Қазақстан тарихы пәнінен олимпиада жұмысы / Жазбаша жұмыс



Дата08.12.2023
өлшемі26,02 Kb.
#135156

Қазақстан тарихы пәнінен олимпиада жұмысы
/ Жазбаша жұмыс./
5- сынып Мектепішілік олимпиада I айналым.
1. «Тарих» сөзі қандай мағына береді. Тарихты оқып білу бізге не үшін қажет?
2. Тарихи деректердің қандай түрлерін білесіз, деректерге жеке-жеке сипаттама бер.
3. Жыл санау туралы сипаттама бер
4.Карта не үшін қажет? Карта арқылы біз нені білеміз?
5.Негізгі Ұғымдарға анықтама бер: Тарих, Шежіре, Жылнама, Археология, Этнография, Антропология, , Мұрағат, анимизм, магия, тотемизм, фетишизм, энеолит
Қазақстан тарихы пәнінен олимпиада жұмысы
5- сынып II айналым.
1. «Тарих» сөзін алғаш қолданған:
А) Арабтар; В) Египеттіктер С) Қытайлықтар;
Д) Гректер; Е) Парсылар.
2. Қазақстан тарихы неше негізгі дәуірге бөлінеді?
А) 3; В) 4 ; С) 2; Д) 5; Е) 6 .
3. Төменде аталғандардың қайсысы жазба деректерге жатады?
А) заңдар; В) эпос; С) жұмбақтар;
Д) киім-кешек; Е) мифтер .
4. Гомердің «Илиада» поэмасы бойынша қай қаланың орны табылды?
А) Баласағұн; В) Троя; С) Афины;
Д) Александрия; Е) Рим .
5. Халықтардың тұрмыс-тіршілігін,рухани мәдениетін,шежіресін зерттейтін ғылым саласы.
А) Археология; В) Этнография; С) Антропология; Д) Топономика; Е) Геральдика .
6. Орталық Азияда б.з-дың 5 ғасырында қандай жазу пайдаланылды?
А) ұйғыр жазуы; В) Руна жазуы; С) Иероглиф; 
Д) Пиктография; Е) Араб жазуы.
7. Ахмет Байтұрсынов қай алфавитті жетілдірді?
А)Латын ; БВ) Кириллица ; С) Араб;
Д) Иеороглиф; Е) Көне Қыпшақ .
8. Дүние жүзінде қанша этнос бар?
А) Мыңдай ; В) 500-дей; С) Екі мыңдай ;
Д) үш мыңдай; Е) 230-дай .
9. Ономастика ғылымының қай саласы жер-су атауларының тарихын зерттейді?
А) Антропонимика; В) Топонимика; С) Этнонимика;
Д) Теонимия ; Е) Космонимия .
10. Жыл санауды алғаш кімдер ойлап тапты?
А) Қазақтар; В) Египеттіктер; С) Римдіктер; 
Д) Шумерлер; Е) Гректер .
11. Біздің заманымыз қандай оқиғадан басталады?
А) Мұхаммед пайғамбардың дүниеге келуімен;
В) Иисус Хрисостың дүниеге келуімен;
С) Мұхаммед пайғамбардың Мединеге қоныс аударуымен;
Д) Иисус Хрисостың қайта тірілуімен;
Е) Патшаның таққа отыру рәсімінен кейін .
12. Ислам дінінің жыл санауы қандай оқиғадан басталады?
А) Мұхаммед пайғамбардың дүниеге келуімен;
В) Иисус Хрисостың дүниеге келуімен;
С) Мұхаммед пайғамбардың Мединеге қоныс аударуымен;
Д) Иисус Хрисостың қайта тірілуімен;
Е) Патшаның таққа отыру рәсімінен кейін .
13. Мемлекеттің аумағы мен астанасы,шекарасы көрсетілген карта қалай аталады?
А) Тарихи; Б) Физикалық; С) Саяси; 
Д) Географиялық; Е) Туристік .
14. Тарихи оқиғаларды суреттейтін карталар қалай аталады?
А) Тарихи; Б) Физикалық; С) Саяси;
Д) Географиялық; Е) Тақырыптық.
15. Қазақстан Республикасы қанша облыстан тұрады?
А) 14 ; Б) 16; С) 15; Д) 17; Е) 19 .
16. Қазақстан Республикасы шекарасының жалпы ұзындығы қанша шақырым?
А) 3000 шақырым ; Б) 51000 шақырым; С) 15000 шақырым; 
Д) 8000 шақырым; Е) 2000 шақырым .
17. Қазақстан Республикасы Каспий теңізі арқылы қай мемлекеттермен шектеседі?
А) Ресеймен; Б) Әзірбайжанмен; С) Қырғызстанмен; Д) Түрікменстанмен; Е) Қытаймен .
18. Түркі халықтарының рухани және саяси орталығы болып қай қала саналады?
А) Астана; Б) Түркістан ; С) Ақтау;
Д) Алматы; Е) Атырау .
19. Қазақстанның бұрынғы астаналарын болған уақытына қарай ретімен жазып шық.
А) Алматы; Б) Орынбор; С) Түркістан;
Д) Астана; Е) Қызылорда .
20.Қазақстан аумағында алғашқы адамдар қай уақытта пайда болды?
А) 1 млн жыл бұрын; Б) 2млн жыл бұрын; С) 40 мың жыл бұрын;
Д) 5 мың жыл бұрын; Е) 1 млн 750 мың жыл бұрын .
Қазақстан тарихы пәнінен олимпиада жұмысы
/ Жазбаша жұмыс./
6 сынып I- айналым
1. «Палеолит» қай кезеңді қамтиды ? Ғалымдар неге ол кезеңді солай атады ?
2. Жер беті қашан суый бастады? (суреттеп беріңіз)
3. Тас дәуірі мен қола дәуірінің ерекшеліктері мен айырмашылықтарына сипаттама бер.
4. Рулық қауым қашан пайда болды ?
5. Сақтардың мекендеген аумағы және әлеуметтік құрылымы туралы не білесіз?
Қазақстан тарихы пәнінен мектепшілік олимпиада жұмысы
ІІ –айналым
I-Нұсқа 6-сынып
1 .Аса ұзаққа созылған алғашқы тарихи кезең:
А)Қола дәуірі В)Тас дәуірі С) Темір дәуірі Д) Мыстас дәуірі Е) Дұрыс жауап жоқ
2. Ерте тас ғасыры тұрақтарының ең көнесі
А) Беғазы В)Шілікті С) Шақпақата Д) Берель Е) Көктүбек
3. Ерте палеолитке жататын тұрақ
А) Беғазы В)Железинка С) Қарасу Д) Көктүбек Е) Берель
4. Ежелгі тас дәуірі мен жаңа тас дәуірінің арасын жалғастыратын кезең
А) Кейінгі палеолит В)Мезолит С) Неолит Д) Энеолит Е) Қола дәуірі 
5. Ежелгі адам мен маймылдың ұқсастығы
А) Аң аулауында В) Терімшілікпен айналысуында С) Түрінде
Д) Ағаштың басында өмір сүруінде Е) Барлығы
6. Андронов тайпаларының негізгі қоныстанған аймағы
А)Жетісу В) Орталық Қазақстан С) Үстірт Д) Батыс Қазақстан Е) Алтай
7. Орталық Қазақстан жеріндегі қола дәуірінің ең соңғы кезең мәдениеті
А) Андронов В) Беғазы-Атасу С) Орталық Қазақстан
Д) Беғазы-Дәндібай Е) Қаратау
8. Қола дәуірі кезеңі
А) б.з.б 3-1 мың жылдық В) б.з.б 5-2 мың жылдық
С) б.з. 1-2 мың жылдығы Д) б.з.б. 18- 6 ғасырлар
Е) 12- 5 мың жылдық аралығы
9. Қола дәуірінде қалыптасқан ежелгі адамдардың ұйымы
А)Аналық ру В) Балалық ру С) Аталық ру
Д) Ағалық ру Е) барлығы сәйкес келмейді
10.Қола дәуірі абыздарының негізгі міндеттері
А) Ел басқару В) Әскери істерді қадағалау
С) Ру арасындағы алауыздықтарға жол бермеу
Д) Салт-дәстүрлердің орындалуын қадағалау Е) Барлығы
11.Темір дәуірі
А) б.з.б VIII-IIIғғ. В) б.з.б. III-б.з.VІғғ. С) б.з.б.VIII-б.з. VІғғ
Д) б.з.б. III-б.з.VІғғ Е) б.з.б.VІ-б.з. Vғғ
12.Сақ ескерткіші Бесшатыр қорымы орналасқан аймақ
А) Орталық Қазақстан В) Батыс Қазақстан С) Шығыс Қазақстан
Д)Жетісу Е) Қаратау
13. Берел қорғандарын (Шығыс Қазақстан) зерттеген белгілі археолог
А) К. Алпысбаев В) Ә.Төлеубаев С) Ә. Марғұлан Д) К. Байпаков Е) Қ.Сәтбаев
14. Темір дәуірінде Орталық Қазақстанды мекендеген тайпа
А) Исседон В) Массагет С) Сармат Д) Үйсін Е) Барлығы
15.Рулық қауым ыдырау себебі
А) Көрші рулардың шабуылы В) Климаттық ерекшеліктер
С) Мүлік теңсіздігінің пайда болуы Д) Сауда саттықтың пайда болуы
Е) барлығы сәйкес келмейді

Қазақстан тарихы пәнінен мектепшілік олимпиада жұмысы


ІІ –айналым
II-Нұсқа 6-сынып
1. Ежелгі қалалардың ең ескі тұрағы
А) Арқалық В) Аралтөбе С) Арықбалық Д)Арқайым Е) Берель
2. Андроновтықтар кен өндіруде қолданған әдістері
А) Өртеу,шабу В) Омыру,уату С) Шахталық,балқыту 
Д) Балқыту,өртеу Е) Барлығы
3. Андроновтықтарда бойға тағып жүретін қасиетті зат
А) Сырға В) Бойтұмар С) Моншақ Д) Сақина Е) Барлығы
4. Андроновтықтарда мына шаруашылықтың қайсысы болған жоқ
А) Жылқы В) Шошқа С) Егіншілік Д) Қолөнер Е) Қой
5. Қола дәуірі кезіндегі жоғары дін басылары
А) Молдалар В) Қарилар С) Аксақалдар Д) Абыздар Е) барлығы сәйкес келмейді
6. Жер бетіндегі ежелгі адам :
А) «Саналы адам» В) «Епті адам» С) «Жүрдек адам»
Д) «Қазіргі адам Е) «Өзбек адамы»
7. Екі жағынан да өңделген шапқыш тас құрал
А)Домалақ тас В) Жұмыр тас С)Үшкір тас Д)Бифас Е) Гарпун
8. Ерте палеолиттегі адамдардың ұйымы
А)Ру В)Тайпа С) Тобыр Д) Ұжым Е) Ұлыс
9. Солтүстік Қазақстан жеріндегі 158 тұрғын үй табылған энеолиттік тұрақ
А) Сексеуіл В) Шабақты С)Усть-Нарым Д)Ботай Е) Көктүбек
10.Жануарлар қолға үйретілді
А) Ерте палеолитте В) Кейінгі палеолитте С) Неолитте 
Д) Мезолитте Е) Темір дәуірінде
11.Энеолит дәуірі шамамен осы жылдар аралығын қамтиды
А) б.з.б. 3000-2800жж. В) б.з.б4000-2500 жж. С) б.э.б.2000-1000 жж.
Д) б.з.б. 500-100 жж. Е) б.з.б. 700-100 жж.
12. Тарихқа « Алтын киімді киген адам » деген атпен енген, Есік обасына жерленген
А) Үйсін патшасы В) Қаңлы билеушісі С) Сақ ханзадасы
Д) Ғұн ханшайымы Е) барлығы сәйкес келмейді
13. Оңтүстік Қазақстандағы ерте темір дәуірінің ең көне ескерткіштері
А) Арыс, Келес қорымдары В) Түгіскен-Ұйғарақ қорымдары С) Отырар, Есік қорымдары
Д) Талас, Хорезм қорымдары Е) барлығы сәйкес келмейді
14. Б.з.б I мыңжылдық ортасында Арал-Каспий тайпалары туралы жазған парсы патшасы
А) Геродот В) Кир С)Ксеркс Д) Дарий I Е) Дұрыс жауап жоқ
15.Көшпелі мал шаруашылығына көшуге себеп болған
А) Сиырдың қолға үйретілуі В) Жылқының қолға үйретілуі
С) Қойдың қолға үйретілуі Д) Темір ауыздықтың пайда болуы
Е) барлығы сәйкес келмейді

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет