Қазақстан тарихы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені білім беру бағдарлама Бакалавриаттың барлық білім беру бағдарламаларына арналған


Көрнекілік және үлестірме материал



бет64/82
Дата20.12.2023
өлшемі6,27 Mb.
#141352
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   82
Байланысты:
kazakstan tarih paninen oak 2022zh (1)

Көрнекілік және үлестірме материал: слайд, сызба-кесте, тест сұрақтары
Ұсынылатын оқу тізімі:
1. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітап: Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. – Алматы: Казак университет,2022. – 570 б.
2. Абылхожин Ж.Б. Страна в сердце Евразии: Сюжеты по истории Казахстана. - Алматы : Казак университетi, 1998. – 280 с.
3. Назарбаев Н. А. Эра независимости. – Астана: Атамұра, 2017–508 с.
4. Токаев К.К. Под стягом независимости: Очерки о внешней политике Казахстана. – Алматы:Білім, 1997. –736 с.


Бақылау сұрақтары:
1.Ұлттық валюта қай жылы енгізілді?
2.Халифа Алтай деген кім?
3. Ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегияларды атаңыз?
Дәріс 15. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты және халықаралық қатынастары


Дәрістің мақсаты: Қазақстанның аймақтық және халықаралықұйымдарымен байланыстарын талдау.
Түйінді сөздер: халықаралық ұйымдар, дипоматия, елшілік, қауіпсіздік геосаяси жағдай, НАТО, БҰҰ, АСЕАН.
Күтілетін нәтижелер:Қазақстанның халықаралықұйымдарымен байланыстарына талдау жасайды.Әр түрлі тарихи дереккөздерді қолдана алады;
Негізгі сұрақтар:
1.Шет елдермен дипломатиялық қатынастардың орнатылуы.
2. Қазақстанның әлемдік және аймақтық қауіпсіздік проблемалары
Қысқаша мазмұны


Қазіргі саяси проблемалардың бірі – геосаясат. Геосаясатты талдаудың өзіндік ерекшелігі саясаттың кеңістік-географиялық факторларын қарастырумен, макросаяси үрдістерді зерттеумен, тұрақты және ұзақ мерзімді сипаттағы құбылыстарды ашатын ұғымдар мен категорияларды кеңінен қолданумен байланысты. Мұндай ғылыми амал, әсіресе геосаяси проблемаларды қарастыру кезінде аса маңызды. Соңғы уақытта геосаясаттың, геосаяси білімнің, әлемнің геосаяси архитектурасының маңыздылығы айтарлықтай артты. Қазіргі кезде Қазақстанның геосаясаты, геосаяси факторлары, геосаяси жағдайы жөнінде жиі айтылады. Алайда осы тақырыпта сөйлейтін адамдардың бәрі бірдей геосаясат дегеннің не екенін және оның архитектурасына не жататынын жете біле бермейді. Соған қарамастан геосаясат дүниежүзі тарихын пайымдаудың ерекше амалы ретінде қазіргі Қазақстанның шынайы саясаты тұрғысынан өте үлкен пайдасы бар. Осымен байланысты геосаясаттың және қазіргі әлемнің геосаяси архи¬тек¬турасының аса маңызды өзекті мәсе¬лелердің бірі екенін атап көрсетуіміз қажет. Өйткені онсыз қазіргі әлемнің шынайылығын толықтай және қай¬шылықсыз анық түсіну мүмкін емес. Қазіргі геосаясатты дұрыс түсіну үшін, ең алдымен, оның архитектурасын білу керек. Қазіргі әлемнің геосаяси архитектурасы геосаясат субъектілерінің (әлем қауымдастығы субъектілерінің) жиынтығынан, өздерінің жеке және ортақ мүдделерін жүзеге асырудағы олардың стратегиясынан, әрекетінен және өзара қатынасынан тұрады. Ол әлемдік саясаттың, халықара¬лық қаты¬настардың мынандай субъектіле¬рін – ме쬬лекетті, үкіметаралық және халықара¬лық үкі¬меттік емес ұйымдарды, сондай-ақ ¬гесая¬¬¬си орталықтарды өзіне қосқан. Геосаяси орталықтардың негізгілеріне әлемдік саясаттағы ірі факторларды – Еуропаны ( Еуропа одағы келбетіндегі), АҚШ-ты, Азия Тынық мұхиты аймағын және Ресейді жатқызуға болады. Еуропа Одағы (ЕО) – федеративті мемлекет элементтерінен тұратын мемлекетарବлық, аймақтық масштабтағы конфедератив¬тік бірлестік. Халқы 500 млн. адамнан асады. Еуроодақты құрудың бастамашысы – Франция мен Германия. ЕО 1992 жылы 12 Еуропа мемлекеттері қол қойған Маастрих келісімшарты негізінде 1993 жылы құрылды. Қазір оның құрамында 27 ел бар. Еуроодаққа бірігудің мақсаты – ¬саяси, экономикалық және валюта одағын құру, адамдардың, капиталдың, тауарлар мен қызмет көрсетудің еркін қозғалысы негізінде біртұтас экономикалық кеңістік қалыптастыру. Еуроодақ көшбасшыларына келетін болсақ, онда олардың саясатында айтарлықтай өзгешеліктер бар. Франция өзінің АҚШ-тан тәуелсіздігін көрсетіп, аймақтық көшбасшы болып дамуға тырысады. ЕО-ты құрудың есебінен біріккеннен кейін құрлықта айтарлықтай нығайған Германияның позициясын әлсіретуге қарсы емес. Өз кезегінде Германия АҚШ-пен қатынасын өзгертпей-ақ, құрлықтағы өзінің ықпалын, ең алдымен, Орталық Еуропа және Шығыс Еуропа, сонымен қатар Балтық мемлекеттері есебінен кеңейтуге тырысуда. Германия Еуропаның геосаяси осі болуы мүмкін. Англия толықтай АҚШ-тың ықпалымен келеді. Еуропа Одағының өзіне тән геосаяси тұжырымдамасы бар. Ол 1970 жылы «ЕО геосаяси тұжырымдамасы» деген атпен дайындалған еді. Оның негізіне «азаматтық күштер» идеясы алынған, оған сәйкес сыртқы саяси міндеттер әскери күш позициясы тұрғысынан (мұны АҚШ көбірек жақтайды) шешілмеуі тиіс, керісінше, ынтымақтасу арқылы, экономикалық тетіктердің әсерін қолдану арқылы ( соның ішінде, қажет болған жағдайда экономикалық санкция жасау), әр жақ өзіне қайсыбір функциялар мен міндеттерді алып, жалпы құрылымды қолдану арқылы шешілуі қажет. Күш қолдану немесе қауіп-қатер жасаудан бастарту идеясы Хельсинкиде өткен Еуропа қауіпсіздігі мен ынтымақтастығы кеңесінің жұмысының барысында пайда болған еді. Еуроодақ елдері және АҚШ батыс өркениетінің ажырамас құрамдас бөлімі болып саналады. Алайда олардың арасындағы қатынаста бірқатар қарама-қайшылықтың бар екендігі байқалады. Мәселен, кезінде Иракқа шабуыл жасалғанда, ортақ мүдде ауызбіршілік болмады деуге болады. Бұл қарама-қайшылықтар Еуропаның бірлігін бөліп жіберді және шоғырландырушы әлеуетін бұзды. Еуропа АҚШ-тың ха¬лықаралық институттарды мойындамауына қарсы (мысалы, Югославияға қарсы агрессия кезінде БҰҰ мұндай оқиғаға кезікті). Еуропа, сондай-ақ Құрама Штаттардың Американың стратегиялық мүдделерін шешуде басқа елдердің мүдделерін жоққа шығаруына қарсы, өйткені бұл антиамерикандық және антибатыстық көңіл күйді және әлемнің өзге елдерінен АҚШ-тың және батыс елдерінің оқшаулану қаупін тудырады. Еуропа АҚШ-пен салыстырғанда, әлемнің басқа аймақтарындағы орнықтылық пен тұрақтылықты қолдайды және аймақтық істерге араласпауды қолдайды. Осымен байланысты жарты ғасыр әлемде орнықтылық пен тұрақтылықты қамтамасыз еткен геосаяси биполярлы әлемдік құрылыс конструкциясы ыдырығаннан кейін «қырғи-қабақ соғыстың» басты жеңімпазы ретінде әлемді бірполюстікке өткізуге барынша тырысқан екі ұлы державадан бір ғана – АҚШ қалғанын айтуымыз қажет. Сөйтіп, АҚШ биполярлы жүйе ыдырағаннан кейін қалыптасқан вакуумды толтырды. АҚШ планетамыздағы бірден-бір негізгі геосаяси күштердің орталығы екені белгілі. Оған келесі сипатты белгілер тән: біріншіден, әскери, экономикалық, технологиялық, ақпараттық қатынастарда және мәдени ойын-сауық салаларында әлемдегі ең қуатты держава. Сонымен бірге АҚШ-тың бас болу жағдайы оның халықаралық институттарда (ХВҚ, БСҰ, Бүкілдүниежүзілік Банк, Қайта құру және даму банкі), НАТО және т.б. басымдығымен түсіндіріледі. Екіншіден, әлемдегі жаһандану және жаңару үрдістері АҚШ-тың бақылауында. Үшіншіден, ол әлемде бірполярлы конструкция құруға тырысуда. АҚШ-тың геосаяси ұмтылысы өзінің аумағын қорғаумен бітпейді, оны басқа мемлекеттердің аумақтарына таратады, ол жерлерде Америка азаматтарының, Америка капиталының, Американың сыртқы саяси курсының және жалпы батыс өркениетінің мүдделері қорғалады. Төртіншіден, өзінің мақсаттарына жетуде күш көрсету саясатына тірек жасайды, ондағы басты құралы – НАТО – батыс мемлекеттерінің әскери-саяси блогы, мұнда да АҚШ бағыттаушы ел болып табылады. Олар НАТО-ны демократия мен тұрақтылықтың зонасы ретінде қарап, оны кеңейту тұжырымдамасын белсенді пайдаланады. Осылайша, өзінің геосаяси алаңын кеңейтеді. Бесіншіден, АҚШ-тың сыртқы саясатына тән белгілердің бірі – мессианизм, бұл дегеніміз бүкіл әлемге өзінің либералды-демократиялық құндылықтарын тарату арқылы әлемді американдық етіп құруға тырысушылық. Американың жаппай ықпал ету мақсаттарына жету үшін АҚШ Еуропадағы одақтастары мен Жапонияға және қалған өзге де елдерге қатысты «Бағдарламалы көшбасшы тұжырымдамасын» қолданатынын айтуымыз керек. Бұл тұжырымдаманы 1993-2000 жылдары. Клинтон әкімшілігі жасады. Тұжырымдаманың мәні – АҚШ саясатының шеңберінде одақтастарға белгілі бір әрекеттерге бағыттарын таңу. Дегенмен, соңғы уақыттарда Құрама Штаттар әлемдік аренадағы бәсекелестіктен қауіптенеді. Жаһандық көшбасшылық үшін күресте Қытай, Индия, Еуроодақ оның басты бәсекелестері болып отыр. Осымен байланысты әлемдік дамудың соңғы он жылдығы келесі бір геосаяси орталықтың Азия Тынық мұхиты аумағының (АТА) салмағының қарқынды артып отырған¬дығын атап өтуіміз қажет. Менің көзқарасым бойынша АТА-ға тән белгілерге: біріншіден, бірнеше күштер орталықтарының болуы жатады. Әдетте әлемнің көптеген аймақтарында бір ғана көшбасшы болады немесе жақсы жағдайда, көшбасшылық үшін күштердің екі орталығы күреседі. АТА бірден кем дегенде 4 күштер орталықтарын өзіне қаратып алған. Мұнда аймақтық қана емес, әлемдік күштер балансын анықтайтын: АҚШ, Қытай, Ресей, Жапония сияқты әлемдік бірнеше ірі державалар орналасқан. Олардың бәрі геосаяси және геостратегиялық маңызды орын алады, аймақта және әлемде ауқымды мүдделері бар және оларды жүзеге асыру үшін қуатты әлеуетті иеленген. Екіншіден, экономикалық, саяси және әскери салмақты шапшаң арттырушы мемлекеттердің болуы жатады (мысалы, Корея Республикасы, Сингапур, Малайзия, АСЕАН, басқа да елдері), бұлардың мүддесін аймақтық күштер балансында есепке алуға тура келеді. Үшіншіден, АТА халықтың аса көп қоныстанған аймағы. Оның планета халқының шамамен 50 пайы¬зы тұрады. Төртіншіден, АТА жердегі динамикалық дамушы, қуатты экономикалық аудан. Жалпыәлемдік өнімнің жартысынан астамы, әлемдік сауданың жалпы көлемінің 50 пайыздан астамы, инвестицияның 55 пайыз¬дан астамы, әлемдік порттың 40 пайыз¬дан астамы және электроқуаттың 42 пайы¬зы, т.б. оның үлесіне тиесілі. Бесіншіден, аймақтағы елдерді экономиканың аса жоғары қарқынмен артуы сипаттайды. Азия даму банкінің болжамына сәйкес, АТА елдерінің экономикасының өсу қарқыны таяу жылдары әлем елдерінің экономикасының өсу қарқынынан екі-үш есе артатын болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет