Қазақстан тарихы пәнінен студенттердің өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар


-сұрақ. Көшпеліліктің қалыптасуының алғышарттары. Атқа міну мәдениеті. Құдықтар. Ат әбзелдері. Төрт түлік түрлері. Әлеуметтік құрылымы мен қоғамдық құрылысы



бет5/52
Дата02.12.2023
өлшемі165,98 Kb.
#132761
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
Байланысты:
?àçà?ñòàí òàðèõû ï?í³íåí ñòóäåíòòåðä³? ?ç³í-?ç³ òåêñåðó ?ø³í ñ?ð

10-сұрақ. Көшпеліліктің қалыптасуының алғышарттары. Атқа міну мәдениеті. Құдықтар. Ат әбзелдері. Төрт түлік түрлері. Әлеуметтік құрылымы мен қоғамдық құрылысы.
Көшпелілік — көшпелі халықтардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық даму жүйесі, шаруашылық-мәдени типі. Біздің заманымыздан бұрынғы екі мыңыншы жылдықта еуразиялық және афроазиялық аридтік аймақта қалыптасты. Көшпелілік тайпалық одақтар құрылған кезден-ақ өнім өндіру шаруашылығы ретінде орнығыэволюциялық жолмен дами бастады. Көшпелілер мал жаюдың тәсілдерін жетілдіре отырып, игерілмей жатқан жерлерді пайдаға асыруға қолайлы жағдай туғызды. Әрдайым көшіп-қонуға дайын отырған дала көшпелілері үшін мал күзету, аң, балық аулау, егін егу тұрмыстың дағдылы машығына айналды.
Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі. Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді. Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты. Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мәдениетінің де негізін қалады. Бес қаруын асынған салт атты сарбаз айбарлы көшпенділер империялары тарих сахнасына шыққан дәуірдің символына айналды.
Құдық– гидротехникалық құрылыс. Елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз ету және жер суландыру үшін пайдаланылады. Археологиялық зерттеулерге қарағанда құдық қола дәуірінде қазыла бастаған. Мысалы, Солтүстік Қазақстандағы Шағалалы қонысынан қазылған құдықтар анықталған. Дәстүрлі қазақ қоғамында табиғи су көздері жоқ шөл және шөлейт өңірлерде құдық көптеп қазылды. Сонымен қатар құдық мұнай, т.б. сұйықтарды өндіру, жер бетінен атмосфералық және беткей суларды аластау (топырақты кептіру) және жер асты суларының режимін зерттеу мақсатымен де қазылады. Құдық— жерасты суларын, мұнайларды, басқа да сұйықтарды өндіру, жер бетінен атмосфералық және беткейлік су ларды аластау, топырақты құрғату, немесе жерасты суларының режімін зерттеу мақсатыңда әдейі қазылатын қазынды.
Ат әбзелдері - жылқыны мініс пен шаруашылыққа пайдалануда қолданылатын құрал-жабдық түрлері.
Қазақтың ат әбзелдеріне ер, тоқым, өмілдірік, құйысқан, үзеңгі, айыл, пыстан, жүген, ноқта, көпшік, шылбыр, қамшы және т.б. жатады.
Төрт түлік – мал: түйе, жылқы, қой, сиыр. Қазақ халқы осы төртеуін төрт түлік деп атаған.
Әлеуметтік құрылым - [лат. structura - құрылым] - қоғамның немесе әлеуметтік топтың ішкі құрылымы, әлеуметтік топ, институттар мен олардың арасындағы өзара қатынастардың реттелген жиынтығы.
Әлеуметтік құрылым негізінде еңбектің қоғамдық бөлінісі, ерекше қажеттіліктер мен мүдделердің, ережелер мен рөлдердің, өмір салтының және әртүрлі әлеуметтік топтардың болуы жатады. Әлеуметтік құрылым ұғымы "таптық қүрылым" ұғымынан әлдеқайда кең, өйткені ол қоғамды тек таптарға емес, сонымен қатар басқа да әлеуметтік топтарға, жіктерге бөледі. Әлеуметтік құрылым қоғамның түтастығын және түрақтылығын сақтауда аса маңызды рөл атқарады. Әлеуметтік құрылым мәселелерін әлеуметтік жіктелу теориясы қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет