Қазақстан тарихы


Орта ғасырлық мемлекеттердің экономикасы



бет19/69
Дата28.11.2022
өлшемі2,05 Mb.
#53257
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   69
Байланысты:
Каражан китаб

3. Орта ғасырлық мемлекеттердің экономикасы
мен мәдениеті


Мал шаруашылығы. Қазақстан жеріндегі орта ғасырлық мемлекеттер шаруашылығы отырықшы егін шарушылығымен тығыз байланыста болған көшпелі және жартылый көшпелі мал шаруашылығына негізделген еді. VI-XII ғасырлардағы мемлекеттердің басты шаруашылығы мал өсіру болған. Орта ғасырлық қоғамда малға жекеменшік қалыптасып дамыды, сөйтіп ақсүйек байлар тобы бөлініп шықты. Малға жекеменшіктік теңсіздіктің негізі болған. Бай ақсүйектермен біріге қауымның қатардағы мүшелері: кедейлер мен құлдар бұқарасы тіршілік еткен.
Орта ғасырлардағы жазба деректердің мәліметтеріне қарағанда феодалдық мемлекеттердің жылқы, қой, сиыр, өгіз және түйе өсіргенін білеміз. Көшпенділердің малының құрамында қыста жаюға неғұрлым бейімделген жылқы мен қой басым болды. Олардың шаруашылығында ет пен май қорын тез толтыратын қой шаруашылығының маңызы зор. Сондай-ақ қойдың жүні мен терісінен жылы киім дайындалды. Жылқы көшпелі тұрмыс жағдайында алыс жайылымдарды игеруге мүмкіндік беретін ерекше шыдамдылығы мен төзімділігі, соғыста және аң аулауда пайдалатындығы арқасында аса бағалы жануар деп есептелді. Сондықтан көшпелілер тек қана тебіндеп жайылатын жылқы өсіруге ерекше көңіл бөлген. "Бұл даланың ерекшеліктері мынада: оның шөбі малға арпаның орнына жүреді, басқа елдерде мұндай ерекшелік жоқ. Онда малдың көптігі де сондықтан", - деп атап өткен араб саяхатшысы Ибн Баттута.
Жылқы санының көп болуы әрқашанда байлықтың өлшемі, малшы билігінің экономикалық негізі болған. Кейбір жазба ескерткіштерде қыпшақтар елінде он мың жылқы иеленгендердің көп болғаны жөнінде мәліметтер бар. Түріктердің жылқысы климаты қатаң, жергілікті табиғи жағдайларға жақсы бейімделген еді, сонымен қатар сүтінің мол және еті мен майының сапасы жақсы болуымен ерекшеленді. Түріктер сиыр және қой етінен жылқы етін артық көретін, ал бие сүтінен тамаша, шипалы сусын - қымыз дайындайтын.
Жазба деректердің мәліметтеріне қарағанда асыл тұқымды жылқыларды өсіруге зор көңіл бөлген. Түріктер қой, жылқы шаруашылығымен бірге ірі қара өсірумен де айналысты, бірақ саны жағынан ол әлдеқайда аз болды. Сиырлар мен өгіздер көшкен кезде алыс қашықтықта көп жүрісті көтере алмайды. Мұның өзі түркі тайпаларының белгілі бір топтарының тұрақты қыстаулары бар жартылай көшпелі тұрмыс салты болғанын көрсетеді. Этнографиялық зерттеулер көшпелілердің негізінен ең кедей бөлігі сиыр ұстағанын көрсетеді. Ірі қара көбіне жеуге пайдаланылды. Көшпелілердің Батыс Қазақстанға ілгерілеуіне қарай олардың жекелеген топтары түйе шаруашылығымен де айналысқан. Құмды және шөпсіз жерлерде түйе ең пайдалы да қолайлы үй жануары болды.
Көшпелілерде аң аулау қосалқы кәсіп болды. Әл Джахиз "көшпелі түріктер аң аулағанда, әсіресе қарақұйрықтар мен құландарды қуған кезінде ғажап төзімді," - деп көрсетеді. Аң аулаған кезде садақ пен жебеден басқа олар аңға құс салған, қоянды, түлкіні, тіпті қасқырды да итпен ұстаған. Аң аулаумен қатар өзен жағасында тұратындар балық аулаумен де айналысқан. Жалпы алғанда, аң аулау дербес сала болмай, шаруашылықтың негізгі түрі - мал шарушылығына көмекші ғана болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет