«Қазақстан тарихы» пәнінің міндеті мен мақсаты, деректік көздері және тарихнамасы.
Тас ғасыры мен ескерткіштеріне сипаттама жасап, кезеңдерін жүйелеп көрсетіңіз.
Қола дәуіріндегі Қазақстан. Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ерекшеліктері.
Сақтар: жазба деректері, материалдық және рухани мәдениеті, қоғамдық құрылысы туралы түсінік беріңіз.
Ғұн, Үйсін, Қаңлы мемлекеттік-саяси құрылымдарының басты белгілерін сипаттаңыз.
Түркі қағанаттары: жазба деректері, этносаяси тарихы, материалдық және рухани мәдениеті туралы сипаттаңыз.
Қимақ мемлекеті: этносаяси тарихы мен мәдениеті мен шаруашылығын сипаттаңыз.
Оғыз мемлекеті: этносаяси тарихы, мәдениеті мен шаруашылық ерекшеліктерін сипаттаңыз.
Қыпшақтардың этносаяси тарихының ерекшеліктерін көрсетіңіз.
Қарахан мемлекеті: этносаяси тарихы, әлеуметтік-экономикалық дамуы, мәдени өркендеуін сипаттаңыз.
Түркілердің материалдық және рухани мәдениетін (VІ-XII ғғ.) жүйелеп көрсетіңіз.
Ұлы Жібек жолы және оның Евразия халықтарының тарихындағы рөліне түсінік беріңіз.
Көне түрік жазба ескерткіштерінің ерекшеліктері мен зерттелу деңгейін анықтаңыз.
Қазақстан территориясындағы ежелгі қалалар мен елді мекендер (VI-XII ғ.ғ.) тарихын деректер негізінде талдаңыз.
Түркі кезенінің ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерін талдаңыз (М.Қашқари, Ж.Баласағұни, Әл-Фараби, Қ.А. Яссауи).
Найман және Керейт ұлыстарын сипаттаңыз.
Монғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды жаулау тарихын жүйелеп көрсетіңіз.
Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырау кезеңін (ХІІІ-ХҮ ғғ.) жүйелеп сипаттаңыз.
Ақ Орда – Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет болғандығын дәлелдеңіз.
Моғолстан мемлекетінің Қазақстан тарихындағы орны мен рөлін анықтап көрсетіңіз.
Қазақстан тарихындағы Әбілқайыр хандығының орны мен рөлін көрсетіңіз.
Батыс Қазақстан территориясы Ноғай Ордасы құрамында
ХІІІ-ХҮғасырлардағы Қазақстанның рухани және материалдық мәдениетінің ерекшеліктерін көрсетіңіз.
ХҮ ғ. ортасы мен ХҮІІІ ғ. Қазақ хандығының тарихы туралы деректер мен зерттеулерді талдап, сипатттама беріңіз.
Қазақстандағы этникалық процестерді жүйелеп, қазақ халқының қалыптасу кезеңдерін көрсетіңіз.
Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойының аталып өтілуі және оның тарихи маңызын анықтап көрсетіңіз.
Қазақ хандығының өркендеуіндегі Қасым ханның қызметін жүйелеп сипаттаңыз.
XVII ғасырдағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайын талдап беріңіз.
Тәуке хан – мемлекет қайраткері, реформатор, дипломат ретіндегі қызметін сипаттаңыз.
ХҮІІ-ХҮІІІ ғ. 1-ші ширегіндегі қазақ-жоңғар қатынастарын талдап көрсетіңіз.
«Ақтабан шұбырынды – Алқакөл сұлама» кезеңінің ерекшеліктерін және «Бұланты», «Аңырақай» шайқастарының тарихи маңызын жүйелеп көрсетіңіз.
XV-XVIII ғғ. Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының ерекшелігін, шаруашылығы мен тұрмысын сипаттаңыз.
XV-XVIII ғғ. қазақтардың материалдық және рухани мәдениетінің ерекшеліктерін талдап көрсетіңіз.
Абылай ханның мемлекет қайраткері, саясаткер және дипломат болғандығын дәлелдеңіз.
Патшалық Ресейдің Қазақстанды отарлау саясатының негізгі кезеңдірі мен бағыттарына талдау жасаңыз.
Кіші жүз қазақтарының Сырым Датұлы (1783-1797 жж.) бастаған көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктерін талдап көрсетіңіз.
Бөкей ордасындағы Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған (1836-1838 жж.) көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктерін жүйелеп көрсетіңіз.
Кенесары Қасымұлы (1837-1847 жж.) бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері және оның тарихи маңызын көрсетіңіз.
Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу себептерін түсіндіріп және оның салдарын көрсетіңіз.
Ресей империясының 1867-1868 жж. Қазақстандағы реформаларының мазмұнын талдап және олардың негізгі нәтижелерін көрсетіңіз.
Қазақстанның ХVІІІ ғасырдағы мәдениетінің даму ерекшеліктеріне түсінік беріңіз.
ХІХ –ХХ ғ. басындағы Қазақстан мәдениетінің ерекшеліктерін сипаттаңыз.
Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдарының еңбектерін талдап көрсетіңіз (Ш. Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А. Құнанбайұлы).
ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыстағы қазақ зиялыларының орны мен рөлін жүйелеп көрсетіңіз.
ХХ ғасырдың басындағы «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің маңыздылығын анықтаңыз.
1916 жылғы ұлт – азаттық көтерілістің себептері, барысы, нәтижесі және тарихи маңызын талдап көрсетіңіз.
Алаш партиясының құрылуы және оның бағдарламасын талдап көрсетіңіз.
1917 жылғы Қазан төңкерісінің ерекшеліктері және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнатылуын сипаттап көрсетіңіз.
Екінші жалпықазақ сьезінің тарихи маңызы мен Алаш Орда үкіметінің құрылуын түсіндіріңіз.
Қазақ саяси элитасының (Ә.Бөкейхан, М.Дулат, А.Байтұрсын, Ш.Құдайбердіұлы және т.б.) қазақ халқының тарихы мен мәдениетін зерттеудегі рөлі.
Әлихан Бөкейхан – ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының көшбасшысы және оның 150 жылдық мерейтойының атап өтілуін сипаттаңыз.
Ахмет Байтұрсынұлының қазақ халқының рухани дамуына қосқан үлесі және ЮНЕСКО аясында 150 жылдық мерейтойының атап өтілуін сипаттаңыз.
Қазақстанда жаңа экономикалық саясаттың жүргізілуінің ерекшеліктерін, себептері мен нәтижелерін талдаңыз.
Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және оның қатерлі мазмұнын көрсетіңіз (1925-1933 жж.).
Қазақстандағы социалистік индустрияландырудың ерекшеліктері, нәтижелері және олқылықтарын жүйелеп талдаңыз.
Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруалары қожалықтарын күшпен отырықшылыққа көшірудің зардаптарын талдаңыз (1928-1932 жж).
1929-1931 жж. ұжымдастыруға қарсы көтерілістерді талдап көрсетіңіз.
1931-1933 жж. аштықтың себептері, экономикалық және демографиялық зардаптарын талдап көрсетіңіз.
Сталиндік қуғын-сүргін және оның ауқымы мен ауыр зардаптары туралы түсіндіріңіз.
Екінші дүниежүзілік соғыста Кеңес Одағының батыры атанған қазақстандықтар мен қатардағы жауынгерлердің ерліктерін талдаңыз.
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлерінің ерлігін сипаттаңыз.
Қазақстанның Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдардағы мәдениеті мен ғылымының дамуы (1946-1965жж.).
Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: экологиялық, экономикалық және әлеуметтік-демографиялық салдарларын талдап көрсетіңіз.
Кеңестік Қазақстанның экологиялық мәселелерін (Семей ядролық полигоны, Арал теңізі, Шығыс Қазақстан, республиканың оңтүстігіндегі химиялық өндіріс) жүйелеп талдаңыз.
1965 – 1985 жж. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайын сипаттап көрсетіңіз.
Тоқырау жылдарындағы (1971-1985жж.) ғылым, әдебиет және өнер саласындағы жетістіктер мен олардың қайшылықты сипатын беріңіз.
Қазақстандағы «қайта құру» саясаты мен 1986 ж. Желтоқсан оқиғасын талдап көрсетіңіз.
Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы және ҚР мемлекеттік құрылысын жүйелеп сипаттаңыз.
Патриотизмді дамытудағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің рөлі мен маңызын талдаңыз.
Тәуелсіз Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы орнын сипаттаңыз.
Қазақстан Республикасындағы білім, ғылым, мәдениет және денсаулық сақтау ісінің дамуы мен негізгі реформаларын түсіндіріңіз.
Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісін талдап, ұлттық бағдарламалар мен жобалардың іске асырылуын сипаттаңыз.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен республиканың халықаралық бастамаларын анықтаңыз
2023 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі сайлауының қорытындыларына
Қазақстан Республикасының 2022 жылғы саяси және конституциялық реформаларының негізгі ережелерін анықтаңыз