«Қазақстан тарихы» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы 6-сынып


«Қазақстан тарихы» пәнінен күтілетін нәтижелер, 6 сынып



бет3/9
Дата06.01.2022
өлшемі1,41 Mb.
#13496
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ОШ ТЖБ Қазақстан тарихы 6 сынып

«Қазақстан тарихы» пәнінен күтілетін нәтижелер, 6 сынып


Білім алушы:
Білу

- отан тарихы кезеңдерін;

- Қазақстан тарихының орта ғасырдағы негізгі оқиғаларын, құбылыстарын, процестерін;

- отан тарихында маңызды рөл атқарған тарихи қайраткерлерді;

- тарихи даму барысында қалыптасқан ұлттық және әлемдік мәдениеттің маңызды жетістіктерін;

- тарих ғылымының ұғымдарын; тарихи деректердің түрлерін.



Түсіну


  • отан тарихының дамуының тұтастығы мен үздіксіздігін сипаттайтын негізгі оқиғалардың, құбылыстар мен процестердің мәнін;

  • қоғамдық процестердің тарихи шарттылығын, адамзаттың мәдени әртүрлілігін;

  • Қазақстанның тарихи жолының ерекшеліктерін;

  • отан тарихындағы көрнекті тұлғалардың рөлі мен орнын;

  • отан тарихына, мәдениетіне, дәстүрлеріне құрметпен қарау қажеттігін.


Қолдану


  • тарихи ойлау дағдыларын: өмірлік міндеттер мен мәселелерді шешу үшін;

  • тарихи картадағы өзгерістерді, түрлі нысандардың орналасуын анықтау кезінде;

  • тарихи тұлғаларды, оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді салыстыру кезінде;

  • Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын сипаттау кезінде;

  • тарихи негізіне сүйене отырып, заманауи өмірдің құбылыстарына қатынасы бойынша өз ұстанымын анықтау кезінде;

  • тарихи материалдармен жұмыс кезінде.


Талдау
- себеп-салдарлық байланыстарын анықтау мақсатында тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді;

- жалпы сипатты белгілері мен ерекшеліктерін анықтай отырып, Қазақстанның тарихи дамуын;

- тарихи тұлғалар қызметінің нәтижесі мен уәждерін;

- тарихи паралелль өткізу жолымен Қазақстанның жекелеген мемлекеттерінің даму үрдістерін, қоғамдық, экономикалық, саяси және мәдени процестерін;

-проблемалық сұрақтарға жауап беру үшін түрлі тарихи дереккөздерді;

- бір тарихи оқиғаларға, құбылыстар мен процестерге түрлі көзқарастарды;

- түрлі таңбалы жүйеде (мәтін, карта, кесте, схема, дыбыс-бейне қатары) ұсынылған ақпараттарды.
Жинақтау
-жалпы заңдылықтарды анықтай отырып, тарихи құбылыстардың, процестердің сипатты белгілерін жіктеу, жүйелеу, жалпылау және саралау үшін түрлі дереккөздердегі ақпараттарды;

-қоғамда болып жатқан қазіргі заманғы саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерге бағдарлану үшін тарихи мәліметтерді.



Бағалау


  • тарихи оқиғаларды, процестерді, құбылыстарды, тұлғаларды отандық тарихқа ықпалы тұрғысынан бағалайды, оларды әртүрлі түсіндіруді;

  • әртүрлі тарихи дереккөздердің анықтығын.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет