«Қазақстан тарихы» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы 11-сынып



бет3/10
Дата07.02.2023
өлшемі214,13 Kb.
#65900
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
« аза стан тарихы» п нінен то санды жиынты ба алау спецификаци

Бағалау


    • түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның дамуына (географиялық, демографиялық, көші-қон, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және т.б.) түрлі факторлардың ықпал ету дәрежесін;

    • Отан тарихына ықпалы контекстінде тарихи тұлғалардың қызметін;

    • Орталық Азия халықтары мәдениетінің әлемдік өркениет дамуына қосқан үлесін;

    • тарихи мәліметтердің шынайылығын;

    • Қазақстан тарихының этникалық, саяси, мәдени, әлеуметтік-экономикалық мәселелері бойынша түрлі ғылыми теориялардың дәлелдік дәрежесін.
  1. Ойлау дағдыларының деңгейі


Ойлау дағдыларының
деңгейі



Сипаттама

Тапсырмалар түрлері

Білу және түсіну

Қазақстандық заңнаманың және мемлекеттік бағдарламалардың негізінде көші-қон саясатының негізгі бағыттары мен басымдықтарын түсінеді; «Алаш» ұлттық идеясының тарихи негіздерін анықтайды.

КТБ - Көп таңдауы бар тапсырмалар ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар

Қолдану

Көшпелі мал шаруашылығы және егіншіліктің ерекшеліктерін «тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі», «қоныстану жүйесі», «экожүйе» ұғымдарын пайдалана отырып анықтайды; Қазақ мемлекеттілігінің даму жолдары туралы ұлттық зиялылардың қоғамдық-саяси көзқарастарын салыстырады.

ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар ТЖ - Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар

Жоғары деңгей дағдылары

Дереккөздер негізінде көшпелі және отырықшы халықтың мәдени өзара әсерін анықтайды, Қазақстан аумағында қалалардың пайда болуы мен дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлін талдайды; мемлекеттік стратегиялар мен бағдарламалардың мазмұнын зерттеу және Қазақстан Республикасы әлеуметтік-
экономикалық даму болашағын болжайды.

ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар ТЖ - Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет