Қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет2/42
Дата06.01.2022
өлшемі1,85 Mb.
#14567
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
 
 
 
 
 
 
 


 

Е Ж Е Л Г I    Қ А З А Қ С Т А Н. 
 
Бiрiншi  дәріс 
Е Ж Е Л Г I    Қ А З А Қ С Т А Н. 
 
Ж о с п а р ы 
 
1. Кiрiспе. 
 
2. Қазақстан территориясындағы тас дәуірі. 
 
3. Қола дәуiрi (Андронов мәдениетi). 
 
Ә д е б и е т т е р: 
 
1.  
Қазақ ССР тарихы, 5-томдық, 1-том. - Алма-Ата., 1980. 
2.  
Қазақ ССР тарихы, 2-томдық, 1-том. - Алма-Ата., 1963. 
3.  
Қазақстан тарихы көне заманнан бүгiнге дейiн.  5 томдық. 1 том.”Атамұра”, Алматы, 
1996. 
4.  
Қазақстан тарихы көне заманнан бүгiнге дейiн. (очерк). Алматы. “Дәуiр”, 1994. 
5.  
Нығмет Мыңжан. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы “Жалын”, 1994. 
6.  
Маданов Х. Қазақ халқының арғы-бергi тарихы. КМЭБИ, Алматы, 1995. 
7.  
А. Күзембайұлы, Е. Әбiл. История Республики Казахстан. Алматы “Санат”, 1998.  
8.  
Асфендияров С., Кунте Н. Прошлое Казахстана в источниках и материалах. - 
Алматы, (1935) “Қазақстан”, 1997. 
9.  
С.Г. Кляшторный, Т.И. Султанов. Казахстан. Летопись трех тысячелетий. Алма-Ата, 
“Рауан”, 1992. 
10. 
Дербов Л.А. Введение в изучение истории.  -М., 1981. 
11. 
Козыбаев М.К., Историческая наука Казахстана на современном этапе развития. 
Алма-Ата., 1991. 
12. 
Могильницкий  Б.Г. Введение в методологию истории.  - М., 1989. 
13. 
Казахстан за годы советской власти /указатель литературы/.- А-А., 1979. 
 
1.  Әлемнiң  барлық  аймағында  адамның  шығуы  мен  дамуында,  оның  еңбек 
iздерiнде негiзгi ортақ көрiнiстер көп және олар өзара байланысты. Егерде Қазақстан 
тарихының  ашылған  немесе  ашылмаған  беттерi  көппе  деген  ойға  келсек ешқандай 
күмәнсiз, ғылым-бiлiм игермеген мәселелер үлесi басым. Тiршiлiкке аса қажетті тас 
құралдары,  оларды  дайындаудың  әдістері  мен  сырлары,  кәсіптері  мен  мекен-
жайлары  туралы  жазылған  этнографиялық,  археологиялық  жәдігерлер  әлі  зерттеліп 
болған жоқ. Мұндай мәлiмет-деректер адамзаттың даму үрдісiн кең шеңберде, қазақ 
ұлтының тарихын тар шеңберде түсінуге мүмкіндік мол. 
Аталған  тұжырым  қоршаған  айналаны  ғасырлар  бойы  зерттеу  нәтижесiнде 
қорытылған.  Қазiргi  кезде  тарих  ғылымында  адам  қоғамы  дамуының  кезеңдері 
туралы көп болжам арасында үш түрлi көзқарас басым: формациялық, өркениеттiлiк 
және  модернистiк  (  жаңаша  бағалау).  Ежелгi  адам  өз  дамуында  кезекпен  келетiн 
бiрнеше  жүз  жылдап  саналатын  кезеңдердi  басынан  өткiздi.  Олар  тас,  қола  және 
темiр  дәуiрлерi.  Ал  тас  ғасыры  палеолит,  мезолит,  неолит  кезеңдерiне  бөлiнедi. 
Палеолит кезеңі Еуразия мен Африка аймақтарында өмір сүрген ежелгі адамдардың 
кәсібі, тұрмысы, мәдениетінің ұқсастығынан нақтылы көрінеді. 
 
Ежелгi  тас  ғасыры  дәуiрi  -  адам  мен  оның  шаруашылығының  қалыптасуының 
бастапқы  кезеңi.  Палеолит  дәуiрiндегi  адамдар  қауымдастығы  табиғи  өсiмдiктердi 
жинап,  жануарларды  аулаған, олар күрделi де ұзақ даму жолынан өттi. Бұл әлеуметтiк 
құрылым  ғылымда  алғашқы  тобыр  деп  аталады  да,  ол  қоғамдық  қатынастардың 
жетiлмегендiгiмен,  сүреңсіз  өмір  тіршілігімен  бей-берекелі  жыныстық  қатынастармен 
/полигамия/  ерекшеленедi. 
 
Келесi  саты  -  мезолит  дәуiрi,  ал  одан  кейiн  неолит  пен  энеолит  көшпелi  және 
отырықшы  тұрмыс  салтындағы  аңшылар  мен  балық  аулаушылар  мәдениетiнiң 
қалыптасу және даму заманы болып сипатталады. Тас дәуiрі бiзден қаншалықты қашық 
болғанымен,  бiз  алғашқы  қауым  аңшылары  мен  термешілердің  ежелгi  мәдениетi  бір-
бірімен өзара байланыста болып, бір-бірінің  өміріне  әсер етті. 
 


 

 
2. Ғылымдағы тұжырымдар бойынша 3,5 млн. жыл бұрын әлемдегi табиғаттың 
күрт өзгеруі мұздың еруі, топан судың қаптауы құрғақшылық табиғаттың күрделенуiне 
әкелiп  соқтырды.  Бұл  құбылыстар  адамзатты,  тiрi  жануарларды  табиғат  өзгерісіне 
бейімделуге мәжбүр еттi. Табиғатта болып жатқан жағдайларға тез арада маймылдар / 
дриопитектер/  үйлесіп  кеткен,  ал  жабайы  адамдар  уақыт  өткен  сайын  екi  аяқпен 
қозғалу, күнделiктi өмiрiне қажеттi iстер атқару, түрлi еңбек құралдарын дайындау, қол 
күшiнен көрi ойлау қабілетін жетiлдiруді бiрте-бiрте жеделдеткен. Эволюция тарихында 
жануарлардың тағдырына қарағанда жабайы адамдарда кол күшiнен көрi ойлау қабiлетi, 
басым  бола  бастайды.  Бұндай  жабайыларды  ғылым  екi  түрге  бөледi:  австралопитек 
және адам. Адамдарды жабайылардан бөлген ғалымдардың дәлелдері бойынша оның 3 
пайыздық саналылығы болған, ол дамып отырған. 
 
Австралопитек  (  үш-төрт  түрлi  оңтүстiк  маймылы)  бұдан  төрт  миллион  жыл 
бұрын  Африкада  дүниеге  келген.  Бұдан  екi  миллион  жыл  бұрын  шамасында  жабайы 
адамнан  қәзіргі  заманғы  адамның  алғашкы  қалпы  -  Хомо  (адам)  пайда болады. Одан 
кейiн шамамен 2-1,5 млн. жылдар шамасында Хомо-Хомо хабилис, яғни қабiлеттi адам 
қалыптасады.  ¤зiнен  бүрынғы  жабайы  ежелгі  адамнан  гөрi  ол  ширақталған  ой  және 
сөйлеу  қабiлетiмен  ерекшеленедi.  Адамның  бұл  түрi  еңбек  құралын,  қорғаныс 
құрылыстарын салуды игередi, құс аулау тәсiлiне машықтанады. 
 
Адам  дамуының  бұл  түрінің  өмір  сүрген  кезеңі  б.з.б.  келесi  1,6 млн.- 200 мың 
жылдықтарды  қамтиды.  Олар  тiк  жүре бастаған. Тарих ғылымында хомо эректус деп 
аталған.  Ғылыми  болжамдар  бойынша  олар  Африкада  пайда  болып,  кейiн  топ-топ 
болып  Еуропа,  Шығыс  Азия  (синантроп),  Оңтүстiк-Шығыс  Азия  (явантроп)  өңiрiне 
тараған.  Адамның  бұл  түрi  архантроп  немесе ежелгi адамдар тобын құрады, олардың 
еңбек және қорғаныс құралдары тастан, сүйектен, ағаштан, жасалған. Адам тарихында 
тас дәуiрi ең ұзақ кезең - бiздiң заманымызға дейiн 2,6 млн.- 5 мың жылға созылған ең 
ұзақ  дәуір. Палеолиттiң өзi екi кезеңге бөлiнедi: төменгi ( 2 млн.  - 40 мың. жыл бұрын) 
және жоғарғы (40-12 мың жыл бұрын). Тас дәуiрiнiң соңғы кезеңiнде адам өмiрiне мыс 
құралдары келедi, ол заманға ғылымда энеолит атауы берiлген.       
 
Ғылымда  ұзақ  уақыт  тас  дәуiрiнде  бiздiң  өңiрде адамдар өмір сүрмеген. Бірақ 
соңғы  кездегi  археологиялық  iзденiстер  Оңтүстiк  Қазақстандағы  Тәңiрқазған, 
Бөрiқазған,  Ақкөлде  ежелгi  адамдардың  тұрғын  орындарының  табылуы  бұл  пiкiрдi 
өзгерттi.  Бүгiнгi таңда Қазақстанда палеолит мәдени ескерткiштерiнiң екi өңiрi белгiлi  - 
Оңтүстiк Қазақстан және Сары-Арқа. 
 
Осыдан  шамамен  300  мың  жыл  бұрын  хомо  эректус  кәдiмгi  адам  қалпына 
жақындады  деп  есептейдi.  Зерттеушілер  шамамен  бұдан  200  мың  жыл  бұрын  хомо 
эректустан кәзіргі адамдарға типтес  хомо сапиенс пайда болады. Оларды палеантроп  - 
неандерталенсис  деп  атаған.  Бүгiнгi  адамдарға  типтес  хомо сапиенс Еуразия өңiрiнде 
осыдан  40  мың  жыл  бұрын  пайда  болады.  Жалпы,  әлемдік  ғылымда  казiргi  адамның 
қалыптасуы  болжамдары  бойынша  Африкада  қалыптасып,  кейiн  әлем  аймақтарына 
түрлi жолдармен тараған деп есептейдi.   
 
Бұл  құбылысқа  қоршаған  айнала,  қоныс  аудару  және  адамдардың  басқа 
топтармен  араласып  өмiр  сүруi  де  біршама  әсер  еткен.  Неандертальдықтар  өздерiнiң 
дамуында  салыстырмалы  түрде  айтарлықтай  жоғары сатыларға көтерiлдi. Олар отты, 
киiм  тiгудi,  аң  өнімдерін  өңдеу  өнерін  игердi.  Әсiресе  палеолиттiң  соңғы  (жоғарғы) 
кезеңiнде  адамдардың  қол  өнерi  жетiле  түседi.  Ендi  адам  пышақ,  ара,  тескiш,  балға, 
кескiш,  балық  аулайтын  т.б.  тiршiлiкке  қажет  құрал-саймандарды  жасауды  үйренедi. 
Осы  кезде  адамдар  Қазақстан  өңiрiн  түгелдей  мекендейдi,  елiмiздiң  Шығысы  және 
Оңтүстiк  Сiбiр  мен  Алтайда  ежелгi  қоғам  мәдениетiнiң  тағы  бір  орталықтары  пайда 
болады.  Қазақстанда  бұрын  ашылған  ежелгi  адамдар  ескерткiштерiне  қоса  тағы  да 
Орталықта  -  Қарабас-3,  Батпақ-7,  Ангренсор-2  және  Шығыста  -  Новоникольское; 
Оңтүстiкте - Ащысай,Усықтас, Соркөл сияқты жаңа тарихи орындар ашылды. 
 
Тас ғасырының орта және жаңа кезеңдерi ғылымда мезолит  ( б. з. д. 12 мың жыл 
), неолит (б.з.д. 5 - 3 мың жыл ) деп аталады. Аталған әр кезеңнiң өзiне тән эволюциялық 
ерекшелiгi  бар.  Мезолит  тұсында  адам  садақ  пен  жебе  және  тасты  өңдеу 
технологиясын  ашты. Неолит кезеңiнде тас өңдеу индустриясымен қатар адамдар  мал 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет