Қазақстан тарихы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені білім беру бағдарлама Бакалавриаттың барлық білім беру бағдарламаларына арналған


Практикалық сабақ 4.Қазақ хандығы дәуірінің қалыптасуы және дамуы



бет69/82
Дата20.12.2023
өлшемі6,27 Mb.
#141352
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   82
Байланысты:
kazakstan tarih paninen oak 2022zh (1)

Практикалық сабақ 4.Қазақ хандығы дәуірінің қалыптасуы және дамуы
Сабақтың мақсаты:Қазақ хандығының құрылуының алғы шарттары, ХҮ - ХҮІІ ғасырларда оның дамуын, хандардың саяси бағыттарын, сыртқы жаудан елін, жерін қорғап, тәуелсіздігін сақтап қалған қазақ хандары туралы айта отырып, тарихи кезеңді зерделеу;
Күтілетін нәтижелер:Тарихи деректермен жұмыс жасай білу және меңгерген білімдерін шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастырып, оқиғалар мен құбылыстарды салыстырмалы талдау арқылы ой елегінен өткізуге дағдыландыру және оған өзіндік көзқарастарын білдіреді.
Түйінді сөздер:Әбілхайыр хандығы, ойраттар, Үз Темір Тайшы, Шу мен Талас аңғары, Жәнібек, Керей, Қасымхан, қазақ-жоңғар шайқасы.
Талқылауға арналған мәселелер:
1.Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақ жүздері.
2.Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының өрлеуі.
3.XVII ғ. екінші жартысындағы қазақ-жонғар қатынастарының сипаттамасы.
4.Қазақстанның XIV ғасыр – XVIII ғғ. бас кезі аралығындағы мәдениеті
Тапсырмалар:
1-тапсырмаТапсырманың «қате» немесе «дұрыс» екенін тап.
1. Сақ тайпалары тілі жағынан – түркі-оғыз тілдес, бет-келбеті жағынан аралас нәсілге жатады.
2. Үйсін, қаңлы, сармат, моңғол тайпалары да қазақ халқының арғы бабалары болып саналады.
3. Рим империясының құлауына себепкер болған ғұн тайпасы қазақ халқының қалыптасу тарихында ерекше орын алады.
4. V–ХІІ ғасырлар қазақ тарихында қыпшақ кезеңі деп аталады.
5. Түргеш, қарлұқ, оғыз, қимақ, сақ, үйсін, қыпшақ сияқты түркі тайпалары өз мемлекеттерін құрған.
6. ІХ ғасырдан бастап белгілі болған керей, найман тайпалары ХІІІ ғасырда Қазақстан жеріне қоныс аударды.
7. ХVI ғасырдың ортасында құрылған Қазақ хандығы қазақ халқының түпкілікті қалыптасуына түрткі болды.
8. Әбілқайыр хандығынан бөлініп, Еділ мен Жайыққа беттеген Керей мен Жәнібек сұлтандардың соңынан ерген халық алғаш рет «қазақ» атауын алды.
9. Ақ Орданың негізгі халқы алаш деп аталған.


2-тапсырма Берілген тұжырымдардың дұрысы мен қатесін анықта.
1. Қазақ хандығы Ақ Орданың ыдырауынан пайда болды.
2. Керей мен Жәнібек хандар Шайбан әулетінен шыққан.
3. Қазақ хандығының қалыптасу тарихы жайлы Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и-Рашиди» еңбегінде берілген.
4. 2010 жылы Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы республикалық деңгейде тойланды.


3-тапсырма Қазақ хандығының құрылуының алғышарттарын белгіле.

Ақ Орда мемлекетінің нығаюына байланысты жаңа мемлекет құруға мүмкіндіктің тууы. Әбілқайыр ханның Жәнібек пен Керей сұлтандарға жеке мемлекет құру туралы ұсынысы. Қазақтардың қоғамдық мүддесін қорғайтын біріккен, нығайған мемлекет құру қажеттігі. Aлтын Орда мен Ақ Орданың ыдырауына байланысты Ұлы далада күшті саяси дағдарыстың болуы. Сыртқы жауға бірігіп қарсылық көрсету үшін уақытша одақ құрудың қажеттігі. Қазақстан аумағын мекендеген ру-тайпалардың экономикалық, мәдени, саяси байланыстарының нығаюы


Әдебиет:
1.Қазақстан тарихы. Лекциялар курсы.Қ.С.Қаражан Алматы, 2009ж. 10 экз.
2.Султанов Т.И. Поднятые на белой кошме. Ханы казахских степей. Астана: Астана Даму, 2006 - 256 с.
3.Кляшторный С. Г., Султанов Т. И. Государства и народы Евразийских степей. Древность и средневековье. СПб.: Петербургское Востоковедение, 2004 -368 с.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет