Қазақ халқының бостандығы мен тәуелсіздігін алуға бастау
Ауызекі айтылуға жеңіл болғандықтан
«Алаш» партиясы қандай ұлттық мәселелерді көтерді?
Ұлттық экономиканы дамыту
Дәстүрлерді жандандыру
Автономия алу
Шекараларды бекіту
Қазақ ұлттық саяси партиясын құру қандай жиында талқыланды?
Түркістан өлкесі Кеңестерінің Төтенше V съезінде
Орынбордағы Жалпы қазақ съезінде
Бүкілтүркістандық төтенше IV съезінде
Семейдегі облыстық съезде
«Мәңгілік ел» идеясынның елді біріктіруші ретіндегі маңызын жазыңыз
[4]
Құндылықтар
Маңызы
Қазақстанның тәуелсіздігі мен астанасы
Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім
Зайырлы қоғам және жоғары руханият
Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы
Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы
Дереккөздерді және өз біліміңізді қолданып, қоғамдық-саяси ойдың бастауы және дамуына үлес қосқан тарихи қайраткерлерді бағалаңыз.
[5]
Адереккөзі Әл Фараби «Қайырымды қала» трактатында әл-Фараби әлеуметтiк әдiлеттiлiк пен еркiндiктi орнықтыратын — iзгiлiктi қоғам туралы ой қозғайды. Мұндай қоғамды ұлы ойшыл «әрбiр адам екiншi адамның өмiр сүруiне қажеттi үлесiн беретiн, бiр-бiрiне көмектесетiн адамдарды бiрiктiру арқылы ғана адам өз табиғатына сай жету дәрежесiне ие болатын» қоғам түрiнде елестетедi. Осындай «жетiлдiрiлген қоғамда, Фарабидiң айтуынша бiр-бiрiмен қарым-қатынас жасау, көмектесу, қолдау, ұжымдасу адамдардың өмiрлiк қажетiне айналады».
Вдереккөзі «Диуани лұғат ат түрік» - түркі халықтарының тамаша ескерткіші болып табылады. Сөздікте адамгершілік, тәлім-тәрбие, психологиялық қасиеттер, адамның бойында кездесетін жағымды және жағымсыз мінез-құлықтарға сипаттама береді. Махмұд Қашғари онда тәлім-тәрбие, дидактика, өсиет, адамгершілік, ұрпақ тәрбиесі, ізгілік туралы ой-пікірлер айтады. Мәселен,
«Атасынан ақыл алса, тентек ұл да жөнделер», «Ұлысында ұлы болсаң, біліміңді елге бер»,
«Асығыс еткен іс шала, асығыс жаққан от шала», «Ұлым, ақыл тыңдасаң, білімсіздік жоғалар, білім қалар артыңда, ғұмыр сырғып жоғалар».
Сдереккөзі Жүсіп Баласағұн қоғамдық құрылымның кемелдігін жеке адамның бостандығы, тәуелсіздігі анықтайды деп санады. «Құтты біліктің» негізгі айтар ойы – адамның адами жетілуі мен кісілік кемелденуі, сол арқылы мемлекет пен қоғамды қуатты, мықты, құтты ету. Оның пікірі бойынша мемлекеттік аппарат жақсы ұйымдасқан болуы тиіс: сыртқы басқыншы күштерге қарсы тұра алатындай қуатты болуы тиіс; жергілікті халықтың мүдделерін қорғайтындай икемді болуы тиіс; ел арасында салықты жинау мен оны реттеу үшін жеткілікті дайындалған болуы тиіс. Ол хандар мен бектерді кедейлерге қайырымды болуға, оларды киіндіріп, тамақ беруге, оларға жылы қарауға шақырады.
ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының қоғамдық-саяси көзқарастарын IDEA формуласын қолдана отырып талдаңыз
Ш. Уәлиханов қазақтардың кедейлік тұрмысының және саяси белсенділігінің төмендігінің себебі ретінде надандықты санады. Осыдан ол ағартуды аса жоғары бағалаған. Оның пікірінше, білімді адамдар кедейшілікпен нәтижелі түрде күресе алады. Халықтың дамуы үшін ең бірінші бостандық пен білімді қажет еткен ойшыл, патшалық биліктің қазақ даласына ғылымды және мәдениетті жібермеу саясатына қарсы тұрды.
Ы.Алтынсаринның ойынша, одан әрі қарай мектеп ісін дұрыс жолға қою қажет. Мектептер жаңа жақсы өмірге күресе алатын жаңа азаматтарды қалыптастыруға назар аударуы тиіс.
А.Құнанбаевтың іс-әрекеті халықты қанаудан сақтау болатын. Осы жағдайда ол билікті білімді адамдарға беру керек деген тұжырымға келеді. Ойшыл білімді билеуші мен білімді халықтың концепциясын негіздеушілердің бірі.