Қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет38/42
Дата06.01.2022
өлшемі1,85 Mb.
#14567
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
 
1.  70-шi  жылдардың  бас  кезi  жаңашыл үрдiстердiң едәуiр әлсiреуiмен, қоғамдық 
құрылыс  принциптерi  мен  түрлерiнiң  тоқырауға  ұшырауымен  ерекшелендi.  Саяси өмiр 
принциптерiне  түзетулер  енгiзген  мұндай  бетбұрыстың  пайда  болуы, ең алдымен 1968 
жылдың тамыз айында бес ел әскерлерiнiң Чехословакия жерiне енгiзiлуiне байланысты 
болатын.  ¤йткенi  дәл  осы  елде  саяси  құрылымды  жаңартуға,  нарықтық  қатынастар 
жолымен  экономикалық  реформалар  жүргiзуге  бағытталған  барынша  ауқымды, 
түбегейлi ұмтылыстар көрiне бастады. Яғни, онда социализмнiң “сталиндiк”, “кеңестiк” 
нұсқасын  жою  және  демократиялық  қоғам  орнату  туралы  мәселелер  көтерiлдi.  А. 
Дубчек  бастаған  коммунистiк  партияның  бұл  бағытына  халықтың  көпшiлiк  бөлiгi 
қолдау көрсеттi. 
Алайда КСРО басшылығымен бұл ұмтылыс 1968 жылы “Прага көктемiне” қарсы 
төндiрiлген  “  интернационалдық  акцияның”  салдарынан  iске  аспай  қалды.  Осының 
нәтижесiнде  60-шы  жылдар  ортасындағы  бетбұрыс  төрешiл  кертартпа  күштердiң 
құрсауында  қалды.  Бұл  оқиғаның  iзi  суымастан  “ревизионизмге”  қарсы  басталған 
идеологиялық науқан ЧКП дамуындағы дағдарысты жоюға, бiрқатар басқа коммунистiк 
партиялардағы  оппортунистiк  күштерге  теориялық  соққы  беруге,  партия,  оның 
социалистiк  қоғамдағы  жетекшi  рөлi  туралы  “маркстiк-лениндiк”  тұжырымдаманы 
қайта қалпына келтiруге жәрдемдесуге тиiс болды. 
Алайда  тарих  тәжiрибесi  коммунистiк  құрылыстың  КОКП  Бағдарламасында 
белгiленген мiндеттерi өзiне сай саяси және практикалық шешiмдер таба алмағандығын 
көрсеттi. Ал мұның өзi көптеген сауалдың жауабын кемелденген социализм тұжырым-
дамасынан  iздеу  қажеттiлiгiн  алдын-ала  аңғартты.  Cоциализмдi  бiрте-бiрте  жетiлдiру 
идеясы саяси бағыттың өзегiне айналды. 
Билеушi  партияның  басшылығы  Қазан  (1917  ж.)  оқиғаларының  50  жылдығына 
байланысты  мәжілісте  жасаған  баяндамасында,  Кеңес  халқы  жүрiп  өткен  тарихи 
жолдың  басты  қорытындысы  кемелденген  социализмнiң  орнатылуына  әкеледi  деген 
тұжырым  жасаған  болатын.  Бұл  “тұжырымдаманың”  өзiнен  бұрынғы  теориялық 
тұжырымдардан  айырмашылығы,  социализмнiң  қоғам  дамуының  едәуiр  ұзаққа 
созылатын  кезеңi  екендiгiн  мойындауынан  көрiнiс  тапты.  Ол  тұрғыдан  алғанда 
“коммунизмге  қарай  алып  адыммен  секiру”  идеясынан бас тарту жағдайына байыпты 
баға  беру  көрiнiсi  болғандығы  шүбәсiз. Бiрақ бұл тұжырымдама “ 30-40-шы жылдары 
мерейi  үстем  болған,  өтпелi  кезеңнiң  бүкiл  проблемалары  шешiлiп  бiттi,  социалистiк 
мұраттар  негiзiнен  жүзеге  асты  және  осының  бәрi  дәлелденген”  деп  санайтын 
әлеуметтiк-экономикалық даму пайымына арқа сүйедi. 
Осының  салдарынан  социализмдi  жетiлдiру  жолдарын  iздестiру  iсi  (егер  мұндай 
iздестiру  жүргiзiлсе)  ескiрген  түсiнiктер  аясында  ғана  қанат  жаюға  мүмкiндiк  алды. 
Cоциализмнiң  iркiлiссiз  және  қайшылықсыз  үдере  өркендеуi  теориясы  экономикалық 
және  әлеуметтiк  жетiстiктердi  ерекше  ұлғайтып  көрсетуге,  шындықты  боямалап 
жеткiзуге  итермеледi.  Қоғам  өзегiне  енген  қайшылықтардың,  тоқыраушылықтың, 
төрешiлдiктiң  асқыну  себептерiн  жабулы  күйiнде  қалдыра  бердi.  Қоғамның  даму 
құбылысы өткен кезеңдегi жетiстiктермен салыстыра қарастырылғандықтан, сөздер мен 
ұғымдар  бiрте-бiрте  шындыққа  мүлде  жанаспайтын  мазмұнға  ие  болды,  теория  да 
шынайы мән-мағынасынан айырыла бастады. 
Қиялдағыны  қолдағыдай  етiп  көрсетуге  тырысушылықтың  барынша асқындаған 
көрiнiсi,  КСРО-ның  1977  жылғы  Конституциясында  орын  алды.  КОКП  Орталық 
Комитетiнiң мамыр (1977 ж.) пленумы мақұлдаған Конституция жобасы бүкiлхалықтық 
талқылауға  ұсынылды.  Талқылау  барысында  не  бәрi  400  мыңға  жуық  ұсыныс  келiп 


 
176 
түстi.  1977  жылғы  қазанның  7-сi  күнi  тоғызыншы  сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесiнiң 
кезектен  тыс  жетiншi  сессиясы  Негiзгi  Заңның  мәтінiн  қабылдады.  Бұл  күн 
Конституциясы күнi болып жарияланды. 
1978  жылғы  наурыздың  17-сi  Қазақ  КСР  Жоғарғы  Кеңесiнiң  Төралқасы 
республика Конституциясының жобасын бас-аяғы бiр-ақ айға созылған “бүкiлхалықтық 
талқылауға”  ұсынды.  Оның  iргетасын  Кеңес  мемлекетiнiң  Негiзгi  Заңы  құрады. 
Сыншыл  рухтағы  ресми  қоғамдық  пiкiрге  кереғар  келетiн  материалдар,  әлбетте, 
ескерусiз  қалды.  1978  жылдың  наурыз  айының  18-20  жұлдыздарында  Қазақстан 
билеушi  партиясының  ОК-i  мақұлдағаннан  кейiн,  Қазақ  КСР  Жоғарғы  Кеңесiнiң 
кезектен тыс жетiншi сессиясы Жаңа Конституциянын қабылдады. 
Демократияны шектеу, еңбек адамын меншiк пен билiкке жақындатпау, адамның 
құқын  аяқасты  ету  т.б.сияқты  кеңес  қоғамының  саяси  жүйесiне  тән  белгiлер,  мiне, 
осындай.  Жаттандық  пен  қасаңдыққа  бой  ұру  демократиялық  институттардың қатып-
семуiне  және  формалдi  сипат  алуына  әкеп  соқты.  Қалыптасқан  жағдай  Кеңестердiң 
демократиялық  iшкi  мүмкiндiктерiнiң  тынысын  тарылтып,  адымын  ашқызбауға 
айналды.  1970-1980  жылдары  жетекшi  органдар  тарапынан  Кеңестер  жұмысын 
жақсарту  жөнiнде  ондаған  құжаттар  қабылданғанымен, оң өзгерiстер болған жоқ және 
болуы  да  мүмкiн  емес  едi.  “Мемлекеттендiру”  процесi  кәсiподақтарды,  комсомолды 
және қоғамдық ұйымдарды да қамтыды. Қоғамдық ұйымдардың партиялық-мемлекеттiк 
аппаратпен тұтасуы, олардың дербес негiздерiн жоққа шығаруға әкеп тiредi. 
Бұл  кезеңге  тән  болған  сөз  бен  iс,  қабылданған  шешiмдер  мен  олардың 
орындалуы  арасындағы  алшақтық  кеңес  адамдарының  бойында  самарқаулық  пен 
немқұрайды лық туғызды. 50-60-шы жылдардағы реформалардың сәтсiздiкке ұшырауы, 
ауыз  толтырып  айтарлықтай  нәтижелердiң  болмауы,  жарияланған  мақсаттар  мен 
ниеттерге  сенiмсiздiкпен  қарау  рухын  дүниеге  әкелдi.  Оның  үстiне  халықтың  едәуiр 
бөлiгi  әрекетсiздiк  пен  маскүнемдiкке  бой  алдырып,  рухани  жарымжандыққа 
ұшыраудың аз-ақ алдында тұрды.  
Келеңсiз  құбылыстар  ұлтаралық  қатынастар  саласында  да  орын  алды.  Осы 
жылдары  республика  бойынша  мектептерде  ана  тiлiнде  оқытуды  жақсарту  жөнiнде 
бiрде-бiр құжат қабылданбады, оның есесiне мұндай құжаттар орыс тiлiн оқыту сапасын 
арттыруға  байланысты  молынан  қабылданып  жатты.  Орыс  тiлiнiң  жағдайын  ұдайы 
жақсартуға  бағытталған  “қысымшыл”  саяси  бағдар  “ұлт  мәселесiнiң  толық  және 
түпкiлiктi  шешiлуiмен”,  “халықтардың  мызғымас  достығымен”,  “ұлттар  мен 
ұлыстардың жақындасуы және бiрiгуiмен” бүркемелендi. 
1975  жылы  Алматыда  Олжас  Сүлейменовтың  “АЗиЯ”  (“Iзгi  ниеттi  оқырманның 
кiтабы”) атты еңбегi жарық көрдi. Бұл кiтапта О.Сүлейменов көне орыс әдебиетiнiң ұлы 
ескерткiшi  болып  табылатын  “Игорь  жасағы  туралы  жыр”  (XII  ғ.)  “славяндық  және 
түркiлiк  этникалық  әлем  шекарасында  дүниеге  келген  және  шығармада  екi  көршi 
мәдениеттiң шындықтары айқын көрiнiс тапқан” деген түйiн жасайды. Шындығында да, 
“Игорь  жасағы  туралы  жырда”  түркi  төркiндес  сөздер  аса  мол  болды.  Мұның  өзi 
кездейсоқ  жәйт  емес  едi.  Бiрақ  ұлыдержавалық  шовинизм  айқындамаларын 
айырылмастай нық ұстаған идеологтар үшiн О. Сүлейменовтың тұжырымдары ғылыми 
түйіндер  мен  ұлттық  саясатқа  қайшы  деп  бағаланды.  “АЗиЯ”  кiтабы  тауар 
айналымынан,  кiтапханалардан алынып,  оның  жаңа басылымдарына тыйым салынды. 
Кезiнде  Едiл  бойындағы немiс автономиясы таратылғаннан кейiн оның мыңдаған 
тұрғындары  Қазақстан  жерiне  күштеп  көшiрiлген  едi.  КОКП  ОК-нiң  1979  жылдың 
көктемiнде олар үшiн Қазақстан аумағында немiс автономиялық облысын құру туралы 
шешiмi  қазақ  халқының  мүдделерiн  тұтастай  аяққа  басудың  көрiнiсi  болып  табылды. 
Республикамыздың  көрнектi  қайраткерi,  сол  кездегi  билеушi  партияның  бiрiншi 
хатшысы Д.А.Қонаевтың куәлiк етуiне қарағанда, мұндай ұсыныс КСРО МХК төрағасы 
Ю.Андропов  тарапынан  жасалған  екен.  Ал  мәселенiң  өзi  қойылған  кезде  Қазақстан 
басшылығы үнсiз қалады.  
Тiптi  Қазақстан  аумағында  бұл  автономияны  құру  үшiн  Қазақстан  ОК-нiң 
хатшысы  А.Коркин  басшылығымен  ұйымдастыру  комитетi  бекiтiлiп,  оның  астанасын 
Ақмола  облысының  Ерейментау  қаласы  болуға  тиiс  деген  ұйғарым  жасалады. 
Автономия  құрамына  сондай-ақ  Ақмола,  Павлодар,  Қарағанды,  Көкшетау 
облыстарының  бiрнеше  аудандары  енгiзiлуге  тиiс  болды.  Немiс  автономиясының 


 
177 
құрылуы  туралы  хабар  Қазақстан  жерiне,  әсiресе  оның  солтүстiк  бөлiгiне  лезде тарап 
кеттi. 
1979  жылғы  маусымның  16-сы  күнi  таңертең  қазақ  жастарының  топтары 
Ақмолының (Целиноград, Астана) орталық алаңына көптеп жинала бастады. Жастардың 
қолдарында “Қазақстан бөлiнбейдi!”, “Немiс автономиясына жол жоқ!” деген жазуы бар 
плакаттар  болды.  Көп  ұзамай  қала  орталығы  лық  толды.  Осы  оқиғаны  көзiмен 
көргендердiң  айтуына  қарағанда,  шеруде  сөйлеушiлердiң  сөзi  дәйектi  де  байсалды 
болған.  Олар  Қазақстанның  көп  ұлтты  Кеңес  Одағының  құрамдас  бөлiгi  екендiгiн 
айтқан.  Бұл  жерде  ондаған  жылдар  бойына  қазақтар,  орыстар,  украиндар,  немiстер, 
татарлар  және  көптеген  басқа  халықтардың  өкiлдерi  қоян-қолтық  бiрлесiп  еңбек  еттi. 
Ендi  келiп  осындай  республикада    оның  халқымен  ақылдаспастан,  ойда  жоқта  немiс 
автономиясы  құрылмақшы.  Шеруге  қатысушы  бiр  студент  :”Бiз  Кремлдiң  мұндай 
шешiмiн айыптаймыз”,- дедi. Облыс басшыларының шерудi тез арада таратып жiберуге 
тырысқан  әрекетi  iске  аспады.  Шеруге  қатысушылар  шеп  түзеп,  қала  көшелерiмен 
ұрандатып өттi. 
Келесi  шеру  маусымның  19-ы  күнi  болды.  Шеруге  қатысушылардың  алдына 
облатком  төрағасы  Жұмахметов  пен  облыстық  партия  комитетiнiң  бiрiншi  хатшысы 
Морозов  шықты.  Олар  Ақмола  облысында  ешқандай  автономия  құрылмайтындығына 
жұрттың  көзiн  жеткiзе  бiлдi.  Дегенмен  жұрт  дүрлiгiп  қалған  едi.  Толқулар  басқа  елдi 
мекендер  мен  облыстарға  қанат  жайды.  Алайда  бiраз  уақыттан  соң  толқу  саябырси 
бастады. Сөйтіп, өктемдік шешім орындалмай қалды. 
Бiрақ  республика  билеушiлерi  мен  МХК  бұл  шерулер  туралы  ақпараттар 
таралмауы үшiн қолдан келгеннiң бәрiн iстедi. Баспасөз де бұл оқиғалар туралы жұмған 
аузын ашқан жоқ. Алайда Ақмолада 1979 жылы болып өткен толқулар туралы қауесет 
республикада ұзақ уақыт бойы тыншымады. 
Қоғамдық  өмiр  дамуындағы  демократиялық  және  төрешiл  бетбағыттар  күресi 
әсерiнен  туындаған  саяси  жүйенiң  қайшылықты,  күрделi  сипаты  сыртқы  саясатта  да 
айқын  көрінді.  70-шi  жылдардың  бас  кезiне  әлемдегi  саяси  ахуалдың  жұмсаруы, 
халықаралық  шиеленiстiң  бәсеңдеуi  тән  болды.  1973  жылы  Въетнамдағы  соғыс 
аяқталды.  Хельсинкиде  жалпыеуропалық  кеңестiң  шақырылуы  барлық  бейбiтшiлiк 
сүйгiш  күштердiң  қомақты  табысына  айналды.  Еуропалық  33  мемлекеттiң,  АҚШ  пен 
Канаданың басшылары қол қойған қорытынды актiде мемлекетаралық қатынастар жаңа 
айқындамалар тұрғысынан реттелiп, мемлекеттердiң адам құқын қорғау жөнiндегi күш-
жiгерi  бiрiктiрiлдi. 
¤згерiстер  жағдайында  Қазақстан  өзiнiң  халықаралық  байланыстарын  нығайтуға 
мүмкiндiк  алды.  ¤зге  елдермен  мәдени  және  экономикалық  қатынастар  нығая  түстi. 
Алдыңғы  бесжылдықтарда  Қазақстан  кәсiпорындары  өндiретiн  тауарларды  сыртқа 
шығару ұлғайды. Алайда Қазақстанның шет елдер рыногына шығаратын өнiмдер тiзiмi 
технологиялық  жаңалықтардан  емес,  негiзiнен  шикiзаттық  қор  көздерiнiң  өнiмдерiнен, 
мәселен,  түстi  металдардан,  хром  кенi  мен  темiр  балқытпаларынан,  жұқа  болат 
тақталарынан,  мұнайдан  т.б.  тұратын  едi.  Ал  металл  өңдейтiн  станоктарды,  жол 
құрылысы  техникалық  жабдықтарын,  қатынас  техникасын,  жиhазды,  киiмдi,  тағам 
өнiмдерiн,  электр  тауарларын  т.б.  Кеңес  республикаларынан  және  шет  елдерден 
тасымалдайтын едi. 
Қазақстанның шетелдермен мәдениет саласындағы байланысы қарқынды дамыды. 
Республикадан  жүздеген  мамандар  әлемнiң  көптеген  елдерiнде  -  Иракта,  Египетте, 
Үндiстанда, Моңғол Халық Республикасында, Финляндияда, Ауғанстанда жұмыс iстедi. 
Қазақ  КСР  Ғылым  Академиясы  шетелдiк  әрiптестерiмен  31  проблема  мен  жеке 
тақырыптар  бойынша  зерттеуге  қатынасты.  Химия  ғылымдары  институтының 
қызметкерлерi  өздерiнiң  чехословакиялық  және  болгарлық  әрiптестерiмен  берiк 
қатынастар  орнатты.  АҚШ,  Франция,  Италия  ғалымдарымен  байланыс  жүзеге 
асырылды.  
Қазақстанда  Кеңес-Сирия достығының күндерi, Францияның КСРО-дағы күндерi 
өткiзiлдi.  Елiмiздiң  Құрманғазы  атындағы  Мемлекеттiк  ұлт  аспаптары  оркестрiнiң 
әртiстерi, КСРО халық әртiстерi Е. Серкебаев пен Б.Төлегеновалар Францияның музыка 
сүйер  қауымын  өздерiнiң  қайталанбас тамаша әуез өнерiмен тәнтi еттi. Қазақ операсы 


 
178 
мен  балетiнiң,  көркемсурет  пен  графикасының,  қолданбалы  өнерiнiң  шеберлерi Еуропа, 
Азия, Африка,  Америка елдерiнде өнер көрсеттi. 
Алайда сыртқы саясат саласындағы қарыспа шешiмдер, бiлiктiлiк жағынан төмен 
және  шала  ойластырылған  идеология,  мемлекетаралық  қатынастарды  қалыптастыру 
жолында көптеген тастүйiн кедергiлердiң бой көрсетуiне себепшi болды. 
Екi  әлеуметтiк-саяси  жүйе  арасындағы  текетiрестiктiң  өрши  түсуiне  шынайы 
дүниенi айқын тануға бөгетi мол “дұшпан бейнесi” дейтiн түсiнiк май тамызды. “Саяси 
күрестiң  күшеюi”  туралы  жолнұсқа  (тезис)  орнына  “  идеологиялық  күрестiң  күшеюi” 
дейтiн  екiншi  бiр  жолнұсқа  келдi.  Осының  салдарынан  екi жақ та әскери күшiн еселей 
өсiрiп,  қарулануға  жұмсалатын  қаржы  көлемiн  үстi-үстiне  ұлғайта  түстi.  Әскери 
шығындардың  негiзгi  ауыр  салмағы  екi  iрi  держава  -  АҚШ  пен  КСРО-ға  түстi.  Бұл 
шығындар  ең  алдымен осы екi мемлекеттiң азаматтарының мойнына жүк болды. Ұлы 
мемлекеттердің  тәкаппарлығы  жанталаса  қарулануды  күшейтуге,  ядролық  мүлiк 
қоймасын жаңарту және жасақтауға сүйредi. 
Қазақ  халқының  аса  көрнектi  даналарының  елiнде,  яғни  Семей,  Павлодар, 
Қарағанды  облыстарының  түйiскен  тұсында  орналасқан  Семей  ядролық  полигоны 
Қазақстан  жерiн  молынан  қамтыды.  Ядролық  қару  мұнда  алғаш  рет  1949  жылғы 
тамыздың  29-шы  жұлдызында  сыналды.  Ғылыми  тұжырымдар  бойынша,  әрбiр 
эксперименттiк  қондырғы  мен  оны  жер  астында  сынақтан  өткiзу  ұзақ  жылдар  бойы 
құпия  болып,  кейiннен  жергiлiктi  халықтың  денсаулығына  бәлендей  зияны  жоқ  деп 
мәлiмдесе де полигон айналадағы табиғатқа,адамдардың болашағына аса қатерлi қауiп 
туғызды. 
Дәрiгерлерге  рактан,  лейкоздан  және  иондаушы  радиацияға  байланысты 
туындаған басқа да аурулардан қайтыс болғандарға дәл себебiн айтуға тыйым салынған. 
КСРО  Денсаулық  сақтау  Министрлiгi  бұл  аймақта  медициналық зерттеулер жүргiзуге 
де  тыйым  салды,  ал  әскери  дәрiгерлер  жүргiзiлген  тексерiстердiң  нәтижесi  аса  құпия 
сақталып, ядролық полигон  әрекетi салдарынан келген зардап көлемi  туралы мәлiметтер 
жасырын ұсталды. 
Адамдарға деген осыншалық безбүйрек көзқарас салдарынан полигон маңайында 
тұратын  халықтың  әр  түрлi  ауруларға  шалдығуы  жиiлей  бастады.  Сәуле  ауруының 
нышандары,  мәселен  Семей  облысында  Абай  ауданының,  Қарағанды  облысындағы 
Егiндiбұлақ  ауданының  тұрғындарының  бойынан  көптеп  кездестi.  Бiрақ  полигонның 
халықтың  денсаулығына  төндiрiп  отырған  қатерi  туралы  оқта-текте үн көтергендердiң 
дабылы  естiлусiз  де  ескерусiз  қалып  жатты.  “Империалистiк  қатерден”  үрейленген 
мемлекет  қарулануды  жалғастыра  бердi.  70-80  жылдары  Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау 
облыстарында  халықтан  жасырын  түрде  кен  жыныстары  мен  далада,  полигондарда 
әртүрлi  көлемдегi  және  күштегi  ядролық  сынақтар,қару-жарақтарды  апробациялық-
зерттеу жұмыстары жалғаса бердi.  
Саяси және идеологиялық жағдайдың ушығуына социалистiк достастық елдерiнiң 
iшiндегi  күрделi  қарым-  қатынастар  да  әсер  еттi.  Қытай  Халық Республикасы өзiнiң “ 
қытайлық ерекшелiк” жолын iздестiре бастады. Оның үстiне ҚХР-ның Кеңес Одағымен 
қарым-қатынасы  60-шы  жылдардың  ортасынан  бастап  салқын  тартқан  едi.  Екi  ел 
арасындағы  экономикалық,  саяси  өзара  байланыстар  айтарлықтай  шектелдi.  1964  ж. 
әскери  қарама-қарсылық  күшейе  түстi.  Екi  мемлекеттiң  шекарасына  1967  жылы  сан 
жағынан  400  мың  шамасында  әскерлер  шоғырланды.  1969  жылғы  маусымның  13-i 
жұлдызында Даман аралында екi ел арасында әскери қақтығыс болып, оның барысында 
екi  жақтан  да  көп  адам  қаза  тапты.  Осы  жылдың  13  тамызында  Семей  облысының 
Жалаңашкөл  бойындағы  iрi  әскери  қақтығыста  адамдар  тағы  да  шығынға  ұшырады. 
Кеңес  басшылығы  Қытай  ядролық  объектiлерiне  алдын-ала  ескерту  соққыларын беру 
жоспарын  жасай  бастаған  кезде  екi  ел  арасында  ядролық  соғыс  қаупi  шынайы  сипат 
алды.  Бұл  қатер  КСРО  мен  Қытай  басшыларын  келiссөз  жасауға  мәжбүр  еттi.  Осы 
жылғы қыркүйектiң 11-де Пекин әуежайында А.Н. Косыгин мен Чжоу Эньлай арасында 
болған  кездесу  ядролық  жанжалды  болдырмауда  шешушi  рөл  атқарды.  Соғыс  қаупi 
тоқтатылғанмен, бұдан былай КСРО мен ҚХР арасындағы қарым-қатынаста салқындық 
сақталып қалды. Екi ел ұзақ уақыт бойына бiр-бiрiне қырғи қабақ қарап келдi. 
Югославия  болса  бiртiндеп  шаруашылықтың  жоспарлы,  бiр  орталыққа  бағынған 
түрiнен бас тарта бастады. Алайда Югославия басшылығының мұндай әрекеттерi КСРО 


 
179 
тарапынан қолдау тапқан жоқ. Албания оқшаулану саясатын жүргiздi. Ал Румынияда Н. 
Чаушеску әулетінің өктемдiк саясаты нығая бастады. ГДР-ның, ПХР-ның, Болгарияның 
iшкi  тұрмысында  да  күрделi  мәселелер  аз  ұшырасқан  жоқ.  Дегенмен,  “социалистiк” 
бағыт ұстанған елдердiң көпшiлiгi  Варшава Шарты елдерiнiң одағына бiрiктi. 
70-шы  жылдардың  соңы  мен  80-шi жылдардың басында сыртқы саясатта Кеңес 
халқына  қымбатқа  түскен  жаңсақ  әрекеттерге  жол  берiлдi.  Әскери  күш-қуатты 
арттыруға  жұмсалатын  қаражат  көлемi  ұлғая  түсiп,  қарсы  жақтың  “  әрбiр  танкiсiне 
танкпен”,  “әрбiр  ракетасына  ракетамен”  қолма-қол  жауап  берiлдi.  Көптеген 
көрсеткiштер бойынша КСРО Қарулы Күштерi АҚШ армиясынан басым түсiп жатты.  
Ауғанстанның  сол  кездегi  басшылары  үстi-үстiне  өтiнiш  жолдап  тұрғанымен, 
Кеңес  әскерiнiң  1979  жылдың  27 желтоқсанында бұл елге енгiзiлуi қисынсыз әрi  Кеңес 
халқының мүдделерiне кереғар шешiм болды. Бұл шешiм Л.И.Брежнев бастаған Кеңес 
басшылығының  тар  аясында  ғана  қабылданды.  Қазақстан  мен  Орта  Азия 
республикаларының басшылары да Ауғанстанға әскер енгiзiлгендiгi жөнiнде бұқаралық 
ақпарат  құралдары арқылы ғана естiп бiлдi. Бiрақ кеңес адамдарының басым көпшiлiгi 
Ауғанстанға  әскер  енгiзудiң  шұғыл  қажеттiлiгiне  сенiп  қалды.  Кейбiр  жеке  адамдар 
болмаса,  үкiмет  орындарының  шешiмiне  ешкiм  ашық  наразылық,  не  келiспеушiлiк 
бiлдiрген жоқ. Нәтижесінде Ауғанстан жерiнде кеңес әскерлерi де, жергiлiктi тұрғындар 
да елеулi шығындарға ұшырады.  
Бұл  апатты  желөкпелiкке  қарсы  батыл  үн  көрегендердiң  бiрi  академик 
А.Д.Сахаров  едi.  Ол  өзiнiң  КСРО  Жоғарғы  Кеңесi  төралқасының  төрағасы 
Л.И.Брежневке  жолдаған  ашық  хаты  мен  үндеулерiнде  Ауғанстанға  кеңес  әскерлерiн 
енгiзудiң  қателiгi  туралы  айтып,  оларды  алып  кетудi  және  бұл  проблеманы  БҰҰ-да 
шешудi талап еттi. Оның үстiне А.Д.Сахаров кеңес басшылығынан әскери және ядролық 
тұжырымдамалардың түбегейлi түрде қайта қаралуын талап еттi. Бұған жауап ретiнде 
Кеңес басшылығы оны Мәскеуден Төменгi Новгород (Горький) қаласына жер аударды.  
Кеңес  билеушiлерiнiң  Ауғанстанға  әскер  енгiзу  туралы  шешiмi  КСРО-ның 
халықаралық беделiне едәуiр нұқсан келтiрдi. Кеңестiк сыртқы саясаттың тағы бiр аса 
iрi  және  қымбатқа  түскен  жаңсақтығы  орта  қашықтықта  әрекет  ететiн  ракеталарды 
Еуропаға  орналастыруы  болды.  Бұл елдегi жағдайды күрт тұрақсыздандырып, КСРО-
ның сыртқы саясатына сенiмсiздiк ахуалын туғызды. 
70-шы  жылдардың  соңы  мен  80-шi  жылдардың бас кезiнде Кеңес Одағында қос 
қабат қайшылықты жағдай қалыптасты: оның бұрын-соңды еш уақытта дәл осындай аса 
қуатты  қорғаныс  қабiлетi  болып  көрмеген  едi,  бiрақ  нақ  осыған  байланысты  соғыс 
қатерi, ядролық шабуылға ұшырау қаупi бұрынғыдан да ұлғая түстi.  
Бұл  кезеңде  әлемдiк  социализмнiң  даму  қарқынының  бәсеңдеуi  байқалды. 
Әлеуметтiк-экономикалық  және  саяси  салаларда  қолайсыз  бағыттар  пайда  болып, 
тереңдей  түстi.  Шығыс  Еуропа  елдерiнде  орныққан  тоталитарлық  құрылыстар  саяси 
басшылық  пен  мемлекеттiк  басқару  арналарын  бiр  уысқа  шоғырландыра  келiп,  бiрте-
бiрте  өзiн  халық  бұқарасына  қарсы  қойды.  Бұған,  мәселен,  Польшада  болып  өткен 
оқиғалар айғақ бола алады. Мұнда 1956-1980 жж. төрт рет дау-жанжал туындады. Бұл 
төңтерiстiк  әкiмшiл-әмiршiл  жүйенiң  теориясы  мен  идеологиясының  дағдарысқа 
ұшырағандығының  белгiсi  едi.  Алайда  мұндай  “дабылдардың”  бiрде-бiрiне  саяси 
тұрғыдан  лайықты  жауап  берiлмеді.  Саяси-  экономикалық  құрылымды  жаңартуға 
бағытталған  ұмтылыстар  оппортунизм,  ревизионизм,  яки  “капитализмге  қайта  оралу” 
деп бағаланды. 
Мұнда  ел  басқару  жүйесiн  сақтап  қалудың  барлық  әдістері,  тiптi әскери жағдай 
енгiзу  де  түгел  қолданылды.  Қасарыспа  қасаңдық  пен  идеологиялық  шалықтау 
шылауында  қалған  КСРО  мен  социалистiк  қосын  елдерi  басшыларының  басым 
көпшiлiгi қоғамдық құрылысты түбегейлi өзгерту мiндеттерiн шешу биiгiне өре жеткiзе 
алмады.  Идеологиялық  қысым  көрсету  мен  әр  түрлi  жазаларға  ден  қою  социализм 
елдерiндегi рухани  өмiрдiң  басты нышандарына айналды. 
2.  1970-1985  жж.  республиканың  индустриялық  мүмкiндiктерi  белгiлi  дәрежеде 
өсе түстi. ¤неркәсiптi өркендетуге 40,8 млрд. сом, яғни халық экономикасында игерiлген 
қаржының  32  процентi  жұмсалды.  Негiзгi  өндiрiстiк  қорлар  3,1  есе  артты,  оның iшiнде 
химия  және  мұнай  химиясында  6,5  есе,  машина  жасауда  4  есе  дерлiк,  отын 
өнеркәсiбiнде  3,8  есе  өстi.  15  жыл  iшiнде  өнеркәсiп  өнiмiнiң  жалпы  көлемi  екi  есе,  ал 


 
180 
машина  жасау  химия  өнеркәсiбi  сияқты  салаларда  үш  еседен  астам  өстi.  1000-дай 
өнеркәсiп  орындары мен цехтар қатарға қосылды. 
Болашақта  Қазақстан  индустриясының  алыбынан  үмiткер  өнеркәсiп  ұжымдары: 
Қазақ  газ  өңдеу,  Қарағанды  резина-техника,  Маңғыстау  пластмасса,  Павлодар  және 
Шымкент  мұнай  өңдеу  зауыттары,  Қарағанды  металлургия  комбинатындағы  ақ 
қаңылтыр  цехы,  Екiбастұз  және  Ермак  ГРЭС-терi,  Қапшағай  су-электр  станциясы, 
Шымкент  және  Жамбыл  фосфор  зауыттары,  Жайрем  кен  байыту  комбинаты  осы 
жылдары  iске  қосылды.  ¤неркәсiп  өндiрiсiнiң  көлемi  жөнiнен  Қазақстан  үшiншi 
(РСФСР  мен  Украинадан  кейiн)  орынға  көтерiлдi.  Маңғыстау,  Қаратау-Жамбыл, 
Павлодар-Екiбастұз  аймақтық-өндiрiстiк  кешендер  қалыптастыру  жөнiнде  көптеген 
ресми хабарламалар жарияланды. 
 КСРО-дағы  саяси  ахуалдың  өзгеруi  экономикалық  дамудың  мүмкiндiгiн 
айтарлықтай тарылтты, ал кейiннен олардың мүлдем тежелуiне әкеп тiредi. Оның үстiне 
шаруашылық  жүргiзу  тәжiрибесi  бiрте-бiрте  социализм  туралы  қасарыспа  қасаң 
түсiнiктер  салдарынан  туындаған,  күнi  бiткен  шептерге  сырғи  бердi.  Осының 
нәтижесiнде  республика  тарихи  прогрестен  бiртiндеп  шетқақпайлана  бердi. 
Реформалардың  шектелуi  70-шы  жылдардың  басында  кейiнгi  кезеңдердегiдей  айқын 
сезiле қойған жоқ.  
Ведомстволық  шашыраңқылық  пен  төрешiлдiк  тосқауылдар жағдайды қиындата 
бердi.  80-шы  жылдардың  басында  КСРО  бойынша  өндiрiске  өткiзiлетiн  ғылыми- 
техникалық  жаңалықтардың  болғаны  3-ақ  процентi  тидi.  Сонымен  қатар  олардың 
экономикалық  тиiмдiлiгi  небәрi  2,3  процент  болды.  Экономиканы  бiр  орталықтан 
басқару  әдiсi  жаңалық ойлап табу мен жүзеге асыру арасындағы жолды шамадан тыс 
ұзартып жiбердi. 
Республикада  бұрынғысынша  шикiзат  өндiрiсiне  бiржақты  бағдар  ұсталды. 
Пайдалы қазбалар мен қуат көздерiн өндiрудегi шикiзат пен қуатты пайдалану тиiмдiлiгi 
төмен болды. Мәселен, 80-шы жылдардың орта шенiнде КСРО Батыс Еуропа елдерiмен 
және АҚШ-пен салыстырғанда әр өнiм басына қуат пен шикiзатты 2-3 есе көп жұмсап 
отырды. Қазақ КСР Ғылым Академиясының республиканың өндiргiш күштерiн зерттеу 
жөнiндегi  Кеңесiнiң  есебi  бойынша,  көмiр  өндiрiсiнде  оның  50-60  процентi,  мұнайдың 
70 процентi,  темiр кенiнiң  11,5  процентi  рәсуа етiлдi. 
¤ндiрiстiң  материалдық  байлықтарын  қолдану  тиiмдiлiгiнiң  төмендiгiне  әр  түрлi 
себептермен  жұмысқа  шықпай  қалушылық  салдарынан,  жұмыс  уақытының  босқа 
жоғалуы келiп қосылды. ¤нiмдi қандай да бiр шек қойылмастан жалпы көлемi бойынша 
жоспарлау сақталды. Билеушi партияның съездерiнде жұмыс қорытындылары көтерiңкi 
рухта айтылып жатты, яғни құрылыс жұмыстарының қарышты қадамы, машина жасау, 
химия  мен  мұнай  химиясы,  электр  қуатын  өндiру,  т.б.  салалардағы  табыстар  туралы 
материалдар  ең  алдымен  ауызға  алынды.  Мәселеге осындай көзқараспен келу сансыз 
жеңiс  рапорттарын,  жаңа  “көтерiңкi  мiндеттемелер” қабылдау мен кезектi ұран көтеру 
тасқынын туындатты. Қағаз бетiндегi ұраншыл жарыс етек алды. ¤неркәсiптiк құрылыс 
саласында  республика  басшылығы  алып  аумаққа  әуестенушiлiктi  кеңiнен  қолдап 
отырды.  Мифологиялық  пайым  социалистiк  мемлекеттiң  зор  қуатын  бейнелейтiн  жаңа 
символдардың  күннен-күнге  көбейе  түсуiн  талап  еттi.  Бұрын  аталған  Павлодар-
Екiбастұз,  Маңғыстау,  Қаратау-Жамбыл,  Шымкент-Кентау  тәрiздi  iрi  аймақтық-
өндiрiстiк  кешендер  дәл  осы  кезеңде  тұрғызылды.  Жылдық,  тоқсандық,  айлық 
тапсырмаларға түзетулер енгiзу бұрынғысынша үйреншiктi iс күйiнде қала бердi. 1981-
1985  жылдар  iшiнде  әр  түрлi  министрлiктер  мен  ведомстволардың  жоспарлары  300 
реттен астам түзетiлдi.     
Бұл  жылдары  жалпы  өнiм  көрсеткiшiн  қуалай  өсiру  ауыр  өнеркәсiпте  негiзгi 
мақсатқа айналды. Күрделi құрылыста да солай болды, мұнда жұмысты атқарудың ұзақ 
мерзiмге  созылуы  салдарынан  ұлттық  байлықтың  едәуiр  бөлiгi  iстен  шығып  қалып 
жатты. Қымбатқа түсетiн, нақтылы тиiмдiлiкке жетудi қамтамасыз етпейтiн объектiлер 
салынды. Еңбектi, материал мен ақшаны көп жұмсаған қызметкер немесе кәсiпорынның 
көрсеткiшi  жоғары  бағаланды.  Республика  iлгерiлеу  қарқынынан  айрыла  бастады, 
шаруашылықтың  және  мәдениеттiң  барлық  саласында  iркiлiс  көбейiп,  қиыншылықтар 
үстi-үстiне  жинақталып,  шиеленiсе  түстi,  шешiлуiн  күткен  мәселелер  көбейе бастады. 
Мысалы,  IX  бесжылдықта  жоспарды  күрт  төмендетiп  отырса  да  өнеркәсiп  өнiмiнiң 


 
181 
көлемi  12,6  процент  орындалмаған  болса,  оныншы  бесжылдық  -  25  процентке,  он 
бiрiншi  –3,6  процентке  орындалмаған.  Соның  салдарынан  ұлттық  табыстың  өсу 
қарқыны  баяулап,  80-шi  жылдардың  бас  кезiнде  ол  бiзде  iс  жүзiнде  экономикалық 
тоқырауға алып келдi.  
Дүниежүзiлiк  экономикалық  заңдылық  бойынша  өндiрушi  тұтынушының  “көңiлiн 
тапқанда”  елдегi  әлеуметтiк  жағдай  дұрыс  болады.  Ал  бiзде  тұтынушы  өндiрушiнiң 
ырқында болып шықты, өндiрушi не берсе тұтынушы соны пайдалануға мәжбүр болды. 
Мұның  бәрi  сол  баяғы  “жалпы  өнiмге”  бола  жасалды.  Бiз  дамыған  басқа  елдерге 
қарағанда  өнiмнiң  бiр  өлшемiне  шикiзаттың,  энергияны,  басқа  да  қорларды  едәуiр  көп 
жұмсап  келдiк.  Ал  АҚШ  пен  Жапонияны  алсақ,  өнiмнiң  бiр  өлшемiне  бiзге  қарағанда 
шикiзат  пен  энергияны  30-40  процент  кем  жұмсады.  Елiмiздiң  бай  табиғи  және  еңбек 
қорларын  қалай  болса  солай  пайдаланып,  оның  экономикасын  ондаған  жылдар  бойы 
экстенсивтi  жолмен  дамытуға  ұмтылдық.  Мысалы, Маңғыстауда өндiретiн мұнай мен 
серiктес  газдың  тек  қана  8-10  процентi  пайдаланылды.  Бiрақ  осыған  қарамай,  өте 
қымбат, шығыны көп Ақтау қаласындағы атом реакторы 1973 жылы iске қосылды. 
Ел  билеушi  топтардың  бiлiксiздiгi  мен  империялық  пайымның  без  бүйректегi 
салдарынан,  еселене  түскен  директивалық  жоспарлау  республика  экономикасына 
орасан  зор  нұқсан  келтiрдi.  Бұл  орайда  Арал  теңiзi  атрабына  өндiргiш  күштердi 
орналастыруда  жiберiлген  стратегиялық  қателiктер,  жер  және  су  қорын  есепсiз 
пайдалану,  мақта  мен  күрiш дақылдарын өсiруге дара үстемдiк беру салдарынан теңiз 
түбi 27 мың шаршы шақырымға дейiнгi аумақта құрғап, жалаңаш қалды. Теңiз суының 
тұздылығы  3  еседен  астам  өсiп,  Арал  өзiнiң  балық  өнеркәсiбiнен  тұтастай  айрылды. 
Оның  үстiне  құрғап  қалған  теңiз түбiнен тұз бен шаңның көтерiлуi күшейе түсiп, Арал 
аймағының  табиғаты  мен ауа райы күрт нашарлап кеттi. Ал бұл болса сол маңайдағы 
тұрғындардың денсаулығына әсер еттi. 
Айналадағы табиғи орта тепе-теңдiгiнiң бұзылуы халықтың тұрмыс жағдайы мен 
денсаулығына  қатер төндiрдi. Адам өлiмi, әсiресе балалардың шетiнеуi көбейдi. Аймақ 
тұрғындарының  80  пайызы  әр  түрлi  сырқаттарға  шалдықты.  Дүлей  күшiне  енген 
экологиялық  апат  iс  жүзiнде  ұлттың  генетикалық  өсiп-өнуi  мүмкiндiгiн  сақтап  қалу 
туралы  мәселе  көтеруге  мәжбүр  еттi,  өйткенi  Арал  аймағы  негiзiнен  республиканың 
байырғы халқы-қазақтар мекендейтiн аудан болатын. Бұған Балқаш көлiнiң бiр бөлiгiнiң 
iске  жарамсыз  болып  қалғанын,  көптеген  өнеркәсiптiк  қалалардағы,  әсiресе  Ақтөбе, 
Ақтау,  Атырау,  ¤скемен,  Жамбыл,  Шымкенттегi  экологиялық  жағдайдың  ауырлығын 
қосқанда,  КСРО-дағы  социалистiк  құрылыстың  “артықшылықтары”  тайға  таңба 
басқандай көрiнедi.  
3.  70-80-шi  жылдарда  ауыл  шаруашылық  саласы  КОКП  ОК  наурыз  (1965  ж.) 
Пленумы белгiлеген бағдарламасы бойынша дамытылды. Ол құжатта ұлттық табысты 
аграрлық  саланың  пайдасына  қарай  қайта  бөлу,  селоның  әлеуметтiк  проблемаларын 
шешу,  шаруашылық  есептi  енгiзу,  ауыл  шаруашылық  өнiмдерiнiң  сатып  алу  бағасын 
арттыру  шаралары  белгiлендi.  Осындай  шаралар  белгiленсе  де,  өндiрiс  қатынастары  
және    шаруашылықты  басқару  жүйесi  бұрынғысынша  қалды.  1971-1985  жж. 
республиканың  ауыл щаруашылығына көп мөлшерде қаражаттар бөлiндi.  
Ал  осындай  көлемдi  және  күрделi  шаралардың  нәтижесi  қандай  деген  заңды 
сауалға  келетiн  болсақ,  көптеген  түсiнiксiз  жәйттерге  кезiгемiз.  Бiрiншiден, 
ауылшаруашылық өнiмдерiн өндiру ұдайы төмендеумен болды: IX-шы бесжылдықта 13 
процентке,  XI-шi  бесжылдықта  -0,4  процентке  дейiн  құлдырады.  Екiншiден,  қазақ 
халқының  ата-тегiнен  келе  жатқан  мал  өсiру  кәсiбi  терең  дағдарысқа  ұшырады.  Осы 
жылдары 4,2 млн. iрi қара, 55 млн. қой-ешкi т.б. өлiм-жiтiмге ұшырап, бұлардың әр жүз 
аналығына шаққанда алынған төл саны 10,3 және 69 басқа азайып кеттi. 
Бұл  халық  үшiн  аса  маңызды  сала  тиiмдiлiгi  төмендеуiнiң  басты  себебi 
шаруалардың  өз  еңбегiнiң  жемiсiн  көре  алмайтындығынан  болды.  Ауыл 
шаруашылығын басқарудың 20-30-шы жылдар арасында қалыптасып нығайған әкiмшiл-
әмiршiл жүйесi құбыла, түрлене келiп, 70-80-шi жылдары өмiр сүре бердi. Шаруалардың 
экономикалық  мүдделерiне  нұқсан  келтiрiлген  реттерде  көрсеткiштер  де  бiрден  күрт 
құлдырап жатты. 
Ауыл  шаруашылық  өнiмдерiн  сатып  алу  бағаларын  көтеруге  ұмтылыс  та 
айтарлықтай  тиiмдiлiк  берген  жоқ,  өйткенi  өнеркәсiптiк  кәсiпорындардың өз өнiмдерiне 


 
182 
өздерi баға белгiлеу құқылығы тыңайтқыштардың, техниканың, құрама жем мен басқа 
өнiм  түрлерi  құнының  бақылаусыз  өсуiне  әкеп  тiредi.  Егер  ауыл  шаруашылығы 
өнiмдерiнiң  бағасы  2  есеге  артса,  оларға  арналған  өнеркәсiптiк  өнiмдерiнiң  бағасы  2-5 
есе  көбейдi.  70-шi  жылдары  мұның  үстiне  өндiрiстiк  құрылыс  та  қымбаттай  түстi. 
Колхоздар  мен  совхоздар  “Ауыл  шаруашылық  техника”,  “Ауыл  шаруашылық  химия” 
тәрiздi қызмет көрсетушi мекемелер тарапынан да “талауға” түстi.  
Ауыл  шаруашылық  өнiмдерiн  жоспарлы  түрде  сатып  алу,  интенсивтендіру 
жолындағы  тосқауылға  айналды.  Шын мәнiнде, бұл түрлi әдiс-тәсiлдер арқылы сығып 
алынатын азық-түлiк салғырты едi.                  
1970-1985 жж. республика одақ қорына жыл сайын килосы 2 сомнан аспайтын 300 
мың тонна ет жөнелтiп отырды. Мұнан түскен пайда 9 миллиард сом болса, ет өндiруге 
кеткен  шығын  18-27  миллиард  сомға  тең  болды.  Осының  бәрiнiң  салдарынан  1986 
жылы  Қазақстандағы  колхоздар  мен  совхоздардың  көпшiлiгi  өздерiнiң  айналымдылық 
қаржысынан толықтай айрылып,  өндiрiстiк  қызметiн несие есебiнен жүргiзе бастады.  
70-шi 
жылдары  республиканың  бiрқатар  ауылшаруашылық  мамандары 
шаруашылық  жүргiзудiң  қалыптасқан  құрылымын  өзгертуге  әрекеттендi.  Мысалы, 
И.М.Худенко  Алматы облысы Еңбекшiқазақ ауданындағы “Iле” совхозының, кейiн сол 
облыстың  Күртi  ауданындағы  “Ақши”  совхозының  басшысы  болған  кезде  фермерлік 
тұрақ  мекендерін  дамытуға  әрекеттенiп,  қағазбастылық    сүйретпесiне  шұғыл  шектеу 
қойды,  яғни  шаруалардың  еркiн  еңбектенуiне  қадам  жасағысы  келдi.  Алғашқы 
шараларының  нәтижесiнде  совхоздардың  жұмысы  анағұрлым  қарқынды  жүрiп,  еңбек 
өнiмдiлiгi  артты,  тәртiп  нығайды.  Жаңалық  әмiршiл-әкiмшiл  жүйенiң  басқару арнасына 
қайшы  келiп,  ондаған  тергеулерден  кейiн  И.М.  Худенко  сотқа  тартылып,  түрмеде  көз 
жұмды.  Кейiн  елдегi  өзгерiстер  басталғанда  ғана  Қазақ  КСР  Жоғарғы  Сотының 
шешiмiмен ол ақталды.  
1982  жылдың  мамырында  қабылданған  азық-түлiк  бағдарламасы  ауыл 
шаруашылығының да, оған қызмет ететiн салалардың, көлiк пен сауданың да жұмысын 
бiрiктiру  мақсатын  көздеген  болатын.  Әзiрлеу  жүйесiнiң  мемлекеттiк  қабылдау 
орындары  мен  сақтау  қоймаларында  белең  алып  тұрған  қылмысты  қырсыздық 
жағдайында  ауыл  шаруашылығы  өнiмдерiн өндiру көлемiн арттыруға әрекеттенудiң өзi 
мағынасыз едi.  
Азық-түлiк  бағдарламасы  мен  ауылшаруашылық  өндiрiсiнiң  құлдырауын 
тоқтатуға  бағытталған  өзге  де  әрекеттер  айтарлықтай  нәтиже  бермедi,  бағдарлама 
басқарудың ескiрген жүйесi аясында жасалды және шаруалардың түбегейлi мүдделерiн, 
еңбеккерлердiң  экономикалық  мүдделерiн  қозғаусыз  қалдырды.  Колхоздар  мен 
совхоздардың шаруашылық дербестiгi бұрынғысынша ұсақ-түйектерге дейiн жоғарыдан 
реттелдi.  Осының  бәрi  ауылдағы  дағдарыстық  тенденцияның  ұлғайып,  күрделенуiне 
әкеп  соқтырды.  80-шi  жылдардың  орта  шенiнде  iс  жүзiнде  барлық  жерде  тамақ 
өнiмдерiмен шектеулi қамтамасыз ету жүйесi енгiзiлдi. 
Кеңес  Одағында  астық  өндiру  жөнiнен  алдыңғы  орындардың  бiрiнде  болған 
республика, жыл сайын жемге арнап басқа жерлерден миллиондаған тонна астық сатып 
алып  отырды.  Мұнда  ауылшаруашылығы  өнiмдерiн  өңдеу,  сақтау,  халыққа  сату  iсi 
бетiмен  жiберiлдi.  Көлiктiң,  элеваторлардың,  қоймалардың  жетiспеушiлiгiнен,  жолдың 
нашарлығынан  жыл  сайын  жиналып  алынған  өнiмнiң  20-40  пайызға  дейiнгiсi  ысырап 
болды.  Ауыл  адамдарының  еңбегi  тиiсiнше    бағаланбай,  олар  қалаларға,  басқа 
аймақтарға көшiп кетуге мәжбүр болды. Жүздеген иесiз қалған кiшiгiрiм ауылдар саны 
шексiз өсiп жатты. 
4.  Бұл  жылдары  бiлiм беру саласында да елеулi өзгерiстер болды. 1970 жылдың 
басында республика бойынша жалпы бiлiм беретiн мектептер саны 10154 жетiп, оларда 
3  млн.  348  мың  оқушы  бiлiм  алды.  Ал 1986 жылдың басында бiлiм беретiн мектептер 
саны  8728  қысқарып,  оларда  3  млн.  348  мың  оқушы  оқыды.  Мұндай  қысқартулар  iрi 
агрокешендер  құру  кезеңiнде  “болашағы  жоқ”  делiнетiн  ауылдардың  жойылып  кетуi 
салдарынан  орын  алды.  Бұл  кезде  негiзiнен  шағын  комплектiлi  мектептер  жабылды. 
Әсiресе, қазақ тiлiнде бiлiм беретiн мектептер саны қысқарды.  80-шi жылдары бiрқатар 
пәндер  тереңдетiп  оқытылатын  мектептер  кең  өрiс  алды.  Қазақ  КСР  Ғылым 
Академиясының  бастама  көтеруiмен  республикалық  тұңғыш  физика-математика 
мектебi  ашылды.  Билеушi  органдардың  1986  жылғы  қарашаның  10-ындағы  “Жалпы 


 
183 
бiлiм  беретiн  орта  мектеп  жұмысын  одан  әрi  жақсарту  шаралары  туралы”  құжатына 
сәйкес  республикада  мектеп  реформасы  өткiзiлдi.  Оқыту  бағдарламаларына  көптеген 
өзгерiстер енгiзiлiп,  арнаулы кабинеттер ашылды. 
Бiрақ  ғылыми-техникалық  прогресс  мектептiң  үздiксiз  дамуын  ұдайы  талап етiп 
отырды.  Заман  талабына  сай  өндiрiс  пен  ауыл  шаруашылығына  т.б.  салаға  жаңа 
маманданған  кадрлар  қажет болды. Республика үкiметiнiң “Жалпыға бiрдей орта бiлiм 
беруге  көшудi  аяқтау  және  жалпы  бiлiм  беретiн  мектептi  одан  әрi  дамыту  туралы”, 
“Кәсiптiк-техникалық  бiлiм  беру  жүйесiн  одан  әрi  жетiлдiру  туралы”,  “Елдегi  жоғары 
бiлiм  берудi  одан  әрi  жетiлдiру  туралы”  және  де  басқа  маңызды  қаулылары  халыққа 
бiлiм  беру  iсiн  жетiлдiрудiң  жолдарын  iздедi. 1972 жылы республикада жалпыға бiрдей 
орта бiлiм беруге көшудiң  соңғы кезеңi басталды. Мектептерде еңбекке баулу тереңдете 
жүргiзiле  бастады.  Орта  мектептердiң  барлығы,  сегiзжылдық  мектептердiң  жартысы 
оқытудың кабинеттiк жүйесiне көштi. 
1970-1985 жылдарда жоғары бiлiм беру жүйесi де бiршама өзгерiстерге ұшырады. 
Жоғары  оқу  орындарының  саны  55,  ал  ондағы  студенттер  -  273,3  мың  болды.  Орта 
арнаулы  оқу  орындарының  саны  246-ға  жетiп,  оларда  272,6  мың  жастар  бiлiм  алды. 
Республика  жоғары  оқу  орындарында  көптеген  бiлiктi  мамандар,  әлемге  танымал 
ғалымдар  еңбек  еттi.  Cтуденттер  арасында  ғылыми  iзденiстер  серпiндi  дамыды.  Бұл 
кезеңде  студенттiк  құрылыс  отрядтары  кең  өрiс  алды.  ¤ндiрiстiк  бағдарламаларды 
орындаумен  қатар  студенттер  кәмелетке  толмағандар  iсi  жөнiндегi  инспекциямен 
бiрлесiп,  тәртiбi қиын  жасөспiрiмдермен жұмыс жүргiздi.  
¤неркәсiптiң  қауырт  дамуы,  алуыл  шаруашылығында  бой  көрсеткен 
интенсивтендiру  бағыты  ғылым  дамуына  серпiндiк  бердi.  60-шы  жылдардың  аяқ 
шенiнде-ақ  Қазақстан  КСРО-ның  iрi  ғылыми  орталықтарының  бiрiне  айналды.  1985 
жылы  республикада  40377  ғылыми  қызметкер  жұмыс  iстедi.  Олардың  864-i  ғылым 
докторы,  ал  650-i  Ғылым  Академиясының  академиктерi,  корреспондент-мүшелерi, 
профессорлар болды.  
Д.В.Сокольский мен У.М.Ахмедсафин тәрiздi аса көрнектi ғалымдардың есiмдерi 
республика  аумағынан  шығып,  алыстағы  елдерге  таныс  болды.  Д.В.Сокольский 
катализаторларды  элетрохимиялық  әдiстермен  зерттеу  мәселесiн  тұңғыш  көтерушi 
болса, 
У.М.Ахмедсафин 
республикадағы 
гидрогеология 
және 
гидрофизика 
ғылымдарының  ұйымдастырушысы  едi.  Қазақстан  ғалымдары  генетика  мен 
микробиология саласында да табыстарға жеттi. Ғалымдардың бiр тобына, оның iшiнде 
қазақстандық  ғалым  М.А.Айтхожинге,  өсiмдiк  жасушаларындағы  информсомоларды 
яғни  жасуша  iшiндегi  бөлшектердiң  жаңа  тобын  тапқаны  үшiн  Лениндiк  сыйлық 
берiлдi.  Сондай-ақ,  елiмiзде  Қазақ  энциклопедиясының  қазақ  тiлiндегi  басылымын 
шығару аяқталды. 
Қоғамдық ғылымдар, көркем әдебиет ұдайы өктем билiк тарапынан қысым көрiп 
келдi.  Әдебиеттiң,  операның  және  бейнелеу  өнерiнiң  дамуында  идеологиялық  әсер 
iздерi  айқын  аңғарылады.  Дегенмен  әдебиет  пен  өнердiң  үздiк  өкiлдерi  тамаша 
шығармалар туғыза бiлдi. Мәселен, Ғабит Мүсiрепов осы кезеңде өзiнiң ең маңдай алды 
шығармаларының  бiрi-”Ұлпан” повесiн жазды. Повестiң орыс тiлiндегi аудармасы 1976 
жылы жарық көрдi. Қаламгер республика жазушылар арасында тұңғыш рет Социалистiк 
Еңбек  Ерi  атағын  алды.  Ғ.Мұстафин,  И.Шухов,  Ә.Тәжiбаев,  Д.Снегин,  О.Сүлейменов 
оқырмандарды  жаңа  туындылары  мен  қуантты.  80-жылдары  Б.Момышұлы,  Ә. 
Нұрпейiсов,  Т.Ахтанов,  I.Есенберлин,  Ж.Молдағалиев,  З.  Сәмәди,  Қ.Мырзалиев, 
И.Щеголихин,  М.Шаханов  және  басқа  қаламгерлер  көркем  әдебиеттегi  елеулi 
туындылармен жұртшылық ықыласына ие болды. 
Қазақтың  Мұхтар  Әуезов  атындағы  академиялық  драма  театры  iрi 
шығармашылық табыстарға жеттi. “Қан мен тер” драмасын қойғаны үшiн режиссер мен 
басты  рөлдердi  орындаушылар  1974  жылы  КСРО  Мемлекеттiк  сыйлығына  ие  болды. 
М.Ю.Лермонтов  атындағы  республикалық  орыс  драма  театры,  ұйғыр  музыкалық-
драмалық  және  корей  драмалық  театрлары  өз  қойылымдарымен  және  актерлiк 
шеберлiгiмен көрермен қауымды қуанышқа бөледi. 
Қазақ  циркi  көпшiлiкке  кеңiнен  танымал  болды.  Сазгерлер  Е.Рахмадиев, 
Ғ.Жұбанова,  Н.Тлендиев,  Ш.Қалдыаяқов,  Ә.Еспаев,  К.Күмiсбеков,  Е.Хасанғалиев, 
Ә.Бейсеуов  т.б.  қазақ  музыкасын  тың  шығармаларымен байытты. Бұл жылдар ұйғыр 


 
184 
сазгерi  Қ.Қожамияров  үшiн  де  жемiстi  болды. Әншiлер Е.Серкебаев пен Б.Төлегенова 
өнер  сүйер  қауымның  ықыласына  бөлендi.  Осы  кезеңде  жас  әншiлер  Әлiбек  Дiнiшев, 
Роза  Рымбаева,  Нағима  Есқалиеваның,  суретшiлер  Үкi  Әжиевтiң,  Сахи  Романовтың, 
Ерболат Төлепбаевтiң өнерлерi көпшiлiк  қауымның ықыласына бөлендi. 
Қазақ 
киносының 
Ш.Айманов, 
М.Бегалин, 
С.Қожықов 
сияқты 
iрi 
қайраткерлерiнiң  қатысуымен  жасалған  “Атаманның  ақыры”,  ”Қыз  Жiбек”,  ”Мәншүк 
туралы  ән”  атты  тұлғалы  көркем фильмдері экранға шықты. Қазақ мультипликациясы 
да өзiнiң  табыстарымен танылды.   
Алматыда  Мемлекеттiк  өнер,  Қазақ  КСР,  қазақ  ұлт-аспаптары  мұражайлары 
ашылды.  Алматы,  Ақмола,  Ақтау  қалаларының орталықтарында тамаша сәулеткерлiк 
ансамбльдер бой көтердi. 
Халықтың  тұрмыс  дәрежесi.  Билеушi  орындардың  елде  халықтың  ақшалай 
табысын  арттыруға  бағытталған  саясаты  тұрғындардың  тұрмыс  дәрежесiн  соғыстан 
кейiнгi  жылдармен  салыстарғанда  бiршама  көтердi.  70-шi  жылдардың  бiрiншi 
жартысында экономиканың өндiрiстiк салаларында қызметкерлер мен жұмысшылардың 
еңбек  ақылары  көтерiлiп,  оның  ең  төменгi  мөлшерi  70  сомға  жеткiзiлдi,  ал  1977-1978 
жылдары  өндiрiстiк  емес  салалардың  қызметкерлерi  үшiн  жаңа  ставкалар  мен 
жалақылар  белгiлендi.  Сөйтiп,  республика  еңбекшiлерiнiң  орташа  айлық  табысы  1971-
1989  жж.  123,7  сомнан  233,7  сомға  дейiн,  өнеркәсiп  жұмысшыларының  табысы  133,9 
сомнан  259,3  сомға  дейiн  өстi.  Ауыл  шаруашылық  саласындағы  еңбекшiлердiң 
жалақысы  да  елеулi  түрде-121  сомнан  247  сомға  дейiн  өстi.  Жасына  қарай  төленетiн 
айлық  орташа  зейнетақы  51,1  cомнан  93,2  сомға  дейiн  көтерiлдi.  Билік  орындары  мен 
оның  бүкiл идеологиялық құрылымдары халықтың тұрмыс дәрежесiн тек қана жалақы 
мен  төлемдердiң  өсу  деңгейi  арқылы  бейнелеп  декларативтi  түрде  сипаттады.  Яғни, 
төлемдердiң мұндай дәрежеде өсуi жылдар бойы халықтың тұрмыс дәрежесi өсiп келедi 
деп  санады,  ал  iс  жүзiнде  бұл  ақиқаттан  әлдеқайда  алыс  едi.  Мемлекеттiң  және 
өндiрiстiк  салалардың  бағаны  көтеруi,  тауарлар  сапасының  нашарлауы,  тапшылықтың 
өсуi,  жалақының  көлемiн  қолдан  төмендету,  ақы  төлеудегi  теңгермешiлiк  сияқты 
факторлар  халықтың  тұрмыс  дәрежесiнiң  құлдырай  беруiне  әкеп  соқтырды. 
¤неркәсiптегi таза өнiмдегi жалақының үлесi үнемi төмендей бердi. Мысалы, ол 1927 ж. 
58 проценттен  1985 ж. 36 процентке дейін  қысқарған. 
Халықтың  нақты  табысының  төмендеуiне  ақшаның  құнсыздануы  да  әсер  еттi. 
Мұны көп уақыт бойы билеушi орындар халықтан жасырып келдi. Құнсыздану қарқыны 
жылына  4  процентке  (ғылыми  тұжырымдар)  өскенiн  есептегенде  нақты  жалақы 1970-
1986 жж. 20 процентке төмендедi. 1985 ж. 1 сом 60-жылдардың ортасындағы бiр соммен 
салыстырғанда  54  тиынға  тең  келдi.  Тiптi  билеушi  партияның  XXV  съезiнде  елдiң 
басшылары ақшалай табыстың жеке өзiн алып қарағанда тұрмыс дәрежесiнiң нақты өсуi 
емес екенiн мойындауға мәжбүр болды.
242
 
Осы жылдары халықты қоғамдық тұтыну қоры есебiнен жәрдем, зейнетақы және 
стипендия  төлеуге,  тегiн  бiлiм  алуға,  денсаулық  сақтауға,  мәдени  және  тұрмыстық 
қызмет  көрсетуге  жүйелi  түрде  көптеген  қаражат  бөлiнiп  отырды.  1971  жылы 
қолхозшылар үшiн зейнетақы белгiлеу тәртiбi енгiзiлдi. 1972-1974 жж. соғыс және еңбек 
мүгедектерiне  айлық,  орташа  зейнетақы  33  процентке  көбейтiлдi,  1975  жылы  Отан 
соғысының  мүгедектерiне  қосымша  жеңiлдiктер  енгiзiлдi.  Ана  мен  баланы  қорғау 
жөнiнде  шаралар  белгiлендi,  соғыс  ардагерлерiнiң  материалдық-тұрмыс  жағдайы 
жақсартылды, бала кезiнен мүгедек болғандарға түрлi жәрдем көбейтiлдi.  
Тағы  да  экономикалық  талдаулардың  нәтижелерiне  сүйенсек,  бұл  шаралардың 
халықтың тұрмыс дәрежесiн көтеруге ықпалы аз болған. Зейнетақы мен жәрдем ақының 
ең  аз  мөлшерi  мардымсыз  өсiрiлдi,  өйткенi оны өсiрудегi негiзге алынған мөлшерi онан 
да мардымсыз болатын. Халықтың едәуiр бөлiгiнiң, әсiресе зейнеткерлердiң, көп балалы 
жанұялардың  табысы  төмен  күйiнде  қалды,  сөйтiп  ол  көбiнде  күнкөрiс  деңгейiне  де 
жанаспады. 70-80 жылдары көпшiлiк тұтынатын тауарлар бағасының, тұрмыстық және 
коммуналдық қызмет көрсетудiң, қоғамдық көлiктiң бағасының ресми және сол сияқты 
жасырын түрде ауқымды жоғарылатылуы халықтың нақты табысын недәуiр төмендеттi.       
                                                                 
 


 
185 
Жылдан-жылға  тапшылық  артып,  сауда  орындарында  сапалы  тiгiлген  киiм-
кешектiң  көзi  азайып,  күнделiктi  қажет  азық-түлiк  түрлерi  тапшыланды.  Тамақ 
өнiмдерiнiң  бағасы  тоқтамсыз  қымбаттап,  оны  өндiретiн  салалардың  қызметi 
құлдырады.  Кеңес  елi азаматтарының сауда орындарының есiк алдын бағып, сағаттап 
кезекте тұру әдетке айналды. 70-80 жж. халық арасында партиялық-мемлекеттiк, әскери, 
шаруашылық  номенклатурасына  берiлген  әлеуметтiк  артықшылықтарға,  қоғамдағы 
күнделiктi  әдiлетсiздiкке  байланысты  наразылық  өрши  түстi.  Мұндай артықшылықтар 
әлеуметтiк  теңсiздiктiң  арнаулы  түрiн  туғызды,  iс  жүзiнде  алып  қарағанда,  ақшаның 
сатып  алу  құны  әртүрлi  тұтыну  рыноктарын  қалыптастыру  болды.  Билеушi  топтар 
артықшылықтарды  бөлуде  шендiк  принциптi  қатаң  сақтады.  Олардың  көлемi  қызмет 
орнынының  дәрежесiмен белгiлендi. 
Аталмыш  кезде  республикада азаматтарға ең өткiр проблема баспанамен қамту 
жәйi  болды.  Оны  шешуде  бiршама  iлгерi  жылжу  байқалса  да,  халық  санының  өсуiне 
байланысты  көптеген  отбасылары  бiреулердiң  босағасында  паналаумен  ғұмырын 
өткiзген. Үй салуға бөлiнген қаржы көлемi шегерiлiп, тұрғын үй құрылысының жоспары 
орындалмады.  Тек  он  бiрiншi  бесжылдықта  ғана  республикада  1,2  млн.  шаршы  метр 
тұрғын  үй  пайдалануға  берiлмедi,  мектеп,  аурухана,  балалар  бақшасын  салу 
орындалмады. Тұрғын құрылысының бұл жағдайына қарамастан республика астанасы 
мен облыс орталықтарында құны қымбат әкiмшiлiк үйлерi бой түзеп көтерiлдi. 
ХХ  ғ.  70  жылдары  ортасында  Қазақстан  халық  тұрмысын  сипаттайтын 
көрсеткiштер  бойынша  жалпыодақтық  межеден  әлде  қайда  төмен  болды. 
Республиканың  көптеген  өңiрлерi  жан баласы төзiмсiз қиын жағдайда болды. Негiзiнен 
қазақтар  тұратын  түкпiрдегi  елдi  мекендер  қалыпты  дәрiгерлiк  көмекпен,  ауыз сумен, 
көкөнiспен,  жемiспен  қамтамасыз  етiлу  жәйi қанағаттандырғысыз болып, оларда бала-
бақша, мектептер, көпшiлiк мәдени орындар жетiспедi. Мұндай жағдай республика мен 
орталық  арасындағы  қарама-қайшылықтың  қауырт  шиеленiсуiне  объективтi  негiздi 
құрады. 
Cөйтiп,  экономикалық  қайшылықтар  әлеуметтiк  қиындықтарды  тереңдетсе, олар 
өз  кезегiнде  күрделi  адамгершiлiк  проблемаларын  дүниеге  әкелдi.  Жалақы  төлеудегi 
теңгермешiлiк  бағыт  еңбеккерлердiң  қабiлетiн  төмендетпеуi  мүмкiн  емес  едi.  Азық-
түлiктiң, сапалы өнеркәсiп тауарларының тапшылығы күшейдi, адамдар өмiрiнiң орташа 
ұзақтығы  қысқарды.  Еңбекке  немқұрайлы  қарау,  өндiрiстегi  ұрлық,  еңбек  тәртiбiнiң 
құлдырауы,  маскүнемдiк,  қылмыс  жасау  жаппай  құбылысқа  айналды,  “көлеңкелi 
экономика”  дамыды.  Осының  бәрi  республикада  болашағы  бұлдыр  әлеуметтiк-
экономикалық  жағдай  жаратылғанының  айғағы  едi  және  әлеуметтiк  саладағы 
дағдарыстың көрiнiстерi билік жүйесiн күйретуге алып келген объективтi себептер едi. 
80  жылдардың  бастапқы  кезінде  Кеңес  елiнiң  республикаларында  аса  ауыр 
әлеуметтiк-экономикалық  дағдарыстар  бет  алды.  Қоғамның  саяси  ұйымдасуы, 
экономикалық  қатынастардың  күнi  өткен  жүйесi  КСРО-ны  күрделi  дағдарысқа  әкелiп 
тiредi. Дағдарысқа тiреген жағдай бұрынғы басшылықтың толғағы жеткен өзгерiстердi 
жүзеге  асыруға  дәрменсiздiгiнен  ғана  емес,  оның  қажеттiгiн  түсiнуге қабiлетсiздiгiнен, 
барлық  экономикалық  қызметтiң,  қоғамдық  өмiрдiң  бiр  орталықтан  басқарылуынан, 
партиялық  және  мемлекеттiк  функциялардың  қосылып  кетiп,  оның  төрешiлденуiнен 
заңдылықтың  бұзылуынан;  қоғамдық-саяси  өмiрдiң  аса  маңызды  мәселелерi  жария 
болмауынан айқын көрiндi. 
Экономикалық салада оның белгiлерi мыналар болды: шаруашылықты жүргiзудiң 
шығындық  тәсiлi,  ғылыми-техникалық  және  технологиялық  прогресте  артта 
қалушылық,  iс  жүзiнде  бақылаусыз  басқару  аппаратының,  өндiрiстiң  материалдық 
қорларды  пайдаланудағы  тиiмдiлiктiң  төмендiгi,  инфляция  және  орасан  зор  тауар 
зәрулiгi. 
Қоғамдық  өмiрдегi  оның  негiзгi  белгiлерi  тұрмыс  деңгейiнiң  нашарлауы, 
материалдық  игiлiктердi  бөлуде әділетсіздiктiң етек алуы, әлеуметтiк әдiлеттiлiктiң жиi 
бұзылып  отыруы,  ұлтаралық  қатынастардағы  проблемалардың  туындауы,  шынайы 
өмірдің  бұрмаланып  көрсетілуі,  адамгершiлiктiң  азуы;  маскүнемдiк  пен  нашақорлық, 
ұрлық пен қарлық, жемқорлық мен жезөкшелiк болды. Қоғамдағы қасаң идеология мен 
нәтижесіз реформалар құлдырау мен тоқырауды тоқтата алмады. Ширақ ұйымдастыру 
және  жаңа  бағыттың  қажеті  айқындалды.  80-шi  жылдардың  бiрiншi  жартысындағы 


 
186 
КСРО  саяси  басшылығындағы  бiрнеше  өзгерiстерден  кейiн  КОКП  ОК  Бас  хатшысы 
болып  сайланған  М.С.Горбачев  әлеуметтiк-экономикалық  дамуда жеделдету бағытын 
жариялады.  Бұл  серпiлiстi  саяси  басшылық  дамудың  экономикалық  қарқынының 
бәсеңдеуiне жол бермеу және негiзгi күштердi осы бағытқа жұмылдыру арқылы жүзеге 
асыруға тырысты.  
Жеделдету  бағыты  терең  ұғынылған  ғылыми  концепциясыз,  айқын  да,  анық 
бағдарламасыз жүргiзiлдi. Жаңа басшылық әлеуметтiк және экономикалық дағдарысты 
бүкiл  мемлекеттiк  жүйенi  қайта  құру арқылы емес, жекелеген  шаралардың көмегiмен, 
идеялық-саяси тәрбиенi күшейту арқылы болдырмауға болады деп есептедi.  
Сондықтан,  жеделдету  бағытының  сәтсiздiкке  ұшырауының  негiзгi  кiнәлiлерi 
жекелеген  басшы  коммунистер  болып  жариялануы  белгiлi  бiр  заңдылық  тәрiздi. 
Мысалы,  Мәскеуде  В.В.Гришин,  Ленинградта  Г.В.Романов,  ұлттық  республикаларда 
Д.Қонаев  пен  Г.Алиев.  Мұнан  кейiн,  партиялық  аппарат  қызметкерлерiнiң  тежеушiлiк 
ықпалы  туралы  әңгiмелер  қозғала  бастады.  Мұндай  идеялар  “Правда”  газетiнде 
жарияланған  “Тазару”  атты  мақалаларда  айтылды.  Онан  соң  “жақсы  еңбек  еткiсi 
келмейдi-мiс” деп кеңес адамдары кiнәланды.  
Дей тұрсақ та жаңарудағы тежеудiң ұшығы әмiршiл-әкiмшiл жүйенiң бұрынғыша 
сақталуында, оның саяси институттарының тиiмсiздiгiнде, халыққа жаттығында, адамға 
қоғам  үшін  жақсы  еңбек  ету  негiзiнен  тиiмсiздігінде  болған,  оның  экономикалық 
құрылымдарының  өмiршең  еместiгiнде  жатты.  Қоғам  дамуының  iркiлісiнен  ғылым  да 
қалып қойды. Дағдарыстың ушығуы мен себептерiне байсалды талдау жасаған ғылым 
өкiлдерiнiң  дауысы да ел iшiнде әлi бәсең едi. 
Бұл  кезде  саяси  жүйенiң  мерездерi  жайлы  бәрiнен  бұрын  айта  бастаған 
жазушылар  болды.  Мысалы,  әмiршiл  жүйенiң  адамды  бүлдiрiп,  оны  “тетiкке” 
айналдыратын кесапаттылығы жайлы А.Бектiң “Жаңа тағайындау” романында айтылды. 
Cол  мазмұндағы,  кейiнiрек  одақтық  республикаларда  одан  да  өткiр  шығармалар 
көпшiлiкке  тарады. Алғашқыда жарияланған мақсаттар мен нақты өмiрдiң арасындағы 
күрделi  қайшылықтардың  нәтижесi  1986  жылғы  Алматыдағы  желтоқсан  оқиғаларына 
жеткiздi. 
5.  Халық  шаруашылығындағы  тоқырау  құбылыстары  әмiршiл-әкiмшiл  жүйенiң 
саяси,  экономикалық-әлеуметтiк  салаларды  жоспарлауындағы  және  оны  орындаудағы 
жiберген кемшiлiктерi мен қарама-қайшылықтарының нәтижесi едi. Осы жылдары орта 
машина  жасау,  қорғаныс  министрлiктерi республика территориясының нағыз қожалары 
болып  алды.  Әр  түрлi  жоспарлар жасау, жаңа кен орындарын игеру кезiнде, iс жүзiнде 
республика  мүдделерi  есепке  алынбады.  Ведомстволардың  қанжығасына  түскен 
миллардтаған  табыстардан  республикаға  оның  елеусiз  бөлiгi  ғана  түсетiн  едi,  ал 
жергiлiктi  халыққа экологиялық кесапаттың үлесi аса зор болды. 
Табиғат  қорларынан  түскен  барлық  қаржы  орталықта  қалып,  тiптi  халыққа 
қажеттi  тауарлардың  60  процентке  жуығы  Кеңес  Одағының  басқа  аймақтарынан 
тасымалданды.  Идеологиялық  тоталитаризм  және  ғылым  мен  ағарту  саласын 
қаржыландырудың  “қалдықты”  принципi  адамдардың  рухани  дүниесiнiң  дамуын 
жылдан-жылға  тұншықтырып,  жаншыды.  Ғылымдар,  оның  iшiнде  әлеуметтiк-
гуманитарлық  салалары  ресми  саясаттың  елгезек  “қызметшiлерiне”  айналып,  ал 
мәдениет  болса  ұлттық  негiздерiнен  алшақтап  өңiнен  айрыла бастады. Мысалы, 1954-
1986 жж. аралығында 700-ден астам қазақ тiлiнде оқытатын мектептер жабылды. 
Қоғамдағы  қазақ  тiлiнiң  жағдайы  тек  тұрмыстық  тiлге  айналды.  Тiлдiң  өзiндiк 
өрiсi де тарыла түстi, өйткенi, оны жастардың көпшiлiгi ұмыта бастағаны былай тұрсын, 
тiптi  оларда ана тiлiне деген менсiнбеушiлiк пайда болды. Ұлттық мәдениет пен тiлден 
айырылудың осындай ұзақ процесi мәңгүрттердiң елеулi тобын дүниеге келтiрдi. Бұның 
бәрi қазақтардың көңiл-күйiн  ауырлата бердi.  
Тағы  бір  ерекше  себеп, бұл жергiлiктi басқарушы орындардың дәрменсiздiгi мен 
жалтақтығы.  Анағұрлым  маңызды  саяси-экономикалық  шешiмдер  Мәскеуде 
қабылданып,  ұлттық  республикаларға  әмiр (бұйрық) ретiнде жiберiлiп отырды. Қандай 
да болмасын жоғарғы жақпен келiспеушiлiк немесе қарсылық “партиялық тәртiптi бұзу” 
немесе “ұлтшылдық” деп бағаланып, iле-шала қатаң жазаланды. 
Тоталитарлық жүйенiң 20-30 жылдарда терең енген “ көсемдерге”, өзiнен жоғары 
қызметтегi  адамдарға  табынушылық  пен  иланушылық  Мәскеуде  ғана  емес,  облыс, 


 
187 
аудан,  жергiлiктi  басқару  орындарында  да  кең  қанат  жайды.  Республика  басқару 
буындарында  принципсiздiк  пен  өзiмшiлдiкке  жол  берiлiп,  билеушiлер  төңiрегiне 
қызмет бабын дүние қоңыздық мақсатта пайдаланатын адамдарды жинады. Сол кездегi 
халық  “сенiмдiлерiнiң”  көз  алдында  Арал  құрғап,  қазақ  тiлiнiң  қолданылу  аясы 
тарылды,  Семей,  Жем,  Тайсойған,  Орал  өңiрiндегi  полигондарда  үздiксiз  жарылыстар 
жүргiзiлiп,  әкiмшiл  жүйенiң  мәңгiлiк  сыңарлары:  парақорлық,  тамыр-таныстық, 
маскүнемдiк пен халықтың әлеуметтiк немқұрайдылығы кең құлаш жайды. 
1986  жылғы  желтоқсанның  16-шы  жұлдызы  таңертеңгiлiкте  Қазақстан 
Компартиясы  Орталық  Комитетiнiң  18  минутқа  созылған  V  пленумы  Д.А.Қонаевтың 
орнына  КОКП-ның  хатшысы  Г.П.  Разумовскийдiң  ұсынысы  бойынша  Г.В.Колбиндi 
тағайындады.  Ол  бұған  дейiн  КОКП-ның  Ульянов  облыстық  комитетiнiң  бiрiншi 
хатшысы  болып  iстеген,  республикаға  мүлдем  бейтаныс  болатын.  Орталықтың 
өркөкiректi,  өктемдi  шешiмдерi  қазақстандық  тарға  бұрыннан  да  мәлiм  едi. 
Желтоқсанның  17-сi  күнi  таңертең  Алматыда  жаппай  толқу  басталып,  кейiнiрек  ол 
республиканың  басқа  да  қалаларына  тарады.  Г.В.  Колбиннiң  жоғары  басшылығына 
тағайындалуы  толқу  үшiн  сылтау  ғана  едi.  Наразылыққа  жылдар  бойы  қорланған 
себептер түрткi болды. Халықты ашындырған Орталықтың дәстүрлi өктемдiк әрекеттерi 
мен  қайта  құру  жариялаған  демократиялық  принциптер  арасындағы  қарама-
қайшылықтар едi. 
Билеушi орталықтың шешiмiне қазақ студент және жұмысшы жастарының алғаш 
қарсы шығып бой көрсетуi ұлтшылдық сипатта емес, құқыққа қарама қайшы сипатында 
болды.  Шеру  бейбiт  және  саяси  сипатта  болды,  онда  басқа  халықтарға  қарсы  атой 
салушылық,  мемлекеттiк  құрылысты  жоюға  деген  үндеу-ұрандар  болған  жоқ. 
Әмiршiлдiкке  дағдыланған  республика басшылары әу баста-ақ жастармен тең құқылы 
келiсiмге бармады және олардың пiкiрiн  тыңдағысы келмедi. Cаяси наразылықты үкiмет 
билiгiне  төнген  қатер  деп  бағалап,  олар  бұған  Алматы  гарнизонын  жауынгерлiк 
дайындыққа  келтiрiп,  сан  жағынан  шеруге қатысушылардан әлдеқайда көп күштермен 
орталық алаңды қоршап алумен жауап бердi.  
КОКП  ОК-не  оқиғаларды  бұрмалап  түсiндiрген  жедел  хабар  жiберiлдi. 
Республика  билеушiлерiнiң  үстi-үстiне  сұраған  өтiнiштерiнен  кейiн,  Кеңес  мемлекетi 
ішкi  iстер  министрi  А.В.Власов  Алматыға  әр  аймақтардан  әскерлердiң  арнайы 
бөлiмдерiн жiбердi. Шерудi тарату кезiнде сойылдар, кiшi саперлiк күректер, үйретiлген 
иттер, су шашатын машиналар пайдаланылды. Cөйтiп, кейiн ресми орындар бейбiт және 
сан  жағынан  аз  наразылық  шерудiң  жаппай  тәртiпсiздiкке  ұласып  кетуi  республика 
басшыларының  саяси  дәрменсiздiгiнен,  қиын  жағдайдан  бейбiт  жолмен  шыға 
алмағандығынан және шыққысы келмегендiгiнен, олардың сана мен iзгiлiк ниетке емес, 
күшке арқа сүйегендiгiнен болды деген тұжырым жасады. 
¤кiмет орындарының жағдайды болжай алмауы қайғылы оқиғаларға әкелiп соғып, 
шеруге  қатысушылар  тарапынан  да,  қоғамдық  тәртiптi  сақтаушылар  тарапынан  да 
адамдардың қазаға ұшырауына жол берiлдi. Шерудi тарату кезiнде билеушi орындардың 
тарапынан бақылаусыздыққа жол берiлдi. Уақытша ұстау бөлмелерi мен арнайы тергеу 
бөлiмдерiне жеткiзiлiп, қаланың сыртына әкетiлген адамдардың санының өзi 8,5 мыңнан 
асты.  Оқиғаға  қатысқандарға  қарсы  қылмысты  iстер  қозғау,  сот-тергеу  жұмыстары 
кезiнде көптеген дөрекi заңсыздықтарға жол берiлдi. Тергеу, әдеттегiдей асығыс, ойдан 
шығарылған және айыптаушылық пейiлде  жүргiзiлдi.   
Мысалы, айыпталған 99 адамның 46-сы бiршама уақыттан кейiн ақталды. Жоғары 
оқу  орындары  мен  кәсiпорындарда  қудалау  жүргiзiлдi.  Қысқа  мерзiмнiң  iшiнде 
желтоқсан  оқиғаларына  қатысқаны  үшiн  787  адам  жастар  одағынан шығарылды, 1138 
адам  комсомолдық  сөгiс  алып, 271 адам оқу орындарынан қуылды, жүздеген адамдар 
жұмыс  орнынан  кетуге  мәжбүр  болды.  1987  жылғы  шiлдеде  КОКП  ОК  “Қазақ 
республикалық  партия  ұйымдарының  еңбекшiлерге  интернационалдық  және 
патриоттық тәрбие берудегi жұмыстары жайлы” қаулысында 1986 жылғы Алматыдағы 
желтоқсан  оқиғаларын  “қазақ  ұлтшылдығының  көрiнiсi”  деп  бағалады.  Төрешiл, 
коммунистiк  аппарат  тағы  да  өзiн  ақтап шығып, кезектi “кiнәлiнi” iздедi. Тәртiп қорғау 
күштерi,  құқық  қорғау,  тергеу,  сот  орындары,  прокуратура,  бұқаралық  насихат 
құралдары  тарапынан  жасалған  осыншалықты  дөрекiлiк  арсыздық,  заңды бұзушылық, 
шындығына  келсек,  саяси  басшылықтағы  шағын  топтардың  жүгенсiз  монополиялық 


 
188 
билiгiнiң,  қатаң  орталықтанған  әкiмшiл-әмiршiл  жүйенiң  бар  айла-амалы  мен  күшiн 
сарқа пайдаланып, барынша толық  жұмыс iстегендiгiнiң нәтижесiнде мүмкiн болды. Өз 
дегендерін  іске  асырып  тарихта  қалдыру  үшін  қанша  ынталанса  да  билеуші  орталық 
Желтоқсан  оқиғасының  қоғамда  қалыптасқан  саяси,  әлеуметтік-экономикалық 
тоқыраудың  нәтижесінде  ел  еңсесін  түсірген  жағдайларға  қарсы  бағытталған  әрекет 
екендігін  мойындауына  тура  келді.  Ақиқат  жеңді,  КОКП ОК-нiң қаулысындағы “қазақ 
ұлтшылдығы” деген кiнәлау қате деп мойындалды.  
Демократия  мен  жариялылық  нығая  түскен  сайын  республикада  желтоқсан 
оқиғаларына  өзiндiк  мораторий  жарияланды.  Көптеген  кiнәсiз  адамдар  бұл  кезде 
түрмелерде  жатты,  заңды  саналған  КОКП  ОК-ның  қаулысы  әлi  өз  күшiнде  едi,  ал 
жасалған заңсыздықтарға жауапты адамдар беттерiне шаң тимей өздерiнiң орындарында 
мiндеттерiн  атқара  бердi.  Осы  мәселенiң  жәйiн  алғашқы  болып  тергеп, үнсiздiктiң тас 
қабырғасына қозғау салған ақын М.Шаханов болды. Ол КСРО халық депутаттарының I 
съезiнде  сөйлеген  сөзiнде  желтоқсан  оқиғаларының  ақиқатын  бүкiл  елге  жария  еттi. 
Әдiлдiк салтанат құру үшiн одан кейiн де бiраз уақыт өттi. 
Демократиялық 
процестер 
тұсындағы 
саяси-қоғамдық 
қозғалыстар. 
Қазақстандағы  алғашқы  және  неғұрлым  бұқаралық  қозғалыстардың  бiрi  “Невада-
Семей”  экологиялық  қозғалысы  болды.  1989  жылдың  көктемiнде  ақын,  елдiң  көрнектi 
қоғам  қайраткерi,  ойшыл  О.  Сүлейменовтың  тiкелей  араласуымен  құрылған  бұл 
қозғалыстың түпкi мақсаты Қазақстан территориясында орналасқан Семей және басқа 
полигондарды  жабу  болатын.  “Невада-Семей”  қозғалысы  полигонның  құпиялық 
пердесiн алып, тұрғындар шеккен зиянның орнын толтыруды талап еттi. Осы мақсатпен 
қозғалыс  белсендiлерi  пикеттер,  шерулер,  халықаралық  және  республикалық  ғылыми 
конференциялар  ұйымдастырды. 
Арал төңiрегiндегi халықтарға көмек беру үшiн Балқаш және Арал проблемалары 
бойынша  комитет  құрылды.  Дүниежүзiлiк  жұртшылықтың  және  КСРО  үкiметiнiң 
назарын  Арал  теңiзiнiң  апатына аудару үшiн комитет көп жұмыстар iстедi. ¤скеменде, 
Алматыда,  Ақтөбеде,  Атырауда,  Ақтауда  т.б.  облыс орталықтары мен өндiрiстiк елдi 
мекендерде  табиғатты  қорғау  және  тазалықты  сақтау  үшiн  күресетiн  қозғалыстар 
қалыптасты.  
1990  жылдың  шiлдесiнде  Қазақстанның  мемлекеттiк  тәуелсіздiгiн  алуды  өзiнiң 
басты мақсаты етiп қойған “Азат” азаматтық қозғалысы дүниеге келдi. Алғашқы кезде 
қозғалыс  әр  түрлi  саяси  партиялардың  өкiлдерiн  өзiнiң  қатарына  бiрiктiрдi.  1991  жылы 
ол  саяси  партия  болып  тiркелдi.  Осы  кезде  Қазақстанның  социал-демократиялық 
партиясы  құрылды.  Жастардың  шағын  тобы  бiрiгiп,  өздерiн  “Алаш”  партиясы  деп 
атады.  1990  жылы  тамыз  айында  ғылыми-техникалық  интеллигенцияның  өкiлдерi 
“Единство” ұлтаралық қозғалысын дүниеге әкелдi. 1986 жылғы оқиғаларға қатысқандар 
және қолдаушылар “Желтоқсан” партиясын құрды.  
Саяси  ұйымдардан  бөлек,  өздерiнiң  мүшелерiн  әлеуметтiк,  кәсiптiк  және  басқа 
белгiлерi бойынша бiрiктiрген ұйымдар  - “Жауынгер-ауғанстандықтар”, “Әдiлет”, “Жас 
құрылысшылардың  мемориал  ассоциациясы”,  “Тәуелсiз  студенттер  одағы”, “Азамат”, 
“Ақиқат”, “Қазақстан мұсылман әйелдер лигасы” т.б. құрылды. 
1990  жылғы  қарашаның  басына  дейiн  Қазақстандағы  саясаттанған  қоғамдық 
бiрлестiктердiң  саны  100-ден  асып, оның 40-қа жуығы республика астанасында болды. 
Дегенмен,  көп  уақытқа дейiн экологиялық қозғалыстардан басқа жаңа қозғалыстардың 
саны  аз  болды.  1989  жылдың  сәуiрiнде  өзінің  мүшелерiн  гуманистiк,  адамгершiлiк 
принциптердi,  заңсыздықтарды,  кемсiтушiлiктi,  адамдардың  азаматтық  қадiр-қасиетiн 
қорғайтын,  қоғамдық  проблемалар  мен  әлеуметтiк  жанжалдарды  шешудiң  құралы 
ретiнде  озбырлық  пен  зорлықты  айыптауға  қарсы  күрестің ерiктi тарихи-ағартушылық 
“Әдiлет” қоғамы құрылды.  
Заманның  жаңа  ағымы  арнасында  қалыптасқан  саяси  партиялар  мен  қоғамдық 
қозғалыстардың  көпшiлiгi  ұйымдық  жағынан  болсын,  өздерiнiң  стратегиялық  және 
тактикалық  мiндеттерiн  айқындау  жағынан  болсын,  әлi  қалыптасу  сатысында  болды. 
“Невада-Семей”  қозғалысы,  “Азат”,  “Қазақ  тiлi”  сияқты  жекелеген  ұйымдар  құрамы 
жағынан  мейлiнше  көп,  белгiлi  бiр  ақшалай  қаражаттары  да  бар  (демеушiлер  мен 
азаматтардың  ерiктi көмегi есебiнен) және өздерiнiң газеттерiн де шығарады. ¤здерiнiң 
мақсаттары  мен  мiндеттерi,  сонымен  бiрге  iс-әрекеттерiнiң  тиiмдiлiгi  бойынша  бұл 


 
189 
ұйымдардың  бiр-бiрiнен  елеулi  айырмашылықтары  бар.  1990  жылдың  аяғына  қарай 
қатарында 800 мыңға жуық мүшесi болған Қазақстан Коммунистiк партиясының беделi 
айтарлықтай түстi. Оның қатарынан өз еркiмен жалпы санының 4,2 процентi  шықты. 
1990 жылдың қазан айында Республика Жоғарғы Кеңесiнiң сессиясы Қазақ КСР-
iнiң  мемлекеттiк  егемендiгi  туралы  Декларация  қабылдап  жатқан  кезде,  қоғамдық 
қозғалыстар  айрықша  белсендiлiк  көрсеттi.  Республика  Жоғарғы  Кеңесi  үйiнiң 
алдындағы  алаңда  күн  сайын  көптеген  адамдар  жиналып,  таңертеңнен  кешке  дейiн 
шерулер  өтiп  жатты.  Әлеуметтiк  мәселелердi  шұғыл  шешудi,  Кеңес  Армиясын  қайта 
құруды  талап  еткен  жастар  ұйымдастырған  пикет,  аштық жариялау көрiнiстерi жиiлей 
түстi. 
Осы  кезде  Республикада  тағы  бiр  қозғалыс  -  казактар  бой  көрсете  бастады. 
Казактар  -Алтын  Орданың  ыдырауынан  кейiн  Ресейде  пайда  болған  әскери-саяси 
әлеуметтiк  топ  (сословие).  Көптеген  жылдар  бойы  казактар  патшаға  қызмет  етiп, 
отарлықтың  бүкiл  тарихында  басқыншылық,  жазалаушы  күш  ретiнде  пайдаланылды. 
Орал  казактары  басшыларының  1991  жылғы  қыркүйектiң  15  жұлдызында  өздерiнiң 
патша  мен  Отанға  қызмет етуiнiң 400 жылдығын мерекелеуге шешiм қабылдауы елде 
болып жатқан саяси өзгерiстерге мүлдем қайшы болды. Облыс басшыларының мұндай 
айқын,  сыңаржақты  мерекелеуге  кедергi  жасап,  ақылға  шақыруы  ешқандай  нәтиже 
бермедi.  
“Азат”,  ”Желтоқсан”,  “Парасат”  қозғалыстарының  басшылары  бұл  қазақ 
халқының  намысына  тию  деп  бағалады.  Мерекеге  бiрнеше  күн  қалғанда  осы  қоғам 
өкiлдерi  Орал  қаласының  орталық  алаңына  жиналып  халық  алдында  ұран  көтердi, 
ереуiл  және  шерулер  ұйымдастырды.  Осымен  бiр  уақытта  қалаға  Краснодардан, 
Доннан,  Челябiден,  Самарадан казак әскерлерiнiң өкiлдерi де келдi. Тартыс қыза түсiп, 
жаппай  қақтығысуға  өте  жақын  тұрды.  Тек  қана  құқық қорғау органдары мен “Азат” 
қозғалысы басшыларының жұмыстары нәтижесінде ғана қақтығысқа жол берiлмедi. 
Жаңа  ¤зендегi оқиғалар. Алматыдағы желтоқсан оқиғалары, Кеңес Одағының әр 
түрлi  аймақтарында  болып  жатқан  жанжалдар  билік  органдарын  ойлантуға,  жылдар 
бойы жинақталған проблемаларды шешудiң тәсiлдерi мен жолдарын iздестiруге мәжбүр 
етуге  тиiстi  едi.  Осындай шешiмiн таппаған  түйiннiң бiрi Маңғыстау облысының Жаңа 
¤зен  қаласындағы  iрi  толқуға  әкелiп  соқтырды. Мұнда тұрғын үй алу кезегi, мектепке 
дейiнгi  балалар  мекемелерiне  деген  кезек  өте  баяу  жылжыды,  жастар  арасында 
жұмыссыздық өстi. Аймақтың мұнайы мен газын сорып жатқан орталық ведомстволар 
жергiлiктi  жерде  кадрлар  даярлаудың  орнына,  өндiрiс  орындарында  Солтүстiк 
Кавказдықтар  мен  өзге  ұлт  өкiлдерiнiң  және  вахталық  әдiспен  қызмет  етуi  халық 
наразылығының түрткiсi болды.  
Сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсетудi ұйымдастыруда iрi 
кемшiлiктер  болды.  Үй  бөлуде,  азық-түлiк  және  өнеркәсiп  тауарларын  бөлуде 
әдiлеттiлiк  бұзылып  отырды.  Басқа  жақтан  келген  жұмысшылар  жергiлiктi  халықтың 
дәстүрлерiмен  санаспай,  оларды  дөрекiлiкпен  кемсiттi.  Әлеуметтiк  жағдайлардың 
шиеленiсуi  ұлтаралық  қатынастардағы,  әсiресе  байырғы  тұрғындар  мен  Кавказ  ұлт 
өкiлдерiнiң  арасындағы  қақтығыстармен  астыртын  ұштаса  бастады.  1989  жылдың 
маусымында  қалада  екi  жақтан  да  қан  төгiлген  жаппай  тәртiпсiздiктер басталды. Бұл 
жанжал құқық қорғау органдары мен арнайы мақсаттағы әскерлердiң араласуымен ғана 
басылды.  Басқа  да  қалалар  мен  жұмысшы қалашықтарында жекелеген жанжалдар аз 
болған жоқ. 
Қарағанды  кеншiлерiнiң  ереуiлдерi.  1989  жылы  шiлдеде  Қарағанды  көмiр 
алыбының  10-15  мың  кеншiлерi  күн  сайын  ереуiлге  шықты.  Кеншiлердiң  талаптары 
алғашқыда  экономикалық  сипатта  болса,  әсiресе  еңбек  ақыны көбейту, шахталардағы 
еңбек  жағдайын  жақсарту,  азық-түлiк тауарларының түрлерiн көбейту мәселелерi алға 
тартылды.  Кейiннен  әлеуметтiк  талаптарға,  Семей  ядролық  полигонын  жабу,  одақтық 
ведомстволардың  монополиясын  тоқтату  мәселесi  қосылды.  Кеншiлер  құрған 
комитеттердiң  басында  Д.Тегiсов,  П.Шлегель,  М.Рамазанов,  П.Перебойнос  және 
басқалар  тұрды.  Кеншiлермен  билеушi  орындардың  басшыларының  бiрнеше  кездесу-
сұхбатынан  кейiн,  олардың  көптеген,  әрi  әдiлеттi  талаптарын  орындауға  уәде берiлген 
соң ғана ереуiлдер тоқтатылды.    
 


 
190 
Он жетінші  дәріс. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет