпалар: қимақтар (Қидан, Қиян, Қияттар М.Қ.), баяндурлар, баяуыттар (байұлылар М.Қ.), қаңлылар (Маңғыстаулық Қаңғалықтар (М.Қ.), ұран (Тұран М.Қ.) тайпалары. Әбу-л-Ғазиздің хабары бойынша Ыстық көл мен Талас жағалауына қоныстанған қаңлылар да кірген.

18.Түркі көшпелі мемлекеттік және әлеуметтік-мәдени дәстүрлерінің дамуының соңғы кезеңі ретінде Қыпшақ хандығының құрылуы.


Қыпшақтар — XI ғасырдың басында бұрынғы қимақ, қыпшақ және құман тайпалары қоныстанған аумақта әскери-саяси үстемдік қыпшақ хандарының қолына көшті. Қыпшақтардың билік басына келген билеуші әулеттік шонжарлары оңтүстік және батыс бағыттарда белсенді қимыл жасай бастады, мұның өзі оларды Орта Азия мен Оңтүстік-Шығыс Еуропа мемлекетімен тікелей белсенді қарым- қатынас орнатуға жеткізді.

XI ғасырдың екінші ширегінде қыпшақтардың әскери-тайпалық шонжарлары Сырдарияның төменгі және ортаңғы аңғарынан, Арал өңірі мен Каспий өңірі далаларынан оғыз жабығуларын ығыстыруына экономикалық та, саяси себептер де болған еді. Саяси фактор ең алдымен XI ғасырдың бас кезінде Орталық Азия тайпаларының батыс бағытында қозғалуына ұласқан сыртқы оқиғаларға байланысты болатын. Сонымен бірге қыпшақтардың өзін-әзі билеуге және өз мемлекетін құруға ұмтылған әулеттік топтардың орталықтан аулақтау сарынының маңызы аз болған жоқ. XI ғасырдың бірінші жартысында күшейген қыпшақ тайпаларының көсемдері, тегінде, жайылымдық жерлердің тапшылығына ұшырап, сонымен қатар Еділ бойы, Үстірт және Сырдарияның төменгі ағысы арқылы өтетін аса маңызды сауда жолдарын өз бақылауына алуға ұмтылған болса керек. Азияны Еуропамен жалғастырып жатқан жолдың бұл телімі маңызды баю жолдарының бірі ретінде мейлінше қажетті болатын.


Қимақ қағанаты (ІХ ғ. соңы – ХІ ғ. басы). Қимақ тайпалары туралы араб-парсы тарихшыларының мәліметтері. Қимақтардың шығу тегі, орналасуы, этникалық құрамы. Қимақ мемлекетінің құрылуы. Қимақ-қыпшақ тайпаларының конфедерациясы. Қағанаттың сыртқы саяси жағдайы. Қоғамдық құрылысы, шаруашылығы, қалалары. Көрші тайпалардың басқыншылығы, қағанаттың әлсіреуі. Қыпшақтардың әскери ақсүйектерінің күшеюі. Қағанаттың құлауы.

19. Найман, керейіт, меркіт, жалайырлар туралы деректердің мәліметтері.


Найман, керейіт, жалайыр тайпаларының негізгі мекендеген жері – Монғолияның орта және батыс аудандары. 10 ғасырдан бастап бұл тайпалар Қазақстан өңірін қоныстана бастады. Найман мемлекетінің аты шыға бастаған кез – 12 ғасырдың екінші жартысы. Орталығы – Балықты қаласы. Инанч-білге ханның білімділігінің арқасында наймандар қарақытайлардың үстемдігінен құтылған. Ол наймандар одағының басын қосып, мемлекетті күшейтті. Бұйрық пен Даян хандар тұсында мемлекет екіге бөлінді. Шыңғысханға қарсы қырғыз, меркіт, найман тайпалары бірігіп, 1201 жылы құрылтайға жиналады. Соғақ суаты деген жерде одақтастар Шыңғыс пен Ван хандардың әскерімен соғысып, ойсырай жеңіледі. Алтайдың оңтүстігіне жылжыған Бұйрық ханды Шыңғысхан әскері қолға түсіріп, жазалайды. Ал 1204 жылы Шыңғысхан Даян ханға қарсы жорыққа шығып, оны біржола жеңеді. Даян ханның баласы Күшлік Жетісуға қашып кетеді.
Керейіт тайпалары Орхон, Керулен, Селенгі, Аргун өзендерінің бойында тұрған. Орталығы – Битөбе. Керейіт мемлекеті 10-12 ғасыр аралығында, Маркус пен баласы Құршақұз хандар тұсында шарықтаған. 1202 жылы керейіттердің ханы Торы мен Шыңғысхан өзара жауласып, Шыңғысхан керейіттерді басып алады. Керейіттердің бір бөлігі Қазақстанның шығысына келіп орналасады. Тарихшы Рашид ад-Дин керейіттер туралы: “Монғол жеріндегі 9-13 ғасырларда өмір сүрген керейлер – күшті дамыған ел…Олар тек Шыңғысхан әскерінен әлсіреді. Олардың мәдениеті өте жоғары болып, көне түрік жазуларын пайдаланған” деп жазды. Монғол мемлекетінде хатшылар керейіттерден болған.
Жалайырлар монғол жеріндегі Селенгі, Хилок өзендері және Орхон өзенінің жоғарғы ағысында, Қарақорым таулы қыраттарында өмір сүрген. Шыңғысханның жалайыр тайпасының ішіндегі ең жақын адамы атақты ақын, шешен, батыр Мұқылай болған. Шыңғысхан өзіне көрсеткен адал қызметі үшін оған атақ беріп, сол қанатының түменін басқартқан. Жалайыр Жамұқа Шыңғысханның бірде андасы – серттескен ең жақын досы ретінде, ал бірде оның жансызы есебінде, бірде қас жауы ретінде көрсетіледі.

Найман, керейіт, жалайыр тайпаларындағы басқару ұлыстық жүйемен жүргізілді. Найман, керейіт, жалайыр тайпаларында малдың басты түрі жылқы мен қой болған. Ал керейіттерде жылқы өсіру басым болды.


20.Түркілер өркениеті және Ұлы жібек жолы.


Түркі мәдениеті - ежелгі заманнан өмір сүріп келе жаткан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан мəдениеттің жалпы атауы. "Түркі" термині алғаш 542 жылы қолданылды. Түркілердің алғашқы ата қонысы Шығыс Тянь-Шань мен өңірі болған. "Халықтардың ұлы қоныс аударуының" нәтижесінде қазіргі Қазақстан, Орта жəне Алдыңғы Азия, Шығыс Еуропа территорияларына қоныстанды.
Түркі мәдениетінің дамуына және одан ары таралуына ең басты рөлді «Ұлы Жібек жолы» атқарды. Ұлы жібек жолы Шығыста Қытай империясынан басталып, Батыста Рим империясында аяқталды. Бұл жол Кушан, Соғды және Парфия империяларын басып өткен жүктерді тасымалдап жеткізуді Еуразияның таулы және далалық аймақтарын мекендеген малшылар іске асырған. «Ұлы Жібек жолы» 2 мың жыл бойы өмір сүрген.
Ұлы Жібек жолы әр түрлі сауда, мәдени жаңалық және жаңа ойлардың таралу жолы, Еуразиядағы көшпелілер мен отырықшы халықтардың даму жолы болды. Жібек жолы өркениет жолы болды. Жібек жолы бойымен діни идеялар, тауарлар және олардың өндірісі туралы ақпарат атап айтқанда, жібекті, түрлі-түсті шыныны, қағазды, кітап басуды, оқ-дәрі мен зеңбіректі дайындау тәсілдері таралды.
Ортағасырлық авторлардың деректері мен археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде Жібек жолы бойындағы халықаралық сауда 9 ғасыр мен 13 ғасырдың басында өзінің ең биік деңгейіне жеткендігін айғақтайды. Испиджаб, Кедер, Отырар, Тараз, Науакент, Баласағұн ірі сауда орталықтары болып қалды. Оларға солтүстік-шығыс Жетісудың Қоялық, Екі-оғыз қалалары қосылды.
Осы кезеңде Шу, Талас және Сырдария алқаптарында қала орталықтары қалыптасады. Бұл қалалар Арал бойындағы құрғақ шөлейт аймақта өте жақсы сақталды. Олардың күн қаққан сары қабырғалары әлі күнге дейін биіктен көрінеді, ал төбелер астында үлкен көне қорымдар сақталған. Тараздың жанында Жамуқат қаласы болған. Оның қалдықтары Талас алқабында жатыр. Бұл орын қазір Қостөбе деп аталады. Жібек жолының бойында бірнеше жаңа қала пайда болып, ал бұрынғы қалалар дами түсті.
6 ғасырдың екiншi жартысында түркiлер Ұлы Жiбек жолының бiраз бөлiгiне иелiк еттi. Нақты осы түрiк кезеңiнде Қытайдан Жетiсу арқылы батысқа және Қазақстанның оңтүстiгiне өткен Ұлы Жiбек жолы бойында жандану байқалады. Бұл жолдың негізгі бөлігі болды және керуен саудасы мен елшiлiк сапарлары 6-13 ғасырларда осы жермен өттi. Бұл жағдай Жетiсу мен Қазақстанның оңтүстiгiнде жаңа қала орталықтарының пайда болуына түрткi болды, осыған дейін бар қалалардың тез өсуiне әсер еттi. Жiбек жолының түрiк бөлiгi бойынан мұндағы қызу керуен саудасының көптеген заттық дәлелдерi табылды.
Қорытындылай келе, Ұлы Жібек жолының маңызды бөліктерінде бірқатар ғылыми семинарлар өткізілді. Бағдарламаның «Ұлы Жібек жолы» атты қорытынды конференциясы Парижде өтті. Онда Орталық Азия халықтарының түрлі жүзжылдықтардағы мәдени жетістіктерін көрсеткен үлкен көрме ұйымдастырылды. Және де ЮНЕСКО ежелгі халықтар қалдырған үлкен мұраны зерттеуге ғана емес, сақтауға да ерекше көңіл бөледі. Қазақстан ЮНЕСКО-ның Бүкіл әлемдік мұрасы нысандарының тізіміне «Ұлы Жібек жолы» номинациясында 30-дан астам тарих және археология ескерткіштерін енгізді.

21. Орхон-Енисей (руникалық) жазуы ежелгі түркі өркениетінің өркениеттік белгісі ретінде.


Орхон жазуы көне түркі мұраларының ішінде қазіргі түркі тектес халықтардың бәріне ортақ көне түркі әдеби тілінде жазылған. Ол кезде сонау Cібірден бастап Орта Азия мен Қазақстан аймағы тұтастай Түркі қағандығының қол астына қараған болатын. VI ғасырдың ортасында қазіргі Солтүстік Монғолия жерінде бас құраған түркі қағандығы сол ғасырдың аяқ шенінде батысы Каспий теңізіне, шығысы Корей бұғазына дейінгі аралықты аралық алып жатқан ұлы империяға айналды. Кейін келе Батыс Түркі және Шығыс Түркі қағандығы деп аталатын екі үлкен қағандыққа бөлініп кеткені белгілі.
Тек түркі халықтары мәдениетінің ғана емес, сонымен бірге бүкіл дүние жүзі мәдениетінің тарихында елеулі орын алатын ондай ескерткіштердің мәні өте зор. Сондай құнды рухани мұралардың қазақ жерінде де көптеп жасалғандығы біздің халқымыз үшін үлкен мақтаныш.
Ежелгі мәдениет ескерткіштерінің ең бір кереметі, бүкіл әлемге әйгілі болған ақын тас, жыршы тас – Орхон ескерткіштері (VІІІ ғ.).
V-IX ғасырларда түркілер қоныстанған Алтай, Сібір, Орта және Орталы қ Азия жерінде жазу, сызу, егін, әдебиет өнері, тарих ғылымдарының, діни сенімдердің, Орхон жылнамасы мен Талас аңғарынан табылған ескерткіштер айғақ.
Орхон-Енисей жазу ескерткіштері табылған уақыт түркі тілдерінің даму тарихындағы «Көне түрік» дәуірінде сай келеді. Шығыс Түркі құрамында өмір сүрген тайпалар осы Орхон – Енисей жазуын қолданып, осы жазу тілінде сөйлеген. Орхон-Енисей жазу ескерткіштерінің ең көп табылған жері – Орхон, Енисей, Селенгі және Талас бойы.
Орхон-Енисей жазуы өзінің жазу ерекшеліктері мен қолдану өрісіне сай Орхон-Енисей және Талас жазуы делініп екі топқа бөлінеді.
Енисей жазба мұралары. Олардың бұлайша аталуы тас бетіндегі сына жазуларының Енисей бойынан табылумен байланысты. Бұған қосымша кейіннен Тува мен Хакасия Краснояр өлкелерінен де осындай жазбалар табылған. Енисей жазбаларының жалпы саны — 85 шамалы. Олардың ішінде кіші – гірім жазбалармен қатар ірі тестер кездеседі. Енисей ескерткіштері көлемі жағынан негізінен шағын болып келеді. Ең үлкен 10-15 жолдан, ең кішісі 1-2 жолдан ғана тұрады.

22.Түркі-ислам синтезінің қалыптасуындағы Қожа Ахмет Ясауи сопылық мектебінің рөлі.


Қожа Ахмет Ясауи — ақын, ойшыл, ұстаз, бүкіл түркі жұртына имандылық нұрын шашқан діни қайраткер, ағартушы, жаңа сопылық ағымның ғұламасы, пірі.
Орта ғасырда Ясауи оқуының пайда болуына бұрын дəуірлеп келген араб халифатының күйреуі мен əлсіреуі негізгі себеп болса керек. X–ХII ғасырларда ұлы араб халифатының батыс бетін Еуропа əмірлері билеп, шығыс бетін қытай, парсы, түрік билеушілері, кейін монғолдар өз ықпалына алады. Қарахан мемлекеті кезінде дəуірлеп келген мұсылманшылдық идея енді біраз əлсірей бастады. Оның болашағы тұйыққа тіреліп, мистика сарыны күшейе түседі. Бұрыннан айтысып келген діни ағымдар енді ашық тартысқа шығады. Осы бір дəуірдің қоғамдық санасының жемісі ретінде Қожа Ахмет Ясауи оқуы пайда болады.
Оның 90 мыңдай шəкірт — мүриттері болған. Олар ұстазының ілімін Орта Азияға таратып əкеткен. XIII–XV ғасырлар арасында Ясауи ілімі Хорезм, Мəуренаһр, Анадолыға дейін жеткен. Түрік жұртында Ясауиді құрметтеп, пір тұтқаны соншалық: «Мəдинада — Мұхаммед, Түркістанда — Қожа Ахмет», — деген.
Қожа Ахмет пайғамбар жасына келгенде, бар дүние-мүлкін кедей-кепшіктерге, ғəріп- міскіндерге таратып беріп, қылует (фəниден жалғыздықта күн кешу) жасауға бел байлайды. Ол өмірінің ақырғы он жылын жер астында жасалған мінəжатханада өткізеді. Сопы: «Алпыс үшке келдім, енді былайғы өмірім күпірлік, пайғамбардан аспақ күнə», — деп өзіне бір тоқтам жасайды. Қылуетте (халуетте) тіршілік еткен ақын өмірдегі жиған-терген, естіген, көрген, оқыған, білгендерін сарапқа салып, қияли күй кешеді.
«Құл Қожа Ахмет, ер болмасаң, өлген жақсы» деген жолдарда əдемі көрініс тапқан. Расында, ер адамның тірліктегі əрбір іс-əрекеті, жасаған еңбегі, біреуге берген қол қайыры кəкір-шүкір жай нəрсе емес. Естігеннің жаны сүйсінетін, көргеннің көңілі толатын ерлікпен ғана ол көптің алғысын алып, мол құрметіне бөленбек.

23. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмуд Қашқари, Ахмет Ясауи шығармаларының әлемдік маңызы.


Әл-Фараби, М.Қашқари, Ж.Баласағұн және т.б. мұралары бүкіл ғалам мен адамды жаратушы Аллаһқа деген махаббат пен ғибадатты, рухани жетілуді насихаттаған туындылар. Аталған ойшылдар исламның діни-этикалық құндылықтарын түркі халықтарына түркілік дүниетаным мен ділдік ерекшеліктеріне сәйкес таратқан. Орта ғасырлық түркі ойшылдары дүниетанымдық ізденістерінде Құран құндылығы мен даналығын, білім мен ғылымды, әдептілік пен әділеттілікті, ізгілік пен мейірімділікті насихаттаған еңбектерінде үйлесімді түрде көрсеткен.

Орта ғасырлық мұсылман философтары ислам дінін білім мен ақыл-парасат негізінде, ғылыми тұрғыда түсініп, пайымдаған. Мұсылман ойшылдары мен ғалымдары ислами дүниетаным негізінде ғылыми ізденістер жүргізді. Ислам мұсылмандық философияның мәйегі. Араб тілінде берілген қасиетті Құран Кәрім ислам әлемі ойшылдары мен ғалымдарының шығармашылық және дүниетанымдық көзқарастарының түпкі қайнар бастауы болды.


Жүсіп Баласағұн 1020 жылы Баласағын (Баласағұн) қаласы, Қырғызстандағы қазіргі Тоқмоқ өңірінде дүниеге келген. Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. Философия, математика, медицина, астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында «Құтадғу білік» («Құтты білік») дастаны арқылы қалды.

Ғасырдан ғасырға жалғасқан түркі халқы мәдениетінің классикалық әдеби жәдігерлерінің қатарынан орын алған Ж.Баласағұнидың «Құтты білік» дастаны халқымыздың тарихы, діні мен ділі үшін үлкен мәнге ие теңдесіз туынды болып табылады. Орта ғасырлық Қарахан әулетінің билігі тұсында жазылған «Құтты білік» шығармасы отбасылық тәртіптен бастап мемлекет құрумен қатар оның алып істерін жүргізуге дейінгі аралықты қамтыған қанатты сөздермен берілген ойлардан тұрады.


Әбу Насыр әл-Фарабидің философиялық жүйесінде дін мен оның құндылықтары өзіндік орын алады. Әл-Фараби дүниетанымында дін ойлаудың нақты әдісі және қоғамдық өмірдің ажырамас бөлшегі және адамдардың ахлақтық, құқықтық қарым-қатынасын реттеуші жүйе ретінде қарастырылады.

Әл-Фарабидің пайымдауынша, «дін – бәрі үшін алғашқы басшы алдын-ала айқындалған көзқарас және іс-қимыл». Отырарлық ойшылдардың пайымдауынша, дін адамзат үшін басшылыққа алатын дүниекөзқарас және іс-әрекет жүйесі. Фараби діни құндылықтарда адамның рухани дүниесі мен әдептерін қалыптастыратын күш-қуат көзі бар екендігін және дін бақыт пен игілікке жетудің бір құралы болатындығын атап көрсетеді. Құранда: «Аллаһтың саған сыйлаған нәрселері арқылы ақырет жұртын құмарт. Сондай-ақ, дүниеден алар үлесіңді де ұмытпа. Аллаһ саған жақсылық қылғандай, сен де жақсылық қыл және жер бетінде бұзықтық тілеме. Өйткені, Аллаһ бұзақыларды жақсы көрмейді» делінген [Әл-Қасас, 77].


Әл-Фараби діннің негізінде ізгі мазмұн мен ибалы мән айшықталғандығы және дін мен бақыттың үйлесімділігі, бұл ізгі дін болатындығын болжайды.


Әл-Фараби философия мен дінді адамның дүниедегі болмыс тәсілдері ретінде анықтайды. Философия (фәлсәфа) деп әл-Фараби тек даналықты (хиқма), «Жалпы туралы» ғылымды ғана түсінбейді, оны өмір сүру тәсілі, адамды өзінің адами мәнін түсінуіне жеткізіп қана қоймай, осы тәсілдің арқасында сол нағыз мәнге айналдыратын тәсіл ретінде түсінеді. Дінді де ол дүниедегі болмыс тәсілі деп, ақиқат жолға бастайтын тәсіл деп түсінді.


Махмұд Қашқари 1029 жылы Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) Барсхан қаласында әскерилер отбасында дүниеге келген. Қарахан әулетінен. Қашқарда, Бағдатта білім алған. Византия, Түркия, Қытай және басқа елдерді аралаған. Түркі тілімен қатар, араб және парсы тілдерінде де еңбектер жазған.


Махмұт Қашқаридың еңбегінде ислам құндылықтар мен тәлімдері, әдептілік ұстанымдары айқын көрінеді. Исламның жалпыадамзаттық құндылықтары ойшыл дүниетанымының негізі ретінде көрінеді. Қашқаридің мұрасындағы ислами құндылықтар қоғам мен адам арақатындағы және тәлім-тәрбиеге қатысты айқындалады. Сондықтан да Қашқари шығармаларында ислам ілімі мен құндылықтары маңызды орын алады.

24.Шыңғысханның Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алуы.


XII ғ. аяғы мен XIII ғ. басында Орта Азиямен мен Қазақстан далаларында саяси жағдай, көшпенді тайпалардың билеушілері арасындағы тартыс күшейе түсті.
ХІІ ғ. аяғы мен ХІІІ ғ. басында Монғолия жерінде қият-бөржігін тайпасының билеушісі Есугей баһадурдің баласы Темучин (1155-1227) билік еткен ірі көшпелі мемлекет құрылды. Ол 20 жылға созылған қиян-кескі күрес барысында Монғолияның бүкіл тайпаларын өз қол астына біріктірді. Егер бұрын Монғолияны мекендеген тайпалардың көпшілігі татар деген атпен (ең қуатты тайпалардың бірінің аты бойынша) белгілі болса, енді мемлекеттің нығаюына байланысты Монғолия тайпалары өздерін монғолдар деп атай бастайды да, бұл термин жинақтаушы этникалық-саяси мәнге ие болады. Қытай деректерінде бүкіл Монғолияның халқы «татарлар» деп аталған, осы атау араб, парсы, орыс және батыс европалық деректерге ауысқан. Жалпы «татарлар» атауының шығыс-монғолдық тайпалардың бір бөлігіне ғана қатысы бар. «Татар-монғолдар» және «монғол-татарлар» атауы кейін пайда болған.
ХІІ-ХІІІ ғғ. межесінде монғол қоғамында феодалдық қатынастардың қалыптасу процесі жүріп жатты. Бұл қоғам екі топқа – ақсүйек нояндарға және еңбекші халық – араттарға бөлінді.
1206 жылы көктемде Темучинді жақтаушы монғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысы болып, онда ол Шыңғыс хан деген атпен монғолдардың әміршісі болып салтанатты түрде жарияланды. Шыңғыс хан тұсында Монғол империясының астанасы Қарақорым болды. Монғол мемлекеті әскери-әкімшілік ұйым негізінде құрылды. Мемлекет аумағы үш әскери әкімшілік аймаққа бөлінді. Әр аймақ бірнеше түменнен, түмен 10 «мыңдықтан», әр мыңдық – 10 «жүздіктен» тұрады. Армия темірдей тәртібі және жоғары әскери дайындығымен ерекшеленді. Монғолдардың әскери басымдыққа жетуіне Шыңғыс ханның жауапты орындарға этникалық және әлеуметтік шығу тегіне қарамастан батыл да іскер адамдарды қоюы көп әсерін тигізді.
1207-1208 жж. Шыңғыс ханның үлкен баласы Жошы Енисей қырғыздарын және Сібірдің оңтүстігіндегі «орман халықтарын» бағындырды. Қазіргі Шығыс Түркістан аумағында тұрған ұйғырлар монғолдарға бағынды. 1211 ж. Шыңғыс ханның қолы Солтүстік Қытайға енді, 1215 ж. олар Цзинь мемлекетінің астанасы Чжунду (Пекин) қаласын жаулап алды. 1217 жылы Цзинь империясы Хуанхэ өзенінің солтүстігінде орналасқан барлық иеліктерінен айырылды.

25. Қазақстан үш монғол ұлысының құрамында.


Шыңғыс хан қолының негізгі жорықтарының бірі Қазақстан мен Орта Азия жеріне жасаған жорық болды, бұл жорық оларға Шығыс Еуропа мен алдыңғы Азияға жол ашты. Шыңғыс хан Қазақстан мен Орта Азияға жасаған жорығына зор мән беріп, оған ұзақ әрі мұқият әзірленді.
Моңғолдардың батысқа қарай жылжуы 1218-інші жылы қайта басталды. Шыңғыс хан өз басының жеке жауы найманның ханы Күшлікті талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған Жебе ноян бастаған әскер тобын жіберді.
Жетісуді Шыңғыс хан аса көп қарсылықсыз-ақ басып алды. Моңғолдарға қарсы тұруға жарамай қашып кеткен Күшлік ханның жігерсіздігіне, оның діни қудалауларына, салықпен зар илеткен зорлық-зомбылығына ыза болған найманның феодалдары Шыңғыс ханға мойынсынып, өз әскерлерімен оның қарамағына өтті.
Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін моңғолдарға Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға жол ашылды. Қазақстанға басып кіруге «Отырар опаты» деп аталатын жағдай себеп болды.

1218-інші жылы Шыңғыс хан Орта Азияға Омар Қожа Отрари, Жамал Марағи және басқа саудагерлер басқарған сауда көруенін жіберді, 450 адамы бар 500 түйелік сауда керуені 1218-інші жылы жаз айында Отырар қаласына келіп жетеді. Отырар әміршісі Ғайыр хан саудагерлерді жансыз тыңшылар деп күдіктеніп, оларды қырып тастап, керуенді тонап алады. Шыңғыс хан Ғайыр ханды қолыма бер деп талап етті, бірақ Хорезм шахы Екінші Мұхаммед бұл талапты орындамағаны былай тұрсын, Шыңғыс хан жіберген жазықсыз елшілерді өлтіруге әмір етеді. Бұл Шыңғыс ханның Хорезмге қарсы соғыс ашуына себеп болды.


1219-ыншы жылы қыргүйекте Шыңғыс ханның 150 мыңға жуық қалың қолы Ертістен Сырдарияға қарай қаптайды. Шағатай мен Үгедей бастаған түмендер Отырарды қоршауға алады. Жошы бастаған әскер Сырдарияның төменгі ағысындағы қалаларды алуға аттанады. Үшінші бөлік Сырдарияның жоғарғы ағысындағы қалалар мен қыстақ-кенттерді алуға, ал Шыңғыс хан өзі кіші баласы Төлемен бірге Бұхараға қарай бет алды.
Отырар қаласы алты ай бойы берілмей қарсыласады. Тек Хорезм шахы Мұхаммед екінші көмекке жіберген әскебасы қақпаны ашып, өз әскерімен моңғолдарға берілгенде ғана моңғолдар осы қақпа арқылы қалаға лап қояды.
Осылайша Отырар қамалын жермен-жексен етіп, Шағатай мен Үгедей бастаған моңғол әскері Шыңғыс ханға келіп қосылды. Бұл кезде Шыңғыс хан Бұқара мен Самарқанд арасындағы жолда болатын.
Сырдария бойындағы басқа қалалардың тұрғындары да ерлікпен қорғанды. Соның бірі Сығанақ қаласы еді. Жеті күнге созылған шабуылға қала тұрғындары табан тіресіп қарсыласты. Бірақ көп ұзамай Сығанақ жеңілді. Моңғолдар қаланы талап, халқын аяусыз қырды. Сол сияқты қарсылық көрсеткен Үзкент, Баршыкент қалалары алынып, Ашнас қаласының тұрғыңдары да қырғынға ұшырайды. 1219-1220-ыншы жылдар арасында Сырдарияның бойындағы барлық қалалар мен қыстақ-кенттер моңғолдардың қол астына өтеді.
Моңғол қолбасшылары Жебе мен Сүбедей нояндар басқарған 30 мыңдық әскер Солтүстік Иранды басып өтіп, 1220-ыншы жылы Кавказға кірді. Олар алаңдарды, қыпшақтарды және Қалқа өзені бойындағы орыстарды 1223-інші жылы тас-талқан етіп жеңді. Моңғолдар орыс жерінің оңтүстік аймағын ойрандап, қазақ даласы арқылы 1224 жылы Шыңғыс ханның Ертістегі ордасына қайта оралды. 1225-інші жылы Шыңғыс хан Моңғолияға қайтып келді.
Сонымен 1219-1224-інші жылдардағы моңғол шапқыншылығы нәтижесінде Қазақстан мен Орта Азия Шыңғыс хан империясының құрамына кірді.

Ұлыстардың құрылуы


Ұлан-ғайыр көп жерді жаулап алған Шыңғыс хан көзінің тірісінде осы жерлерді төрт ұлына енші етіп үлестірді. Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыға Ертіс өзенінен Орал тауларына дейінгі жерлер, одан ары батысқа қарай «моңғол атының» тұяғы жеткен жерлерге дейінгі аймақтар, оңтүстікке қарай Каспий мен Арал теңізіне дейнгі жерлер берілді. Әмударияның төменгі жағындағы аймақтар мен Сырдария өңірі де Жошы ұлысына кірді. Бұл жерлер «Жошы ұлысы» деп аталды.


Шыңғыс ханның екінші ұлы Шағатайға Қашқария, Жетісу, Мауренахр тиді. Шағатай ұлысының мұрасы ретінде Жетісуда Моғолстан мемлекеті құрылған еді.
Үшінші ұлы Үгедейге Батыс Моңғолия мен Тарбағатай аймағы берілді. Кенже ұлы Төлей әкесінің қара шаңырағы Моңғолияны мұраға алды. Сонымен бірге ол моңғолдың тұрақты 129 мың адамдық армиясының 101 мыңын алды, ал қалған әскер үш баласының әрқайсысына 4 мың адамнан бөлініп берілді. Бұл ұлыстардың барлығы Қарақорымдағы (Моңголиядағы) ұлы хан Шыңғыс ханға бағынатын болды.
Жошының ордасы Ертіс алқабында, Шағатайдың ордасы Іле алқабында болды. Үгедейдің ордасы қазіргі Шәуешек қаласының маңында орналасты.
Сонымен Қазақстанның барлық жері моңғолдың үш ұлысының құрамына: үлкен далалық бөлігі Жошы ұлысының, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан Шағатай ұлысының, Жетісудың Солтүстік-шығыс бөлігі Үгедей ұлысының құрамына кірді.
Моңғол шапқыншылығы бұл өңірде бұрын қалыптасып қалған шаруашылық-экономикалық, мәдени-этностық дамуды бұзды. Сонымен қатар моңғол шапқыншылығы Қазақстан жерінің этностық құрылымына едәуір өзгеріс әкелген саяси фактор болды. Бір жағынан Қазақстан жеріне сырттан келген моңғол және түркітектес тайпалар қоныстанса, екінші жағынан жергілікті халықтың біраз бөлігі Шыңғыс ұрпақтарының жорықтарына тартылып, елімізден тыс аймақтарға кетті. Соның нәтижесінде жергілікті түркітектес рулар, тайпалар бір-бірінен ажырап қалды, бұрынғы тұтастығынан айырылып, ұсақталып кетті. Бұл үлкен ру-тайпалардың халық болып бірігуін қатты тежеді. Моңғол шапқыншылығы тайпалардың, тайпалық одақтардың аяқталуға жақын қалған халық болып бірігу процесін бірнеше ғасырға шегерді.
Моңғолдардың келуімен тайпалардың басқару жүйесінде, шаруашылық әрекетінде, тұрмыс-тіршілігінде, салт-санасында белгілі бір өзгерістер болды. Әсіресе, оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлердегі қалыптасып қалған қала мәдениеті, егіншілік қатты күйзеліске ұшырады, кей жерлерде мүлде құрып, қайта бұрынғы қалпына келе алмай қалды. Дегенмен де қалыптасып келе жатқан халықтың мәдениеті мүлде тоқыраған жоқ. Олар түркілердің тілін, әдет-ғұрпын, дінін қабылдады.
Моңғолдар далаға орталықтандырылған мемлекет құру идеясын әкелді, бұрын ыдырап жүрген тайпаларды біріктірді. Көшпелі өмір нормасын Шыңғыс ханның «Жасақ» заңы реттеп отырды, мұнда жаңа жағдайларға бейімделген кәдімгі құқық жинағы болды. Алайда Шыңғыс хан мен оның мирасқорлары жүргізген соғыстар жаулап алынған жерлердің ғана емес, сондай-ақ Моңғолияның өзінің де өндірістік күштерін құлдыратты.
Қазақстанды мекендеген тайпалардың көбі моңғол шапқыншылығы салдарынан Венгрияға, Балқан елдеріне, Үндістанға, Қытай мен Мысырға ауды.
Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы өз ұлысын тәуелсіз мемлекет етуге ұмтылды, бірақ ол 1227-інші жылы қыста қайтыс болды. Жошы хан өлгеннен кейін оның мирасқоры Бату жорықтары нәтижесінде ұлыс аумағы Алтайдан Дунайға дейін созылды. Бұл ұлы мемлекет Алтын Орда мемлекеті болды. Ол Батыс Дешті Қыпшақ аумағына, Еділ бұлғарларының жерлеріне және әрмен қарай батысқа жаугершілік жорықтар жасады. Ірі орыс княздіктерін, көптеген Еуропа елдерін талқандады. Жеті жылдық жорық нәтижесінде Еділден бастап батысқа қарай Қырым, Солтүстік Кавказ, Батыс Қыпшақ далаларын қоса алғанда, Дунайдың төменгі ағысына дейінгі жерлер Батудың қолына қарады.
Моңғолдар Ордада азшылық болды. Он үшінші ғасырдың соңы мен он төртінші ғасырда моңғолдар толық түркіленіп, Алтын Орда халқы татарлар деп атала бастады.

26.Алтын Орданың Еуразия империясы ретінде құрылуы: территория, этникалық процестер, мәдени симбиоз.


Алтын Орда Бату, Берке, Мөңке-Темір, Төле Мөңке, Төле-Бұқа, Тоқа-Темір, Өзбек, Жәнібек хандар билеген тұста кемеліне келіп, оның билігі мейлінше күшейе түсті. Егер Жошы мен Бату Моңғолиядағы ұлы ханға белгілі бір дәрежеде бағынышты болса, Беркеден бастап Алтын Орда хандары өздерін тәуелсізбіз деп есептеді. Алтын Орда Батыс Еуропамен, Мысырмен, Кіші Азиямен, Үндістанмен, Қытаймен сауда-саттық жүргізді, халқы әртүрлі кәсіппен айналысып, қолөнерді дамытты. Беркенің кезінде Алтын Орда мен Мысыр сұлтаны Бейбарыс арасында байланыс күшейе түсті. Берке хан тұсында Алтын Ордаға ене бастаған ислам дінін Өзбек хан 1312-інші жылы Алтын Орданың мемлекеттік діні деп жариялады. Алтын Орданың гүлденген мезгілі осы Өзбек хан мен оның баласы Жәнібек ханның билік еткен тұстары болды. Өзбек хан қалаларда медреселер салдырып, мұсылмен дінінің таралуына септігін тигізді.
Саяси өмірдің ерекше маңызды кезеңдерінде билеуші Шыңғыс хан әулетінің өкілдері бастаған феодалдық алпауыт бектердің құрылтайы шақырылып тұрды. Мемлекет құрылысы әскери негізде болды. Қарулы күштер оң қол, сол қолға бөлініп, оларды ханзада-ұғландар, түменбасы, мыңбасы, жүзбасы, онбасылар басқарды. Алтын Орда халқының қоғамдық және мәдени даму дәрежесі әркелкі болды.
Шыңғыс хан ұрпақтары ұлыстарының басқару жүйелері бір-біріне ұқсас болды. Хандық өкімет хан ұрпақтарының иелігі болды. Егер хан өлсе, не інісі, не баласы таққа отыратын. Алтын Орда хандары ислам дінін қабылдағаннан кейін іс жүргізу жұмыстарын ұйғыр жазуымен жүргізе бастаған. Мұндай іс-қағаздарын жүргізушілерді «бітікшілер», яғни хатшылар деп атаған. Ұлыстың аумақтық бөліктері билеуші әмірлерге, мыңдықтар нояндарға, ал нояндар беклербекке бағынған. Ал азаматтық істерге уәзір билік жүргізген. Жалпы Алтын Ордада Жошы ұлысының мемлекеттік басқару жүйесі толығымен сақталған. Мемлекет ұлыстарға, ал ұлыстар ұсақ үлестерге бөлініп басқарылды. Азаматтық басқару билігі түркі әулеттерінен шыққан «мәлік» деп аталатын жергілікті әкімдер арқылы жүзеге асырылған. Ал даруғалар салық жинаумен шұғылданды. Әскери істерді беклербек басқарды. Басқақтар да маңызды рөл атқарды. Олар басқару қызметін атқарумен қатар жергілікті халыққа әскери бақылау жүргізді, кейбір жерлерде салық жинаумен де айналысты.
Қазақстан жеріне моңғолдар Шыңғыс ханның құқық нормаларын «Жасақты» енгізді, онда феодал шонжарлардың артықшылықтары белгіленді.
Алтын Орда хандығы берік мемлекеттік бірлестік бола алған жоқ, оның әлеуметтік және мәдени даму дәрежесі әртүрлі және экономикалық негізі төмен болды. Феодалдық қатынастар дамыған сайын ішкі-сыртқы байланыстар шиеленісе түсті. 1342-1357-інші жылдары Алтын Орданы билеген Жәнібек хан өлгеннен кейін Шыңғыс тұқымынан тараған билеуші топтар арасында хан тағына талас басталды.
Тек 1357-1380-інші жылдар арасында Алтын Ордада 25 хан ауысты. Оған қоса Алтын Орда қарауындағы езілген бұқара халықтың азаттық күресі күшейді. Он төртінші ғасырдың аяқ кезінде Мауренахр билеушісі Әмір Темірдің күшті шабуылдары да Алтын Орданы әлсіретпей қоймады. 1380-ыншы жылы Куликово даласында Мамай хан бастаған моңғол әскерін талқандаған орыс князьдары Алтын Ордадан тәуелсіздік алды. Алтын Орда тарихында «дүрбелең кезең» басталды. Осындай қат-қабат қайшылықтар мен тартыстар нәтижесінде әлсіреген Алтын Орда он бесінші ғасырдың ортасында ыдырап, бірнеше дербес мемлекетке бөлініп кетеді. Алтын Орда – Ақ Орда, Ноғай Ордасы, Сібір, Қазан, Қырым, Астрахан хандықтары болып бөлініп кетеді. Хорезм Ақсақ Темір мемлекетінің құрамына кіреді.
Империялар тарихына жасалған шолу мынаны дәлелдеп отыр: Қарудың күшімен құрылған мемлекет жергілікті халықтың топтасуын жеделдетіп, оның өз тәуелсіздігі үшін толассыз күрес жүргізіп, міндетті түрде ерте ме, кеш пе өз мемлекетін құруына алып келеді. Шыңғыс хан негізін қалап, ұрпақтары басқарған Моңғол империясының (Алтын Орда) тағдыры да осылай аяқталды. Бұл тарихи шындықтың тағы бір көрінісі Қазақстан аумағында он төрт - он бесінші ғасырлар аралығында құрылған феодалдық мемлекеттер, қазақ этносының қалыптасуының аяқталуы мен Қазақ хандығының құрылуы болды.

27.Ақ Орданың саяси тарихы (XIII ғ. соңы – XVғ. басы).


Моңғол дəуірінен кейінгі кезең Шығыс Дешті Қыпшақ, Жетісу жəне Оңтүстік Қазақстан халқының бірігуімен сипатталады. Осы иеліктерде моңғол дəуірінің ыдырау процесі жүріп, Ақ Орда, Моғолстан, Əбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы құрылды.
Ақ Орда. ХІІІ ғасыр мен ХV ғ. басы аралығында Шығыс Дешті Қыпшақ жерінде Ақ Орда мемлекеті өмір сүрді. Ол моңғол шапқыншылығынан кейін Қазақстан жерінде пайда болған бірінші ірі мемлекет. Ақ Орданың негізін қалаушы – Жошының үлкен баласы Орда Ежен (1226-1280 жж.).
ХІV ғ. екінші жартысында Алтын Орда билігі əлсіреп, Ақ Орда күшейіп, дамудың ең жоғары сатысына жетті. Территориясы батысында Жайық өзенінен шығыста Ертіс өзеніне дейінгі, оңтүстікте Сырдария алқабы, Арал теңізінің солтүстік-шығысынан солтүстікте Оңтүстік Сібір ормандарына дейінгі жерлер болды. Астанасы – Сығанақ (Сырдарияның орта ағысы). Халқы түркітілді тайпалардан құралды.
Ақ Орданың саяси тарихы бірінші кезеңде Шығыс Дешті Қыпшақ жерін Алтын Орданың билігінен азат ету жолындағы ұзақ күреспен өтеді, кейінірек Ақ Орда хандары Алтын Орда ісіне араласады, ал өз тарихының соңғы кезінде Мауренахр билеушісі Әмір Темір мен оның ұрпақтарының басқыншылығына қарсы күреседі. Мемлекетті Орда Ежен тегінен шыққан хандар басқарды.
ХІV ғ. екінші ширегінде Мүбəрак қожа (1320-1344 жж.) Алтын Ордаға бағынбай дербес саясат жүргізуге тырысты.
Орыс ханның кезінде (1361-1376 жж.) Ақ Орда Алтын Ордадан бөлініп, тəуелсіз хандық болып жарияланды. Ол Алтын Орданы өзіне бағындыруға əрекет етті. Бұл мақсатын жүзеге асыру үшін 1368 жылы Еділ бойына жорық жасайды. 1374-1375 жж. Сарай Беркені, Қажы Тарханды (Астрахан) алып, Кама бұлғарларын бағындырады. Бірақ Алтын Орданың уақытша билеушісі Мамайды жеңе алмайды. Алтын Орданы жаулау кезінде өзіне көмекке келмеген Жошы əулетінің бірі Маңғыстау аймағының билеушісі Түй Қожаны өлтіреді. Оның баласы Тоқтамыс Əмір Темірді барып паналайды. Темір бұл жағдайды пайдаланып, Тоқтамысты көп əскермен Ақ Ордаға жібереді. Тоқтамыстың алғашқы жорығы (1374-1375 жж.) сəтсіз аяқталды, Ақ Орда əскері оның əскерін талқандайды. Бұл соғыста Орыс ханның баласы Құтлық Бұқа қаза болды.
Əмір Темірден қайтадан əскер алған Тоқтамыстың екінші жорығы да сәтсіз болып, ол Орыс ханның ұлы Тоқтақия басқарған Ақ Орда əскерінен жеңілді, Тоқтамыс тек төртінші жорығынан кейін ғана Ақ Орда тағына отырады.
ХІV ғ. аяғы мен ХV ғ. басында Ақ Орданың əлсіреуіне Əмір Темірдің тонаушылық жорықтары жəне ішкі тартыстар себеп болды. Ақ Орда жеріндегі билік Шайбанның ұрпағы Əбілқайырдың қолына көшеді.
Кейін Ақ Орда мемлекеті Қазақ хандығының құрылуына негіз болды.

28.Моғолстанның саяси тарихы (XIV ғ. ортасы – XVI ғ. басы).


Моғолстан — 14 ғ. орталығында құрылған мемлекет. Ол Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде қалыптасты. Бұл мемлекеттің негізін қалаған Тоғлық Темір (1348—1362) болды.
Моғолстан атауы моңғол деген сөздің түркіше, парсыша атауы болып табылады.
14—15 ғғ. Моғолстан құрамына Түркістан, оңтүстік-шығыс Қазақстан және Орта Азияның кейбір аумақтары кірді. Оған кіретін тайпалар: дұғлаттар, қаңлылар, керейттер, арғындар, барластар кірді. Орталығы — Алмалық қаласы.
Бұрынғы Шағатай ұлысының жерін толық билеуді көздеген Тоғылық Темір Мәуереннахрды Шыңғыс әулеті Денішмендінің атынан билеп отырған Қазағанның көзін құртуды, сол арқылы бұл өңірді Моғолстанға қосып алуды ойлады. Сөйтіп, ол 1358 ж. Қазаған әмірді өлтіртті. Бір жылдан кейін Қазағанның мұрагері Абдолла да қаза болды. Осыдан кейін Мәуереннахр тәуелсіз ұлыстарға бөлінді. Оны пайдалану үшін Тоғлық Темір жанталасты.
Ал Осы кезде Ақсақ Темір өзінің шағын әскерімен Кеш қаласының әміріне қызмет етіп жүрді. Тоғылық әскерлері Кешті алады. Темір Тоғылық Темірге қызметке кіреді.
1361 ж. Мәуереннахрға екінші рет шабуылға аттанып, оны бағындырған Тоғылық темір баласы Ілияс қожаны оған билеуші етіп қалдырды. Бұл жолы ол Темірді Кеш қаласының бастығы етіп тағайындады.
1362 ж. Тоғылық Темір қаза тауып, Моғолстанда билік Ілияс қожаға көшкенде Мәуереннахрға билеуші болып Қазағанның немересі Хұсайн тағайындалды. Ақсақ Темір онымен бірге Моғолстанға қарсы шығып, Мәуереннахрды өздерінің қол астына біріктіруге кірісті. Ақсақ Темір мен Хұсайн Моғолстан әскерлерін талқандады.
Енді Хұсайн мен Ақсақ Темір арасында билік үшін күрес басталды. Осындай шайқастардың бірінде Темір Балқы қаласында Хұсайнды өлтіріп, Мәуереннахрға ие болды.
29.Көшпелі өзбектер мемлекеті (1428-1468 жж.), немесе Әбілқайыр хан мемлекеті.
Әбілхайыр Ордасы немесе Өзбек хандығы — XV ғ. алғашқы ширегінде Қазақстанның солтүстік-батыс және орталық аймағында пайда болған.

Қазақстанның орталық, батыс және солтүстік-батыс бетінде бірнеше тәуелсіз феодалдық иеліктер құрылып, олардың арасында билік үшін күрес толассыз жүрді. Ноғай ордасы мен Әбілхайыр хандығының пайда болуына әкелді.


Осындай жағдайда Жошы әулетіндегі Шайбанның ұрпағы Дәулет Шайхтың баласы Әбілхайыр саяси өмір сахнасына шықты. Орталық және Солтүстік Қазақстан тайпаларын билеп отырған топтардың қолдауымен ол 1428 ж. Тура өңірінде (Батыс Сібір) хан болып жарияланды.
Оның хандығының құрамына Қият, Маңғыт, Шынбай, Найман, Қарлұқ, Үйсін т.б. тайпалар кірді.
Шығыс Дешті-Қыпшақтың феодалдық бытыраңқы жерлерін біріктірген «көшпелі өзбектер мемлекетінің» яғни Әбілхайыр хандығының Қазақстан тарихында елеулі орны бар. Оның иелігі Ноғай ордасының шығыс бетін, батыста Жайық, шығыста Балқаш жерлеріне дейінгі, оңтүстікте Арал теңізі мен Сырдың төменгі ағысына, солтүстікте Тобыл мен Ертіс орта ағыстарына дейінгі жерлерді қамтыды.
Әбілхайыр басқарған 40 жылдай уақыт ішінде елдің саяси жағдайында тұрақтылық пен тыныштық болмады. Оның қолынан билікті алу үшін күрескен әр түрлі топтармен күрес жүргізуге тура келді. Жошы әулетінің оның ішінде Орда Ежен хан, Орыс ханның ұрпақтары Жәнібек, Керей Әбілхайырға үнемі қарсы шығып отырды.
1446 ж. оған қарсы болып жүрген күшті шонжарлардың бірі Мұстафа ханның әскерлерін талқандады. Сол жылы Әбілхайыр хан Сырдария мен Қаратау бауырындағы Созақ, Сығанақ, Аққорған, Үзкент қалаларын басып алып, Сығанақты өз хандығының астанасына айналдырды.
1450 жж. Әбілхайыр Мәуранахрдағы Темір ұрпақтарының ішкі тартысына араласып, Самарқан пен Бұқараға жорық жасайды.
1456—57 жж. ойраттармен болған шайқастарда жеңіліске ұшыраған Әбілхайыр елдің бірлігін қамтамасыз ете алмады.
Оған наразы Керей мен Жәнібек сұлтандар бастаған халықтың бір бөлігі Моғолстан жеріне қоныс аударып, Шу мен Қозыбасы (Талас) өзендерінің бойына орнықты.
1468 ж. Әбілхайыр көп жорықтарының бірінде қайтыс болып, «Көшпелі өзбектер мемлекеті» ыдырап кетті.

30.Ноғай ордасының саяси тарихы


13 ғасырда Қазақстанның солтүстік-батысында Ноғай Ордасы мемлекеттік бірлестігі құрылды. Аумағы – Еділ мен Жайық өзендерінің аралығы. Орталығы – Сарайшық қаласы. Ноғай – жорықты Батыймен бірге бастап, Алтын Орданың бес ханы тұсында қолбасшы болған адам. Ноғай әскерінің көпшілігі түрік тілдес маңғыт тайпасы болғандықтан “маңғыт елі” деп те аталған. Ноғай Ордасының негізін қалаған – Ноғайдан кейінгі Едіге. Орда Едігенің баласы Нұрад-дин (1426-1440) тұсында өз алдына жеке мемлекет болып, Алтын Ордадан бөлініп шықты. Ноғайлар 15 ғасырдың ортасында Сырдарияның орта ағысына дейін жетіп, бекініс қалаларды жаулап алды.
Орда билігі мұрагерлік жолмен берілді. Ұлысты билеушілер – мырзалар өз жерінде шексіз үстемдік етті. 16 ғасырда Ноғай Ордасы ыдырай бастады. Халқының кейбір бөліктері Кіші жүзге қосылды.
Батыс Сібір жерінде туысқан түрік тілдес тайпалардың бірлестігі болды. Бірлестікте керейіттер басты рөл атқарған. Батыс Сібір Жошы ұлысы құрамына кіріп, Шайбани әулетінің жері саналған. Бірақ елді басқару Тайбұға заманындағы түрік шонжарлары әулетінің қолында болды. Сібір хандығының негізгі жерлері Тобыл, Тура өзендерінің аңғарлары болды. Астанасы – Чимги-Тура (Қызыл-Тура). 1428 жылы Әбілхайыр хан Батыс Сібірге жорыққа аттанады. Ол Махмуд Қожаны жеңіп, Батыс Сібір Әбілхайыр ханның қарамағына өтеді. Шайбани ұрпағы Ибақ хан өз билігін Чимги-Тура, Тобыл, Ертіске жақын жерлерге жүргізеді. Ибақ хан орыс патшасы III Иванмен сауда қарым-қатынасын орнату мақсатындағы достық одақ құруға шарт жасасты. 1495 жылы Мұхаммедтің басшылығымен Чимги-Турада Ибақ хан өлтірілді. Тайбұғалық Мұхаммед билеуші болып жарияланды.
Қазақстан аумағында Шыңғыс әулетінің үш ғасырға жуық билік жүргізуіне қарамастан, қоғамдық қатынастардың өрістеуі, тілдік қатынастың дамуы, шаруашылық салаларының өсуі жергілікті этникалық ортада дамыды. Қазақстандағы феодалдық мемлекеттердің негізгі этникалық құрамы біртұтас ел болып қалыптасқан қазақ халқының негізін құрады.

31.Сібір хандығының саяси тарихы (XV ғ. соңы – XVI ғ.).


13 ғасырда Қазақстанның солтүстік-батысында Ноғай Ордасы мемлекеттік бірлестігі құрылды. Аумағы – Еділ мен Жайық өзендерінің аралығы. Орталығы – Сарайшық қаласы. Ноғай – жорықты Батыймен бірге бастап, Алтын Орданың бес ханы тұсында қолбасшы болған адам. Ноғай әскерінің көпшілігі түрік тілдес маңғыт тайпасы болғандықтан “маңғыт елі” деп те аталған. Ноғай Ордасының негізін қалаған – Ноғайдан кейінгі Едіге. Орда Едігенің баласы Нұрад-дин (1426-1440) тұсында өз алдына жеке мемлекет болып, Алтын Ордадан бөлініп шықты. Ноғайлар 15 ғасырдың ортасында Сырдарияның орта ағысына дейін жетіп, бекініс қалаларды жаулап алды.
Орда билігі мұрагерлік жолмен берілді. Ұлысты билеушілер – мырзалар өз жерінде шексіз үстемдік етті. 16 ғасырда Ноғай Ордасы ыдырай бастады. Халқының кейбір бөліктері Кіші жүзге қосылды.
Батыс Сібір жерінде туысқан түрік тілдес тайпалардың бірлестігі болды. Бірлестікте керейіттер басты рөл атқарған. Батыс Сібір Жошы ұлысы құрамына кіріп, Шайбани әулетінің жері саналған. Бірақ елді басқару Тайбұға заманындағы түрік шонжарлары әулетінің қолында болды. Сібір хандығының негізгі жерлері Тобыл, Тура өзендерінің аңғарлары болды. Астанасы – Чимги-Тура (Қызыл-Тура). 1428 жылы Әбілхайыр хан Батыс Сібірге жорыққа аттанады. Ол Махмуд Қожаны жеңіп, Батыс Сібір Әбілхайыр ханның қарамағына өтеді. Шайбани ұрпағы Ибақ хан өз билігін Чимги-Тура, Тобыл, Ертіске жақын жерлерге жүргізеді. Ибақ хан орыс патшасы III Иванмен сауда қарым-қатынасын орнату мақсатындағы достық одақ құруға шарт жасасты. 1495 жылы Мұхаммедтің басшылығымен Чимги-Турада Ибақ хан өлтірілді. Тайбұғалық Мұхаммед билеуші болып жарияланды.
Қазақстан аумағында Шыңғыс әулетінің үш ғасырға жуық билік жүргізуіне қарамастан, қоғамдық қатынастардың өрістеуі, тілдік қатынастың дамуы, шаруашылық салаларының өсуі жергілікті этникалық ортада дамыды. Қазақстандағы феодалдық мемлекеттердің негізгі этникалық құрамы біртұтас ел болып қалыптасқан қазақ халқының негізін құрады.

32.Алтын Орда дәуірінің мәдени-өркениеттік мұрасы.


Алтын Орда 13-14 ғасырларды күшті мемлекет болып тұрды. Бұл тұста оның мемлекеттік беделі көтеріліп, көрші елдермен қарым-қатысы нығайды, шаруашылығы, мәдениеті өркен жайды. Осы кезде Алтын Орда қол астындағы жерлерде, әсіресе Батый сарайы, Берке сарайы, Керчь, Үргеніш, Хорезм, Сығанақ сияқты кенттерде қолөнер, ғылым, әдебиет, көркемөнер өсті. Ол бір жағынан түрік текті ру-тайпалар мен халықтардың мәдениетіннен: әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, әл-Бируни, ас-Сығанақи, би Исқақ, Фирдауси, Низами, Ахмед Яссауи, Сулейман Бақырғани тәрізді ғалымдар мен ақындардың мұраларын пайдалану, ілгері дамыту, екінші жағынан көрші елдер мәдениетінен үйрену арқылы өсіп, өркендеді. Алтын Орда халқының басым көпшіліг түрік текті ру-тайпалар, халықтар, солардың ішінде қыпшақтар, оғыздар болды. Сондықтан Алтын Орда дәуірінің әдебиеті түркі тайпалары мен халықтарының бәріне бірдей түсінікті, солардың әдеби тілі - шағатай тілінде, әсіресе оның қыпшақ-оғыз яки солтүстік диалектісінде жасалды. Алтын Орда дәуірінде өмір сүрген ақын-жазушылардың, жасалған жазба нұсқалардың, әдеби шығармалардың көбі ұмытылып, жоғалып кеткен.

Аттары (кейде тек лақап есімдері) бірді-екілі шығармалары сақталған ақын-жазушылар:


Рабғұзи
Әли


Сайф Сарайи
Хорезми
Сайдахмет
Хусам Қатиб
Құтб
Дүрбек
Сақақи т.б.
Рабғұзи (13-14 ғ.) - Насреддинұлы Бұрһанеддин есімді ақын-жазушының лақап аты. Рабат шаһарының оғызы деген сөзінен қысқартылып құрастырылған. Тарихта ол көбінесе осы лақап атымен аталады. Рабғұзиден қалған әдеби мұра - "Қиссасу-л-анбия( атты үлкен жинақ. Онда 79 қисса-хикая, ертек-аңыз, әңгіме, өлең, тарих, шежіре, мақала бар. Оларда жер, көк, адамзат, хайуанат, адам-ата жайлы, әулие-әнбиелер, пайғамбарлар, сахабалар туралы баяндалады. Ізгілік, адамгершілік, зұлымдық, қайырымдылық, махаббат, ғадауат, қастық, достық т.б. сөз етіледі.
Әли (13-14 ғ.) - Хорезмнен шыққан ақын. "Қисса Жүсіп деген дастан жазған, онда Фирдауси жырлаған Жүсіп пен Зылиха жайындағы аңыз баяндалады. Өзі мен шығармалары жөнінде осыдан баысқа мәлімет жоқ.
Сайф Сарайи (13-14 ғ.) "Гүлстан" атты шығармасымен әйгілі болған. Ол Шираздық Саһдид ақынның "Бустан" атты шығармасы негізінде жазған. Соның кей жерін қысқартып, кей жерін ұзартып, өзінше жырлаған.
Хорезми (14 ғ.) - үлкен ақын. "Мұхаббатнама" атты поэма жазған. Поэмасында "Сырдария жағасында жасадым. Мұхаббатнама сөзін сонда бірінші айттым" дейді. Сыр бойындағы Жезді қаласында тұрған сияқты.Шын аты-жөні, басқа шығармалары сақталмаған. "Мұхаббатнама" мақсатына жете алмаған жігіттің ғашығына айтқан арнау сөзі түрінде жазылған. Он бөлімнен немесе үлкенді-кішілі он өлеңнен тұрады. Өлең тармақтары көбінесе он бір буынды болып, маснауи, қасида, ғазал түрінде қиыстырылған. Сюжеті қисынды, қызықты, тілі көркем поэма. "Мұхаббатнама" - Алтын Орда дәуірінің әдебиетінің ең көрнекті нұсқасы.
Хұсам Қатиб (14 ғ.) - "Жұм-жұма" атты поэманың авторы. Бұл поэма Низами поэмаларына еліктеу түрінде жазылған.
Құтб (14 ғ.) "Хисрау Шырын", "Фархад- Шырын" дастандарын жазған. Бұларды автор өзінен бұрынғы ақындар баяндаған тақырыпты өзінше жырлайды. Бұл екі дастанды аттас Низами шығармаларының түрікше нұсқасы десе де болады.
Сайдахмед (14-15 ғ.) "Таһшшуқнама", "Саонама" дастандарын жазған ақын.
Дүрбек (14-15 ғ.) мұсылман елдерінің бұрын-соңды өткен ақындары жырлаған "Жүсіп-Зылиқа" аңызын түркі тіліне дастан еткен. "Осы тамаша аңызды өз тілімізде дастан етіп жазуды мақұл көремін"- де"ді ақын. Оны 1409 ж. аяқтағанын аңғартады.Дүрбек жайында басқа мәлімет жоқ.
Сақақи (15 ғ.) Сырдария мен амудария аралығынан мекендеген ру-тайпаларынан шыққан. Алтын Орда дәуірінің үлкен ақындарының бірі. Өлеңдердің көбіне дүние жайында лирикалық болып келеді.
Сонымен Алтын Орда дәуірінде оның қол астына қараған ру-тайпалар мен халықтардың үлкенді-кішілі бірсыпыра ақын-жазушылары, тума әдебиеті болды. Онда ацдарма шығармалар да едәуір орын алады.

33.Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимі. Қазақ жүздері


Қазақ халқы қалыптасуының тарихи алғышарттары. Қазақстан аумағындағы этникалық үдерістер. Монғолдар үстемдігі кезеңінен кейінгі халықтың қалыптасуы. Этникалық аумағының және бірыңғай тілдің қалыптасуы. Шаруашылықтың, материалдық және рухани мәдениеттің ортақтығы. Мемлекеттің құрылу факторы және оның этникалық үдеріске ықпалы. «Өзбек» және «қазақ» ұғымдарының арақатынасы. «Қазақ» терминінің әлеуметтік, этникалық мәні мен мазмұны. Қазақ жүздерінің қалыптасуына этносаяси және шаруашылық факторлардың әсері. Ұлы, Орта және Кіші жүздердің пайда болуы.
Дәстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз. Жүздердің шыққан уакыты, шығу себептері, ішкі мазмұны жөнінде ғалымдардың арасында әлі ортақ пікір жоқ.

Ш. Уәлихановтың пікірі бойынша, "Алтын Орда мемлекетінің ыдырауы кезінде қазақтар өздері көшіп жүретін жерлердегі өз құқықтарын қамтамасыз ету үшін осындай үлкен одақтар құрған". Н.А.Аристовтың ойынша, "жүздерге бірігу жоңғар шапқыншылығы кезінде шыққан".


Василий Владимирович Бартольд: "Қазақ жүздерінің пайда болуына географиялық фактор әсер етті, табиғи-географиялық жағдайға икемделу және аумақтық оқшаулану жүздердің мәдени-шаруашылық ерекшеліктерін қалыптастырды", — деп есептейді.

Михаил Порфирьевич Вяткин В.В.Бартольдпен келісе отырып: "Жүздердің құрылуына табиғи-географиялық себептермен қатар саяси оқиғалар әсер етті, жекелеген ордалар ерекше саяси одақтар ретінде XVI ғасырдың аяғында қалыптасты", — дейді.


С. Аманжолов: "Қазақ елі, жері үш жүзге моңғолдарға дейінгі кезеңде — X—XII ғасырларда бөлінді", — деп есептейді.


Шығыстанушы Тұрсын Икрамұлы Сұлтанов жүздердің құрылуы жөнінде нақты деректердің тапшылығын айта келіп: "XVI ғасырдың екінші жартысында ұлыс жүйесі біртіндеп жүздерге ауысқан", — деген болжам айтады.


Жүз ұғымының мәні де толық ашылған жоқ. Біраз зерттеушілер қазақтың "жүз" деген сөзін арабтың "джуз" — бір нәрсенің "басты бөлігі", "тармақ" деген сөзімен сәйкестендіреді. Шығыс деректерінде жүздер жөніндегі жанама мәліметтер XVII ғасырдың ортасына қарай кездеседі. Махмүд бен Уәлидің 1634—1641 жылдарда жазылған еңбегінде: "Шайбани хан өлгеннен кейін оның ұлы Баһадүр осы ел мен ұлысқа басшылық ете бастады... ол қыстауы мен жайлауы үшін Ақ Орданы таңдап алды, ол әрі Йүз-Орда ретінде де белгілі", — дейді. Осы деректе кездесетін йүз (жүз) сөзін кейбір зерттеушілер қазақтың жүзімен теңестіреді.


М. С. Мұқановтың пайымдауынша, қазақтың жүздері этноәлеуметтік ағзаның жоғары санаттарының бірі. "Этноәлеуметтік организм" деп этностық, әлеуметтік, шаруашылық, саяси бірлестіктерді түсінеміз.


Қазақ жүздерінің мынандай ішкі белгілері бар:


а) ішкі аумақтық тұтастық;


ә) этностық туыстық;
б) шаруашылық-мәдени бірлік;
в) саяси басқару ортақтастығы.
Осы ішкі белгілердің мәнін аша түсейік. Әрбір қазақ жүзінің тарихи қалыптаскан аумағы бар. Мысалы, Ұлы жүздің таралған аймағы — Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан; Орта жүздікі — Орталық, Шығыс, Солтүстік Қазақстан; Кіші жүздікі — Батыс Қазақстан. Қазақтың бір жүзге кіретін тайпалары өзара туыстас, тіпті бір атадан тарадық деп есептейді. Белгілі бір географиялық ортада, аумақта өмір сүргендіктен, жүздің құрамына кіретін тайпалардың өз арасындағы шаруашылық-экономикалық байланыстар басқа жүздерге қарағанда күштірек болады. Осы ішкі байланыстардың пәрменділігінің нәтижесінде белгілі бір тілдік-диалектілік, тұрмыстық-ғұрыптық ішкі тұтастық, өзара жақындық қалыптасады. Жүздер сонымен қатар басқарылуы жағынан да ішкі тұтастығымен ерекшеленеді. Әр жүздің өз төбе билерінің болғанын білеміз. Хандық заманда әр жүз өз хандарын сайлап отырғаны белгілі.

Қазақ жүздері күнделікті тіршілікте қазақ халқының шаруашылық, саяси аумақтық бөлшектері болды. Тыныштық замандарда ішкі этностық байланыстардың, қатынастардың көпшілігі жүздердің өз ішінде жүріп жатты. Дегенмен бұдан қазақ жүздерінің арасында саяси, шаруашылық-мәдени, этностық байланыстар болмады деген түсінік тумауы керек. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын, отырықшы не жартылай отырықшы ру-тайпалардың арасында өзара айырбас, сауда қатынастары жиі болды. Жүздердің көршілес жатқан руларының арасында құдандалық, тамырлық қатынастар да өркендеді.


Ішкі шекаралас аудандарда жер дауы, жесір дауы мәселесі де болып тұрды. Сондықтан жүздердің ішкі шекаралық аудандары қазақ халқының өзара мәдени, тілдік, тұрмыстық, шаруашылық бірлігіне дәнекер болған алтын көпір, үзілмес желі қызметін атқарды. Ал ел басына күн туған жағдайда, сыртқы жаулардан қорғану мәселесінде қазақ жүздері жұдырықтай жұмыла білді. Ол кезде "мынау бәлен жүздің жері, елі" деп бөлінбеді, бүкіл қазақ жері, қазақ елі үшін қай жүздің баласы болсын, жанын қиюға даяр тұрды. Қазақ жүздерінің ішкі бірлігінің, жалпықазақтық патриотизмнің, елдіктің озық үлгісін біз Жоңғар шапқыншылығы оқиғаларынан көреміз. Мұндай мысал көптеп саналады. Қазақ жүздерінің қордаланып қалған ішкі, сыртқы мәселелері жүздердің басы қосылған құрылтайларында, жиындарында шешіліп отырды.


Жүздер жөніндегі нақты деректер XVIII ғасырдың бірінші ширегінен бастап кездеседі. 1731 жылы қазақтардың бодандығы жөніндегі келіссөзге Кіші жүз арасына келген А.Тевкелев былай деп хабарлайды: "... қырғыз-қайсақ ордасы үш бөліктен, атап айтканда: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүзден (Үлкен орда, Орта орда, Кіші орда) тұрады".


Үштік бөлініс қазақ жерін мекендеген көне тайпалардан келе жатқан дәстүр. Сақтар: тиграхаудау хаомаварға және парадарайя болып үш бөлікке бөлінген. Көне үйсіндерде, көне түркі-моңғол көшпенділерінде үштік одаққа бөліну дәстүрі болған. Бұдан біз, жалпы, үштік бөлініс қазақтардың арғы тектерінің дәстүрінде бар екенін көреміз.


Кең-байтақ қазақ жерінде мұндай үлкен одақтар құру саяси, әскери-қорғаныс, шаруашылық-ұйымдастырушылық, басқару қажеттіліктерінен туындаған. Мұндай одақтар қазақ жерінде қыпшақтар заманын бастап құрылған болуы керек. Ал мұндай жүздік одақтарға бөлінудің аякталуы қазақ халқының құрылуы кезеңімен сәйкес келсе керек.


34.Қазақ хандығы XV-XVI ғғ.


Қазақ хандығы дәуірінің кезеңделуі. Қазақ хандығының құрылуы, оның барысы және негізгі оқиғалары. Керей мен Жәнібек хандардың рөлі. Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызы.
Қазақ хандығының күшеюі. Бұрындық хан тұсындағы Қазақ хандығының Сырдария бойындағы қалалар мен өңірлер үшін күресі және оның барысы, қорытындысы.
Қазақ хандығының XVI ғ. басындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы. Ру-тайпалық құрамы. Шаруашылығы: мал шаруашылығы, егіншілік, қалалары, саудасы. Сырдария жағалауындағы жерлердің саяси және экономикалық маңызы. Мұхаммед Шайбанидің Қазақ хандығына қарсы жорықтары. Шайбани ханның қаза табуы.
Моғолстанның саяси әлсіреуі, күйреуі. Қазақ хандығының Орталық Азиядағы ең күшті мемлекеттердің біріне айналуы. Жетісудың Қазақ хандығы аумағына қосылуы. Қасым хан тұсында хандық аумағының ұлғаюы. Шайбанидтердің Қазақ хандығына қарсы жорығы. XVI ғасырдың орта тұсына қарай Қазақ хандығының уақытша әлсіреу кезеңі.XVI ғасырдың екінші жартысындағы Қазақ хандығы. Тақ үшін күрестер және олардың салдары. Мамаш, Тахир хандар. Қазақ хандығының Моғолстанмен өзара қарым-қатынастары. Ахмет, Тоғым және Бұйдаш хандар. Қазақ-ноғай қатынастары.
Қазақ хандығының қайта өрлеуі. Хақназар ханның билігі. Қазақ-ноғай қатынастары. Қазақ хандығы және Мәуереннахрдағы Шайбанидтер. Қазақ хандарының Бұхара мен Сібір хандығының одағына қарсы күресі. Хақназар ханның қаза табуы. Шығай хан. Тәуекел хан, оның саясаты. Мәуереннахр аумағына жорықтардың нәтижелері. Қазақ халқының этникалық аумағы қалыптасуының аяқталуы.

35. Қазақ хандығы дәуірінің кезеңделуі. Қазақ хандығының құрылуы, оның барысы және негізгі оқиғалары және тарихи маңызы.


Қазақ хандығы дәуірі деп аталатын кезеңге XV ғасырдың ортасы мен XIX ғасырдың бірінші ширегі аралығы жатады. XV ғасырдың ортасында Керей мен Жәнібек хандардың бас­шы­лы­ғы­мен Қазақ хандығы құрылды. Ол мемлекет қазақ жерінде сақ дәуірінен бері жалғасып келе жатқан мемлекеттіліктің жалғасы және қазақ халқының ұлттық сипаттағы мемлекеті болып саналады. XIX ғасырдың бірінші ши­ре­гінде Ресей билігі алдыменен Орта
жүзде (1822), содан кейін Кіші жүзде (1824) хан­дық билікті жояды. Тарих ғылымының док­то­ры Б.Кәрібаевтың зерттеуі бойынша үш жа­рым ғасырдан астам өмір сүрген Қазақ хандығы дәуірі өз ішінде екі үлкен тарихи кезеңге бөлінеді. Біріншісі – бір ор­талықтан басқарылған кезең, екіншісі – быты­раң­қы­лық кезең деп аталады. Бірінші кезеңге хан­дық құрылғаннан 1715 жылы Тәуке хан қай­тыс болғанға дейінгі аралық жатса, ал екінші кезең – 1715-1824 жылдар ара­лығын қам­ти­ды.
Бірінші кезең тағы да өз ішінде шартты түрде бірнеше кішігірім кезеңдерге бөлінеді. Олар – хандықтың құрылуы, күшеюі, әл­сі­реуі, қайта өрлеуі, өзара талас немесе теке­тірес, жоңғарлармен алғашқы күрес, «ал­тын ғасыр» кезеңдері.
Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін
екінші кезең – быты­раң­қы­лық кезең басталып Қазақ елінде –Ұлы жүзде, Орта жүзде және Кіші жүзде жеке хандар пайда болады. Қазақ хандығының бірінші кезе­ңін­де 17 хан билік құрса, ал екін­ші кезеңде Үш жүзде хан болғандар саны 20-дан асады.
1457 жылдың күзінде Әбілқайыр хан Сығанақ түбінде қалмақтардан жеңілгеннен кейін, Керей мен Жәнібек сұлтандар қол астындағы ру-тайпалармен Шу өңіріне келіп қоныстанып, Қазақ хандығының негізін салады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері - Шу бойы мен Қозыбасы деп айтылады. 1458 жылдың көктемінде Керейді ақ киізге көтеріп хан сайлайды. Әбілқайыр
ханға наразы сұлтандар, әмірлер, ру-тайпа басылары Керей мен Жәнібекке келіп қосылады. Аз уақыттың ішінде халықтың саны 200 мыңнан асып түседі. Қазақ хандығының құрылуы осыған дейін бүкіл Қазақстан аумағында болған әлеуметтік-экономикалық және этно саяси процестердің заңды қорытындысы еді.

36. Бұрындық хан тұсындағы Қазақ хандығының Сырдария бойындағы қалалар мен өңірлер үшін күресі және оның барысы, қорытындысы.


Бұрындық хан — 1480-1511 жж. аралығында Қазақ хандығында билік құрған Керей ханның үш ұлының бірі.

Бұрындықтың қашан дүниеге келгені белгісіз. Орта ғасырлардағы жазба деректердің үзік-үзік мәліметтеріне сүйене отырып, оның өмірінің 40-50 жылдық кезеңін қалпына келтіруге болады.


Бұрындық ханның өмірі Қазақ хандығы тарихының алғашқы дәуірімен тығыз байланысты. Сондықтан да хандық тарихындағы ірі оқиғалар мен дамулар оның өміріндегі белестер болып есептеледі. Жазба деректердің өте тапшылығына қарамастан, Бұрындық хан өмірінен бірнеше белесті айқын көруге болады.


Оның Қазақ хандығы құрылуының екінші кезеңдегі атқарған рөлі, бұл шамамен 1469-1472 жылдарда болған;


1472-1473 жылдардан XV ғасырдың 90 жылдарының ортасына дейін, қазақ хандығының батыста ноғай мырзаларымен және оңтүстікте Сыр бойы қалалары мен өңірлері үшін күрестегі атқарған рөлі;
XV ғасырдың 90-жылдарының ортасынан XVI ғасырдың алғашқы 10 жылдығы ішіндегі Қасым сұлтанмен арадағы қайшылықтар, Шайбани ханмен одақтасу, қазақ қоғамындағы беделін жоғалтып, елден кетуі.
Бұрындықтың хандықтың құрылу үрдісіне қатынасуы 1469-73 жылдардағы оқиғалардан көрінеді. Осы жылдары Қазақ хандығына қатысты мынандай оқиғалар болған еді: 1469 жылы Әбілқайыр хан Моғолстанның батыс жағындағы Қазақ хандығына қарсы жорық ұйымдастырып, сол жылдың қараша-желтоқсан айларында орта жолда қайтыс болды.

Орнына екінші ұлы Шайх-Хайдар отырады. Оның билігі туралы деректердің бәрі оң баға бермейді. «Тарихи Кипчакидің» авторы Ходжамқұлы-бек Балхи оның жеке басына мынадай сипаттама береді.


XVI ғасырдың алғашқы 10 жылдығында Бұрындық хан өміріне түбегейлі бетбұрыс әкелген күрделі ірі оқиғалар болып өтті. Ол оқиға тағы да Мұхаммед Шайбани хан есімімен байланысты еді. 1500-жылдың жазында Самарқан тағына келген шайбанилық сұлтан айналасы 3-4 жыл ішінде бүкіл Мәуереннахрды біріктіріп, Моғолстанның қол астындағы Ташкентті моғол ханынан тартып алды. Моғол хандары Сұлтан Махмұт пен Сұлтан Ахмет хандар қолға түсіріледі, бірақ Шайбани хан оларды босатып жібереді. Әбден күшейген Мұхаммед Шайбани хан 1505-жылдан 1510-жылға дейін қазақ хандығына қарсы 4 рет жорық ұйымдастырады. Жорықтардың алдына қойған саяси және экономикалық мақсаттарына қазақ хандығын бағындыру не әлсірету және Түркістан аймағын Мәуереннахрға қосу жатты. Бұрындық хан дәл осы жорықтар кезінде үлкен қателіктер жіберді деп есептейміз. Оған дәлеліміз мынадай: Алғашқы үш жорық кезінде Бұрындық хан жауға қарсы ешқандай шара қолданбайды. Шайбани хан емін-еркін Жәнібек хан ұлдары: Жаныштың, Таныштың ұлыстарын ойрандап, мыңдаған мал-жанды олжалайды. Тіпті 1509-жылдың қысында болған үшінші жорық кезінде, өз ұлысына қарай жау әскерінің келе жатқанынан хабардар болып, ешқандай қарсылық көрсетпей, қашуға мәжбүр болады. Бұрындық ханның шарасыздық ісін, оның әдейі жасаған жоспарлы ойы деп түсінеміз. Жәнібек хан ұлдары неғұрлым әлсіресе, соғұрлым оның күші өсуі тиіс еді. Бірақ бәрі керісінше шықты. 1510-жылдың қысында жау тағы да қазақтарға жорық жасайды. Бұл жолғы жорық бағыты Қасым сұлтан ұлысына қарсы бағытталады. Қасым ресми хан болмаса да, осы жылдары оның беделі Бұрындық ханнан да күшті еді.

Қазақ хандығының құрылуы кезінде белсене араласып, одан кейінгі кезеңдерде хандықтың күшеюіне өз үлесін қосқан Бұрындық хан XVI ғасырдың алғашқы жылдарында үлкен, мемлекеттік дәрежеде көрегендік көрсете алмайды. Елдік мүддеден жеке, тар мүддеге көшу оның беделін түсіртті, атақ-абыройын жоғалтты. Бұрындық ханның тағдыры әркімге де тарихи сабақ бола алады.


37.Қазақ хандығының XVI ғ. басындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы.


Қазақ хандығының XVI ғ. басындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы. Ру-тайпалық құрамы. Шаруашылығы: мал шаруашылығы, егіншілік, қалалары, саудасы. Сырдария жағалауындағы жерлердің саяси және экономикалық маңызы. Мұхаммед Шайбанидің Қазақ хандығына қарсы жорықтары. Шайбани ханның қаза табуы.
Моғолстанның саяси әлсіреуі, күйреуі. Қазақ хандығының Орталық Азиядағы ең күшті мемлекеттердің біріне айналуы. Жетісудың Қазақ хандығы аумағына қосылуы. Қасым хан тұсында хандық аумағының ұлғаюы. Шайбанидтердің Қазақ хандығына қарсы жорығы. XVI ғасырдың орта тұсына қарай Қазақ хандығының уақытша әлсіреу кезеңі.XVI ғасырдың екінші жартысындағы Қазақ хандығы. Тақ үшін күрестер және олардың салдары. Мамаш, Тахир хандар. Қазақ хандығының Моғолстанмен өзара қарым-қатынастары. Ахмет, Тоғым және Бұйдаш хандар. Қазақ-ноғай қатынастары.
Қазақ хандығының қайта өрлеуі. Хақназар ханның билігі. Қазақ-ноғай қатынастары. Қазақ хандығы және Мәуереннахрдағы Шайбанидтер. Қазақ хандарының Бұхара мен Сібір хандығының одағына қарсы күресі. Хақназар ханның қаза табуы. Шығай хан. Тәуекел хан, оның саясаты. Мәуереннахр аумағына жорықтардың нәтижелері. Қазақ халқының этникалық аумағы қалыптасуының аяқталуы.

38.Қазақ хандығының Орталық Азиядағы ең күшті мемлекеттердің біріне айналуы.


16 ғасырда қазақ хандығы солтүстікте құрылған Сібір хандығымен (орталығы Түмен) шектесті. 1563 жылы Шайбани әулеті мен Тайбұғы руы арасындағы ұзақ жылдар бойы жүргізілген күрестен кейін Сібір хандығы Шайбани әулеті Көшім ханның қолына көшті.

Сібір хандығының халқы түркі тілдес қырық рудан құрылған және угар тайпаларының жиынтығынан тұрды. Хандықтың негізгі халқы түркі тілдес «Сібір татарлары» деген атпен белгілі болды. Сібір хандығы Қазақстанмен саяси және сауда байланысын жасап тұрды.


1552 ж. Ресей Қазан қаласын жаулап алғаннан кейін, ол Сібір хандығымен көрші болып шықты. 1581 ж. Ермактың сібірге жорығы басталды. Көшім хан жеңілгенмен, Ермак жеңісті баянды ете алмады, ол 1584 ж,. қаза тапты. Бірақ Сібір хандығы да көтерілмеді. Сөйтіп ол 1598 жылы Ресей құрамына енді.


17 ғ. 2 ж. Қазақ хандығының жағдайы нашар болды. Өзара қырқысты пайдаланған жоңғарлар Жетісудың бір бөлігін басып алып осы аймақта көшіп жүрген қазақтар мен қырғыздарды бағындырды. Бұқара әскерлері Ташкентті алып, қазақтарды ығыстыра бастапан кезде, қазақ хандарының бірі Жәңгір Бұқар әміршісін жоңғарларға қарсы күресу үшін әскери одақ жасауға көндірді. Жәңгір жоңғарларға қарсы жорықта 1652 ж. қаза тапты. 17 ғ. 90-ж-да жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылы бәсеңдеді. Бұл кезде қазақ хандығының нығаюы, қырғыздар мен қазақтар арасындағы одақ және оған қарақалпақтардың қосылуы күшті жүрді.


39.XVI ғасырдың екінші жартысындағы Қазақ хандығы.


Қазақ хандығы (XVI-XVII ғасырларда) — Моңғол шапқыншылығынан кейін барлық қазақ рулары мен тайпалары Жетісуда алғаш рет бір мемлекетке біріктірілді. XVI-XVII ғ. Қазақ хандығының шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз кезінде “Жерді біріктіру” процесін жедел жүзеге асырып, неғұрлым көзге түскен қазақ хандарының бірі – Жәнібек ханның ұлы Қасым. Қасым ханның тұсында (1511-1523) феодал ақсүйектердің қарсылығы әлсіреп, әскери қуаты артты. “Тарихи-Рашиди”, “Шайбанинама”, т.б. деректерге қарағанда, қазақтардың этникалық территориясының негізгі аудандары қазақ хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген.

40.Қазақ халқының этникалық аумағы қалыптасуының аяқталуы.


Халықтың қалыптасуы өте күрделі және ұзақ үрдіс. Қазақ қалыптасу тарихы өте терең. Б.з.б 7 және 3 ғасырларда өмір сурген сақтар ірі тайпалық одақтарды біріктіріп , ұлы мемлекет құру сатсында тұрды.


Сақ қоғамының ыдырауынан пайда болған ғұн, уйсін, қаңлы, сарматтар да қазақ халқының арғы ата-бабасы болып саналады. Моңғолодиядан Батыс Еуропаға дейінгі Еуразияның кең даласы, құдіретті Рим империясының құлауына себепкер болған ғұндар қазақ халқының қалыптасу тарихында ерекше орын алды.


«Қазақ» сөзін түсіндіріп, оның мағынасын ашатын ортақ бір ғылыми көзқарас жоқ. Бұл атаудың мағынасы, шығуы туралы әр түрлі дерек өте көп.


ІХ–Х ғасырларда Шығыс Дешті Қыпшақ даласында «Алаш» деп аталған этникалық топ өмір сүрген. Осы алаш қауымы арасында «қазақ» сөзі ІХ–Х ғасырларда сол кездегі батыс пен шығысқа таныла бастаған. ХІV ғасырда Алтын Ордадан бөлініп шыққан Ақ Орданың негізгі халқын алаш деп атаған.


Кезінде қазақ жерінен ежелгі Мысыр еліне ауып барған қыпшақтар жазбасында «қазақ» атауы кездескен. Енді бір деректе ғалымдар «қазақ» атауын ежелгі сақ тайпаларымен байланыстырады. «Қазақ» термині алғаш рет «Араб-қыпшақ сөздігінде» кездескен.


«Қазақ» этнонимін айтатын болсам ертеден қалыптасқан осындай этностардың бірі – қазақ халқы. Этнос деген – түрлі тарихи жағдайда қалыптасқан, тілі, салт-дәстүрі, мәдениеті ортақ қауымдар тобы.


Жоғарыда қазақ халқының қалыптасуы ежелден басталып, ХV ғасырда аяқталғанын айттық. Қазақ халқының құрамына Орталық Азияны мекендеген түркі тайпалары біріктірілді. Кейіннен қазақ халқының құрамындағы үш ірі территориялық-әкімшілік бірлік айқындалды. Олар – Орта жүз ,Ұлы жүз және Кіші жүз. Осылайша қазақ халқы үлкен территорияға ие болды.


XІV-XV ғ тұрғындардың ұзақ уақыт бойы жекелеген мемлекеттер жүйесіне ену әсерінен Қазақстан аумағында үш жүз құрылды. Қазақ жүздеріне енетін тайпалар бір-бірімен ортақ байланысты болды. Ұлы жүз Жетісудан Сырдарияға дейінгі жерлерде орналасты. Құрамында шапырашты,үйсін, қаңлы, албан, жалайыр, дулат деген тайпалар болды. Орта жүз - Солтүстік-Шығыс және Орталық Қазақстан аудандарын мекендеді. Құрамындагы тайпалар найман, қоңырат, қыпшақ, арғын, керей. Кіші жүз - Батыс Қазақстанды, Каспий теңізі жағалауының солтүстігін, Сырдария сағаларынан Арал теңізі жерлерді мекендеді. Құрамына кіретін тайпалар байбақты, алшын, , адай , жаппас және тағы басқалары.


41. Жоңғар хандығының пайда болуы, алғашқы қазақ-жоңғар қатынастары.


Батыс Моңғолияда XVII ғасырдың 30-жылдарына қарай төрт ойрат тайпасының бірігуі негізінде құрылған мемлекет.
Моғолстан мен Қазақ хандығына жасаған жорықтары да сәтсіз аяқталды. Тәуекел хан кезінде дурвэд және торғаут тайпалары Қазақ хандығына бағынған (қысқаша Жоңғар шапқыншылығы). XVII ғасырдың 20-жылдары хошаут байбағыс пен шорос тайпасының тайшысы (тайджи) Хара-хула ойрат мемлекетін қайтадан құруға әрекеттер жасады. Ақырында Хара-хуланың баласы Батыр қонтайшы біртұтас ойрат мемлекетін құрады (1635). Мемлекет аты тарихи әдебиеттерде, көбінесе, Жоңғар Хандығы деп аталады. Тогон мен Эсен хандар кезінен бастап түркі тіліндегі әдебиеттерде және қазақтар арасында ойраттар – қалмақ деп аталып кетті.

42. Қазақ қоғамында батырлар мен билер ықпалының өсуі.


Хандықтағы билер кеңесінің беделі күшті болғаны соншалық, хандар кеңестің келісімі мен қолдауынсыз мемлекеттік маңызы бар мәселелерді шеше алмаған. Ханның қолында негізінен атқарушы билік шоғырланса, заң шығарушылық қызмет пен сот билігін билер кеңесі атқарған. Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымын қарастырған зерттеушілердің көбісі билер институтын хандық және сұлтандық институттардан кейінгі үшінші орынға қояды.
Билер кеңесі ханның қызметіндегі кейбір мәселелер бойынша таласқа түсіп, оны қайта қарауға құқылы болды. Дәстүр бойынша хандық билік мұрагерлік жолмен беріліп отырса да (оның өзінде халық ақ киізге көтеріп сайлауы тиіс), мемлекеттік маңызды мәселелер билер кеңесісіз шешілмеген. Біз бұдан қазақ даласында атам заманнан ақ билік бөлінісі принципінің болғанын көреміз.

Ұлы билер Төле, Қазыбек, Әйтеке өмір сүрген кезең – тарихымыздың тәлімі көп, ел үшін үлгі болатын ерекше кезеңі. Олар жаугершіліктің кесірінен ыдыраған халқының есін жиған, әділетті билік шешімдерінен айнымай, келешекке көз салып, үміт отын жағу арқылы көрегендік пен ұйымдастырушылық көрсете білген. Билердің оқығаны көп болмаса да, тоқығаны мол, парасатты, азаматтық тұғырлары биік қасиеттерін, рухани мол қазынасын жария ететін аңыздар мен шежірелер бүгінгі күнге де жеткен. Дегенмен, билердің атқаратын қызметі негізінен қоғамдағы әділеттілікті қамтамасыз етуге, яғни сот билігіне келіп саяды.


Қазақ билерінің өзіне тән ерекшелігі мен басқа халықтарда кездеспейтін қасиеті – дау-жанжалдарды мағыналы, шешендік сөздермен шешуі. Мұны қазақ халқына тән феномен деп бағалауымыз қажет. Арнайы том-том болып жазылған кодекстерге, толып жатқан құқықтық-нормативтік актілерге сүйенбей-ақ, өз орнымен қисынды айтылған бір сөзбен дауды тоқтатуды қалыптастырған қазақ ұлты сөз мағынасына, оның шексіз мүмкіндігіне ертеден-ақ назар аударған. «Қап салмағы дәнінде, сөз салмағы мәнінде» деп білетін билер әділдікті шешендікпен ұштастырып, елдің қамын жеген. Алты алаштың да бүтіндігін, татулығы мен басының амандығын тілеп, сол үшін еңбектенді.


Тарихи деректерге сүйене отырып, зерттеушілер қазақ билерінің іс қарауы қоғамдық іс-шара ретінде қаралып, қандай дау болса да билердің шешімі бүкіл жұртшылықты қанағаттандырғанын көрсетеді. Жалпытанылған пікір бойынша билер сотының мынадай қайталанбас ерекшеліктері болған:


1) қылмыстық жауапкершілікке тарту 13 жастан бастап жүзеге асқан. Қазақтардың арасында «он үште отау иесі» деген ұғым қалыптасқан.


2) билер институтының қоғамдық қызметі мен құқықтық бағыт-бағдарын айқындауда өзіндік дала конституциясы ретінде танылған «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Жеті жарғы» құқықтық ережелері құнды болды. Егер де даулы істерді қарау барысында шешім шығаруға қатысты мәселелер осы аталған заңдарында қаралған болса, онда соларда көрсетілген ережелерге сүйенген.


3) Сонымен қатар, билер сотының шешімі әрқашан да әділеттікке негізделіп, олардың кескен үкімдері мен шешкен даулары өзіндік құқықтық норма сипатына ие болған.


4) Егер бидің шешіміне тек бір тарап қана разы болса, онда істің әділетсіз шешілгені, мұндай келеңсіз жағдай бидің беделін түсірген.


5) қазақ билерінің билік айтуы, іс қарауы көпшілікке ашық, жария түрде өткен.


43.Тәуке ханның билікке келуі, оның саясаты.


XVII ғасырдың аяғында Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы шиеленісе түсті. Халық басына қиын да қилы заман орнады. Сыртқы дұшпандар жиі торуылдай бастады. Ал қуатты сұлтандар өздерінің иелігіндегі ұлыстарды жеке-дара билеп, жекелікке бой ұрды. Сондықтан Тәуке елдің бірлігін нығайтатын шаралар қарастыра бастады.

Тəуке ханның елі үшін сіңірген ерен еңбегі екі қырымен айрықша ерекшеленеді. Бірі – елдің іргесін аман сақтауда сыртқы саясатты білгірлікпен жүргізіп, анталаған көп дұшпанға бел алдырмағаны. Екіншісі – елдің ішкі жағдайын реттеудегі саяси-құқықтық тəртіпті орнатуы.


Тәуке ханның жасағы 80 мыңға жуық жауынгерден тұрды. Мұның өзі жатжерлік басқыншыларға тойтарыс беруге қабілетті едәуір үлкен күш еді. Елдің әскери күш-қуатын нығайтқан аса көрнекті еңбегі үшін және жаумен қанды шайқастарда көрсеткен жеке ерлігі үшін оған батыр атағы берілді.


Ол төңірегіне топтан торы шалдырмайтын, сыртқа сыңар сабақ жіп алдырмайтын, бір ауыз сөзімен жұртты жатқызып-өргізетін, беделімен елдің бірлік-берекесін кіргізетін ақыл иелерін жинап, халқын солар арқылы басқарды, ақыл-ой, парасат үстемдігін орнатты.


Хандық билігін күшейтуге бағытталған ірі өзгерістер жасады. Тәуке өзінің саясатын феодал билер мен шонжарларға, батырларға сүйеніп жүргізді. «Xалық кеңесі» мен «Билер кеңесін» тұрақты орган ретінде қалыптастырып, олардың рөлін арттырды. Жыл сайын белгілі бір мерзімде Күлтөбеде үш жүздің басын қосқан жиын өткізіп тұрды.


Ханның ордасы орналасқан қала қасиетті Түркістан болды. Қазақтар Сырдария өзені өңіріндегі 32 қалаға иелік етіп, басқарып отырды. Тарихшы ғалымдар Тәуке хан билік құрған уақытты Қазақ хандығының «алтын ғасыры» деп бекер атамаған.


Атақты орыс тарихшысы А.И. Левшин осы билеуші туралы былай деп жазады: «Ол тайпаларды, өліспей беріспейтін алауыздықтан арылтты, олардың арасындағы бірнеше жылга созылған қанды қырғын сойқанды тоқтатты, ол өзгелердің бәрін де асқан ақыл-парасатымен, қара қылды қақ жарған әділеттілігімен өзіне бағындыра білді».


Тәуке ел бірлігін бұзушы феодал ақсүйектер мен сұлтандарды әлсіретуге және мемлекеттік құрылысты күшейтуге тырысты. Жүздер мен ұлыстар арасындағы күрделі тартыстар Билер кеңесінде, абыройлы да әділетті Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, т.б. билер алдында шешілді.


Тәуке билікті өз қолына алды. Өзінің алысты болжағыш саясаткер екенін елге таныта білді. Оның қолына ең маңызды істер – көші-қонды белгілеу, алым-салық салу, сот ісі, қарулы күш т.б. қызмет түрлері жинақталды. Сыртқы жағайды назарда ұстап, кәмелетке толғандарды бес қарумен жүруге міндеттеді.


Тәуке хан (1680-1715 жж.) билік еткен жылдары қазақ хандығы орталықтандырылған мелмекет болып қала берді. Қазақ хандығында бейбіт өмір орнады, заңдар қатаң сақталды, тайпалар арасындағы алауыздык азайды. Шиеленіскен ірі даулар мен айтыс-тартыстар беделді билердің тікелей араласуымен шешіліп отырды. Барымта-қарымта, жайылымдар мен су көздерін бөлісу жөніндегі алауыздықтар мейлінше азайды. Қазақтың әскери жауынгерлік кабілеті күшейді. Ішкі бірліктің арқасында елдің орасан зор аумағының тұтастығы сақталды.


Қазақтар солтүстігінде орыстардың Тара қаласынан бастап, оңтүстігінде Ташкент қаласына дейінгі, батысында Жайық (Орал) өзенінен бастап, шығысында Ертістің орта ағысына дейінгі жерлерді иеленді. Қазақтардың Еділ (Волга) өзені аймағында көшіп-қонып жүрген кездері де болды.


XVII ғасырдың аяқ шенінде қазақтардың әдеттегі құқық нормалары бір жүйеге келтіріліп, толықтырылды. Тәуке хан билік құрған кезде тұжырымдалған заңдар «Жеті жарғы» деген атпен мәлім, мұның өзі сөзбе-сөз алғанда «жеті ереже» деген сөз. «Жеті жарғыға» әкімшілік, қылмыстық істер, азаматтық құқық нормалары, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізілген, яғни онда қазақ қоғамы өмірінің барлық жағы түгел қамтылған.


Мазмұны жағынан «Жеті жарғы» үш бөлімнен тұрады: біріншіден, қазақтың ежелгі әдет-ғұрып заңдарын қамтыған «Қасым ханның қасқа жолына» негізделсе, екіншіден, одан соңғы өзгерістер, соның ішінде «Есім ханның ескі жолына» негізделсе, үшіншіден, Тәуке ханның дәуіріне, саясатына сай енгізілген жаңа ережелерден құралды.


«Жеті жарғы» жеті заңнан құралды:


Жер дауы заңы


Отбасы және неке заңы
Әскери заң
Сот заңы
Қылмысты істер заңы
Құн заңы
Жесір дауы заңы
Хандықтың біртұтас бірлігін және оның шегара қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен Тәуке хан күшті де ықпалды сыртқы саясат жүргізді. Ол қырғыздармен және қарақалпақтармен әскери одақ құрды. Бұл шараның арқасында Қазақ хандығының аумағына Жоңғар қалмақтарының шабуыл жасау қаупін тоқтатудың сәті түсті.

Тәуке ханның бүкіл қызметі көрші халықтармен тату-тәтті, жақсы қарым-қатынас орнатуға және қазақ жерін сыртқы жаулардан қорғауға бағытталды. Оның осы мақсатпен Ресейге және Орта Азия хандықтарына бірнеше рет елшілер жібергені жақсы мәлім. Оларға жүктелген міндет сыртқы жауларға қарсы күресу үшін әскери одақ құрып қайту болды.


Ол таққа отырып, əке ісін жалғап, оның саясатын жүргізгенімен, оны жүзеге асыруға келгенде бұрынғы сүрлеумен кетпей, өзіндік жаңа жолмен жүрді. Тəукені өзге қазақ хандарынан ерекшелеп, оның шын мəнінде көреген басшы, ақылды реформатор екенін танытатын қасиеті де осы өзіндік жолмен жүруінде еді.


Қазақ хандығының Сырдария бойындағы қалалар үшін бір жарым ғасырға созылған күресі XVI ғасырдың аяғында Түркістан мен оның қалаларын және Шайбани әулетінің аса ірі жері – Ташкентті Қазақ хандығының құрамына қосумен аяқталды.


Тәуке хан қазақ тарихында «Әз Тәуке», «адамзаттың данасы» деп аталды. Ол хан тағына отырған соң Қазақ хандығында асқынған, ішкі феодалдық алауыздық пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын құруға қажырлы қайрат жұмсаған мемлекет қайраткері болды.


44. Қазақстанның XIV ғасыр – XVIII ғғ. басындағы мәдениеті


Қазақстанның Ресей құрамына енуі әлеуметтік-экономикалық, саяси өмірге өзгерістер әкелді. Қазақстанды орыс және шетел ғалымдары зеттей бастады. Князь Александр Бекович-Черкасский экспедициясы саяси қатынас тұрғысынан сәтсіз аяқталғанымен, Батыс Қазақстан аумағын игеруде ғылыми жағынан маңызды болды. И.Д.Бухгольцтің әскери жорық экспедициясы I Петрдің “Азияға жол іздеу” талабымен құрылған жеке тапсырмасы болды. Экспедиция құрамында болған тұтқындағы швед И.Г.Ренат “Жоңғария картасын” жасады. Г.Ф.Миллер Қазақ хандығы туралы мағлұматтарды оқып, зерттеп жүйеге келтірген. “Сібір тарихы” еңбегінде Орта жүз туралы жазған мәліметі ерекше бағалы. Г.Миллердің жазбаларында орын алған ерекше мәлімет, жоңғар тұтқынынан Абылай сұлтанды босатуға қатысқаны туралы жазғаны. П.И.Рычков Қазақ өлкесінің этнографиясы туралы терең ғылыми мұра қалдырды. “Орынбор өлкесінің топографиясы”, “Орынбор тарихы” еңбектерінде қазақ тарихының даму кезеңдері мен қиыншылықтарын атап өткен. П.И.Рычковтың баласы капитан Н.П.Рычковтың “Қырғыз-қайсақ даласы туралы күнделік жазбалар” атты еңбегінде Еділ қалмақтарының қазақ даласы арқылы Қытайға қашуы туралы мәліметтер, Кіші жүз қазақтарының өмірі туралы қызықты бақылаулар бар. Әбілқайыр ханның сол кезде жақсы сақталған бейітін суреттеп жазған. Неміс саяхатшысы, натуралист П.С.Палластың “Россия мемлекетінің әр түрлі аймақтарына саяхат” еңбегінде халықтың жағдайы, орналасуы, әскери бекіністердің салынуы суреттеледі. И.Муравин, Д.Галдышев, Я.Гуляевтер Әбілқайыр, Нұралы хандардың ордасында бірнеше рет болған. Орск маңында хандар мен сұлтандардың съезіне қатысып, өлкедегі саяси жағдайды суреттеп жазған.

Қазақ мәдениетінің тарихында 18 ғасыр ерекше орын алады. Халық ауыз әдебиеті шығармашылығының өкілдерінің бірі – Ақтамберді жырау шығармаларын Қаракерей Қабанбайға, Қанжығалы Бөгенбайға арнаған. Тәтіқара ақын шығармаларында шақшақ руынан Жәнібек, дулат руынан Бөкей мен Сағыр, Дербісәлі, уақ руынан Баян, Бөгенбай ерліктерін шабытпен жырлады. Сонымен бірге Абылайдың керемет қасиеттерін жырлаған. Үмбетей жырау Абақкерей руының батыры Жауғашарға, Бекболат биге арнап жыр шығарған. Бөгенбай батырға арналған жоқтауында Абылайдың өмірін, қызметін, көрнекті қолбасшы Бөгенбайды мақтан етті. Бұқар жырау өмірінің соңғы жылдары Абылайдың кеңесшісі болған. Жанақ ақынның шығармашылығының ең басты жетістігі “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” поэмасының ерекше бір нұсқасын таратуы.


45. Мұхаммед Хайдар Дулатидың, Қадырғали Қасымұлы Жалайыридің аса көрнекті еңбектерінің маңызы.
Дулати Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар (1499-1551) - әйгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаханнама» дастанының авторы, Жетісу жеріндегі ежелгі Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы. Оның толық аты-жөні – Дулат Мұхаммед Хұсайынұлы Мырза Мұхаммед Хайдар. Мұндағы «Мұхаммед Хайдар» - өз аты, «Мұхаммед Хұсайын» - әкесінің аты, «мырза» - текті әулеттің тұқымы екенін білдіретін атау (хан балаларының ханзада, сұлтан аталатыны секілді), «дулат» - шыққан тайпасының аты. "Тарихи Рашиди" атты еңбекте қазақ хандығының қалыптасуы туралы, мұнан кейінгі Жетісу мен Шығыс Дешті— Қыпшақта болған оқиғалар, Моғолстанның құлауы, феодалдық соғыстар, қазақтар, қырғыздар және өзбектердің сыртқы жауға қарсы күресте өзара одақтасуы туралы көптеген мәліметтер бар. Сонымен бірге бұл еңбекте ХV-ХVI ғасырлардағы Оңтүстік жөне Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы, орта ғасырлық Қазақстандағы Жетісудың тарихи жағрапиясы, қалалық және егіншілік мәдениеті туралы құнды мәліметтер бар. 1533 жылы хандық таққа қайта отырған Абу-ар-Рашид, өз тайпаларынан қауіп тоне ме деген оймен, оларды қуғындай бастады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің немере ағасы Сайд Мүхаммед мырза Дулатты өлтірді. Мүхаммед Хайдар Дулати Үндістанға қашып кетті. Онда ол Ұлы Моғолдар сарайында әскерлерді басқарды.

Қайырғали Жалаири (Қадыр Әлі Қосымұлы би, арғы тегі Жалайыр) деп аталған бұл кісі ХVI-ғасырдың ортасы мен ХVII-ғасырдың басында өмір сүріп (1530-1605 жылдары), қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған. Ресейдің атақты патшасы Борис Годуновтың қол астында жүріп, 1602 жылы "Жылнамалар жинағын" жазып бітірген. Бұл — қазақ тілінде жазылған тұңғыш ғылыми еңбек. "Жинақтың" тілдік құрылымын, жазу мәнерін зерттеп, көрнекті ғалым Р.Сыздықова арнайы кітап жазған ("Язык", "Жамиат-тауарих", "Жалаири", Алматы, 1989 жыл). Қадыр Әлі деректеріне Шоқан Уәлихановтан бермен қарай талай тарихшылар, зерттеушілер сүйеніп келеді. Туған жері — Қазақстан жеріндегі Сырдария бойы. Қадырғалидың ата-бабалары Қарахандар әулеті билігінен бері үздіксіз хан сарайында қызмет етіп, ханның ақылшы-кеңесшісі, қол бастар батырлары болған. Оның өз атасы Темшік Шығай ханның батыры болса, әкесі Қосым бек лауазымын иеленген. "Жылнамалар жинағының" жалғыз көшірме данасын Қазан Университеті кітапханасына татар галымы И.Халфин тапсырған екен. Сол көшірмені шығыс қолжазбалар жинағына бастырғанда профессор И.Н.Березин былай деп алғы сөз жазыпты: "Біз шығармаға қандай ат берілгенін білмейміз, бірақ кітаптың негізгі бөлігі Рашид ад-Диннің әйгілі туындысының қысқаша аудармасынан тұрғандықтан, біз оның атын да қолжазбамызға бере аламыз". Сөйтіп, ол Қадыр Әлі еңбегін оның нағыз аты анықталатын көшірмесі табылғанша "Джами ат-Таварих" — "Жылнамалар жинағы" деп атауды ұсынған. М.Қойгелдиев былай дейді: "Өкінішке орай, қолжазбаның кейінірек Петербургтен табылган екінші көшірмесінде де еңбектің автор берген аты жоқ болып шықты да, ол сол "Джами ат-Таварих" — "Жылнамалар жинағы" атанған күйінде қала берді. Бұл жағдай тарихшы ғалымдар арасында Қадыр Әлі би еңбегінің дербес деректік мәнін тура бағалауға едәуір кедергі жасады, басқаша айтқанда, оны Рашид ад-Дин жұмысының түрікше нұсқасы ретінде ғана қарауға негіз болды". ("Қазақ тарихы" журналы, 4-нөмір, 1994 жыл.)


46. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы ұлт-азаттық күресі.
Басқыншы жауға карсы күреске бүкіл қазақ халқы көтерілді. Ірі-ірі әскери жасақтарды Әбілмәмбет, Барақ, Сәмеке, Әбілқайыр, Сұлтанбет сияқты хандар мен сұлтандар , Шыңғысханның басқа да көптеген ұрпақтары басқарды.
Олжабай батыр
Жас сұлтан Абылайдың беделі тап осы кезеңде көтерілді. Ол кейін қазақтың аса құрметті, беделді де айбынды ханына айналды.
Азаттық күресіне идеялык басшылық жасауды қазақтың үш жүзінің аса көрнекті үш биі өз міндеттеріне алды.
Басқыншыларға қарсы қарулы карсылықты ұйымдастыруда қазақтың әр түрлі рулары мен тайпаларынан және жүздерінен шыққан Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Райымбек, Жасыбай, Есет, Малайсары, Баян, Олжабай, Қожаберген, Түгел, Бөлек, Шақантай, Төленді,Қошқарбай, Байболат сияқты басқа да көптеген батырлары маңызды рөл атқарды. Батырлар жеке дербес жасақтарды басқарды және оларды қанды шайқаска, ерен ерлік көрсете отырып, өздері бастап кірді. Олардың бәрі де Әбілқайыр хан мен Бөгенбай батырдың жалпы басшылығымен, қатаң жауынгерлік тәртіпті сақтай отырып, үйлесімді ұрыс қимылдарын жүргізді. Жоңғар басқыншыларына қарсы шайқасқа әйелдер де белсене қатысты. Атап айтқанда, Олжабай батыр. Абылай сұлтанның қызы Айтолқын, Бұланбай батырдың қызы Айбике және басқалары жаумен қаһармандықпен шайқасты. Ал Қабанбай батырдың әйелі Гауһар батыр барлаушылар жасағын басқарды. Ол барлық ірі шайқастарға да қатысты. Кейінірек балалы болып, босанғаннан кейін соғысқа өзінің үлкен қызы Назымды жібереді. Қазақ ауыз әдебиетінде Гауһар батыр айтыпты деген мынадай сөз сақталған: «Атаңның ұлы болып тума, еліңнің ері болып ту».
Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысы
Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің интернационалдық сипаты болды. Онда ортақ жауға карсы қазақтарға тілі, діні, ділі жағынан да дәстүрлі мәдениеті жағынан да туыс қарақалпақтар мен қырғыздар аянбай соғысты.
Сұрапыл шайқастың алғашқы кезеңіндеп қатыгез қырғындардағы жеңіліс қазақ халқының ұнжырғасын түсірген жоқ. Олар жеңіске жетеміз деген рухы мен ерік-жігерін сақтай білді. Халықтың жаппай ерлік көрсетіп, қаһармандық танытуы, өздерін ар-намыс жолында құрбан етуге дейін баруы арқасында қатыгез жаудың ойранды әрекеттеріне төзе біліп, төтеп беріп қана қойған жоқ, жоңғар басқыншыларын тас-талқан етіп жеңіп шықты. Ол кезеңнің «Қазақ батырлығының алтын ғасыры» деп аталуы тіпті де тегін емес.
Айрықша атап айтуға тұрарлық нәрсе — қазақ батырлары басқыншыларға қарсы кең-байтақ Қазақстан аумағының барлық жерінде бірдей шайқасты. Бұл соғыстың барысында қазақ халқы жүзге, тайпаға және ру-руға бөліну дегенді ұмытты, жауға қарсы жұмылған жұдырықтай ауызбіршілік танытты. Қазақтың халық жырауы Тәті-қара үш жүздің өкілдері бір кісідей ұйымшылдықпен ерлік көрсеткенін былай деп суреттейді: «Қамыстың басы майда, түбі сайда, Жәнібек Шақшақұлы болат найза. Алдыңнан су, артыңнан жау қысқанда, Ер жігіттің ерлігі осындайда.

Бөкейді айт Сағыр менен Дулаттағы, Деріпсәлі, Мандайды айт Қыпшақтағы, Өзге батыр қайтса да, бір қайтпайтын Сары менен Баянды айт Уақтағы.


Ағашта биікті айтсаң, қарағайды айт, жігіттік ерлікті айтсаң, Бөгенбайды айт, Найзасының ұшына жау мінгізген Еменәлі Керейде ер Жабайды айт».


Қазақ батырларының ерен ерлігін біздің заманымызға дейін өз шығармалары арқылы жеткізген жырау-ақындар Үмбетей, Ақтамберді, Тәтіқара, Қожаберген, Бұқар, Көтеш және басқалары болды. Олардың көпшілігі сұрапыл соғысты өз көздерімен көрген куәлар ғана емес, сонымен қатар ерлікпен шайқасқа түскен жалынды жау жүрек жауынгерлер де болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет