Қазақстан тарихынан мемлекеттік емтихан сұрақтары


Әкімшілік басқарылу құрылымы 5 сатылы басқару жҥйесіне негізделді



бет34/60
Дата28.11.2023
өлшемі127,9 Kb.
#131083
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   60
Байланысты:
stud.kz-94406

Әкімшілік басқарылу құрылымы 5 сатылы басқару жҥйесіне негізделді:
1. Генерал-губернаторлық (басқарушысы- генерал-губернатор)
2. Облыстар (басқарушысы-әскери-губернатор, атаман)
3. Уездер (басқарушысы-уезд бастықтары)
4. Болыстар (басқарушысы-болыс сұлтаны)
5. Ауылдар (басқарушысы-ауыл старшыны)
Сот ісін басқару құрылымы:
• Әскери сот комиссарлары
• Уездік соттар
• Билер мен қазылар соты


59.Орал және Торғай облыстарындағы, Маңғыстаудағы көтерілістер.
Әкімшілік-басқару реформалары жекелеген маңызына қарамастан, қазақ даласында отаршылдық езгіні тереңдетті. Жаңа бекіністер салуға шаруалардың жері тартып алынды, салықтар көбейіп, феодалдық топтар қысымы халықтың жағдайын нашарлатты. Сонымен қатар, шаңырақ салығы енгізілді(1 сомнан 3 сомға дейін). Жерді патша үкіметінің мемлекеттік меншігі деп жариялау, қарапайым шаруалардың жағдайын шиеленістірді. Патша үкіметі отарлық саясатының осындай ауыртпалықтары 1868-1869 жылдары Орал мен Торғай облыстарын, 1870 жылы Маңғыстауды қамтыған қазақ шаруалары күресінің басталуына себепші болды.
1868 ж желтоқсан айы мен 1869 ж қазан айы аралығындағы Орал мен Торғай көтерілісшілері патша үкіметінің отарлық саясатына, әлеуметтік қысымына қарсы бас көтерді. 1869 ж мамырды 6-сы күні Орынбор шебінен жіберілген, Штемпель 1 роталы жаяу және атты әскерге қарсы Жамансай көлі маңында 20 мың көтерілісші шабуыл жасады. Жеті күн бойы көтерілісшілердің қоршауында болған әскер қайтуға мәжбүр болды. Орал облысындағы азаттық күресті жаншуға бірқатар ірі әскери күш жіберілді. Подполковник Рукин, генерал-губернатор Н.А.Веревкин бастаған мұздай қаруланған жазалаушылар қазақ ауылдарын оқ астына алды. Нашар қаруланған, ауыз бірлік болмаған, түпкі мақсаттарын түсінбеген Орал, Торғай шаруаларының қозғалысы жеңіліске ұшырады.
Маңғыстаудағы 1870 жылғы көтеріліс: көтерілістің басты себептері Орал, Торғай қозғалыстарымен мазмұндас еді және де 1868 жылғы “Уақытша Ереженің” қатал талаптарымен байланысты еді. Көтеріліске түрткі болған – патша жазалаушыларының адайлықтар көшіп-қонып жүрген аймақтарға жақындауы болды. Бозащы түбегінің маңайында – Досан Тәжішұлы мен Иса Тіленбайұлы бастаған 200-ге уық қазақтар жазалаушыларға тұтқиылдан соққы берді. 1870 ж сәуірдің 5-і күні қазақ шаруалары мен жұмысшылар тобы Александровск фортына шабуыл жасады. Бекініс орны талқандалды. Маңғыстаудағы көтеріліс Орынбор билеушілерін шошындырды. Көтерілісті басу үшін 1870 ж Апшерон полкінің батальоны 2 рота мен 4 зеңбірек жеткізілді. Көтеріліс аяусыз жанышталды.
Көтерілістің жеңілуі халықтың жағдайын одан сайын нашарлатты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет