Ќазаќстан тарихы


Қазақстандағы рухани, шаруашылықтық «тоқыраулар» және экологиялық дағдарыстар



бет10/22
Дата25.03.2022
өлшемі235,5 Kb.
#28742
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22
Байланысты:
ТУП ҚАЗҚЗТ ЖОБА (2)

Қазақстандағы рухани, шаруашылықтық «тоқыраулар» және экологиялық дағдарыстар

Жоғарғы партиялық-мемлекеттік басқару жүйесіндегі ойластырылмаған біржақты өзгерістер. Л.Брежнев бастаған топтың билікке келуі. 1965 – 1966 жж экономикалық реформалардың аяқсыз қалуы. Басқарудағы сөзбұйдалықтың күшеюі. Идеологиялық тоқырау.

Қазақстанның КСРО-ның өнеркәсібін өркендетуге үлесі. Өнеркәсіптің дамуындағы қайшылықты сипат. Өндіріс орындарының дербестігінің шектелуі. Жұмысшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайындағы келеңсіздіктер. Өнеркәсіп дамуындағы тоқырау құбылыстарының бел алуы.

Әкімшіл басқарудың аграрлық саладағы қайшылықтарды асқындыра түсуі. Ауыл еңбеккерлерін материалдық ынталандырудың төмендеуі. Ауыл шаруашылығын басқару мен ұйымдастырудың өмірге жақын жаңа түрлерін енгізуге бағытталған біржақты бастамалар және олардың сәтсіздіктері. Шаруашылықаралық аудандық агроөнеркәсіптік бірлестіктерді агроөнеркәсіптік кешендерге жоғарыдан біріктірудің тиімсіздігі.

Еңбекақыны төлеудегі әділетсіз теңгермешілік, халықтың басым бөлігінде негізгі табыстың төмендеуі. Партиялық-мемлекеттік, әскери және шаруашылық басқару жүйесіндегілерге берілген артықшылықтар- әлеуметтік әділетсіздікті өрістете түсуге бағытталған қадам. Халықтың материалдық тұрмыс жағдайының төмендеу себептері. Тұрғын үй мәселесіндегі шешілмейтін қиыншылықтар. Ақшаның құнсыздануы. Тұтыну тауарларының тапшылығы. Экологиялық дағдарыстар. Арал қасіреті. Семей полигонындағы ядролық сынақтардың зардаптары. Өнеркәсіп өндірістерінің қоршаған ортаны ластауы.

Мәдениет пен ғылым. Жоғарыдан әміршіл басқарудың күшеюінен мәдени және рухани өмірдегі қайшылықтардың тереңдей түсуі. Ұлт саясатындағы әділетсіз бұрмалаушылықтардың асқынуы. Целиноград оқиғасы. Қазақ тілінің қолдану аясын қасақана тарылту. Ғылым, әдебиет және өнер саласындағы жетістіктер мен олардың қайшылықты сипаты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет