«Қазақстан тарихы» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы 11-сынып



бет2/10
Дата07.02.2023
өлшемі214,13 Kb.
#65900
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
« аза стан тарихы» п нінен то санды жиынты ба алау спецификаци

Түсіну


    • Қазақстан халқының өмір сүру жүйесінің қалыптасуы мен дамуына географиялық фактордың ықпалын;

    • түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстандағы саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени өзгерістерге ішкі және сыртқы факторлардың ықпалын;




    • дәстүрлі қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымының ерекшеліктерін;

    • Қазақстанда саяси ойдың дамуындағы тарихи аспектілерді;

    • Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуына тарихи тұлғалардың қосқан үлесін;

    • ұлттық біртектілікті сақтау үшін қазақтардың мәдени мұрасының маңызын;

    • қоғамда бейбітшілік пен келісімді сақтау үшін Қазақстан этностарының мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеу қажеттілігін.



Қолдану


    • түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық мәдени даму ерекшеліктерін анықтау кезінде;

    • Қазақстанның дамуындағы тарихи тұлғалардың рөлін анықтауда;

    • Қазақстанның өткен және қазіргі кездегі оқиғалары мен құбылыстарына қатысты өз позициясын анықтау кезінде тарихи ойлау дағдыларын.

Талдау


    • Қазақстанның тарихи дамуын әлемдік тарих контекстінде, ортақ белгілері мен ерекшеліктерін анықтай отырып;

    • себеп-салдар байланыстарын анықтау мақсатында Қазақстан тарихындағы тарихи оқиғалар, процестері мен құбылыстарды;

    • тарихи тұлғалар қызметінің себептері мен нәтижелерін;

    • Қазақстан тарихы бойынша ғалымдардың еңбектері мен деректерді;

    • Қазақстан аумағындағы этногенез, саяси және мәдени процестерге қатысты негізгі ғылыми теорияларды;

    • бүгінгі Қазақстанның даму үрдістері мен перспективаларын.

Жинақтау


      • тарихи талдау әдістерін қолдана отырып шығармашылық, танымдық, зерттеушілік, жобалық сипаттағы жұмыстарды;

      • Қазақстан тарихы туралы тұтас түсініктері мен тарихи санасын қалыптастыру үшін тұжырымдар мен гипотезаларды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет