Қазақстан тарихы пәнінің мақсаты, міндеттері және күтілетін оқу нәтижелері Пәннің мақсаты



бет2/3
Дата19.04.2023
өлшемі22,04 Kb.
#84201
1   2   3
Байланысты:
Ежелгі адамдар және көшпелі өркениеттің Қалыптасуы-melimde.com

ә) Мезолит.
Тас дәуірінің тарихында мезолит пен неолит біздің заманымыздан бұрынғы 12-5 және 5-3 мың жылдықтардың арасын камтиды /мезолит-орта тас дәуірі, неолит-соңғы тас дәуірі/. Ол кезде табиғат осы заманғы бейнеде болды. Жануарлар дүниесінің құрамы өзгеріп, енді аңшылардың аулайтыны көбінесе бизон мен жылкы, жабайы ешкі мен киік, қоян, үйрек болды. Мезолит заманындағы адамдардың садақ пен жебені ойлап шығаруы үлкен жетістік еді және осы тұста микролиттер - үшбұрыш, ромб, трапеция, сегмент -тәрізді ұсақ қалақтар шықты.
Сонымен бірге б. з. б. 8 мыңжылдыққа қарай қазіргісінен әлдеқайда жұмсақ болған жылы климат ұзақ мерзімді, жылы және басқа тұрғын жайлар салуды қажет етпеді, сондықтан аңшылар өз тұрақтарының орнын оңай әрі тез ауыстырып отырды. Қызылжар қаласына жақын Есіл бойынан Мичурин, Боголюбов – 2, Явленко – 2 тұрақтары табылды. Сәл оңтүстікте, Атбасар маңында – Тельман – 7, -8а, - 9а, -14а, одан оңтүстікте, Қарағанды маңында Әкімбек және Қарағанды –15 тұрақтары бар. Көкшетау маңындағы далалық Шағалалы жағалауындағы Виноградовка –2а, -12 тұрақтары мәлім. Торғай ойпаңы ауданында – Дүзбай – 6, Қостанай қаласы маңында Дачная және Евгеньевка тұрақтары орналасқан.
б)Неолит дәуірінің басы шамамен б. з. б. 7 мыңжылдықтың екінші жартысы мен 6 мыңжылдықтың басына тұстас келеді. Бұл тас өңдеуде техника гүлденген кез болды. Еңбек құралдарын өндіру барған сайын мамандандырылды. Қыспа ретушь техникасының жетілдіруімен қатар тас өңдеудің тегістеу, бұрғылау, арамен кесу сияқты жаңа технологиялық әдістері шықты. Тас балталар, кетпендер, дәнүккіштер, келілер, келсаптар жасала бастады. Нефриттен, яшмадан, серпентениттен, басқа да тастардан әшекейлер, білезіктер, алқалар жасалды.
Неолит дәуірінің аса маңызды белгісі табиғаттың дайын өнімдерін икемдену орнына – жиын – терін мен аң аулаудың орнына келген өндіруші шарушылыққа негіз болған мал шарушылығы мен егіншіліктің тууы болып табылады. Шаруашылықтың жаңа түрлерінің шығуының адамзат қоғамының дамуы үшін орасан зор маңызы болды, адамның еңбек кәсібінің саласын кеңейтті, сонымен қатар оның сипатын сапасы жағынан өзгертті. Адамның экономикалық қызметінің одан кейін талай мың жылдарға созылған бүкіл тарихы едәуір дәрежеде осы екі шаруашылықтың даму, жетілу тарихы болып табылады.
Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында 600 – ден аса неолиттік және энеолиттік ескерткіш мәлім. Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай – бұлақтық, өзендік, көлдік, үңгірлік тұрақ деп төрт түрге бөлінеді.
Солтүстік Қазақстан және Қостанай – Торғай археологиялық экспедициялары жүргізген көптеген зерттеулердің нәтижесінде Солтүстік Қазақстан аумағынан жақсы құжатталған, салмақты материал алынды. 300 – ден астам тұрақтың материалдарына талдау жасаған зерттеушілер Есіл өңіріндегі – Атбасар мен Торғай үстіртіндегі маханжар неолиттік мәдениетін бөліп көрсетті. Мейлінше ортақ белгілері бойынша бұл мәдениеттер кельтеминар және Оңтүстік Орал неолитіне ұқсас.
Қараүңгір үңгірінің неолиттік тұрағы Түркістан облысындағы Түлкібас ауданының Қараүңгір ауылынан солтүстікке қарай 1,5 шақырым жерде, өзі аттас өзеннің оң жағасына орналасқан. үңгірдің өзі өзен арнасынан 7 м биікте жатыр. Кіреберісінің ені 20 – 25 м, биіктігі 2 – 16 метрге жуық. үңгір екі залдан тұрады : алдыңғысының ұзындығы – 20 м және төргісі – 9 м. Қазу барысында мәдени - тұрмыстық қалдықтардың мол жиынтығы ежелгі қырғыштар, бүйірі ойық қалақшалар, бұрғылар, жиектері мұқалған қалақшалар, жүздері ретушьпен өңделген және өңделмеген қалақшалар, жебелердің ұштары, нуклеустер, шот – балталар, келсаптар, қырғыш пышақтар және көптеген өндіріс қалдықтары алынды. Шақпақ таспен жасалған құралдармен қатар көп мөлшерде сүйек бұйымдар – көзі бар инелер, біз, тескіштер, тегістегіш – жонғыштар және т. б. табылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет