пәндерді енгізуді қажет деп тапты. Жалпы, жәдитшілер халықты «еуропалық оқу жүйесінде»
оқытуды қалады.
XIX ғасырдың соңында бұл жоба татар медреселерінде кеңінен қолданылды және Қазақстанда
ашылған мұсылман оқу орындары да осы жоба тәртібіне бағындырылды. Жәдиттік қозғалыстың
көш-басшыларының бірі И. Гаспринский оқу орындарында діни сабақтармен қатар, жағрафия,
математика, тарих, биология сияқты пәндердің аса қажеттігін дәлелдей отырып, ескі
қадимшілдіктен жаңа жәдитшілдікке көшуді ұсынып, «Тәржіман» газеті арқылы осы жолды
насихаттады. Ол өз идеясын Ресейдегі түркі халықтарының арасында таратып, жәдит-шілдік
қозғалыстың жандануына үлес қосты.
Еділ-Орал аймағы татарлары жәдитшілдік идеялардың негізгі тара-тушылары болды. Олар мектеп
ашу, оқу құралдар мен жабдықтарды сатып алу, кедейленген шәкірттерге жәрдемақы төлеу ісіне
қажет болған қаржыны аямады. Олардың негізгі мақсаты – білім беруді дамыту еді. Көркем
шығармалар, газет-журнал беттері, шәкірт шығармалары – бұның айғағы.
Достарыңызбен бөлісу: